Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 тамыздағы
№ 1015 қаулысымен
бекітілген
Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру тәртібін айқындайды.
2. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бағдарындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалардың кен орнының табылуына, жол, жаңартылатын энергия көздерін – күн мен жел энергиясын пайдалану жөніндегі объектілерді, электр тарату желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды, елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде оларды салуға байланысты ерекше жағдайларда ғана жол берiледi.
3. Салынуы үшін орман қорының санатынан басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қажет мемлекеттік маңызы бар объектілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру тәртібі
4. Мемлекеттік орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде объектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқаларының (орындарының) болмауы бөлігінде оларды орналастыру және салу орындары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісіледі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бұған қосылмайды, олардың жерлерін ауыстыру «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 1-тармағына сәйкес жер учаскесін таңдауды облыстардың жергілікті атқарушы органдары құратын арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады, ол жер учаскесін таңдайды, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қажет объектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқаларының (орындарының) болмауы мәселесін қарайды.
6. Комиссияның құрамына:
1) облыстың жергілікті өкілді органының;
2) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдардың;
3) сәулет және қала құрылысының;
4) жергілікті өзін өзі басқару органдарының;
5) жер қатынастары саласындағы жергілікті органдардың;
6) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің;
7) жерді ауыстыруға бастамашылық жасаған мүдделі органдардың (бұдан әрі – мүдделі орган) өкілдері енгізіледі, олар сұралып отырған жер учаскесін оған барып, тұрған күйінде тексереді.
Комиссияның оң қорытындысы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 57-бабына сәйкес жүргізілетін қоғамдық тыңдаулар объектілерді орналастыратын орындарды келісуге негіз болып табылады.
7. Жер учаскесін таңдау нәтижелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімделеді. Осы актіге сұралып отырған жер учаскесі шекараларының жобалары және объектіні басқа жер учаскесіне орналастырудың мүмкін еместігі туралы негіздеме қоса тіркеледі.
8. Комиссияның қорытындысы негізінде мүдделі орган жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасын әзірлеуді ұйымдастырады.
9. Жерге орналастыру жобасының құрамында берілетін жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы, орналасқан жері, сондай-ақ:
1) жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар;
2) сұралып отырған жер учаскесін техникалық тексеру актісі;
3) планшеттен алынған учаскенің көшірмесі (орман иеленуші береді);
4) орман қоры жерлерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеудің есеп-қисабы;
5) орман иеленушінің келісімі;
6) қарауында мемлекеттік орман иеленушілер бар мемлекеттік органдардың келісімі;
7) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының келісімі;
8) жер қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органның аумақтық органының келісімі;
9) объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген карталар немесе сызбалар;
10) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
11) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы нақтыланады.
10. Жерге орналастыру жобасын жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
11. Мемлекеттік орман қоры жерлерін мемлекет мұқтажы үшін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде мүдделері үшін осы ауыстыру жүзеге асырылып отырған жеке және заңды тұлғалар «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін және Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтейді.
12. Мемлекеттік орман қоры жерлерін мемлекет мұқтажы үшін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде осы жерлердегі екпе ағаштарды сақтау немесе кесу туралы және кесілген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бір мезгілде шешіледі.
13. Екпе ағаштарды сақтау немесе кесу туралы мәселені комиссия шешіп, ол тиісті қорытынды береді, бұл ретте екпе ағаштар кесілген жағдайда алынған сүрек мемлекеттік орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.
14. Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган жерге орналастыру жобасының негізінде мемлекеттік орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы тиісті қаулы жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Орман қорының жерлерін
орман шаруашылығын
жүргізумен байланысты
емес мақсаттар үшін басқа
санаттардағы жерлерге
ауыстыру қағидаларына
қосымша
Мемлекеттік орман қорынан сұралып отырған орман алқаптарын техникалық тексеру актісі
Қазақстан Республикасы _________________________________ облысы
____________ ауданы _________ жылғы ____________ айының ________ күні
_____________________________________________________________________
_________________ негізінде әрекет жасаушы ________________ бір
жағына және _________________________________________________________
_____________ негізінде әрекет жасаушы _______________________ екінші
жағынан төмендегілер жайында осы актіні жасады:
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
келіп түскен өтінімге сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған бойында
тексеру жүргізілді.
Тексеру кезінде мыналар анықталды:
1. Учаске ___________________________________ орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемесінің ______________________________ орманшылығының
__________________ орамдарында орналасқан.
2. Тексерілген учаскеде ____________________ га алқап бар, оның
ішінде:
орман, орман көмкерген _____________________________________ га
орман, орман көмкермеген ___________________________________ га
оның ішінде орман дақылдары ________________________________ га
жер алқабы _________________________________________________ га
шабындықтар ________________________________________________ га
жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ____________________ га
жайылымдар _________________________________________________ га
жолдар _____________________________________________________ га
басқа жерлер _______________________________________________ га
3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:
Жер атауы |
Орам нөмірі |
Бөлік |
Учаске алаңы |
Құрамы |
Жас сыныбы |
Жуандығы |
Сүрек қоры |
|
кәделік |
отын |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
+ |
||||||||
4. Тексерілген учаске ______________ өзенінің жиегі шекарасында
орналасқан, оны орман қорынан бөлу жиекше арқылы массаның бөліктерге
бөлінуін, оның темір және тас жолдардан қол үзіп қалуын туғызбайды.
5. Учаске ерекше қорғаныштық немесе басқа да мынадай маңызы бар
(жоқ)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________
_____________________________________________________________________
7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз),
геологиялық-топырақ сипаттамасы мынадай: ____________________________
_____________________________________________________________________
8. Сұралып отырған алқапқа жақын жерде тазартуға бұрын рұқсат
етілген, бірақ пайдаланылмаған учаскенің бар-жоғы
_____________________________________________________________________
9. Бұдан бұрын осы орамнан, жерден, учаскелік орманшылықтан
берілген және өтініш жасаушылар пайдаланған учаскелердің бар-жоғы
және олардың орналасқан жері ________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Пайдалану мақсаты _________________________________________
11. Әкімшілік ауданның ормандануы _____________________________
12. Сұралып отырған алқапты беру шарттары _____________________
а) беру мерзімі _______________________________________________
б) жол берілетін тазарту мен тамыр жұлу мөлшері _______________
в) учаске алушының міндеттемесі _______________________________
13. Акт жасау кезінде мынадай қосымша ескертпелер жасалып,
наразылық білдірілді ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Ерекше ескертпелер ________________________________________
Қолдары: ______________________________ орман иеленушінің өкілі
______________________________ өтініш жасаушы
Сұралып отырған учаскені беруге болатыны және болмайтыны туралы
ескертпе ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орман шаруашылығы
мемлекеттік мекемесінің
директоры қолы Т.А.Ә.