"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 571 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Медициналық комиссиядан өту кезеңінде мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушылардың жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді əскери қызметті өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

      "76-1. Әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин