Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы N 1005 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28
желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  25-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi туралы ережеде 5-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаржылық активтердiң және өзге де мүлiктiң" деген сөздер "шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi