Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2011 жылғы 18 шілдедегі 
№ 817 қаулысымен   
бекітілген  

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға
мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi,  «Халықтың көшi-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      Қағидалар өз бетінше жұмыспен айналысушылар; жұмыссыздар; табысы аз адамдар, сондай-ақ жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының; оралмандардың көшiп келу квотасына қосылған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жаңадан келген этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлердiң (бұдан әрi – этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрi – Бағдарлама) үшiншi бағытына қатысу, көшуiн ұйымдастыру, оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету және мемлекеттiк қолдау көрсетуге бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Үшiншi бағытқа қатысушыларды мемлекеттiк қолдау:
      1) көшуге субсидия берудi;
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқу, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
      3) қызметтiк тұрғын үй берудi;
      4) жастар үшін жатақханалардан бөлме беруді;
      5) психологиялық бейiмдеудi қамтиды.
      Этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер мен олардың отбасы мүшелерiне бейiмдеу және қоғамға кiрiктiру мақсатында оралмандарды бейiмдеу және қоғамға кiрiктiру орталықтары арқылы қосымша қызметтер кешенi (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру) көрсетiледi.
      Бейiмдеу және кiрiктiру қызметтерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен көрсетiледi.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудандық/қалалық комиссия – жергiлiктi атқарушы органның жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында жасалатын тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      3) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешiм алған өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, табысы аз тұрғындар, жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер;
      4) Бағдарлама операторы - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      5) жалпыұлттық дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – жекелеген мамандықтар (кәсіптер) бөлінісіндегі ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжанатын жұмыс орындарының дерекқоры;
      6) беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
      7) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      8) қызметтiк тұрғын үйдi жалға беру - қызметтiк тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн жалға алушыға уақытша пайдалануға және ақысын төлетiп пайдалануға беру;
      9) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      10) қызметтiк тұрғын үй – азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан берiлетiн, оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегi тұрғын үй;
      11) өңiрлiк комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      12) уәкiлеттi орган - өңiрлiк деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
      13) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергiлiктi атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құратын мемлекеттiк мекеме;
      14) экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық және өңiраралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      15) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткiштерiнiң тұрақты өсуiмен және жоғары демографиялық әлеуетiмен (көшi-қон сальдосы оң) сипатталатын елдi мекен.
      4. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердi және экономикалық өсу орталықтарын айқындау өлшемдерiн экономикалық даму және сауда мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейді және бекiтеді.
      Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары белгiленген өлшемдер негiзiнде облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң және экономикалық өсу орталықтарының тiзбесiн айқындайды және оны экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiседi.
      Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) бекiтедi.
      5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары дерекқорды, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламасы мен Үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi – ҮИИМБ) шеңберiнде iске асырылатын жобаларды ескере отырып:
      1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерiне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;
      2) көшуге қатыса алатын жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жастар, сондай-ақ этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлердiң санын;
      3) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендердегi және экономикалық өсу орталықтарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн, олардың жұмыс күшiне деген сұранысын қанағаттандыру үшiн қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттiлiгiн айқындайды;
      4) еңбек ресурстарына қажеттiлiктi аудандық/қалалық комиссиялармен келiседi және ақпаратты уәкiлеттi органға жiбередi.
      6. Уәкiлеттi орган ұсынылған ақпараттың негiзiнде:
      1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде тұратын, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерiне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын айқындайды;
      2) көшуге қатыса алатын жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, жастар, сондай-ақ этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлердiң жалпы санын айқындайды;
      3) еңбек ресурстарына деген қажеттiлiк және азаматтардың көшу мүмкiндiгi туралы ақпаратты өңiрлiк комиссияға жолдайды.
      7. Өңiрлiк комиссия:
      1) шыққан және қабылданатын жерiн айқындай отырып облыс (аудан, қала) шегiнде көшетiн азаматтардың ықтимал санын келiседi және көшудi ұйымдастыру үшiн ұсынымды уәкiлеттi органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жiбередi;
      2) республика шегiнде көшетiн азаматтардың ықтимал санын келiседi және өтiнiмдi немесе ұсынысты Бағдарлама операторына жiбередi.
      8. Өңiрлiк және аудандық/қалалық комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, уәкiлеттi органның (халықты жұмыспен қамту органдарының), қызметкерлер мен жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiредi.

2. Азаматтардың Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысу тәртiбi

      9. Бағдарламаға қатысу үшiн әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекенде тұратын өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар; сондай-ақ жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
      10. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (мекенжай анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
      4) еңбек кiтапшасының көшiрмесi (болған жағдайда) немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (жұмыс iстейтiн адамдар үшiн);
      5) бiлiмi туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлiк), сондай-ақ бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын басқа да құжаттардың көшiрмесi.
      11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күнi iшiнде басқа облысқа, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталығының шегiнде, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет бiлдiрген адамдардың өтiнiштерi мен құжаттарын – уәкiлеттi органға, аудан iшiнде – аудандық/қалалық комиссияның қарауына жiбередi.
      Уәкiлеттi орган басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет бiлдiргендердiң өтiнiштерi мен құжаттары келiп түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңiрлiк комиссияның қарауына жiбередi.
      12. Бағдарламаны iске асырудың үшiншi бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленедi.
      13. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз азаматтарының қатарындағы азаматтардың көшуi:
      1) бiр ауданның iшiнде;
      2) бiр облыс шегiнде бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
      14. Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берушi адамдардың құжаттарын қарау нәтижесi бойынша:
      1) өңiрлiк комиссиялар:
      бiр ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды және уәкiлеттi органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жiбередi;
      басқа облысқа көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (бас тарту туралы) өтiнiмдер немесе ұсыныстар дайындайды және Бағдарлама операторына жiбередi;
      2) аудандық/қалалық комиссиялар бiр ауданның шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына жiбередi.
      Өңiрлiк және аудандық/қалалық комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтiнiштер мен құжаттардың түсуiне қарай өткiзiледi.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының берген жұмыс берушілер өтінімдерінің және өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Бағдарлама операторының шешімі бойынша жүзеге асыралады.
      15. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшетін Бағдарламаның осы бағытына қатысуға үміткерлер мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:
      өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және еңбекке жарамды табысы аз халықтың санатына жатуға;
      жаңа тұрғылықты жері немесе өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын жобалардың бейiнi бойынша қолданыстағы Дерекқордағы жұмыс орындарына, сондай-ақ қабылдау өңiріндегі кәсiпорындардың еңбек ресурстарына сұранысына сәйкес келетін кәсіптік білімі болуға;
      соңғы үш жылда бекiтiлген тiзбеге сәйкес әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде тұрақты тұруға тиіс;
      Көрсетілген өлшемдер, көшіру мен жұмысқа орналастыруды жұмыс беруші өз бетінше жүзеге асыратын этникалық қазақтар арасынан көшіп келушілерге; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; жастарға; Бағдарлама қатысушыларына; сондай-ақ басқа облыстарға көшетіндер болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды.
      Бұл ретте отбасы мүшелерінің бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеуді қамтамасыз ету және отбасының бөлінген тұрғын үйде тұруы Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты болып табылады.
      16. Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында көшуді және қызметтік тұрғын үйдi салуды, сатып алуды, салып бітіруді, сондай-ақ жастар үшін жатақханалар салу және сатып алуды субсидиялауға көзделген қаражат көлемi негізінде айқындалады.
      17. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарлама операторының, өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы (одан бас тарту туралы) шешiм қабылдайды.
      Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдауды ұсына отырып, Бағдарламаның бірінші қатысушыларының құрамына енгізіледі.
      2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу, салып бітіру және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      18. Бағдарламаға қатысуға үмiткер осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес келмеген жағдайларда Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзуден бас тартылады.
      19. Шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтары шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiлерге жазбаша хабарлайды.
      20. Халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзу туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасауға болады.
      21. Шыққан жерiнiң және келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтары қабылданған шешiмдердiң негiзiнде Бағдарламаға қатысушылардың көшу тәртiбiн, мерзiмiн және оларды қабылдау шарттарын келiседi.
      22. Азаматтарды Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгiзу туралы шешiмнiң және көшу шарттарын келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келiсу негiзiнде шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жолдама бередi.
      23. Шыққан жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың негiзiнде келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен Бағдарлама операторы әзiрлеген нысан бойынша әлеуметтiк келiсiмшарт жасады.
      Ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталықтарының iшiнде көшетiн Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшарт оларды халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу туралы шешiмiнiң негiзiнде жасалады.

3. Көшуді ұйымдастыру, көшуге субсидия беру және қызметтiк
тұрғын үй беру тәртiбi

      24. Бағдарламаға қатысушылардың көшуi қызметтiк тұрғын үйдiң берiлуiмен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуiмен өз бетiнше жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, жаңа тұрғылықты жерi бойынша меншiк құқығы берілген тұрғын үйi не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйi бар Бағдарламаға қатысушыларға қызметтiк тұрғын үй берiлмейдi.
      25. Қызметтiк тұрғын үй алу және көшуге субсидия тағайындау үшiн Бағдарламаға қатысушы отбасының құрамын және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша өтiнiш бередi.
      Өтiнiшке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшiп келген отбасы мүшелерiнiң мынадай құжаттары қоса берiледi:
      1) (шыққан жерiнiң) халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) келген жерi бойынша тұрғын үйiнiң жоқ екенi туралы жергiлiктi атқарушы органның анықтамасы.
      26. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелерiне көшуге берiлетiн субсидия олар жаңа тұрғылықты жерiне келгеннен кейiн және қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартын жасағаннан кейiн не тұрғын үй мәселесiн өз бетiнше шешкен жағдайда келген жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi негiзiнде берiледi.
      Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерiне келмеген отбасы мүшелерiне көшуге субсидия берiлмейдi.
      27. Келген жерiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу туралы шарт жасасқан күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде не тұрғын үй мәселесiн өз бетiнше шешкен жағдайда келген жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi негiзiнде, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген құжаттардың барлығы болған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көшуге берiлетiн субсидияны тағайындау туралы шешiм шығарады.
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталықтарының шегiнде көшетiн жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; жастарға, сондай-ақ этникалық қазақтар арасындағы көшiп келушiлер қатарындағы, Бағдарламаға қатысушыларға көшуге берiлетiн субсидия төленбейдi.
      28. Көшуге берiлетiн субсидияны тағайындау туралы шешiмде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берiлетiн тиiстi төлемдердiң мөлшерi және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда ашылған жеке шотының нөмiрi көрсетiледi.
      29. Халықты жұмыспен қамту орталығы көшуге берiлетiн субсидияны тағайындау туралы шешiм шығарғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға тиiстi төлемдердi аударады.
      30. Бағдарламаға қатысушыларға көшуге берiлетiн субсидиялар:
      1) бiр ауданның iшiнде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) бiр облыс шегiнде бiр ауданнан басқа ауданға қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бөлiнедi;
      3) басқа облысқа көшетiн адамдарға – отағасына елу еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына отыз бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бөлiнедi.
      31. Әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бiрге) келген жерiнен алты айдың iшiнде кеткен жағдайда көшуге берiлетiн субсидияның сомасы бюджетке өтеледi.
      Бағдарламаға қатысушы отбасы мүшелерiнiң бiреуi келген жерiнен алты ай iшiнде кеткен жағдайда, отбасының кетiп қалған мүшесi алған көшуге берiлген субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.
      32. Бағдарламаға қатысушыларға келген жерлерiнде олардың қалауы бойынша қызметтiк тұрғын үй берiледi.
      Қызметтiк тұрғын үй жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен халықты жұмыспен қамту орталығының теңгерiмiне берiледi.
      Берiлетiн қызметтiк тұрғын үйдiң ауданы отбасының құрамына қарай бiрге тұратын отбасы мүшесiнiң бiреуiне он сегiз шаршы метрден не отбасына жүз шаршы метрден аспауға және бiр бөлмелi пәтерден не отбасылық үлгiдегi жатақхананың бiр бөлмесiнен кем болмауға тиiс.
      Жаңа тұрғылықты жерi бойынша меншiк құқығында тұрғын үйi не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйi бар Бағдарламаға қатысушыларға қызметтiк тұрғын үй берiлмейдi.
      33. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешiмiнiң және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған қызметтiк тұрғын үйдi және жатақханадағы бөлмені жалға беру туралы шарт негiзiнде берiледi.
      Жастар қатарындағы адамдарға жатақханадан бөлмелер беру, сондай-ақ этникалық қазақтар арасынан көшіп келушілерге, жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; көшіруін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өз бетінше жүзеге асыратын Бағдарлама қатысушыларына, сондай-ақ басқа облыстарға көшетіндерге қызметтік тұрғын үй беру олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарына, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.
      34. Жастарға, оның ішінде некеде тұрғандарға арналған жатақханалардан бөлмелер мынадай шарттармен беріледі:
      1) 29 жастан аспаған;
      2) қолданыстағы еңбек шарты немесе әлеуметтік келісімшарты болу;
      3) тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесіне қатысу.
      35. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
      36. Бағдарламаға қатысушыда не оның отбасы мүшесінде 2 айдан астам қолданылатын еңбек шарты болмаған жағдайда олармен жастарға арналған жатақханадан бөлмені жалға алу шарты бұзылады.
      37. Жастарға арналған жатақханадан бөлме берілгеннен кейін Бағдарламаға қатысушы жоғары, жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіптік оқудан өтуге жіберіледі.
      38. Тұрғын үй комиссиясының шешiмi екi дана жасалады, оның бiреуi қатаң есептегi құжат ретiнде халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, ал екiншiсi өтiнiш берушiге берiледi.
      39. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартын халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде (келген жерiнiң) жасайды.
      Бағдарламаға қатысушы жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартының тарапы болады. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартына Бағдарламаға қатысушының сенiмдi адамының қол қоюына жол берiлмейдi.
      Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шарты үш данада жасалады. Жастарға арналған жатақханалардан бөлме, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартының бiр данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, екiншiсi жергiлiктi атқарушы органға берiледi, ол қатаң есептiлiк құжаты ретiнде сақталады үшiншiсi өтiнiш берушiге берiледi және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, қызметтiк тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн бiрден-бiр құжат болып табылады.
      40. Егер шарт жасау туралы ұсыныс берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Бағдарламаға қатысушы шарттың талаптарымен келiспеуiне байланысты жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтiк тұрғын үйдi Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледi.
      Бағдарламаның жаңа қатысушысымен шарт жасау осы Қағидалардың 36-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
      41. Жалға алу шарты күнтiзбелiк бiр жыл мерзiмге жасалады және жалға алу шартына сәйкес ол аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бiр ай бұрын шартты тоқтату туралы хабарлама жiберетiн жағдайларды қоспағанда, автоматты түрде ұзартылады.
      42. Бағдарламаға қатысушылар осы Қағидаларға сәйкес жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үй алу құқығын бiр рет қана iске асырады.
      43. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алудың ай сайынғы төлемiнiң мөлшерiн құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерiн есептеу әдiстемесiне сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.
      44. Коммуналдық және пайдалану қызметтерiнiң шығыстары жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үйдi жалға алу төлемiнiң сомасына кiрмейдi және Бағдарламаға қатысушы оны өзi төлейдi.
      45. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтiк тұрғын үй жалға берiлген кезде қосалқы жалға алуға жол берiлмейдi.
      46. Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшесiнiң жастарға арналған жатақханадан жеке бөлме, қызметтiк тұрғын үй беру не Бағдарламаның басқа қатысушысының отбасы құрамында қызметтiк тұрғын үй беру туралы өтiнiшi қаралмайды.
      47. Жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен отбасылық үлгiдегi жатақханалардан орын беру, тұрғын үйлердi сатып алу, құрылысы басталған объектiлердi салып бiтiру, осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес келетiн, жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiндегi бос тұрған көппәтерлi тұрғын үйлердi реконструкциялау есебiнен қамтамасыз ете алады.
      48. Бағдарламаға қатысушылар тиiстi бiлiктiлiгi болған жағдайда жастарға арналған жатақханаларды, қызметтiк тұрғын үйдi салу және тиiстi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына басым құқығы болады.
      49. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылар ретiнде қызметтiк тұрғын үй берiлген Бағдарламаға қатысушылар қызметтiк тұрғын үйде кемiнде бес жыл тұрған жағдайда, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйдi қалдық құны бойынша Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жекешелендiре алады.

4. Үшiншi бағытқа қатысушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

      50. Кәсiптiк даярлығы бар Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшiн Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген шарттарда бос жұмыс орындары, әлеуметтiк және уақытша жұмыс орындары пайдаланылады.
      Жұмыспен қамту жұмыс берушiлермен жаңа тұрғылықты жерiне келгенге дейiн және одан кейiн жасалған Келiсiмдер негiзiнде қамтамасыз етiледi.
      51. Жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жағдайда Бағдарламаға қатысушыларға келген жерi бойынша Бағдарламаның бiрiншi бағытында көзделген шарттарда кейiннен жұмысқа орналастыра отырып оқуға немесе Бағдарламаның екiншi бағытында көзделген шарттарда жеке iсiн ұйымдастыруға мүмкiндiк берiледi.
      Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдауды ұсына отырып, Бағдарламаның бірінші қатысушыларының құрамына енгізіледі.
      52. Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңдерiнде, оған қатысушылар туралы ақпарат әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтiк келiсiмшартты сүйемелдеудi және мониторинг жүргiзудi жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушылардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындауын бақылайды.

5. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттiк қолдау шараларын
қаржыландыру

      53. Қызметтiк тұрғын үй құрылысы және (немесе) оны сатып алу, Бағдарламаға қатысушыларға көшуге, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға субсидия беру үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы трансферттер бөлiнедi.
      Нысаналы трансферттердi уақтылы аудару, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және түпкiлiктi нәтижесiне мониторинг жүргiзу үшiн:
      1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарламаға қатысушылардың көшу шығындарын өтеу бөлiгiнде;
      2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында қызметтiк тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) сатып алу бөлiгiнде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасалады.
      54. Бағдарлама операторы мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттердi аударады.
      55. Қызметтiк тұрғын үйдi салуға және (немесе) оны сатып алуға, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға арналған нысаналы трансферттер объектiлер бойынша бөлiнбей, бiр сомамен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi шешiмдер қабылданғаннан кейiн екi апта мерзiмде iске асырылуына қаражат көзделген объектiлер бөлiнiсiнде жергiлiктi инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты бюджеттi атқару жөнiндегi және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға жiбередi.
      56. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне Келiсiмде бекiтiлген нысан бойынша Бағдарлама операторына – экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшiп келген, оның iшiнде субсидия алған, тұрғын үй алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамту түрлерi бөлiнiсiнде), оқуға жiберiлген және жеке iсiн ұйымдастырған бағдарламаға қатысушылардың саны туралы;
      2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екi рет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға – сатып алынған және (немесе) пайдалануға енгiзiлген қызметтiк тұрғын үйлердiң саны туралы есеп бередi.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң    
белсендi шараларына қатысатын    
адамдардың ұтқырлығын арттыруға   
жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк  
қолдау шараларын көрсету қағидаларына
1-қосымша             

____________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығының
директорына ______________________
мекенжайында тұратын _____________

ӨТIНIШ

      Менi Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушылардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.
      Мына құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) отбасы құрамы туралы мәлiметтердi;
      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) көшірмесі;
      4) еңбек кiтапшасының көшiрмесi (болған жағдайда) немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (жұмыс iстейтiн адамдар үшiн);
      5) бiлiмi туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлiк), сондай-ақ бiлiмi мен бiлiктiлiгiн растайтын басқа да құжаттардың көшiрмесi.
      Барлығы ______ құжат _____ парақта.
      Көшу шартымен таныстым.
      Күнi                         қолы
      Азамат ________________________________________________ өтiнiшi
      20____ж.«___»____________қабылданды. № ___болып тiркелдi.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А. Ә., лауазымы және қолы:
      ______________________________________________________________
             Күнi                         Қолы

*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң    
белсендi шараларына қатысатын     
адамдардың ұтқырлығын арттыруға    
жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк 
қолдау шараларын көрсету қағидаларына
2-қосымша               

Көшуге №____ жолдама

      Осы жолдама Халықты жұмыспен қамту орталығының 20__ ж. «___» ____________ шешiмiне сәйкес __________ мекенжайы бойынша тұратын ________________ берiлдi.
      Онымен бiрге отбасының мынадай мүшелерi көшеді:

Р/с №

Т. А. Ә.

Туыстық қатынасы
















Басшы                         Т.А.Ә. қолы
      Жолдама берiлген күн
      М.О.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң    
белсендi шараларына қатысатын     
адамдардың ұтқырлығын арттыруға    
жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк 
қолдау шараларын көрсету қағидаларына
3-қосымша               

________________________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына
кiмнен _______________________________________

Қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) беруге және көшуге
субсидия тағайындауға

ӨТІНІШ

      Сiзден ________________________________________________________
(көшу себебi көрсетiледi) байланысты маған және отбасымның мүшелерiне отбасының мынадай құрамын ескере отырып:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қызметтiк тұрғын үй (жатақханадан бөлме) берудi, қоныс аударуға субсидия тағайындауды және төлеудi сұраймын.
      Бiзге тиесiлi соманы
_____________________________________________________________________
(банктiң атауы, банктiң СТН, (ЖСН), банктiң БИК, алушының есеп
шотының нөмiрi көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
      Мына құжаттарды өтiнiшке қоса беремiн:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «_____»             _____________________________
                              (Бағдарламаға қатысушының қолы)
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң    
белсендi шараларына қатысатын     
адамдардың ұтқырлығын арттыруға    
жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк 
қолдау шараларын көрсету қағидаларына
4-қосымша               

_________________________ ауданының (облыстық маңызы бар
қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) Халықты
жұмыспен қамту орталығы
№ _____ бұйрық

Күнi      ауыл (қала)

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидаларына 28-тармағына сәйкес Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының әлеуеттi қатысушылары ұсынған құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН:
      1. ____________________ отбасына қоныс аударуға мынадай мөлшерде субсидия тағайындалсын:
      1) Бағдарламаға қатысушыға____________ теңге мөлшерiнде;
      2) отбасы мүшелерiне _____________ теңге мөлшерiнде.
      Барлығы ____________ теңге.
      2. Субсидия __________________________________ (банктiң атауы, банктiң СТН, (ЖСН), банктiң БИК, алушының есеп шотының немесе төлем карточкасының нөмiрi көрсетiледi) аударылсын.
      Басшы                         Т.А.Ә. қолы