Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2011 жылғы 21 қаңтардағы | |
№ 24 қаулысымен | |
бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.02.2017 № 56 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кедендік төлемдердің атауы | Теңгемен ставкасы |
1 | 2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар |
тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге; |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар |
50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге, |
Алдын ала шешім үшін төлем |
29000 теңге |