Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 05.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 21 қаңтардағы
  № 24 қаулысымен
  бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

Кедендік төлемдердің атауы

Теңгемен ставкасы

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге;
тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар

50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге,
50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000 теңге,
100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000 теңге,
200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000 теңге,
400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000 теңге,
600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000 теңге,
800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000 теңге,
1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000 теңге,
1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000 теңге,
2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге

Алдын ала шешім үшін төлем

29000 теңге