«Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
бекітілген
Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемнің атауы |
Евромен ставкасы |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар |
тауар декларациясының негізгі парағы үшін 60 евро; |
Кедендік сүйемелдеу үшін кедендік алымдар |
50 км дейінгі қашықтықта 11 евро, |
Алдын ала шешім үшін төлем |
70 евро |