Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1015 Қаулысы

Жаңартылған

 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 1 тамыздағы
№ 1015 қаулысымен  
бекітілген      

Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты
емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру
қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру тәртібін айқындайды.
      2. Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырады.
      3. Орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға: жерлерді бұдан бұрын белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкін болмаған; қоныстану шегі өзгерген; елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгерген; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне жатқызылған жағдайда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарына сәйкес жол беріледі.
      4. Мемлекеттік орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде мүдделері үшін осы ауыстыру жүзеге асырылып отырған жеке және заңды тұлғалар орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын мемлекеттік орман иеленушінің есеп-қисаптары негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысымен бекітілген Орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн орман алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес өтейді.

2. Мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттардағы жерлерге
ауыстыру тәртібі

      5. Мемлекеттік орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға (бұдан әрі – жер учаскелерін ауыстыру) мүдделі мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) сұралып отырған жер учаскелері орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрі – атқарушы орган) басшысына өтініш береді.
      Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшері; орналасқан жері көрсетілуі тиіс.
      Егер жер учаскелерін ауыстыру пайдалы қазбалар игерумен байланысты болса, өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт көшірмесі қоса беріледі.
      6. Атқарушы орган жер учаскелерін ауыстыру қажеттігі туралы қорытынды шығару үшін арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      Комиссияның жұмыс органы жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
      7. Комиссияның құрамына:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының;
      2) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;
      3) орман шаруашылығын қадағалайтын атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің;
      4) мемлекеттік орман иеленушінің;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің;
      6) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының;
      7) жұмыс органының;
      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;
      9) өзге де мүдделі органдардың өкілдері енгізіледі.
      8. Атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушімен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушіге орындалу мерзімі көрсетілген өтініштің көшірмесін жібереді.
      Актіге масштабы 1:10000 орман картасынан (планшеттен) көшірме қоса тіркеледі, онда сұралып отырған жер учаскесінің шекарасы көрсетіледі.
      9. Комиссия мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін ауыстыру туралы өтінішті қараған кезде осы жерлердегі екпелерді сақтау немесе кесу туралы мәселелер бір мезгілде шешіледі.
      Екпелер кесілген жағдайда ағаш кесуді өтініш берушімен жасалған шарт бойынша аумағынан жер ауыстыру жоспарланып отырған мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді, бұл ретте алынған сүрек мемлекеттік орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.
      10. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жер учаскелерін ауыстыру қажеттігі туралы жазбаша дәлелді оң немесе теріс қорытынды береді.
      Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады, Комиссияның оң қорытындысының бір данасы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ол жерге орналастыру жобасын дайындау үшін беріледі.
      11. Өтініш беруші Комиссияның оң қорытындысы негізінде құрамында ауыстырылатын жер учаскесінің алқабы, оның шекаралары, орналасқан жері, жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар нақтыланатын жерге орналастыру жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны жұмыс органына мынадай құжаттарды қоса тіркей отырып жібереді:
      1) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акті;
      2) екпелердің масштабы 1:10000 орман картасынан (планшеттен) көшірме;
      3) орман иеленуші жасайтын мемлекеттік орман қорының жерлерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеудің есеп-қисабы;
      4) мемлекеттік орман иеленушінің келісімі;
      5) қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның келісімі;
      6) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі;
      7) жұмыс органының келісімі;
      8) осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бірінші басшылар келіскен және олар қол қойған объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген карта немесе сызба;
      9) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы.
      12. Өтініш берушіден осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жерге орналастыру жобасы мен ілеспе құжаттар (бұдан әрі – материалдар) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде жұмыс органы жерге орналастыру жобасын бекітеді.
      Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      13. Атқарушы орган Комиссияның оң қорытындысы негізінде және бекітілген жерге орналастыру жобасын, материалдар мен жер қойнауын пайдалануға (жер учаскелерін пайдалы қазбаларды игерумен байланысты ауыстыру кезінде) арналған келісімшарт көшірмелерін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының талаптарына сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар нәтижелері бойынша өтініш түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруды мақұлдау туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) шығарады. Көрсетілген мерзімге осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.
      Атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге шығарылған оң қорытынды туралы жазбаша хабарлайды.
      Комиссия немесе қоғамдық тыңдаулар теріс қорытынды берген жағдайда атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      14. Атқарушы орган он жұмыс күні ішінде материалдар қоса берілген өзінің оң қорытындысын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына келісу үшін жібереді.
      15. Уәкілетті орган материалдар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде атқарушы органға орман қоры жерлерін ауыстыруды келісу нәтижелері туралы жауап ұсынады.
      Материалдар пысықтауға қайтарылған жағдайда өтініш беруші бір ай ішінде пысықталған материалдарды уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды атқарушы органға ұсынады.
      16. Уәкілетті орган орман қорының жерлерін ауыстыруды оң келіскен жағдайда, атқарушы орган Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу үшін он жұмыс күні ішінде материалдарды жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Орман қорының жерлерін орман    
шаруашылығын жүргізумен байланысты 
емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы
жерлерге ауыстыру қағидаларына   
қосымша               

Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы
акті

      Қазақстан Республикасы ___________________ облысы _____________
ауданы _________ жылғы _________________ айының _______________ күні.
      Ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін _________________________
_____________________________________________________________________
               (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
атынан мемлекеттік орман шаруашылығы ұйымының өкілі (бұдан әрі –
мемлекеттік орман иеленуші) бір тараптан және ереже (жарғы) негізінде
әрекет ететін ______________________________________________________,
                         (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
мемлекеттік органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (қажеттісінің
асты сызылсын) екінші тараптан төмендегілер туралы осы актіні жасады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты немесе мемлекеттік органның
                    немесе заңды тұлғаның атауы)
келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде
тексеру жүргізілді.
      Қарап-тексеру кезінде мыналар анықталды:
      1. Учаске _____________________________________________________
                            (орман иеленушінің атауы)
_________________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан.
      2. Қарап-тексерілген учаскеде _______ га алаң бар, оның ішінде:
      орман, орман көмкерген _________ га,
      орман, орман көмкермеген _______ га,
      оның ішінде орман ағаштары ________ га,
      алқаптар _________ га,
      шабындықтар ___________ га,
      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ га,
      жайылымдар _______ га,
      жолдар ___________ га,
      басқа жерлер ______ га.
      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































      4. Қарап-тексерілген учаске ________ өзенінің жиегі шекарасында
орналасқан, оның орман қорынан бөлінуі жоларалықтарын жасамайды.
      5. Мемлекеттік орман қорының санаты __________________________.
      6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________
____________________________________________________________________.
      7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай
геологиялық-жер сипаттамасы бар: ____________________________________
____________________________________________________________________.
      8. Бұдан бұрын орман қоры жерлерінен орман шаруашылығын
жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге
ауыстырылған жер учаскелерінің болуы және орналасуы:
_____________________________________________________________________
    (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген
                   ұйымның атауы көрсетілсін)
      9. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану
мақсаттары
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      10. Әкімшілік ауданның ормандануы ____________________________.
      11. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:
      а) беру мерзімі ______________________________________________;
      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу
мөлшері ____________________________________________________________;
      в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      12. Актіні жасау кезінде мынадай, оның ішінде сұралып отырған
учаскені беру мүмкіндігі немесе оны беру мүмкін еместігі туралы
ескертпелер мен ұсыныстар жасалды: __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қолдары:
орман иеленушінің өкілі: ____________________________________________
                          (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш беруші: ______________________________________________________
                      (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Мемлекеттік орман
шаруашылығы ұйымының
басшысы _____________________________________________________________
                        (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)