"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 636 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді, оның ішінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамдылығы шектеулі және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылушылардың барлық жеке ісіне тексеру жүргізеді (құжаттарды және әскерге шақыру комиссиясының мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімін тексеру нәтижесі бойынша әскерге шақырылушының есепке алу картасында аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту (қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрімен) немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын, оның мүшелерінің құрамы толық болған кезде отырыс өткізуді қамтамасыз етеді және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға, оларды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

      Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығымен бекітілген "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21613 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Азаматтарды медициналық куәландыру, сондай-ақ медициналық комиссиялардың құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады және айқындалады.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар, бөлімдер) мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3, 16-4, 16-5, 16-6, 16-7, 16-8, 16-9, 16-10, 16-11 және 16-12-тармақтармен толықтырылсын:

      "16-1. Әскерге шақырылушыларды зерделеу қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырылушылардың іскерлік қасиеттері, дене бітімінің дамуы, жалпы білім беру және арнайы даярлығы, отбасы жағдайы туралы мәліметтерді жоспарлы жинақтау негізінде жүзеге асырылады және екі кезеңмен жүргізіледі.

      Бірінші кезең қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) көктемгі әскерге шақыруға қарай жыл сайын 10 қаңтардан бастап 28 ақпанға дейін, күзгі әскерге шақыруға қарай 10 шілдеден бастап 28 тамызға дейін жүргізіледі.

      Екінші кезең қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде жиын пункттерінде жыл сайын 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру командаларын жөнелту аяқталғанға дейін, 1 қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру командаларын жөнелту аяқталғанға дейін жүргізіледі.

      16-2. Әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар қатарынан жүргізіледі.

      16-3. Зерделеу:

      1) қылмыстық жауаптылыққа тартылған;

      2) тергеудегі немесе қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде өтетін;

      3) белгіленген тәртіппен тіркелмеген партияларда, қоғамдық бірлестіктерде және дәстүрлі емес діни ағымдарының мүшелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      16-4. Зерделеу барысында әскерге шақырылушының отбасы құрамы, әскери қызмет өткеру үшін жарамдылық санаты, білімі және мамандығының болуы нақтыланады.

      16-5. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) лауазымды адамдары осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушыны зерделеу парағын толтыра отырып, әскерге шақырылушының жеке ісінің құжаттарын зерделеуді және әскерге шақырылушылармен әңгімелесуді жүргізеді.

      16-6. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылушыларды зерделеу жоспарын жасайды;

      2) қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) зерделеуді жүргізу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің жеке құрамын бекіте отырып, әскерге шақырылушыларды зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы бұйрық шығарылады;

      3) зерделеуге дайындық және оны жүргізу барысына бақылау жүзеге асырылады.

      16-7. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырылушыларды зерделеу үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) әскерге шақырылушыларды зерделеуге дайындық және оны жүргізу жоспары жасалады;

      2) әскерге шақырылушыларды зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы бұйрық шығарылады;

      3) зерделеуді жүргізетін лауазымды адамдарды бекіте отырып, зерделеуге жататын әскерге шақырылушылардың тізімдері жасалады;

      4) жеке істер іріктеледі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (әскер тектері мен түрлері бойынша) әскери командаларын құруға арналған, денсаулық жағдайы бойынша жарамды, тиісті білім деңгейі мен мамандығы бар әскерге шақырылушылар жеке істерінің жеке картотекасы жасалады;

      5) әскерге шақырылушыларды зерделеуді жүргізу кестесі мен мерзімдері жасалады;

      6) әскерге шақырылушылармен жеке әңгімелесу әдісімен зерделеу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тізімдері бекітіледі;

      7) мынадай:

      денсаулық сақтау ұйымынан және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінен олардың келісуі бойынша, созылмалы ауруларымен динамикалық, оның ішінде психикалық денсаулық, фтизиопульмонология орталықтарында, тері-венерология орталықтарында есепте тұрған адамдардың тізімін, Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысанына (амбулаторлық пациенттің медициналық картасына (052/у нысаны), профилактикалық қарап-тексеру (скрининг) картасына (055/у нысаны), әскерге шақыру жасына дейінгінің емдік картасына (060/у нысаны) сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын құжаттарды;

      құқық қорғау органдарынан қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тергеудегі адамдардың тізімін;

      азаматтық хал актілерін жазу органдарынан әскерге шақырылушының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), туған күнін және жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскерге шақырылушының қайтыс болғанын тіркеу жағдайлары туралы;

      халықты әлеуметтік қорғау органдарынан мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы мүгедектігі бар адам деп танылған әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер алынады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда мәліметтер тиісті сұрау салулар бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) жолданады.

      16-8. Зерделеу жүргізу барысында әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру тәртібін реттейтін заңнаманың талаптары жеткізіледі.

      16-9. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) зерделенген және іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімдері осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес 28 ақпанға және 28 тамызға қарай қорғаныс істері жөніндегі департаментке беріледі.

      Азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу барысында зерделеуден өтпеген, бірақ денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды деп танылған әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) лауазымды адамдары барлық талаптарды сақтай отырып, қосымша зерделейді және зерделеу мен іріктеудің қорытындысы бойынша олар қорғаныс істері жөніндегі департаментке жолданатын іріктеп алынғандардың қосымша тізіміне енгізіледі.

      16-10. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде әскерге шақырылушыларды зерделеудің екінші кезеңін өткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бұйрығымен мынадай құрамда жұмыс тобы құрылады:

      1) жетекші – қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы;

      2) қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы;

      3) әскерге шақыру бөлімінің бастығы;

      4) медицина қызметінің бастығы;

      5) психолог;

      6) заң қызметінің бастығы.

      16-11. Жұмыс тобы:

      1) жеке істе – ресімделу толықтығы, құжаттардың бар болуын және зерделеу парақтарының толтырылуын;

      2) әскерге шақырылушының психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерде диспансерлік есепте, онкологиялық ауырудың болмауын;

      3) әскерге шақырылушының ішкі істер органдарында, анықтау, алдын ала тергеу органдарында есепте және соттылығының болмауын;

      4) әскерге шақырылушыны зерделеу парағында жазбаның бар болуын, әңгімелесу өткізілген және оны өткізген адамдардың қолтаңбасының бар болуын;

      5) әскерге шақыру комиссиялары шешімдерінің дұрыстығын тексереді.

      16-12. Жұмыс тобы әскери команданы құру кезеңінде сұрақ қою және зерделеу парағын толтыру арқылы олардың денсаулық жағдайына назар аудара отырып, әскерге шақырылушылармен әңгімелесу, сондай-ақ психологиялық зерделейді.";

      *****20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Азаматтарға білім алуды жалғастыру үшін әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы әскерге шақырылушы алатын анықтама негізінде "электрондық үкімет" порталы арқылы алғаш рет өтініш жасаған кезде бір рет беріледі және қабылданады.

      Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ақпараттық жүйелер арқылы тиісті білім беру ұйымдарынан жыл сайын 1 қазанға дейін әскерге шақырылушылардың білім алуын жалғастырып жатқанын растайтын мәліметтерді алады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда мәліметтер тиісті сұрау салу бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) жолданады.

      Білім алуды жалғастыруды растайтын көрсетілген мәліметтер әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босату Заңның 36-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.

      Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандардан басқа, әскерге шақырудан босатылуға құқығы бар әскерге шақырылушылар Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

      Жиырма жеті жасқа толған, түрлі себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмаған азаматтар медициналық куәландырудан өтпей қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) комиссиясының актісіне сәйкес запасқа беріледі.

      Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) комиссиясы жиырма жеті жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылмаған әскерге шақырылушылардың жеке істерінің болуын есепке алу-әліпби кітабының деректерімен салыстырып тексереді және запасқа берілетін әскерге шақырылушылардың тізімін қоса бере отырып, еркін нысанда акт жасайды.

      26. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиялары бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп таныған және осыған байланысты әскери міндеттілердің әскери есебіне қабылданған адамдарды бейбіт уақытта медициналық қайта куәландыру Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      27-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға электрондық құжат нысанында мерзімді әскери қызметке шақырудан босату туралы шешім шығарылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеру кейінге қалдырылған немесе одан босатылған барлық азаматтардың жеке істері зерделеу үшін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына жолданады. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушының есепке алу картасында аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалан) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды. Қайта куәландыруға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен келіспеген азаматтар да жатады. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімі бекітілгеннен кейін запас бойынша әскери-есептік құжаттар ресімделеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімі бір жұмыс күні ішінде порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының хаттамалары кітабына енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.

      Азаматтар аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы шығарған шешіммен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шағымдана алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымдар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қаралуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) талап ету орны бойынша азаматтарға осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақырылғанын растау туралы мәліметтерді береді.";

      мынадай мазмұндағы 30-1 және 30-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "30-1. Жиын пунктінде әскерге шақырылушылар осы Қағидаларға 5-2-қосымшаға сәйкес бақылау медициналық тексерудің нәтижелері бойынша психологиялық зерделеуге жіберіледі.

      30-2. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының отырысынан кейін әскери командаларға қабылданған әскерге шақырылушылар мыналардан өтеді:

      1) екі данада акт жасай отырып, денені қарап-тексеру (бір данасы – қорғаныс істері жөніндегі департаментке, екінші данасы әскери бөлімнің (мекеменің) өкіліне беріледі. Акт еркін нысанда жасалады және оған қорғаныс істері жөніндегі департаментінің медицина қызметінің бастығы, әскери бөлімнің медицина қызметкері қол қояды);

      2) наркологиялық тестілеу.

      Командаларды құру аяқталғаннан кейін әскерге шақырылған азаматтар мынадай құжаттармен бірге әскери бөлімдердің өкілдеріне беріледі:

      атаулы тізімдер – екі данада;

      азық-түлік аттестаты;

      киім-кешек аттестаты (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін ғана);

      маршрут парағы;

      063-нысандағы егу картасы;

      мінездемелік құжаттар;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      есепке алу-әскерге шақыру картасы;

      25/у-нысандағы амбулаторлық науқастың картасынан үзінді;

      толтырылған медициналық кітапшалар;

      психологиялық зерделеудің нәтижесі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Заңға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары:

      1) әскери командаларды әскерге шақырылушылармен жасақтау;

      2) командаларды әскери командаларды қабылдау және бірге жүру үшін келген әскери бөлімдердің (мекемелердің) өкілдеріне беру;

      3) әскери командаларды қажетті мүлікпен және белгіленген жерге дейін жүретін жолда тамақтандырумен қамтамасыз ету;

      4) командаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ұйымдасқан түрде жөнелту мақсатында жабдықталған жиын пункттерімен қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "34-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде:

      1) әскери командаларды әскерге шақырылушылармен жасақтау үш тәулік ішінде жүргізіледі;

      2) әскерге шақырылушыларды (резервті ескере отырып) үш мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен ұйымдастырылады;

      3) жіті ауру және наркологиялық тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда командаларды толықтыру үшін пайдаланылатын әскери командада жөнелтілетіндер қатарынан жиырма пайызға дейін әскерге шақырылушылар резервін ұстауға рұқсат етіледі.

      34-2. Жиын пункттерінде:

      1) резервте тұрған әскерге шақырылушыларды үш тәуліктен артық ұстауға;

      2) әскерге шақырылушылардың осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын сақтамай кетуіне, яғни уақытша босатылуына жол берілмейді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінде:

      1) қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан (бөлімдерден) келетін жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;

      2) жеке құрамды санитариялық өңдеуге арналған үй-жай (монша, душ);

      3) жиын пунктінде болған уақытта әскерге шақырылған азаматтар арасында тәрбие жұмысын жүргізуге арналған үй-жай;

      4) әрбір маман дәрігерге бір бөлме есебінен қажетті жабдығы бар медициналық қарап-тексеруге арналған бөлмелер;

      5) флюорографиялық тексеруге арналған кабинет, жылжымалы рентген-кешені;

      6) әскери командаларды құру бөлімшесіне арналған үй-жай;

      7) әскерлерден әскери командаларды әскери бөлімдерге (мекемелерге) қабылдау және бірге жүру үшін келген жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;

      8) тамақтандыру пункті;

      9) дезинфекциялық камералары бар санитариялық өткізгіш, екі инфекцияға арналған оқшаулағыш, санитариялық тораптар;

      10) жеке құрамды сапқа тұрғызуға және онымен саптық және спорттық сабақ өткізуге арналған орын;

      11) әскери командаға заттай мүлік және жеке тамақтану рационын беруге және сақтауға арналған үй-жай;

      12) әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарға психофизиологиялық зерттеу жүргізуге арналған үй-жай болуға тиіс.

      Барлық үй-жайлар, кабинеттер, санитариялық өткізгіш санитариялық нормалар мен қағидаларға сәйкес болуға тиіс.

      Жиын пунктінде жиын пунктінің қолбасшылығын, кезекші қызметті және әскери тәртіп пен реттілікті ұстау үшін тағайындалатын басқа да адамдарды орналастыруға арналған орындар көзделуге тиіс.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Әскери командаларды қабылдау және бірге жүру үшін тағайындалған жеке құрам облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктіне командалар жөнелтілгенге дейін үш тәулік бұрын келеді. Бұл ретте жеке құрамның өзімен бірге мыналар болуға тиіс:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттар;

      2) іссапар куәлігі;

      3) жас буынды қабылдауға әскери бөлімнің (мекеменің) сенімхаты;

      4) қабылданатын командаға медициналық кітапшалардың бланкілері;

      5) әскери команданы тасымалдауға арналған маршрут парағы.";

      мынадай мазмұндағы 37-1 және 37-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "37-1. Әскер өкілдері облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пункттерінде жас буынды қабылдау кезінде:

      1) жасақтау басқармасының бастығына бағынады;

      2) әскерге шақыру жоспарына сәйкес жас буынның жалпы санын нақтылайды;

      3) командаға тағайындалған әскерге шақырылушыларды атаулы тізімдер бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

      4) әскери-есептік құжаттардың, психологиялық зерделеу нәтижесінің, медициналық құжаттардың болуын және жазбалардың толықтығын тексереді;

      5) әскерге шақырылушыларда сызаттар мен гематоманың, сондай-ақ денсаулығында және антропометриялық деректерінде қандай да бір айқын ауытқудың болуы тұрғысынан денені қарап-тексереді;

      6) тамақтану, санитариялық өңдеуден өту үшін жеке құраммен бірге жүреді.

      37-2. Әскери бөлімдер (мекемелер) өкілдеріне әскерге шақырылушылардың денсаулығына, отбасы жағдайына және моральдық-іскерлік қасиеттеріне негізделмеген (артық) талаптар қоюға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 39-2-тармақпен толықтырылсын:

      "39-2. Әскери бөлімдер (мекемелер) талап ету орны бойынша ұсыну үшін мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің қызмет орнынан мәліметтер береді.";

      49-тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) медициналық куәландыру картасын және "Психиатрия" мен "Наркология" психикалық денсаулық орталықтарынан мәліметтерді және "Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталықтарынан мәліметтерді, флюорографияны, ЭКГ, несеп пен қанның жалпы талдауын, RW-ға (Вассерман реакциясы) және АҚТҚ инфекциясына қанды талдау нәтижесін;

      6) ішкі істер органдарынан әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауы туралы мәліметті;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен радикалды сипаттағы діни ұйымдарға және экстремизмге ықтимал қатыстылығы, өзге де беделін түсіретін материалдардың болуы тұрғысынан мәліметті;

      8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін сотталғандығы туралы мәліметтердің болмауы туралы мәліметті.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Әскери міндеттілер әскери жиындарға Заңның 33-бабына сәйкес шақырылады.";

      осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 2-2, 2-3, 5-1, 5-2 және 9-қосымшалармен толықтырылсын;

      Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
2-2-қосымша

      Нысан

Әскерге шақырылушыны зерделеу парағы

      Әскерге шақырылушы __________________________________________

      Туған күні, айы, жылы __________________________________________

      Тұрғылықты жері ______________________________________________


Р/с

Сұрақтар

Жауаптар

1.

Білімі (қандай оқу орнын аяқтады, қандай мамандық алды)


2.

Жұмыс орны және мамандығы


3.

Отбасы жағдайы


4.

Көлік құралын басқаруға куәлігінің болуы және оның санаты


5.

Бастапқы әскери даярлықтан өтуі


6.

Қандай дар бір әскери-патриоттық клубта болды ма, жоқ па


7.

Саяси немесе жастар ұйымының, белгіленген тәртіппен тіркелмеген партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшесі болып табыла ма, жоқ па


8.

Мемлекеттік наградалары немесе төсбелгілері бар ма, жоқ па


9.

Спорттың қандай түрін меңгерген


10.

Спорттық разрядтары бар ма, жоқ па


11.

Немен әуестенеді


12.

Қандай шет тілдерін біледі


13.

Мерзімді әскери қызметті әскердің қандай түрінде немесе тегінде өткергісі келеді


14.

Әскери қызметті одан әрі келісімшарт бойынша жалғастырғысы келе ме


      Қорытынды:___________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (зерделеуді жүргізген адамның әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Әскерге шақырылушының қолы: _______________________________

      Әңгімелесу өткізілген күн 20___жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
2-3-қосымша

      Нысан

20___жылғы ________________________ жағдай бойынша _______________ ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында (бөлімінде) зерделенген және іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімі

Р/с №

Т.А.Ә (бар болса)

туған күні

жарамдылығы

қандай оқу орнын бітірді (мамандығы)

отбасы құрамы (әкесі, анасы)

ҚІБ(Б)

тіркеу кезінде

әскерге шақыру кезінде









      Кестенің жалғасы

арнайы тексеру нәтижелері

тағайындалды (әскер тегі)

діни ұйымдарға қатынасы

психологиялық зерделеу нәтижесі

зерделеушінің Т.А.Ә. (бар болса)

зерделеу күні

қорытынды

ескертпе









Қаланың (ауданның) қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімінің) бастығы ___________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
  № 636 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
5-1-қосымша

      Нысан

Әскери қызметке шақырылуын растау туралы мәліметтер

      Берілген күні ___________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) _______________________________________________

      Туылған күні ___________________________________________________

      __________________ облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті

      (өңір атауы)

      бастығының 20__ жылғы "__"________ №__ бұйрығының нөмірі мен күні.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) атауы ________________________________

      Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы

      __________________________________ (өңір атауы)

      ____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

      м.о.

      Ескертпе:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелік мерзiммен есептегенде он екi ай деп белгiленедi.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 6-тармағына сәйкес азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан кезден бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
  шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
5-2-қосымша

      Нысан

Бақылау медициналық тексеріп-қарау нәтижесі/ Результаты контрольного медицинского осмотра

      Әскерге шақырылушы (призывник):_____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ауданның (қаланың) ҚІБ атауы/наименование ОДО района (города)

      ________ облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде/

      На областном сборном пункте Департамента по делам обороны _______ области

      Антропометриялық деректер/ Антропометрические данные

      Бойы/рост___салмағы/вес ___кеуде көлемі/объем груди _____

      Өкпе көлемі/спирометрия ______

      Тағайындау көрсеткіші/показатель предназначения _________

Дәрігер-мамандардың қорытындысы/ Заключение врачей-специалистов


Жарамдылық санаты/
Категория годности

Тағайындау көрсеткіші/
Показатель предназначения

қолы/
подпись

Хирург




Отоларинголог
оң құлағына сыбырлау/ шепотная речь в правое ухо
сол құлағына сыбырлау/ шепотная речь в левое ухо




Стоматолог




Окулист
а) оң көздің көруі/острота зрения правого глаза
сол көздің көруі/острота зрения левого глаза
б) жарық сезгіштігі/цветоощущение




Невропатолог




Психиатр




Фтизиатр
Флюорография деректері/данные флюорографии




Терапевт




Дерматовенеролог




Қосымша дәрігер-мамандар/дополнительные врачи – специалисты





Қорытынды/Итоговое заключение

Диагноз

Жарамдылық санаты/
Категория годности

Тағайындау көрсеткіші/
Показатель предназначения




      ҚІД медицина қызметінің бастығы/

      Начальник медицинской службы ДДО ________________________________

      (қолы/подпись)

      М.О./М.П. Медициналық комиссия төрағасы/ __________________________

      Председатель медицинской комиссии (қолы/подпись)

      М.О. /М.П.

      20___ жылғы /года "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Әскери қызметшінің қызмет орнынан мәліметтер

      Берілген күні ___________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) _______________________________________________

      Туылған күні ___________________________________________________

      ____________________ облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті
(өңір атауы)

      бастығының 20__ жылғы "__"__________ №___ бұйрығының нөмірі мен күні.

      Нақты әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мeкеменің) атауы

      ________________________________________________________________

      _________________________ командирі (бастығы)

      (әскери бөлім (мекеме) атауы)

      _________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

      м.о.

      Ескертпе:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелік мерзiммен есептегенде он екi ай деп белгiленедi.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 6-тармағына сәйкес азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан кезден бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 636 қаулысына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Оқу орнының мөртаңбасы

Анықтама

      ____ жылы туған әскерге шақырылушы ____________________________

      _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылы ____________________________________________________

      ___________________________________ оқуға түсті және қазіргі уақытта

      (оқу орнының толық атауы) күндізгі, кешкі (сырттай)

      бөлімінің _________________ курсында (сыныбында) оқитыны туралы берілді.

      Оқу орнын бітіру мерзімі 20___ жылғы ___________________________

      (айы)

      Анықтама ____________________________________________________
(қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) атауы)

      ________________________________________________ ұсыну үшін берілді.

      _________________________________________________________________
(оқу орны басшысының немесе орынбасарының қолы) м.о.

      Анықтаманы толтыру бойынша түсіндірме:

      1. Анықтама оқу орнының қызметтік құжаттарды есепке алу журналына тіркелуге және әскерге шақырылушының қолы қойдырылып берілуге тиіс.

      2. Анықтаманы алғашқы аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясынан өту кезінде әскери есепте тұрған қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) әскерге шақырылушының өзі немесе оның сенімді адамы тапсырады.

      3. Анықтамаға оқу орнының басшысы немесе басшының орынбасары қол қояды, ол оқу орнының мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.