Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - Шекара қызметі) тиісті физикалық және моральдық-психологиялық даярлығы бар, білімі жалпы ортадан төмен емес, басым тәртіппен іріктелген әскерге шақырылушылармен жасақталады.»;
6-тараумен толықтырылсын (құпия).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов