Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 601 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 431 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота Рудный қаласының барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санынан бір проценті мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш білдірген интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жіберу барысында осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов