РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген |
РҚАО-ның ескертпесі!
Ставкалар жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемнің атауы | Евромен ставкасы |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар |
тауар декларациясының негізгі парағы үшін 60 евро; |
Кедендік сүйемелдеу үшін кедендік алымдар |
50 км дейінгі қашықтықта 11 евро, |
Алдын ала шешім үшін төлем | 70 евро |