Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысы.

Жаңартылған

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.08.2024 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 20.08.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 248-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 427-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 620 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.08.2024 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 20.08.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалар:

      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды;

      2) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды;

      3) әскери жиындарға шақыруды;

      4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі

      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Заңның 31-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде әскери қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

      5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда немесе астанада) және аудандарда (қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Заңның 28-бабында айқындалған құрамда әскерге шақыру комиссиялары құрылады. Әскерге шақыру комиссияларының тағайындалған мүшелерінің бірі сырқаттанған немесе басқа да дәлелді себептермен болмаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімімен әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы айқындалады және бекітіледі. Жергілікті әскери басқару органдары бірнеше әкімшілік аудандарға қызмет көрсеткен кезде әскерге шақыру комиссиялары тиісті аудан әкімі орынбасарының төрағалық етуімен әрбір ауданда құрылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. әскери есептен:

      1) аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады;

      2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді, оның ішінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамдылығы шектеулі және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылушылардың барлық жеке ісіне тексеру жүргізеді (құжаттарды және әскерге шақыру комиссиясының мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімін тексеру нәтижесі бойынша әскерге шақырылушының есепке алу картасында аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту (қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрімен) немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды);

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5) азаматтардың аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешімдеріне шағымдары мен өтініштерін қарайды;

      6) аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешімдерінің күшін жояды.

      Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиялары қабылдаған шешімдерді тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астана) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабына енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес шешім қабылдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын, оның мүшелерінің құрамы толық болған кезде отырыс өткізуді қамтамасыз етеді және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға, оларды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

      Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығымен бекітілген "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21613 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ұйымдардың басшылары азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақырылуға жататын азаматтарды демалыстардан шақыртып алады, оларды хабардар етуді ұйымдастырады және әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуін қамтамасыз етеді.

      Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушылар жергілікті әскери басқару органдарының шақыртуы бойынша аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясынан өту үшін әскерге шақыру пунктіне келеді.

      10. Шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келісімен, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы болмаған кезде Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Әскерге шақырылушы шетелге қызметтік іссапарға немесе оқуға баратын кезде тиісті мемлекеттік органның қолдаухаты және әскерге шақырылушының жеке өтініші негізінде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті анықтама береді.

      11. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде жергілікті атқарушы органдар арқылы шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қойғыза отырып жүргізеді.

      Мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санда он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады.

      12. Әскерге шақырылушылардың аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясына дәлелсіз себептермен келмеген, сондай-ақ шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған барлық жағдайлар туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары оларды іздестіру және әскерге шақыру пунктіне келуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлайды. Әскерге шақырудан қасақана жалтарған, сондай-ақ азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне уақтылы келуіне кедергі келтірген адамдарға материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауаптылыққа тарту үшін тиісті органдарға беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне келмеуінің дәлелді себептері:

      еңбекке жарамдылығынан айырылуға байланысты науқастануы (жарақаттануы);

      басқа адамның көмегіне мұқтаж, толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрмаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерін асырауға міндетті басқа да адамдар болмаған кезде әскерге шақырылушы адам тарапынан күтімді талап ететін жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастануы;

      азаматтың жеке өзінің келу мүмкіндігінен айырған табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны, өрт және басқалар) болып танылады.

      Келмеу себептері құжат түрінде расталуға тиіс.

      14. Азаматтарды медициналық куәландыру, сондай-ақ медициналық комиссиялардың құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады және айқындалады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде олардың мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді, осыған байланысты басым түрде:

      1) зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығарумен байланысты ұйымдарда жұмыс істейтін әскерге шақырылушылар тиісті әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі;

      2) режимдік және арнайы бөлімдерді жасақтау үшін көрсетілген командаларға алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылар жіберіледі;

      3) десанттық-шабуылдау әскерлерін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу жалпы орта білімнен төмен емес білімі бар, дене бітімі жақсы дамыған, бірінші кезекте парашютші спортшылар қатарынан жүзеге асырылады;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі және дене шынықтыру дайындығы бойынша қойылатын талаптарға сәйкес басым тәртіппен жүзеге асырылады;

      5) жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар оқу-жаттығу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери даярлық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі;

      6) математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген әскерге шақырылушылар радиотехникалық, зениттік-зымыран бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері барлық түрлерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының байланыс бөлімдеріне жіберіледі;

      7) ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымыран бөлімдеріне және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына жіберіледі;

      8) медицина және фармацевтика факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиісінше кіші медициналық персонал лауазымдарына жіберіледі;

      9) сарбаздар қатарынан сержанттарды, кіші мамандарды даярлауға арналған оқу-жаттығу бөлімдері мен мектептерге кемінде жалпы орта білімнен төмен емес білімі және жоғары моральдық қасиеттері бар әскерге шақырылушылар қатарынан қатаң дербес тәртіппен іріктеледі. Оқу-жаттығу бөлімдеріне кандидаттарды іріктеу кезінде сонымен қатар олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі;

      9-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақтау үшін іріктеу негізгі орта білімнен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушылар қатарынан жүзеге асырылады. Бұл ретте заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ әскерге шақырылушыны әскерге шақыру сәтінде белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жақын туыстары бар адамдар әскерге шақырылмайды. Әскерге шақырылушыларды іріктеу және алдын ала зерделеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің өкілдері тартылады;

      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - Шекара қызметі) тиісті физикалық және моральдық-психологиялық даярлығы бар, білімі жалпы ортадан төмен емес, басым тәртіппен іріктелген әскерге шақырылушылармен жасақталады.

      Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар, бөлімдер) мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 № 378; 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.11.20 № 1215; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2020 № 701; 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16-1. Әскерге шақырылушыларды зерделеу қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырылушылардың іскерлік қасиеттері, дене бітімінің дамуы, жалпы білім беру және арнайы даярлығы, отбасы жағдайы туралы мәліметтерді жоспарлы жинақтау негізінде жүзеге асырылады және екі кезеңмен жүргізіледі.

      Бірінші кезең қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) көктемгі әскерге шақыруға қарай жыл сайын 10 қаңтардан бастап 28 ақпанға дейін, күзгі әскерге шақыруға қарай 10 шілдеден бастап 28 тамызға дейін жүргізіледі.

      Екінші кезең қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде жиын пункттерінде жыл сайын 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру командаларын жөнелту аяқталғанға дейін, 1 қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру командаларын жөнелту аяқталғанға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-2. Әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар қатарынан жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-3. Зерделеу:

      1) қылмыстық жауаптылыққа тартылған;

      2) тергеудегі немесе қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде өтетін;

      3) белгіленген тәртіппен тіркелмеген партияларда, қоғамдық бірлестіктерде және дәстүрлі емес діни ағымдарының мүшелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 16-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-4. Зерделеу барысында әскерге шақырылушының отбасы құрамы, әскери қызмет өткеру үшін жарамдылық санаты, білімі және мамандығының болуы нақтыланады.

      Ескерту. 2-тарау 16-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-5. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) лауазымды адамдары осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушыны зерделеу парағын толтыра отырып, әскерге шақырылушының жеке ісінің құжаттарын зерделеуді және әскерге шақырылушылармен әңгімелесуді жүргізеді.

      Ескерту. 2-тарау 16-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-6. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылушыларды зерделеу жоспарын жасайды;

      2) қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) зерделеуді жүргізу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің жеке құрамын бекіте отырып, әскерге шақырылушыларды зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы бұйрық шығарылады;

      3) зерделеуге дайындық және оны жүргізу барысына бақылау жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 16-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-7. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырылушыларды зерделеу үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) әскерге шақырылушыларды зерделеуге дайындық және оны жүргізу жоспары жасалады;

      2) әскерге шақырылушыларды зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы бұйрық шығарылады;

      3) зерделеуді жүргізетін лауазымды адамдарды бекіте отырып, зерделеуге жататын әскерге шақырылушылардың тізімдері жасалады;

      4) жеке істер іріктеледі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (әскер тектері мен түрлері бойынша) әскери командаларын құруға арналған, денсаулық жағдайы бойынша жарамды, тиісті білім деңгейі мен мамандығы бар әскерге шақырылушылар жеке істерінің жеке картотекасы жасалады;

      5) әскерге шақырылушыларды зерделеуді жүргізу кестесі мен мерзімдері жасалады;

      6) әскерге шақырылушылармен жеке әңгімелесу әдісімен зерделеу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тізімдері бекітіледі;

      7) мынадай:

      денсаулық сақтау ұйымынан және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінен олардың келісуі бойынша, созылмалы ауруларымен динамикалық, оның ішінде психикалық денсаулық, фтизиопульмонология орталықтарында, тері-венерология орталықтарында есепте тұрған адамдардың тізімін, Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысанына (амбулаторлық пациенттің медициналық картасына (052/у нысаны), профилактикалық қарап-тексеру (скрининг) картасына (055/у нысаны), әскерге шақыру жасына дейінгінің емдік картасына (060/у нысаны) сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын құжаттарды;

      құқық қорғау органдарынан қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тергеудегі адамдардың тізімін;

      азаматтық хал актілерін жазу органдарынан әскерге шақырылушының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), туған күнін және жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскерге шақырылушының қайтыс болғанын тіркеу жағдайлары туралы;

      халықты әлеуметтік қорғау органдарынан мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы мүгедектігі бар адам деп танылған әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер алынады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда мәліметтер тиісті сұрау салулар бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) жолданады.

      Ескерту. 2-тарау 16-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-8. Зерделеу жүргізу барысында әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру тәртібін реттейтін заңнаманың талаптары жеткізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 16-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-9. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) зерделенген және іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімдері осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес 28 ақпанға және 28 тамызға қарай қорғаныс істері жөніндегі департаментке беріледі.

      Азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу барысында зерделеуден өтпеген, бірақ денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды деп танылған әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) лауазымды адамдары барлық талаптарды сақтай отырып, қосымша зерделейді және зерделеу мен іріктеудің қорытындысы бойынша олар қорғаныс істері жөніндегі департаментке жолданатын іріктеп алынғандардың қосымша тізіміне енгізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 16-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-10. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде әскерге шақырылушыларды зерделеудің екінші кезеңін өткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бұйрығымен мынадай құрамда жұмыс тобы құрылады:

      1) жетекші – қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы;

      2) қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы;

      3) әскерге шақыру бөлімінің бастығы;

      4) медицина қызметінің бастығы;

      5) психолог;

      6) заң қызметінің бастығы.

      Ескерту. 2-тарау 16-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-11. Жұмыс тобы:

      1) жеке істе – ресімделу толықтығы, құжаттардың бар болуын және зерделеу парақтарының толтырылуын;

      2) әскерге шақырылушының психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерде диспансерлік есепте, онкологиялық ауырудың болмауын;

      3) әскерге шақырылушының ішкі істер органдарында, анықтау, алдын ала тергеу органдарында есепте және соттылығының болмауын;

      4) әскерге шақырылушыны зерделеу парағында жазбаның бар болуын, әңгімелесу өткізілген және оны өткізген адамдардың қолтаңбасының бар болуын;

      5) әскерге шақыру комиссиялары шешімдерінің дұрыстығын тексереді.

      Ескерту. 2-тарау 16-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-12. Жұмыс тобы әскери команданы құру кезеңінде сұрақ қою және зерделеу парағын толтыру арқылы олардың денсаулық жағдайына назар аудара отырып, әскерге шақырылушылармен әңгімелесу, сондай-ақ психологиялық зерделейді.

      Ескерту. 2-тарау 16-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Заңның 35-бабына сәйкес аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.

      18. Отбасы жағдайлары бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға ұсынылған құжаттар мен олардың отбасы жағдайын тексеру актісі негізінде беріледі. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім осы мәселені алғаш қараған кезде бір рет қабылданады.

      Тексеруді жергілікті атқарушы органның, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің), білім беру ұйымдары мен өзге де мекемелердің өкілдерінен тұратын тиісті комиссиялар жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушының отбасы жағдайын тексеру актісін жасайды.

      Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) күздегі әскерге шақыру алдында отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақыру кейінге қалдырылған әскерге шақырылушылардың отбасы жағдайын тексереді. Тексеру нәтижелері туралы әскерге шақырылушының есепке алу картасына жергілікті әскери басқару органы бастығының қолын қоюмен расталған тиісті белгілер жасалады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Отбасы жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін негіздемеден айырылған адамдар мерзімді әскери қызметке жалпы негізде шақырылады.

      20. Азаматтарға білім алуды жалғастыру үшін әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы әскерге шақырылушы алатын анықтама негізінде "электрондық үкімет" порталы арқылы алғаш рет өтініш жасаған кезде бір рет беріледі және қабылданады.

      Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ақпараттық жүйелер арқылы тиісті білім беру ұйымдарынан жыл сайын 1 қазанға дейін әскерге шақырылушылардың білім алуын жалғастырып жатқанын растайтын мәліметтерді алады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда мәліметтер тиісті сұрау салу бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) жолданады.

      Білім алуды жалғастыруды растайтын көрсетілген мәліметтер әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Денсаулық жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру медициналық куәландыру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешімімен бір жыл мерзімге дейін беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін әскери қызметке жарамдылығы туралы түбегейлі қорытынды шығарылады.

      22. Азаматтарға басқа да себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Заңға сәйкес беріледі.

      23. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларының шешімдері аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларының хаттамалар кітабына, кейінге қалдыру мерзімін және негіздемесін көрсете отырып, әскерге шақырылушылардың есепке алу карталарына және тіркеу туралы куәліктеріне жазылады.

      24. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, әскерге шақырылушылардың әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығынан бас тарту құқығы бар және жеке өтініш және мүдделі адамдардан және халықты әлеуметтік қорғау органдарынан нотариалдық куәландырылған тиісті өтініш ұсынған кезде мерзімді әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

      25. Бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босату Заңның 36-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.

      Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандардан басқа, әскерге шақырудан босатылуға құқығы бар әскерге шақырылушылар Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

      Жиырма жеті жасқа толған, түрлі себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмаған азаматтар медициналық куәландырудан өтпей қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) комиссиясының актісіне сәйкес запасқа беріледі.

      Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) комиссиясы жиырма жеті жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылмаған әскерге шақырылушылардың жеке істерінің болуын есепке алу-әліпби кітабының деректерімен салыстырып тексереді және запасқа берілетін әскерге шақырылушылардың тізімін қоса бере отырып, еркін нысанда акт жасайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиялары бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп таныған және осыған байланысты әскери міндеттілердің әскери есебіне қабылданған адамдарды бейбіт уақытта медициналық қайта куәландыру Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешіміне сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып, құжаттарды ресімдеу жүргізіледі:

      1) әскерге шақырылушының есепке алу картасында әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қай түріне және әскер тегіне тағайындалғаны туралы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешімі жазылады;

      2) отбасы жағдайлары бойынша, білім алуды жалғастыру үшін, денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған адамдардың әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктеріндегі "Әскерге шақыру комиссиясынан өту нәтижелері" деген бөлімде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қол қоюымен және елтаңбалы мөрмен расталатын тиісті жазбалар жазылады;

      3) бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға электрондық құжат нысанында мерзімді әскери қызметке шақырудан босату туралы шешім шығарылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеру кейінге қалдырылған немесе одан босатылған барлық азаматтардың жеке істері зерделеу үшін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына жолданады. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушының есепке алу картасында аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалан) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды. Қайта куәландыруға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен келіспеген азаматтар да жатады. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімі бекітілгеннен кейін запас бойынша әскери-есептік құжаттар ресімделеді.

      Есептік-әскери құжаттар ресімделгеннен кейін үш данада тізімдер жасалады және әскерге шақырылушылардың есепке алу карталарымен қоса әскери билеттер жазып беретін қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің есепке алу бөліміне ұсынылады. Әскерге шақырылушылардың есепке aлу карталарында онда әскери билеттің үзіндісінің сериясын, нөмірі мен күнін белгілей отырып, әскери билеттермен тізімнің екінші данасы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімі бір жұмыс күні ішінде порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының хаттамалары кітабына енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.

      Азаматтар аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы шығарған шешіммен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шағымдана алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымдар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қаралуға жатады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешіміне сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар ұйымдасқан түрде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктіне келеді. Оларды жеткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) қызметкерлері қатарынан оларға бірге жүрушілер тағайындалады. Бірге жүрушілерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес атаулы тізімнің үш данасы және мөр басылған түрде жеке істер, есептік-қызметтік карталар, амбулаторлық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақтар беріледі.

      Атаулы тізімнің № 1 және 2 даналары облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінің бастығына беріледі, ал облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінің бастығы команданы қабылдағаны туралы қол қоятын № 3 данасы бірге жүрушілермен қоса қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады.

      Атаулы тізімнің № 2 данасы команданы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінен жөнелткен күні қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады. Онда жөнелтілген әрбір азаматтың тегінің тұсына: қашан (күні, айы мен жылы) және қандай әскери командамен жөнелтілгені немесе қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қандай себеппен қайтарылғаны туралы белгі қойылады. Тізімнің осы данасына облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінің бастығы қол қояды және қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

      Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінен алынған атаулы тізімнің № 2 данасы қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) кіріс журналы бойынша есепке алынады. Осы тізім негізінде есептік-әліпбилік кітаптың тиісті бағанында әскерге жөнелтілген әрбір әскерге шақырылушының тегінің тұсында: "20__ жылғы "____"____ № _____ әскери командамен жөнелтілді" деген белгі қойылады, содан кейін осы тізім қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) істеріне тігіледі.

      Атаулы тізімнің № 1 данасы тізімге енгізілген адамдардың қашан және қандай әскери командамен жөнелтілгені немесе қандай себептермен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылғаны туралы белгілермен қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ісіне тігіледі.

      29-1. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) талап ету орны бойынша азаматтарға осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақырылғанын растау туралы мәліметтерді береді.

      Ескерту. 2-тарау 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиялары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жөнелту алдында тікелей облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінде аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясымен мерзімді әскери қызметке шақырылған адамдарды медициналық тексеруден өткізеді.

      30-1. Жиын пунктінде әскерге шақырылушылар осы Қағидаларға 5-2-қосымшаға сәйкес бақылау медициналық тексерудің нәтижелері бойынша психологиялық зерделеуге жіберіледі.

      Ескерту. 2-тарау 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-2. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының отырысынан кейін әскери командаларға қабылданған әскерге шақырылушылар мыналардан өтеді:

      1) екі данада акт жасай отырып, денені қарап-тексеру (бір данасы – қорғаныс істері жөніндегі департаментке, екінші данасы әскери бөлімнің (мекеменің) өкіліне беріледі. Акт еркін нысанда жасалады және оған қорғаныс істері жөніндегі департаментінің медицина қызметінің бастығы, әскери бөлімнің медицина қызметкері қол қояды);

      2) наркологиялық тестілеу.

      Командаларды құру аяқталғаннан кейін әскерге шақырылған азаматтар мынадай құжаттармен бірге әскери бөлімдердің өкілдеріне беріледі:

      атаулы тізімдер – екі данада;

      азық-түлік аттестаты;

      киім-кешек аттестаты (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін ғана);

      маршрут парағы;

      063-нысандағы егу картасы;

      мінездемелік құжаттар;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      есепке алу-әскерге шақыру картасы;

      25/у-нысандағы амбулаторлық науқастың картасынан үзінді;

      толтырылған медициналық кітапшалар;

      психологиялық зерделеудің нәтижесі.

      Ескерту. 2-тарау 30-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктіндегі медициналық тексеру нәтижесінде әскери қызметке кедергі келтіретін науқастануы анықталған әскерге шақырылушылар әскерге шақырылған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) жіберіледі.

      Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылған әскерге шақырылушылар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінен қайтарылған әскерге шақырылушыларды есепке алу кітабына енгізіледі.

      Қайтарылатын әрбір әскерге шақырылушыға облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының атына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушы қандай себептермен қайтарылатынын көрсете отырып, қызметтік хатты жолдайды. Бұл қызметтік хат әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі.

      Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары облыстық жиын пунктінен қайтарылған барлық адамдарды облыстық жиын пунктінен алынған жаңа деректерді ескере отырып, мерзімді әскери қызметке шақыру туралы мәселені шешу үшін әскерге шақыру комиссиясына қайта шақыртады.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскерге шақырылушыларды медициналық қарап-тексерудің соңғы кезеңі – облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың) жиын пунктіндегі, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне тағайындалған әскерге шақырылушылар үшін жас буынды қабылдау пунктіндегі дәрігерлердің жұмысы болып табылады. Медициналық қарап-тексеру кезінде денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды болдырмау мақсатында аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының ықтимал қателіктері анықталады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы қайта медициналық куәландыруды өткізу мерзімдері, орны және куәландыруға жататын азаматтар туралы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларын хабардар етеді. Қайта медициналық куәландыруға азамат жеке ісімен және қойылған диагнозы мен шығарылған қорытындыны растайтын медициналық құжаттарымен жіберіледі. Егер қайта медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаты өзгертілсе, маман дәрігер медициналық куәландыру парағын ресімдейді, ал облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы төмен тұрған комиссия шешімінің күшін жояды және хаттамалар кітабында (денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған) ресімделетін және азаматқа хабарланатын өз шешімін шығарады. Әскерге шақырылушының есепке aлу картасы, медициналық куәландыру парағы, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мөрімен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді шешімі қайта қаралған әскерге шақыру комиссиясына жолданады. Егер қайта медициналық куәландыру нәтижесінде аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешімі өзгертілмесе, онда хаттамалар кітабы мен есепке алу картасында оның бекітілгені туралы жазба жасалады, бұл ретте медициналық куәландыру парағы ресімделмейді.

      33. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссияларына сонымен қатар шақырылатын азаматтардың, олардың ата-аналары мен өзге де мүдделі адамдардың әскерге шақыру мәселелері бойынша шағымдарын қарау жүктеледі.

      Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешіміне әскерге шақырылушының және басқа да адамдардың шағымдары осы шешімнің орындалуын тоқтатпайды.

      34. Заңға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары:

      1) әскери командаларды әскерге шақырылушылармен жасақтау;

      2) командаларды әскери командаларды қабылдау және бірге жүру үшін келген әскери бөлімдердің (мекемелердің) өкілдеріне беру;

      3) әскери командаларды қажетті мүлікпен және белгіленген жерге дейін жүретін жолда тамақтандырумен қамтамасыз ету;

      4) командаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ұйымдасқан түрде жөнелту мақсатында жабдықталған жиын пункттерімен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде:

      1) әскери командаларды әскерге шақырылушылармен жасақтау үш тәулік ішінде жүргізіледі;

      2) әскерге шақырылушыларды (резервті ескере отырып) үш мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен ұйымдастырылады;

      3) жіті ауру және наркологиялық тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда командаларды толықтыру үшін пайдаланылатын әскери командада жөнелтілетіндер қатарынан жиырма пайызға дейін әскерге шақырылушылар резервін ұстауға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 2-тарау 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-2. Жиын пункттерінде:

      1) резервте тұрған әскерге шақырылушыларды үш тәуліктен артық ұстауға;

      2) әскерге шақырылушылардың осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын сақтамай кетуіне, яғни уақытша босатылуына жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тарау 34-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінде:

      1) қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан (бөлімдерден) келетін жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;

      2) жеке құрамды санитариялық өңдеуге арналған үй-жай (монша, душ);

      3) жиын пунктінде болған уақытта әскерге шақырылған азаматтар арасында тәрбие жұмысын жүргізуге арналған үй-жай;

      4) әрбір маман дәрігерге бір бөлме есебінен қажетті жабдығы бар медициналық қарап-тексеруге арналған бөлмелер;

      5) флюорографиялық тексеруге арналған кабинет, жылжымалы рентген-кешені;

      6) әскери командаларды құру бөлімшесіне арналған үй-жай;

      7) әскерлерден әскери командаларды әскери бөлімдерге (мекемелерге) қабылдау және бірге жүру үшін келген жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;

      8) тамақтандыру пункті;

      9) дезинфекциялық камералары бар санитариялық өткізгіш, екі инфекцияға арналған оқшаулағыш, санитариялық тораптар;

      10) жеке құрамды сапқа тұрғызуға және онымен саптық және спорттық сабақ өткізуге арналған орын;

      11) әскери командаға заттай мүлік және жеке тамақтану рационын беруге және сақтауға арналған үй-жай;

      12) әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарға психофизиологиялық зерттеу жүргізуге арналған үй-жай болуға тиіс.

      Барлық үй-жайлар, кабинеттер, санитариялық өткізгіш санитариялық нормалар мен қағидаларға сәйкес болуға тиіс.

      Жиын пунктінде жиын пунктінің қолбасшылығын, кезекші қызметті және әскери тәртіп пен реттілікті ұстау үшін тағайындалатын басқа да адамдарды орналастыруға арналған орындар көзделуге тиіс.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары және олардың тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың) жиын пункттерінде әзірленген жоспарларға сәйкес әскерге шақырылушылар арасында қажетті тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастырады, шығарып салуға келген ата-аналармен түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және әскерге шақырылушылар ата-аналарының қатысуымен әскери командалардың жеке құрамын салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады.

      Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың) жиын пункттерінде, сондай-ақ жол жүргенде әскерге шақырылушылармен тәрбие және идеологиялық жұмысты жүргізу кезінде жоғары ұйымшылдық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, жергілікті тұрғындарға қатысты бұзақылық және басқа да жат қылық жасау жағдайларын болдырмауға назар аударылады. Жол жүргенде және тоқтаған жерлерде өзін-өзі ұстау қағидалары мен қауіпсіздік шаралары, жеке құрамның әскери тәртіпті, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Әскери командаларды қабылдау және бірге жүру үшін тағайындалған жеке құрам облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктіне командалар жөнелтілгенге дейін үш тәулік бұрын келеді. Бұл ретте жеке құрамның өзімен бірге мыналар болуға тиіс:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттар;

      2) іссапар куәлігі;

      3) жас буынды қабылдауға әскери бөлімнің (мекеменің) сенімхаты;

      4) қабылданатын командаға медициналық кітапшалардың бланкілері;

      5) әскери команданы тасымалдауға арналған маршрут парағы.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37-1. Әскер өкілдері облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде жас буынды қабылдау кезінде:

      1) жасақтау басқармасының бастығына бағынады;

      2) әскерге шақыру жоспарына сәйкес жас буынның жалпы санын нақтылайды;

      3) командаға тағайындалған әскерге шақырылушыларды атаулы тізімдер бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

      4) әскери-есептік құжаттардың, психологиялық зерделеу нәтижесінің, медициналық құжаттардың болуын және жазбалардың толықтығын тексереді;

      5) әскерге шақырылушыларда сызаттар мен гематоманың, сондай-ақ денсаулығында және антропометриялық деректерінде қандай да бір айқын ауытқудың болуы тұрғысынан денені қарап-тексереді;

      6) тамақтану, санитариялық өңдеуден өту үшін жеке құраммен бірге жүреді.

      Ескерту. 2-тарау 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37-2. Әскери бөлімдер (мекемелер) өкілдеріне әскерге шақырылушылардың денсаулығына, отбасы жағдайына және моральдық-іскерлік қасиеттеріне негізделмеген (артық) талаптар қоюға тыйым салынады.

      Ескерту. 2-тарау 37-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Команда жетекшілеріне әскери командаларға бірге жүру құқығына сенімхаттар беріледі.

      39. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде әскерге шақырылған азаматтар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес атаулы тізім бойынша әскери команданың бастығына тапсырылады.

      Атаулы тізім әрбір жөнелтілетін әскери командаға 4 данадан жасалады. № 1 және 2 даналар есептік-қызметтік карточкалармен, амбулаториялық науқастың медициналық карталарына қосымша парақтармен бірге, сондай-ақ әрбір әскерге шақырылушыға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері әскери команданың бастығына беріледі. Тізімнің № 3 данасы әскери команда бастығының әскерге шақырылушыларды қабылдағаны туралы қолхатымен қорғаныс істері жөніндегі департаментте қалады. Тізімнің № 4 данасы әскери билеттерді беру ведомосымен бірге тігіледі.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39-1. Медициналық комиссиядан өту кезеңінде мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушылардың жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді əскери қызметті өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Ескерту. 2-тарау 39-1--тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 571 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      39-2. Әскери бөлімдер (мекемелер) талап ету орны бойынша ұсыну үшін мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің қызмет орнынан мәліметтер береді.

      Ескерту. 2-тарау 39-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39-3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлемдері мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдырылады, қарыз және (немесе) микрокредит бойынша сыйақы есепке жазылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 39-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2024 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 20.08.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді олар ұсынған шоттар бойынша тиісті мемлекеттік органға республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.

      41. Команда жетекшілері тағайындалған жерге келгеннен кейін жеке құрамды атаулы тізім мен есептік-қызметтік карточкалар бойынша қабылдау пункттерінің бастықтарына тапсырады. Осымен бір уақытта тиісті бастықтарға әскери тәртіптің жай-күйі туралы және жол жүрудегі оны бұзудың барлық жағдайлары туралы баяндайды.

      Қабылдау пункттерінде тізімнің бірінші данасының 8-бағанында әрбір әскерге шақырылушының тегінің тұсына қашан және қандай әскери бөлімге (орналасу пунктін көрсетпей бөлімнің шартты нөмірі) мерзімді әскери қызметті өткеруге жіберілгені туралы белгі қойылады. Тізімнің осы данасы әскерге шақырылушыларды қабылдау аяқталғаннан кейін командирлердің (бастықтардың) өкімімен қабылдау пункті құрылған әскери бөлімге беріледі. Жас буынды қабылдау туралы белгісі бар, елтаңбалы мөрмен расталған екінші данасы жас буын келген қорғаныс істері жөніндегі департаментке жолданады.

3-тарау. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібі

      42. Запастағы офицерлерді офицерлер құрамының лауазымдарына әскери қызметке шақыру Заңның 32-бабына сәйкес жүргізіледі.

      43. Запастағы офицерлерді әскерге шақыру үшін іріктеуді жүргізу кезінде жасақтау үшін офицерлер тағайындалатын әскери бөлімдердің өкілдері іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына енгізіледі.

      44. Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери бөлімнің (мекеменің) өкілімен бірлесіп, әскерге шақырылуға жататын запастағы офицерлерді зерделеу және іріктеу жөніндегі жұмысты жүргізеді.

      45. Запастағы офицер әскерге шақырылатын Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, мекемелердің бастықтары:

      1) әскерге шақырылуға кандидатты алдын ала зерделеу және іріктеу үшін қажетті білім деңгейі және қызмет тәжірибесі бар офицерлер қатарынан өкілдерді тағайындайды;

      2) іріктеп алынған кандидаттармен жеке әңгімелеседі немесе денсаулық жағдайына, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, отбасы жағдайына назар аудара отырып, мінездемелік құжаттары бойынша зерделейді, қажет болған кезде кандидаттарды қосымша тексеру мен медициналық тексеру туралы шешім қабылдайды, кәсіби даярлық деңгейін айқындау үшін жалпы сауалнама өткізеді;

      3) әңгімелесуді өткізу нәтижелері бойынша іріктелген кандидатпен зерделеу парағын ресімдейді;

      4) бұл ретте аумақтық жасақтау қағидатын ескере отырып, запастағы офицерлерді одан әрі әскери қызметте пайдалану үшін әскери лауазымдар бойынша алдын ала бөлуді жоспарлайды;

      5) әскери бөлімнің (бөлімшенің) тәрбие құрылымының командирлерімен, офицерлерімен запастан әскерге шақырылған офицерлермен жұмыс жүргізу нысандары мен әдістері бойынша сабақтар (нұсқау беруді) өткізеді.

      46. Әскерге шақыру үшін іріктелген кандидаттарға материалдарды ресімдеу тек Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген лауазымды адамдар зерделегеннен кейін жүргізіледі.

      47. Запастағы офицерлер қатарынан іріктелген кандидаттар әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау үшін медициналық куәландыруға жіберіледі.

      Бұл ретте кандидаттарға іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адам медициналық тексеру картасының, жеке істерінің және басқа да әскерге шақыру құжаттарының толық және сапалы толтырылуын тексереді. Жергілікті әскери басқару органының бастығы арнайы тексеру жүргізу үшін тиісті органдарға сұрау салуды ресімдейді.

      Кандидаттың әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім медициналық куәландыру және арнайы тексеруді жүзеге асыратын тиісті органдар жауаптарының нәтижелері бойынша қабылданады.

      48. Әскери бөлімдердің лауазымды адамдары іріктеген және әскери қызметке шақырылуға жарамды кандидаттардың тізімдері тиісті командирмен (бастықпен) келіскеннен кейін жергілікті әскери басқару органдарына жолданады.

      49. Запастағы офицерлерді әскерге шақыру кезінде жергілікті әскери басқару органының бастығы мынадай құжаттарды ресімдейді және ұсынады:

      1) қызметтік картаны;

      2) жеке істі;

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;

      4) әскерге шақыруға кандидатты зерделеу парағын;

      5) медициналық куәландыру картасын және "Психиатрия" мен "Наркология" психикалық денсаулық орталықтарынан мәліметтерді және "Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталықтарынан мәліметтерді, флюорографияны, ЭКГ, несеп пен қанның жалпы талдауын, RW-ға (Вассерман реакциясы) және АҚТҚ инфекциясына қанды талдау нәтижесін;

      6) ішкі істер органдарынан әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауы туралы мәліметті;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен радикалды сипаттағы діни ұйымдарға және экстремизмге ықтимал қатыстылығы, өзге де беделін түсіретін материалдардың болуы тұрғысынан мәліметті;

      8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін сотталғандығы туралы мәліметтердің болмауы туралы мәліметті.

      9) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 49-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      50. Құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органның басшысы офицерлер лауазымдарына әскерге шақырылуға жататын запастағы офицерлерге жергілікті әскери басқару органдарынан ұсынылған материалдар бойынша жеке құрам бойынша әскерге шақыру туралы бұйрық шығарады.

      51. Запастағы офицерлерді әскерге шақыру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтардан үзінділер тиісті әскери бөлімдер (мекемелер) мен жергілікті әскери басқару органдарына жолданады.

      52. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі жеке құрам бойынша бұйрықтан үзіндіні алған сәттен бастап жергілікті әскери басқару органдарына сұрау салуды жолдай отырып, запастан әскерге шақырылған офицерлердің келуіне бақылауды жүзеге асырады, қызмет орнына кету мерзімдерін нақтылайды.

      53. Әскерге шақырылған офицердің жеке ісі алдын ала белгіленген тәртіппен әскери қызмет орнына кетуі туралы нұсқаманы бергенге дейін жолданады.

      54. Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскерге шақырылған офицерге нұсқаманы береді және оның әскери бөлімге (мекемеге) кетуіне бақылауды жүзеге асырады. Офицерлердің әскери бөлімге келуін жергілікті әскери басқару органының бастығы және әскери бөлімнің командирі бақылайды.

      55. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі офицер әскери бөлімге (мекемеге) келгеннен кейін әскери бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарады және үлестің барлық түрлеріне қояды, баяндауды жүзеге асырады, жергілікті әскери басқару органын хабардар етеді және офицерлердің есептік деректерін нақтылауды жүргізеді.

      56. Запастан әскерге шақырылған офицерлер әскери бөлімдерге келгеннен кейін командир (бастық) мынадай нұсқаулар береді:

      1) әлеуметтік-демографиялық деректерін, бейімін, қабілеті мен даярлық деңгейін зерделеу мақсатында әңгімелесу өткізу туралы;

      2) взвод (рота) өмірінің, тұрмысының және жауынгерлік оқу-жаттығудың барлық ерекшеліктерімен, техника мен қару-жарақтың жай-күйімен таныстыру туралы, бөлімше алдында тұрған негізгі міндеттерді жеткізеді;

      3) кейіннен сынақтар тапсырумен функционалдық міндеттерін, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды, қару-жарақ пен техниканы пайдалануды регламенттейтін басшылық құжаттарды зерделей отырып, жиындар өткізу туралы;

      4) оқу пәндері бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізу туралы;

      5) атыстан, жауынгерлік машиналарды жүргізуден, техниканы пайдалану мен оған қызмет көрсету кезінде нормативтерді орындаудан бақылау сабақтарын өткізу туралы;

      6) даярланған офицерлер қатарынан тәлімгерлерді бекітіп беру, қалыптасуда, тұрмыстық-әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсету туралы;

      7) тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы;

      8) қызмет орнына үй заттарын жеткізуде, әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларын мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептерге орналастыру мәселелерін шешуде көмек көрсету туралы.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің және әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің кадрлар органдары офицер қызмет орнына келмеген жағдайда себептерін нақтылайды және офицердің есептік деректерін, жеке құрам бойынша бұйрықтың нөмірін көрсете отырып, облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге сұрау салуды жолдайды.

      Нақтылаудан кейін әскери полиция органдарымен бірлесіп, іздестіру іс-шараларын жүргізеді, қабылданған шараларды көрсете отырып, әскерге шақырылған офицерлердің белгіленген мерзімдерде келмегені туралы жоғары тұрған кадрлар органына баяндауды жүзеге асырады.

4-тарау. Әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және оны өткізу
тәртібі

      57. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әскери жиындардың негізгі мақсаты бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, соғыс уақытында жасақтау аудандарында жұмылдыру және жасақтау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістетуге қажетті әскери оқытылған ресурстарды даярлау және запаста жинау болып табылады.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      58. Әскери міндеттілер әскери жиындарға Заңның 33-бабына сәйкес шақырылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Әскери жиындар өткізу жөніндегі нақты міндеттерді жыл сайын:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы;

      2) жергілікті атқарушы органдарда (аумақтық қорғанысты дайындау жөніндегі) – жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы айқындайды.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      60. Әскери міндеттілерді даярлау сипаты мен мақсаттары бойынша әскери жиындар мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) оқу-жаттығу жиындары;

      2) арнайы жиындар;

      3) тексеру жиындары.

      61. Тіркелген құрамның оқу-жаттығу жиындарында:

      жұмылдыру мақсатына сәйкес міндеттерді шешу үшін запастағы офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды даярлау;

      соғыс уақытының ұйымдары мен штаттарына жақындатылған жағдайларда есептоптарды, бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік шоғырландыру;

      жұмылдыру жоспарларымен көзделген жекелеген іс-шараларды тексеру жүргізіледі.

      62. Әскери міндеттілерді даярлау, қайта даярлау және әскери білімдерін жетілдіру жөніндегі оқу-жаттығу жиындарында:

      1) запастағы офицерлерді жоғары лауазымдарға даярлау;

      2) запастағы сержанттар мен сарбаздар қатарынан запастағы офицерлерді даярлау;

      3) жұмылдыру жоспары бойынша әскери міндеттілердің әскери білімін жетілдіру және қару-жарақ пен техниканың жаңа түрлеріне, сондай-ақ Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті басқа да мамандықтарға даярлау жүргізіледі.

      63. Қару-жараққа, техникаға және жұмсалмайтын қор мен ұзақ сақталатын қордағы мүлікке қызмет көрсету жөніндегі оқу-жаттығу жиындарында әскери міндеттілердің қызмет көрсетілетін техниканы зерделеуі, сондай-ақ оларды пайдалану мен жауынгерлік қолдану жөніндегі іс жүзіндегі дағдыларға баулу жүргізіледі.

      64. Тексеру жиындарында жұмылдыру жоспарына сәйкес әскери бөлімдерге тіркелген әскери міндеттілермен олардың әскери даярлығы мен іс жүзіндегі дағдыларын талап етілетін деңгейде ұстау жөнінде сабақтар, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерінде оларды жауынгерлік қолдану, жүргізу және қызмет көрсету жөніндегі өздерінің міндеттерін орындау жөніндегі жаттықтырулар өткізіледі.

      65. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери жиындарды жалпы жоспарлауды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелері үшін жетіспейтін мамандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің жыл сайынғы саны негізінде жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органдарда аумақтық қорғанысты дайындау бойынша әскери жиындарды жоспарлауды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, әскер тектері немесе қызметі бойынша әскери жиындар өткізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы белгілейтін бақылау тапсырмалары негізінде тиісті штабтар мен басқармалар әзірлейді. Ұсыныстарда жиындар түрлері, оларды өткізу орны мен мерзімдері, әрбір мамандық бөлігінде жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің және жиындарға өрістету үшін жоспарланатын нақты құрамалар, бөлімдер мен мекемелер саны көрсетіледі.

      Режимдік бөлімдер мен мекемелерде, сондай-ақ әскери міндеттілер ерекше маңызды жұмыстармен, өте құпия және құпия техникамен және құжаттармен байланысты болатын бөлімдер мен мекемелерде әскери жиындарды жоспарлау кезінде ұсыныстарда осы бөлімдерге жиындарға шақырылатын әскери міндеттілердің рұқсатнама нысаны көрсетіледі. Әскери міндеттілер үшін рұқсатнама нысаны мерзімді әскери қызмет және келісімшарт бойынша әскери қызмет әскери қызметшілерінің үлгісіндегідей айқындалады.

      Офицерлер құрамын даярлауға, сондай-ақ тікелей штабтар мен басқармаларға бағынысты емес бөлімдердің, құрамалар мен әскери оқу орындарының базасында мамандар даярлауға қатысты ұсыныстардың бөлімдері тиісінше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменттерімен келісіледі.

      Тиісті штабтармен және басқармалармен әскери жиындарды жоспарлау жөніндегі келісілген ұсыныстар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жыл сайын 15 қаңтарда ұсынылады.

      67. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқаулары және әскери жиындарды өткізудің жалпы жоспары негізінде штабтар:

      1) бағынысты әскери бөлімдермен әскери жиындарды өткізу жоспарларын;

      2) әскерлерді жұмылдыру даярлығы жөніндегі іс-шараларды ескере отырып, бағынысты бөлімдерде әскери міндеттілердің әскери жиындарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша алдағы оқу жылына арналған оқу бағдарламаларын, әдістемелік ұсыныстар мен қажетті нұсқауларды;

      3) жиындарды материалдық және қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілген әскери міндеттілердің саны және оларды бірлестіктер, құрамалар, әскери бөлімдер бойынша әскери жиындарға тарту мерзімдері туралы деректерді;

      4) әскери міндеттілерді мамандықтар бойынша шақыру мөлшерін, жиындарды өткізу мерзімдерін көрсете отырып, әскери бөлімдер үшін әскери жиындарды, сондай-ақ жиындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқу-жаттығу алаңдарын, атыс орындарын бөлу мен мемлекеттік және әскери құпияларды сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарларын әзірлейді.

      Әскери жиындарда әскери міндеттілерді даярлаудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жыл сайын 1 ақпанда ұсынылады.

      Әскери жиындар жоспарларында әскери бөлімдерді өрістетуді бастағанға дейін 10 күн бұрын запастағы офицерлерді тіркелген құрамның оқу-жаттығу жиындарына шақыру көзделеді. Әскери міндеттілер жиындарды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде техникалық қызмет көрсету бөлімшелері мен бөлімдеріне шақырылады.

      68. Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық жоспарды әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары құрамаларының, бөлімдері мен мекемелерінің штабтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жыл сайын 1 ақпанға дейін қажетті есептерді ұсынады.

      69. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне әскери бөлімдердегі әскери жиындарға әскери міндеттілерді шақыруға нұсқаулар мен нарядтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы береді.

      70. Бірлестіктердің, құрамалардың, бөлімдердің командирлері мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әкімдеріне алдағы жылы әскери жиындарға шақырылатын әскери міндеттілердің мөлшері, шақыру мерзімдері мен техниканы жеткізу туралы деректерді жеткізеді.

      71. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқаулары мен нарядтары негізінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар мен бөлімдер) жүргізеді. Жиындарға шақыруға бірінші кезекте жұмылдыру жоспары бойынша әскери бөлімдерге тағайындалған әскери міндеттілер жатады.

      72. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар, бөлімдер) әскери міндеттілерді іріктеу сапасына, әскери жиындарға уақтылы жөнелтуге және нарядтардың толық орындалуына жауапты болады. Әскери жиындарға әскери міндеттілерді іріктеуді қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар, бөлімдер) ресурстар дайындалатын әскери бөлімдердің тиісті командирлерімен бірлесіп жүргізеді.

      73. Денсаулық жағдайы, отбасы жағдайлары және басқа да себептер бойынша әскери жиындардан етуден босатылатын әскери міндеттілер тиісті мамандықтар бойынша жиындардан өту талаптарына жауап беретін бос ресурстардағы әскери міндеттілермен ауыстырылады.

      74. Әскери міндеттілерді даярлау және тапшы мамандықтар бойынша олардың әскери білімдерін жетілдіру жөніндегі әскери жиындарға:

      1) әскери білімдерін жетілдіру үшін - басым көпшілігі жоғарғы кәсіптік білім беру ұйымдарында әскери даярлықтан өткен және офицерлер лауазымдарында армияда қызмет өткермеген запастағы офицерлер, сондай-ақ теориялық және іс жүзіндегі әскери даярлығы төмен запастағы офицерлер. Жоғары лауазымдарға даярлау үшін әскери даярлығы жақсы және әскерлерде іс жүзінде жұмыс тәжірибесі бар запастағы офицерлер шақырылады;

      2) запастағы сержанттар мен сарбаздардан офицерлер даярлау үшін:

      командалық бейіні бойынша - жоғары немесе орта арнаулы білімі бар, тиісті мамандықтар бойынша әскер тектерінде әскери қызмет өткерген және денсаулық жағдайы, іскерлік пен моральдық қасиеттері бойынша белгіленген талаптарға жауап беретін 30 жасқа дейінгі запастағы сержанттар мен сарбаздар;

      инженерлік-техникалық және басқа бейіндер бойынша - әскери даярлық бейініне жақын жоғары немесе арнаулы орта білімі бар немесе осы бейін бойынша әскери қызметтік тәжірибесі бар, денсаулық жағдайы бойынша жарамды және іскерлік пен моральдық қасиеттері бойынша талаптарға жауап беретін 35 жасқа дейінгі сержанттар мен сарбаздар;

      3) әскери міндеттілерді жаңа және тапшы мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау үшін - әскериге жақын азаматтық мамандықтары бар және тиісті жалпы немесе орта білімі бар 1-разрядты запастағы офицерлер, сержанттар, старшиналар, сарбаздар мен матростар шақырылады.

      Тапшы мамандықтар бойынша даярлау мен жетілдіру жөніндегі әскери жиындарға жіберу үшін әскери міндеттілерді алдын ала іріктеу мен зерделеу қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) шақырусыз дербес есепке алу деректері бойынша алдын ала жүргізіледі.

      Денсаулық жағдайы немесе басқа да себептер бойынша жекелеген адамдарды жиындардан өтуден босатқан жағдайда кандидаттарды белгіленген санынан асырып іріктеу жүргізіледі.

      Режимдік бөлімдерде жиындардан ету үшін, сондай-ақ батальон (дивизион) командирлері орынбасарларының және оларға сәйкес әрі одан жоғары лауазымдар бойынша даярлау үшін кандидаттар болып іріктелген запастағы офицерлерді облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы жеке өзі қарайды және бекітеді.

      75. Әскери барлау мамандықтары бойынша даярлау үшін әскери жиындарға запастағы офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды шақыру құрама штабтарының атаулы тізімдері бойынша жүргізіледі.

      76. Әскери жиындарға тапшы мамандықтар бойынша даярлау және әскери білімдерін жетілдіру үшін денсаулық жағдайы бойынша тиісті әскер тектерінде (қызметте) және белгілі лауазымдардағы қызметке жарамды әскери міндеттілер жіберіледі, ол үшін жиынға жөнелту алдында олар міндетті түрде аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссияларының медициналық комиссияларымен медициналық куәландырудан өтеді.

      Тіркелген құрамды жиындарға жіберу кезінде тек денсаулық жағдайына шағым білдірген әскери міндеттілер, сондай-ақ десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімдерінің, авиацияның ұшу-көтерілу және сүңгуірлер лауазымдарына тіркелген құрамының жиындарына жіберілетін адамдар медициналық тексерілуге жатады.

      Ұшқыш-көтерілу құрамы дәрігерлік-ұшқыштар комиссияларында медициналық тексерілуге жатады.

      Медициналық тексеру нәтижелері тиісті әскери-дәрігерлік комиссиялардың анықтамалары салынатын запастағы офицерлердің жеке істерінде көрсетіледі. Запастағы сержанттар мен сарбаздардың ілеспе атаулы тізімдеріндегі "Ескертпе" бағанында арнайы белгілер қойылады.

      Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      76-1. Әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.

      Ескерту. 4-тарау 76-1--тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 571 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      77. Рұқсатнама талап етілетін режимдік және басқа да бөлімдерге, мекемелер мен әскери оқу орындарына әскери жиындарға жіберілуге жататын әскери міндеттілердің кандидатуралары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.

      Келісу туралы деректер белгіленген тәртіппен әскери міндеттілердің әскери билеттеріне, жеке істері мен басқа да әскери-есептік құжаттарына енгізіледі, олар әскери жиындарға шақырылғандарды ерекше маңызды, өте құпия және құпия жұмыстарға, техникаға және құжаттарға рұқсат ету үшін негіз болып табылады.

      Егер әскери міндеттінің әскери билетінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты (келісімі) туралы тиісті белгісі болса және оны қолдану мерзімі аяқталмаған болса, режимдік бөлімдерде жиындардан өту құқығына құжаттарды қайтадан ресімдеу жүргізілмейді.

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты (келісімі) жоқ әскери міндеттілер рұқсатнама талап етілетін режимдік және басқа да бөлімдерге, мекемелер мен әскери оқу орындарына әскери жиындарға жіберілмейді.

      78. Әскери міндеттілерді, іріктелген кандидаттарды тапшы мамандарды даярлау бойынша әскери жиындарға, сондай-ақ запастағы офицерлерді тіркелген құрамның жиындарына шақыру үшін хабардар ету есептік деректерді тексеру және медициналық куәландырудан өткізу мақсатында кейіннен оларға жөнелту үшін келу мерзімі және жиын ұзақтығы көрсетілген белгіленген үлгідегі шақырту қағаздарын тапсырумен алдын ала жүргізіледі. Кәсіпорын басшысына жолданатын хабарламада әскери міндеттілердің әскери жиындарда болу мерзімі жиындарда болу уақытын және әскери бөлімге дейін және жиыннан қайту жолына жұмсалатын уақытты ескере отырып көрсетіледі.

      Запастағы сержанттар мен сарбаздарды тіркелген құрамның әскери жиындарына шақыру туралы хабардар ету жұмылдыру жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүргізіледі.

      79. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға жіберуді жергілікті әскери басқару органдары алынған нарядтарға сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      Жұмылдыру жоспарларының жекелеген іс-шараларын тексеру мақсатында әскери міндеттілерді тіркелген құрамның әскери жиындарына шақыру және жөнелту жұмылдыру жоспарларының есептеріне сәйкес жасалған, арнайы әзірленген құжаттар бойынша жұмылдыру терминдерін көрсетпей жүргізіледі. Запастағы сержанттар мен сарбаздар осы жиындарға көрсетілген есептерде көзделген мерзімде және тәртіппен, ал запастағы офицерлер, егер олар алдын ала шақырылса - таңдау тәртібінде жөнелтіледі.

      Тапшы мамандықтар бойынша жетілдіру және даярлау үшін әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер бөлімдерге олардың жиындар өткізілетін орынға сабақтар басталуынан бір күн бұрын жетуі есебімен жөнелтіледі.

      Осы әскери міндеттілерді жиындарға және кері тасымалдау теміржол немесе автомобиль көлігінде, ал олар болмаған жекелеген учаскелерде - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаражаты есебінен әуе көлігінде жүргізілуге тиіс.

      80. Тапшы мамандарды даярлау бойынша әскери жиындардан өту үшін шақырылған әскери міндеттілерге жергілікті әскери басқару органдары бөлім командирлеріне:

      1) запастағы офицерлерге - атаулы тізімді және жеке істерді;

      2) запастағы сержанттар мен сарбаздарға - атаулы тізімді;

      3) ұшқыштар құрамына - атаулы тізімді, жеке істерді, ұшқыштар және медициналық кітапшаларды жолдайды.

      Атаулы тізімдер, ұшқыштар және медициналық кітапшалар мөр қойылған түрде команда жетекшісіне қол қойғызып беріледі. Ұшқыштар кітапшалары жоқ адамдар ұшқыштар құрамын даярлау жөніндегі әскери жиындарға шақырылмайды.

      81. Әскери жиындарға жіберуге жататын запастағы офицерлердің жеке істері тек құпия поштамен жолданады, ал режимдік бөлімдерге және мекемелерге атаулы тізімдер, ұшқыштар және медициналық кітапшалар оларды бөлімдерде жиын басталуынан екі күн бұрын алуын ескере отырып құпия поштамен жолданады.

      82. Ерекше режимдік бөлімдерге жиындарға жеке өзі немесе команда құрамында жіберілетін әскери міндеттілерге нұсқама режимдік бөлімдер мен мекемелер үшін белгіленген тәртіппен беріледі. Командалар жетекшілеріне берілген атаулы тізімдерде команда құрамында бара жатқан әскери міндеттілердің тек тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

      83. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдері мен мекемелеріне оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілерді шақыру олардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жиындардың басталуынан бір ай бұрын жіберетін дербес тізімдер (сандық өтінімдер) бойынша жүргізіледі.

      84. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығы әдістемелік нұсқауларға және жиындар бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Тіркелген құрамды және армия үшін тапшы мамандарды даярлау жөніндегі әскери жиындардағы барлық оқу уақыты жауынгерлік даярлық бағдарламаларына сәйкес әскери міндеттілердің әскери және арнаулы білімдерін арттыруға пайдаланылады. Техникаға қызмет көрсету жөніндегі жиындарда оқу уақытының 25 пайызы әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығына, қалғаны - техниканы күтіп ұстау және оған қызмет көрсету жұмыстарына бөлінеді.

      85. Әскери жиындар өткізілетін әскери бөлімдердің командирлері запастағы офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды жауынгерлік даярлауды ұйымдастыру және оны өткізу сапасына, жиындарды уақтылы және толық материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, оқу-жаттығу базаларын дайындауға, әскери міндеттілерді қабылдау мен жиындардан жөнелтуді ұйымдастыруға жауапты болады. Құпия жұмысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға және құпия құжаттардың, техника мен қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуға тиіс. Әскери міндеттілерге құпия құжаттарды, техника мен қару-жарақты сақтау және ұстау, жеке хат алмасуды жүргізу тәртібі мен мемлекеттік және әскери құпияны сақтауға дербес жауапкершілік, жеке блокноттарында құпия жазбалар, суреттер, есептер жасауды және әскери объектілер мен құпия техниканы фото-кино түсірулерге жол бермеу жөніндегі негізгі талаптар жеткізілуге тиіс.

      86. Бөлімдердің командирлері әскери жиындар өткізуге тапсырмалар алған кезде:

      1) алдын ала жиындар бастығын тағайындайды және жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен өткізуден тәжірибелері мен білімдері бар даярланған офицерлер мен сержанттарды оларды осы уақытта басқа міндеттерден босатып бөледі;

      2) жиындар басталардан кемінде екі ай бұрын құрамалар штабтарының тиісті бастықтарына әскери міндеттілердің әскери жиындарын толық қамтамасыз ету үшін қажетті жетіспейтін қару-жараққа, оқ-дәрілерге, техника мен әскери мүлікке өтінімдерді ұсынады;

      3) жиындар басталардан бір апта бұрын оқу бағдарламасына және сағаттар есебіне сәйкес әскери міндеттілермен сабақтардың кестесін жасайды және бекітеді;

      4) жиындар басталардан екі-үш күн бұрын әскери міндеттілерді оқытуға тағайындалған офицерлермен және сержанттармен нұсқаулық-әдістемелік сабақтарды жүргізеді;

      5) қару-жарақтың, техниканың, оқу және көрнекі құралдардың қажетті санын бөледі және оларды жиынға бекітеді;

      6) әскери міндеттілерді орналастыру үшін үй-жайларды және киім-кешек пен аяқ киімнің қажетті санын алдын ала дайындайды;

      7) әскери жиындарға келген әскери міндеттілердің жеке заттарын қабылдауды ұйымдастырады;

      8) әскери жиындарға взвод және бөлімшелер командирлерінің бос лауазымдарында тағылымдамадан ету үшін шақырылған запастағы офицерлермен лауазымға тағайындау алдында және тағылымдама барысында жүйелі түрде нұсқаулық-әдістемелік сабақтарды өткізеді.

      87. Әскери міндеттілермен оқу үдерісі әскери жиындар өткізіліп жатқан әскери бөлімдердің қарулануында тұрған жауынгерлік техника мен қаруды пайдалана отырып ұйымдастырылады.

      88. Әскери жиындарда әскери міндеттілердің оқу-жаттығу сабақтарының ұзақтығы кадрлар құрамына, олар жиындардан өтетін бөлімдер мен әскери оқу орындарына арналған сияқты белгіленеді.

      89. Жиындарға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда болады. Оларды бөлім орналасқан жерден босатуды роталар командирлері (жиындар бастықтары) Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Әскери және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ мемлекетке келтірген материалдық зияны үшін әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      90. Әскери міндеттілерді әртүрлі шаруашылық және құрылыс жұмыстарына және жиындардан өтуге қатысы жоқ қызмет өткеруге тартуға жол берілмейді.

      91. Тіркелген құрамның әскери жиындарын өткізу кезінде әскери бөлімдердің нақты нөмірлері мен атауларын, өрістетілетін және құрылатын бөлімдер үшін белгіленген соғыс уақыты далалық пошталарының нөмірін, сондай-ақ жұмылдыру жоспарының түпнұсқа құжаттарын пайдалануға қатаң тыйым салынады. Әскери жиындар кезеңінде ресми құжаттарда және хат алмасуда әскери бөлімдер тек бейбіт уақытта оларға берілген шартты атаулар бойынша аталады. Әскери жиындар уақытына құрылатын бөлімдерге бейбіт уақытта әрекет ететін әскери бөлімдердің шартты литерлік нөмірлері беріледі.

      92. Әскери жиындарға шақырылған және бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер күнтізбелік бес күн ішінде әскери ант қабылдайды, ол туралы әскери билеттерінде тиісті белгілер жасалады.

      93. Тапшы мамандарды даярлау бойынша әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери міндеттілердің өткен бағдарламалық материалды меңгеруіне тексеру жүргізіледі және даярлық дәрежесі туралы қорытынды шығарылады. Емтихандар (сынақтар) қабылдау үшін әскери бөлімдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының даярланған және тәжірибелі офицерлері қатарынан арнайы комиссиялар құрылады.

      94. Әскери бөлімдердің командирлері мен штабтары әскери жиындар аяқталғаннан кейін:

      1) запастағы офицерлерге, сондай-ақ офицерлер құрамына даярлықтан еткен запастағы сержанттар мен сарбаздарға жиындардың оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесі, әскери істі зерделеуге қатынасы және танытқан моральдық қасиеттері, офицердің соғыс уақытында тағайындалуы мүмкін лауазымы, ол бойынша есепке алынуға тиіс әскери-есептік мамандығы (егер офицер жаңа мамандық бойынша қайта даярлаудан өткен жағдайда), кезекті (алғашқы) әскери атақ беру мүмкіндігі көрсетілген мінездемелерді жасайды;

      2) офицердің, сондай-ақ сержант пен сарбаздың жеке ісінде және әскери билетінің тиісті бөлімінде жиындардан өтуі туралы командирдің (штаб бастығының) қол қоюымен және әскери бөлімнің мөрімен расталған белгіні қояды;

      3) әскери жиындардан (тапшы мамандықтар бойынша немесе тіркелген құрамның) жетісті өткен және тиісті лауазымдар бойынша қажетті даярлық алған (жиындар мерзіміне қарамастан) запастағы сержанттар мен сарбаздарға оларда жиындар ұзақтығын, әскери-есептік мамандықтардың нөмірлерін және одан әрі оларды есепке алу мақсатқа сәйкес болатын лауазымдық біліктілігін көрсете отырып, атаулы тізімдерді жасайды. Жиындардан өтуі туралы әскери билеттің тиісті тармағында командирдің (штаб бастығының) қол қоюымен және әскери бөлімнің мөрімен расталған белгі қойылады;

      4) жиындарда оқу бағдарламасын жетісті аяқтаған және кезекті әскери атақтар беруге лайықты запастағы сержанттар мен сарбаздарға әскери билетте тиісті жазба жасай отырып, әскери атақ береді және бұйрықтан үзінділерді шақырылған жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жолдайды;

      5) жиындарда пайдаланылған құпия материалдардың, техниканың, қару-жарақ пен жекелеген тораптардың, блоктардың, оларға бөлшектердің болуын тексереді;

      6) әскери міндеттілерді бөлімдерден салтанатты жағдайда ұйымдасқан түрде шығарып салуды жүргізеді, ал жиындар бағдарламасын жақсы меңгерген адамдарды көтермелейді;

      7) әскери жиындардан өткен запастағы офицерлерге жеке істер мен мінездемелерді және запастағы сержанттар мен сарбаздарға атаулы тізімдерді он күн мерзімде әскери міндеттілердің есепке алынған жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жолдайды.

      95. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталады, оларға:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен;

      2) жергілікті атқарушы органдарда – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтін әскери міндеттілерге ең төменгі жалақы төленеді.

      Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      96. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді тамақтандыруды қамтамасыз ету және тұрғылықты жерлерінен жиындар өтетін пунктке дейін, сондай-ақ жиындар аяқталғаннан кейін тұрғылықты жерлеріне тасымалдау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен жүргізіледі:

      жергілікті әскери басқару органдары - жиындарды өткізетін әскери бөлімдер орналасқан жерге дейін;

      әскери бөлімдер (жиындар аяқталғаннан кейін) - әскери міндеттілердің тұрғылықты жерлеріне дейін.

      97. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер жиындар уақытында:

      жиындарды өткізетін әскери бөлімдердің жеке құрамы үшін белгіленген үлес нормалары бойынша азық-түлікпен;

      әскери міндеттілердің тиісті санаттары үшін белгіленген нормалар бойынша заттай мүлікпен, әскери қызметшілермен бірдей ұйымдастырылатын медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

      98. Офицерлер құрамына даярлау үшін жиындарға шақырылатын запастағы сержанттар мен сарбаздар запастағы сержанттар мен сарбаздар үшін белгіленген нормалар бойынша үлестің барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі.

      99. Әскери міндеттілердің әскери жиындарын өткізу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің басқармалары, Қорғаныс министрлігі департаменттерінің, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары мен құрамалардың командирлері жүзеге асыратын ұдайы бақылауда болуға тиіс.

      100. Бақылаудың негізгі түрі тікелей осы жиындарды өткізетін әскери бөлімдерде әскери жиындарды ұйымдастыру мен оның барысын тексеру болып табылады.

      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қашан және кім, қандай мерзім ішінде, қандай әскери бөлімдерде тексеру жүргізетінін айқындай отырып, тексеру жүргізуді жоспарлайды.

      Жауынгерлік даярлықты тексеру және әскерлерді инспекциялау кезінде әскери міндеттілердің әскери жиындары міндетті түрде тексерілуге тиіс.

5-тарау. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс
уақытында әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу
тәртібі

      101. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының негізінде және Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      102. Запаста тұрған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және министрліктер арнайы құралымдарының әскери бөлімдеріне тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс уақытының штаттарында көзделген әскери лауазымдарда әскери қызмет өткеру немесе оларды әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың азаматтық персоналы лауазымдарында жұмыс істеуге жіберу үшін жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру деп мынадай іс-шаралар ұғынылады:

      1) жалпы немесе ішінара жұмылдыруды жариялау;

      2) азаматтарды жалпы немесе ішінара жұмылдыруды өткізу туралы хабардар ету;

      3) азаматтардың жергілікті әскери басқару органдарының алдын ала жиын пункттеріне (жиын пункттеріне) немесе тікелей әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға келуі (жеткізілуі);

      4) азаматтарды алдын ала жиын пункттерінен (жиын пункттерінен) әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға жеткізу;

      5) азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) фактісін құжаттамалық ресімдеу.

      103. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдары және мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады.

      104. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың), ауданның (қаланың, облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жалпы немесе ішінара жұмылдыру жариялау туралы бұйрықтарды Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы немесе ішінара жұмылдыру жариялау туралы Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрығы негізінде жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары шығарады.

      105. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың оларды соғыс уақытының ұйымдары мен құрылымына ауыстыруды көздейтін жұмылдыру жоспарларында белгіленген көлемде жүзеге асырылады.

      106. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылуға (жұмысқа жіберілуге) жататын азаматтардың келу мерзімдері мен орындары әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдардың жұмылдыру жоспарларында айқындалады және азаматтарға берілетін жұмылдыру нұсқамаларында және дербес шақырту қағаздарында көрсетіледі.

      107. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылуға (жұмысқа жіберілуге) жататын, сондай-ақ әскерге шақыру кейінге қалдырылған немесе әскерге шақыруға жатпайтын азаматтар санаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      108. Азаматтарды әскери бөлімдерге тіркеуді (арнайы құралымдарға тағайындауды) жергілікті әскери басқару органдары әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың командирлерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұйымдастырады.

      Бейбіт уақытта әскери бөлімдерде және арнайы құралымдарда азаматтық персонал лауазымдарында жұмыс істейтін азаматтар осы әскери бөлімдерге бірінші кезекте тіркелуге (арнайы құралымдарға тағайындалуға) тиіс.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдеріне бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткерген азаматтар тіркеледі.

      Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      109. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке жоспарлы түрде шақыру (жұмысқа жіберу) туралы шешімді жергілікті әскери басқару органдары азаматтарға жұмылдыру нұсқамаларын беру және олардың әскери билеттерінде ол туралы тиісті белгі жасау жолымен алдын ала жеткізеді. Одан басқа, әскери бөлімдерге тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) барлық азаматтарға, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарын күшейту аппараттарына тағайындалған азаматтарға тиісті жергілікті әскери басқару органдары дербес шақырту қағаздарын жазады. Жұмылдыру нұсқамаларына, дербес шақырту қағаздарына жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары қол қояды және елтаңбалы мөрмен растайды.

      Жұмылдыру нұсқамалары мен дербес шақырту қағаздары түрлерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы белгілейді.

      110. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды (жұмыссыз жіберуді) жүзеге асыру үшін әрбір облыста (республикалық маңызы бар қалада немесе астанада), ауданда (қалада, облыстық маңызы бар қалада) жергілікті атқарушы органдардың шешімімен азаматтарды жұмылдыру жөніндегі әскерге шақыру комиссиялары құрылады.

      111. Жұмылдыру жөніндегі әскерге шақыру комиссияларының дербес құрамы мен жұмыс тәртібі жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі, осы комиссияның төрағасы болып жергілікті әскери басқару органының бастығы тағайындалады.

      112. Комиссия мүшелерінің бірі болмай қалған жағдайда белгіленген тәртіппен оның резервтік құрамы бекітіледі.

      113. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдары арқылы азаматтарды жалпы немесе ішінара жұмылдыру жүргізу және олардың алдын ала жиын пункттеріне келу қажеттігі туралы хабардар етуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Хабардар етуге ұйымдардың лауазымды адамдары және жергілікті әскери басқару органдарының күшейту аппараттарына тағайындалған адамдар тартылады, бұл ретте техникалық байланыс құралдары мен хабаршылар пайдаланылады.

      Заңды тұлғалар азаматтарды жұмыс орындары бойынша хабардар ету үшін хабардар ету штабтарын құрады.

      Жалпы немесе ішінара жұмылдыру жүргізу туралы жергілікті әскери басқару органы бастығының бұйрығын тарату үшін жергілікті радио арқылы хабар тарату желілерін, теледидарды, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде электрондық құралдарды қолдану тәртібі бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының шешімімен айқындалады.

      Азаматтардың алдын ала жиын пункттеріне немесе тікелей әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға келуі (жеткізілуі) жұмылдыру нұсқамалары және дербес шақырту қағаздары негізінде жүзеге асырылады.

      114. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілетін) азаматтарды тасымалдау үшін ең алдымен, қоғамдық жолаушылар көлігі, қала маңы поездары мен кемелері пайдаланылады. Белгіленген тәртіппен ұйымдардың автокөліктері және әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарды жасақтау үшін азаматтардан алынған автокөліктер тартылады.

      Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтар әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың жас буынды күтіп алу пункттеріне немесе жиын пункттеріне жіберіледі.

      Азаматтарға алдын ала жиын пункттерінен шығу кезінде ілесіп жүру үшін және әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға тапсыру үшін әрбір командаға әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жіберуге) жатпайтын, запастағы офицер, сержант және старшина әскери атақтары бар азаматтардан бастық тағайындалады.

      Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтарды әскери бөлімдерге немесе арнайы құралымдарға тапсыру әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың жеке құрамын қабылдау пункттерінде немесе тікелей алдын ала жиын пункттерінде жүзеге асырылады.

      115. Алдын ала жиын пункттері арқылы, әдетте, облыс аумағынан (республикалық маңызы бар қалалардан немесе астанадан) тыс орналасқан әскери бөлімдерге тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды жөнелту жүзеге асырылады.

      116. Тікелей әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген):

      1) әскери бөлімдерде және арнайы құралымдарда оларды соғыс уақытының ұйымдары мен құрылымына ауыстыру кезінде бірінші кезектегі жұмыстарды орындауға тартылатын;

      2) бейбіт уақытта әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарда азаматтық персонал штаттық лауазымдарында немесе жалдау бойынша (штаттық кестемен) жұмыс істейтін және оларға тіркелген азаматтар жіберілуі мүмкін.

      117. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылатын (жұмысқа жіберілетін), ауылды жерлерде тұратын азаматтарды жинауды және оларды алдын ала жиын пункттеріне жеткізуді кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) жүргізеді. Көрсетілген азаматтарды алдын ала жиын пункттеріне тапсыру әкімдер растаған атаулы тізімдер бойынша жүзеге асырылады. Атаулы тізімдермен бір уақытта хабардар етілмеген азаматтардың хабардар етілмеу себептерін көрсете отырып, дербес шақырту қағаздары ұсынылады. Атаулы тізімдердің үлгісін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Бас штабы белгілейді.

      118. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезіндегі және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды және оларды жұмысқа жіберуді (оның ішінде ерікті түрде) тек жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

      119. Тиісті комиссиялар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) үшін әскери бөлімдерге тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп таныған жағдайда жұмылдыру нұсқамалары жоқ азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) жүзеге асырылады. Көрсетілген азаматтар әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға оларды толық және сапалы жасақтау мақсатында жіберіледі.

      120. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтардың төлқұжаттары және өзге де құжаттары алынбайды.

      121.Азамат жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылды (жұмысқа қабылданды) деп оның әскери есепке алу құжаттарында әскерге шақыру (жұмысқа қабылдау) фактісі ресімделгеннен кейін және азаматты әскери бөлім немесе арнайы құралым тізіміне енгізу және әскери лауазымға (азаматтық персонал лауазымына) тағайындау туралы бұйрыққа әскери бөлімнің немесе арнайы құралымның командирі қол қойғаннан кейін есептеледі.

      122. Ұйымдардың басшылары жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтарды оларды жергілікті әскери басқару органдарынан алған хабарламалар негізінде белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарады.

      123. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) азаматтарды тіркеу және оларды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді;

      2) алыс жергілікті жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және әскерге шақыру комиссияларынан өту үшін және кері қарай жеткізуді, оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді;

      3) жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды ұстауды, қызмет көрсетуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтауды;

      4) қызмет көрсететін персоналдың, медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын;

      5) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық комиссия тексеруге және емделуге жіберген әскерге шақырылушыларды орындармен;

      6) медициналық комиссиялардың біліктілігін арттыру үшін дәрігер мамандардың мамандандырудан өтуін қамтамасыз етеді.

      124. Ішкі істер органдары әскери қызметке шақырылудан жалтарған адамдарды іздестіруді, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және олардың кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

      125. Соғыс уақыты жағдайларында жұмылдыруды жүргізу жоспарларын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен хабардар ету штабтары немесе учаскелері, әскери міндеттілерді және техниканы жинау пункттері құрылады.

      126. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссиялар, әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, әскерге шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде, хабардар ету штабтарында, учаскелерінде, әскери міндеттілерді алдын ала жинау пункттерінде және техниканы алдын ала жинау пункттерде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген медицина, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарының осы міндеттерді орындауы уақытында жұмыс орны, атқаратын лауазымы және еңбекақысы сақталады.

      Егер көрсетілген адамдардың өз міндеттерін орындауы іссапарлармен байланысты болса, жергілікті атқарушы органдар оларға тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кері қайтуға, тұрғын үй жалдауға жұмсаған шығыстарын, сондай-ақ іссапар шығыстарын өтейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қағидаларды 6-тараумен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 № 378 қаулысымен (құпия).

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

      20__ жылғы № ___ тізімдеме бойынша

      есепке алынды

Облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана)
әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабы

      20__ ж. "__" ______ басталды.

      20__ ж. "__" ______ аяқталды.

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Қай аудандық әскерге шақыру комиссиясы және қашан куәландырды, комиссияның шешімі

Шағымдар (әскерге шақырылушының басқа да өтініштері)

Объективті, зертханалық және құралдық тексеру деректері, диагнозы

Облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

20 __ ж. "___" _____________ № ________ хаттама










      20__ ж. "__" _____ барлығы куәландырылғаны

      Соның ішінде: ______ адам.

      аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының ________ шешімі бекітілді;

      аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының ________ шешімі бекітілмеді;

      Олардың ішінде мыналар танылды:

      әскери қызметке жарамдысы ______ адам

      бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсызы,соғыс уақытында шектеулі

      жарамдысы ______ адам

      әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсызы ______ адам

      стационарлық тексерілуге мұқтажы ______ адам

      әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мұқтажы ______ адам

      Комиссия төрағасы ___________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      Комиссия төрағасының орынбасары _____________________________________

      (лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      Дәрігерлер __________________________________________________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

      Комиссия хатшысы ____________________________________________________

      (қолы)

      Ескертпе: облыстық шақыру комиссиясының хаттамалар кітабын жүргізу жөніндегі талаптар аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының хаттамаларын жүргізумен бірдей.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Қорғаныс істері жөніндегі

      басқарма (бөлім) мөртаңбасы

Анықтама

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________________ қолдаухатына сәйкес

      (министрлік, ведомство атауы)

      19__ жылы туған азамат _____________________________________________

      20__ ж. "___"________ - 20__ ж. "___" _______ аралығы кезеңіне шетелге қызметтік іссапарға (оқуға) жіберіледі.

      Іссапар (оқу) мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ 20__ ж. "___"_______ кешіктірілмей азамат ___________________________________

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) келуге міндетті.

      Азамат ________________________________________________________

      әскерге шақыру учаскесіне тіркелуі туралы куәлігі

      _____________________________________________________________________

      қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) сақталуда.

      Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы

      _________________________

      (әскери атағы, қолы)

      М.О.

      Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің бастығы

      ________________________

      (әскери атағы, қолы)

      Әскерге шақырылушының шетелге қызметтік іссапарға шығуы, оның Қазақстан Республикасына оралу мерзімі туралы ресімделетін министрліктің (ведомствоның) белгісі 20__ ж. "__" ________

      М.О.

      ______________________

      (қолы)


  Азаматтарды әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
2-1-қосымша

Әскерге шақырылушының отбасы жағдайын тексеру актici

      Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 835 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  20__жылғы "___" ________

      1. Құрамында қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармадан (бөлiмнен, біріктірілген бөлімнен) өкіл

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (әскери атағы, лауазымы, тегі және аты-жөні)

      ________________________________________________________________________,

      жергiлiктi атқарушы органның өкiлі _________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні) __________________,

      бiлiм беру ұйымының өкiлi _____________________________________

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні) және өзге де ұйымдардың өкiлi __________________

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні) бар

      комиссия_________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (әскерге шақырылушының тегі және аты-жөні, туған күні)

      _________________________________________________________________________

      отбасы жағдайына тексеру жүргiздi.

      2. Қайда жұмыс iстедi (жоқ), оқиды (оқыған)___________________________________

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, жалақы мөлшерi, оқу орны сыныбының, курсының нөмiрі)

      3. Асырауында кім бар немесе болған ________________________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Тексеру күніндегі әскерге шақырылушының отбасы __________________________

Р/с

Т.А.Ә.
бар болса

Туған күні

Туыстық қатынасы

Тұрғылықты жері

Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы)

Лауазымы, жалақы (зейнетақы) мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

      5. Әскерге шақырылушының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі____________________

      6. Әскерге шақырылушы отбасының өмір сүруіне қаражат көздері________________

      7. Ата-аналарынан бөлек тұратын аға-інілері мен апа-қарындастары ______________

      _________________________________________________________________________

Р/с

Т.А.Ә.
бар болса

Туған күні

Туыстық қатынасы

Тұрғылықты жері

Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы)

Лауазымы, жалақы (зейнетақы) мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

      8. Әскерге шақырылушының ата-анасына аға-інілері мен апа-қарындастары тарапынан қандай көмек көрсетіледі _____________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      9. Әскерге шақырылушының отбасы неге мұқтаж, отбасына кім және қандай материалдық көмек көрсетілді немесе көрсетуде _________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      10. Әскерге шақырылушының отбасылық жағдайына тексеру жүргізген комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары ______________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Ұйымның мөрімен расталған комиссия мүшелерінің қолтаңбалары: ______________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      11. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім, біріктірілген бөлім) бастығының әскерге шақыру комиссиясына өтінішхаты ________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      м.о.

      Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім, біріктірілген бөлім) бастығы

      ___________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні) 20___жылғы "___" _____

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
2-2-қосымша

      Нысан

Әскерге шақырылушыны зерделеу парағы

      Ескерту. Қағидалар 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әскерге шақырылушы __________________________________________

      Туған күні, айы, жылы __________________________________________

      Тұрғылықты жері ______________________________________________


Р/с

Сұрақтар

Жауаптар

1.

Білімі (қандай оқу орнын аяқтады, қандай мамандық алды)


2.

Жұмыс орны және мамандығы


3.

Отбасы жағдайы


4.

Көлік құралын басқаруға куәлігінің болуы және оның санаты


5.

Бастапқы әскери даярлықтан өтуі


6.

Қандай дар бір әскери-патриоттық клубта болды ма, жоқ па


7.

Саяси немесе жастар ұйымының, белгіленген тәртіппен тіркелмеген партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшесі болып табыла ма, жоқ па


8.

Мемлекеттік наградалары немесе төсбелгілері бар ма, жоқ па


9.

Спорттың қандай түрін меңгерген


10.

Спорттық разрядтары бар ма, жоқ па


11.

Немен әуестенеді


12.

Қандай шет тілдерін біледі


13.

Мерзімді әскери қызметті әскердің қандай түрінде немесе тегінде өткергісі келеді


14.

Әскери қызметті одан әрі келісімшарт бойынша жалғастырғысы келе ме


      Қорытынды:___________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (зерделеуді жүргізген адамның әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Әскерге шақырылушының қолы: _______________________________

      Әңгімелесу өткізілген күн 20___жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
2-3-қосымша

      Нысан

20___жылғы ________________________ жағдай бойынша _______________ ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында (бөлімінде) зерделенген және іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімі

      Ескерту. Қағидалар 2-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Т.А.Ә (бар болса)

туған күні

жарамдылығы

қандай оқу орнын бітірді (мамандығы)

отбасы құрамы (әкесі, анасы)

ҚІБ(Б)

тіркеу кезінде

әскерге шақыру кезінде









      Кестенің жалғасы

арнайы тексеру нәтижелері

тағайындалды (әскер тегі)

діни ұйымдарға қатынасы

психологиялық зерделеу нәтижесі

зерделеушінің Т.А.Ә. (бар болса)

зерделеу күні

қорытынды

ескертпе









      Қаланың (ауданның) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы

___________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2019 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Оқу орнының мөртаңбасы

Анықтама

      ____ жылы туған әскерге шақырылушы ____________________________

      _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылы ____________________________________________________

      ___________________________________ оқуға түсті және қазіргі уақытта

      (оқу орнының толық атауы) күндізгі, кешкі (сырттай)

      бөлімінің _________________ курсында (сыныбында) оқитыны туралы берілді.

      Оқу орнын бітіру мерзімі 20___ жылғы ___________________________

      (айы)

      Анықтама ____________________________________________________
(қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) атауы)

      ________________________________________________ ұсыну үшін берілді.

      _________________________________________________________________
(оқу орны басшысының немесе орынбасарының қолы) м.о.

      Анықтаманы толтыру бойынша түсіндірме:

      1. Анықтама оқу орнының қызметтік құжаттарды есепке алу журналына тіркелуге және әскерге шақырылушының қолы қойдырылып берілуге тиіс.

      2. Анықтаманы алғашқы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясынан өту кезінде әскери есепте тұрған қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) әскерге шақырылушының өзі немесе оның сенімді адамы тапсырады.

      3. Анықтамаға оқу орнының басшысы немесе басшының орынбасары қол қояды, ол оқу орнының мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      20__ жылғы № ___ тізімдеме бойынша

      есепке алынды

________________________ облысы
_______________________ ауданының (қаласының)аудандық (қалалық,
облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру
комиссиясының хаттамалар кітабы

      20__ ж. "__" ________ басталды.

      20__ ж. "__" ________ аяқталды

      20__ ж. "__" _______ барлығы әскерге шақырылудан өткені _____ адам.

      Оның ішінде:

      а) әскери қызметке жарамдысы _____ адам.

      б) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке

      уақытша жарамсызы _____ адам.

      в) бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс

      уақытында шектеулі жарамдысы _____ адам.

      г) әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке

      жарамсызы ______ адам

      д) стационарлық тексерілуге жіберілгені ______ адам

      _____ адамның әскери қызметке жарамдысы:

      а) мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататыны ______ адам

      б) мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырылғаны ______ адам

      Оның ішінде:

      а) отбасы жағдайы бойынша ______ адам

      б) білім алуды жалғастыру үшін ______ адам

      в) басқа да себептермен ______ адам

      Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы _______________________________

      (лауазымы, қолы)

      Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары ____________________

      (лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      Дәрігерлер __________________________________________________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

      Комиссия хатшысы ____________________________________________________

      (қолы)

      Әскерге шақыру аяқталғаннан кейін әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелерінің жалпы қорытындысы мынадай үлгі бойынша жүргізіледі:

Хаттама нөмірі

Күні

Әскерге шақыру комиссиясынан өтті

Әскери қызметке жарамдылары

Кейінге қалдырылды

Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыздары, соғыс уақытында шектеулі жарамдылары

Әскери қызметке есептен шығара отырып жарамсызы

Тексерілуге жіберілгені

1

2

3

4

5

6

7

8









Барлығы

Тексерілуге жіберілгендерден анықталғаны








Жиыны








Пайыз








Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру
комиссиясының хаттамалар кітабын жүргізу жөніндегі
түсіндірмелер

      1. Әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабы қатаң есептегі құжат болып табылады. Ол нөмірленген, тігілген болуға, оған қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қолы қойылған, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) елтаңбалық мөрімен расталуға тиіс және мұрағатқа өткізілгеннен кейінгі 15 жыл бойы қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар құқығында сақталады. Адамдарға осы кітаппен жұмыс істеуге рұқсат ету қатаң шектеулі және қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының бұйрығымен жариялануға тиіс.

      2. Кітапқа жазбаларды медициналық бикелер қатарынан осы үшін арнайы дайындалған комиссия хатшысы жүргізеді. Барлық жазбалар сиямен анық және ұқыпты жүргізіледі. Өшірулер жасауға, сондай-ақ жазбалар арасынан бос орын қалдыруға рұқсат етілмейді. Жіберілген қателер сиямен жөнделеді, қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы қол қояды және қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) елтаңбалық мөрімен расталады.

      3. Кітапқа бір күн ішінде әскерге шақыру комиссиясынан өткен, соның ішінде қосымша тексерілуге жіберілген барлық әскерге шақырылушылар енгізіледі. Тексерілуден қайтқан әскери шақырылушылар әскерге шақыру комиссиясы соңғы шешім қабылдайтын күнге қайта жазылады. Екі жағдайда да кітапта тиісті жазбалар жасалады:

      тексерілуге жіберілген кезде 6-бағанға: "№ ___ қалалық ауруханаға қосымша тексерілуге жіберілсін, ал әскерге шақыру комиссиясынан қайтадан өткеннен кейін: "Шақырылудан өтті, 20__ ж. ___ № ___ хаттама" деп жазылады;

      шақырылудан қайтадан өту кезінде кітаптың 2-бағанында аты-жөнінен төмен мыналар жазылады:" Қайтадан, 20__ ж. "__" _________ № ______ хаттаманы қараңыз."

      4. Егер әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жою қажет болса, онда кітаптағы осы шешім сызылмайды, "Шешім күшін жойды, 20__ ж. "__" _______ № _______ хаттаманы қараңыз." деп жазылады. Әскерге шақырылушы кітапқа қайтадан жазылады. Кітаптың 6-бағанына мыналар жазылсын: "Әскерге шақыру комиссиясының 20__ ж. "__" ______ шешімі, № ____ хаттамасы жойылсын (жою себебі көрсетілсін)" және бұдан әрі әскерге шақыру комиссиясының жаңа шешімі жазылады.

      5. Әскерге шақырылушыларды арнайы командаларға қабылдау кезінде әскер тегін көрсеткеннен кейін осы командалардың нөмірлері көрсетіледі.

      6. Хаттамалардағы реттік нөмірлері: алымы – осы хаттаманың реттік нөмірі, бөлімі (№ 2 хаттамадан бастап) – әскерге шақырудың басынан бастап әскерге шақыру комиссиясынан өткендердің реттік нөмірі.

      Мысалы, егер бірінші күні әскерге шақыру комиссиясынан 50 адам өтсе, онда № 2 хаттамада бірінші жазылған әскерге шақырылушының тұсына № 1/51 қойылады, бесіншінің тұсына – № 5/55 және т.б.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

Әскерлерге жөнелту үшін облыстық (республикалық маңызы бар
қаланың немесе астананың) жиын пунктіне ____________
қорғаныс істері жөніндегі басқармадан (бөлімнен)
жіберілген № ______ әскери командаға атаулы тізімі

Р/с

Т.А.Ә.

Туған жылы

Тағайындалды

Әскери мамандығы

Әскерлерге жөнелту үшін ҚІБ (ҚІБ) келді (күні, айы, жылы)

Команда нөмірі, қашан және қандай әскери командамен әскерлерге жөнелтілді

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8










      м.о Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы

      ___________________________

      (әскери атағы, қолы)

Атаулы тізімді жасау жөніндегі түсіндірмелер

      1. Атаулы тізімді қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) әрбір жөнелтілген командаға үш данадан жасайды.

      2. Тізімде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әрбір әскери команда үшін белгілеген нөмір көрсетіледі.

      3. Әскерге шақырылушыларды режимдік бөлімдерге жіберген кезде 4-бағанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы белгілеген команда нөмірі көрсетіледі.

      4. 7-баған облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінде тізімнің бірінші және екінші даналарында толтырылады. Осы бағанда әрбір тектің тұсына әскерге шақырылушы қашан және қандай әскери командамен әскерлерге жөнелтілгені көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
5-1-қосымша

      Нысан

Әскери қызметке шақырылуын растау туралы мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Берілген күні ___________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) _______________________________________________

      Туылған күні ___________________________________________________

      __________________ облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті

      (өңір атауы)

      бастығының 20__ жылғы "__"________ №__ бұйрығының нөмірі мен күні.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) атауы ________________________________

      Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы

      __________________________________ (өңір атауы)

      ____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

      м.о.

      Ескертпе:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелік мерзiммен есептегенде он екi ай деп белгiленедi.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 6-тармағына сәйкес азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан кезден бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
  шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
5-2-қосымша

      Нысан

Бақылау медициналық тексеріп-қарау нәтижесі/ Результаты контрольного медицинского осмотра

      Ескерту. Қағидалар 5-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әскерге шақырылушы (призывник):_____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ауданның (қаланың) ҚІБ атауы/наименование ОДО района (города)

      ________ облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде/

      На областном сборном пункте Департамента по делам обороны _______ области

      Антропометриялық деректер/ Антропометрические данные

      Бойы/рост___салмағы/вес ___кеуде көлемі/объем груди _____

      Өкпе көлемі/спирометрия ______

      Тағайындау көрсеткіші/показатель предназначения _________

Дәрігер-мамандардың қорытындысы/ Заключение врачей-специалистов


Жарамдылық санаты/
Категория годности

Тағайындау көрсеткіші/
Показатель предназначения

қолы/
подпись

Хирург




Отоларинголог
оң құлағына сыбырлау/ шепотная речь в правое ухо
сол құлағына сыбырлау/ шепотная речь в левое ухо




Стоматолог




Окулист
а) оң көздің көруі/острота зрения правого глаза
сол көздің көруі/острота зрения левого глаза
б) жарық сезгіштігі/цветоощущение




Невропатолог




Психиатр




Фтизиатр
Флюорография деректері/данные флюорографии




Терапевт




Дерматовенеролог




Қосымша дәрігер-мамандар/дополнительные врачи – специалисты





Қорытынды/Итоговое заключение

Диагноз

Жарамдылық санаты/
Категория годности

Тағайындау көрсеткіші/
Показатель предназначения




      ҚІД медицина қызметінің бастығы/

      Начальник медицинской службы ДДО ________________________________

      (қолы/подпись)

      М.О./М.П. Медициналық комиссия төрағасы/ __________________________

      Председатель медицинской комиссии (қолы/подпись)

      М.О. /М.П.

      20___ жылғы /года "__" ____________

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

      20__ жылғы № ____

      тізімдеме бойынша есепке алынады

      ______________ облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе

      астананың) жиын пунктінен қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға

      (бөлімдерге) қайтарылған әскерге шақырылушыларды есепке алу

      кітабы

      20__ ж."__" ________ басталды

      20__ ж."__" ________ аяқталды

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Әскерге шақырылушы қайтарылған қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) атауы

Қайтарылу себебі

1

2

3

4

5


      20__ ж. "__" _____________

      Облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) жиын пунктінің бастығы

      _________________________

      (әскери атағы, қолы)

Кітапты жүргізу жөніндегі түсіндірмелер

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінен қайтарылған барлық әскерге шақырылушылар кітапқа жазылады.

      2. Кітапқа жазуды облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) жиын пунктінің бастығы жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

      Қорғаныс істері жөніндегі

      департаменттің мөртаңбасы

      _____________________________________________________________________

      ________________ қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығына

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінен әскерге шақырылушы ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      бойынша әскерге шақыру комиссиясында қайта қарау үшін қайтарылды.

      Қосымша: ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар тізбесі)

      Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы

      ________________________

      (әскери атағы, қолы)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу
қағидаларына
8-қосымша

___________________________ өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары
қабылдау пункті бастығының қарамағына
________________________________ қорғаныс істері жөніндегі
департаменттің жиын пунктінен жіберілетін № _____ әскери
командаға атаулы тізім _________________ темір жолының
__________________ станциясы

Р/с

Т.А.Ә.

Туған жылы

Қандай қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) әскерге шақырды

Тағайындалды

Әскери мамандығы

Әскерлерге жөнелту үшін ҚІБ (ҚІБ) келді (күні, айы, жылы)

Қандай жас буынды қабылдау пунктіне (қандай әскери бөлімге) жөнелтілді

1

2

3

4

5

6

7

8










      Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы

      ________________________

      (әскери атағы, қолы)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Әскери қызметшінің қызмет орнынан мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2022 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Берілген күні ___________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) _______________________________________________

      Туылған күні ___________________________________________________

      ____________________ облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті
(өңір атауы)

      бастығының 20__ жылғы "__"__________ №___ бұйрығының нөмірі мен күні.

      Нақты әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мeкеменің) атауы

      ________________________________________________________________

      _________________________ командирі (бастығы)

      (әскери бөлім (мекеме) атауы)

      _________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

      м.о.

      Ескертпе:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелік мерзiммен есептегенде он екi ай деп белгiленедi.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 6-тармағына сәйкес азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан кезден бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.