Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 317 қаулысымен бекітілген |
Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қағидалар мен мөлшерлер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.05.2013 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді жэне "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
2) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын, қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);
3) жұмыс органы – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы;
4) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
5) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Грант тағайындау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды.
4. Комиссия уәкілетті орган, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінен, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі комиссия төрағасы болып табылады.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
6. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын, мектептердің 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
8. 7-сыныпта оқуға үміткерлер үшін конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізілетін екі кешенді тестілеуден тұрады:
1) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест;
2) тілдік тест.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест мынадай бөлімдерден тұрады:
1) "Математика";
2) "Сандық сипаттамалар" (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау);
3) "Жаратылыстану".
Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан көп пайызын жинаған кешенді тестілеу бойынша үміткерлердің нәтижелері комиссияның қарауына енгізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеуден және тілдік тестілеуден барынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеудің және тілдік тестілеудің жалпы балдарының саны тең болған кезде "Математика" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" және "Сандық сипаттамалар" бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда "Жаратылыстану" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика", "Сандық сипаттамалар" және "Жаратылыстану" бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткер білім беру ұйымдарының оқушылары үшін конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.
Кешенді тестілеу "Математика" пәні бойынша, үміткердің таңдауы бойынша бір пәннен: физика, химия, биология, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша өткізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға өткізілген кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша "Математика" пәні және таңдалған пән (физика, химия, биология) бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан көп пайызын жинаған үміткерлердің нәтижелері комиссияның қарауына жіберіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде кешенді тестілеу нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9, 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.
Кешенді тестілеу бойынша балдар саны тең болған кезде "Математика" пәні бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9, 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. Үміткерлердің "Математика" пәні бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда таңдалған пән (физика, химия, биология) бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Үміткерлердің "Математика" және таңдалған пән (физика, химия, биология) бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш даусын жинаған үміткерге беріледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
15. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
16. Комиссияның қарауына жіберілген, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер мектептер шеңберінде резервтік тізімдерге енгізіледі.
Үміткерлердің резервтік тізімі әр мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және оқу жылы ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Оқу жылы ішінде жарамды болатын резервтік тізімдерге алынған үміткерлерге грант қосымша конкурстан өтусіз тағайындалады. Бір мектептің резервтік тізіміндегі үміткер бос орын болған және ол мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда басқа мектепте оқуға үміттене алады.
7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.
8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде кешенді тестілеу қорытындысы бойынша балл саны тең болған кезде үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.
Резервтік тізімнен грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Мектептің білім алушысы жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Босаған гранттар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тағайындалады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Гранттың мөлшері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2021 № 879 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
21. Гранттың мөлшерлері:
1)жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2140733 (екi миллион жүз қырық мың жетi жүз отыз үш) теңгені;
2)жатақханада тұруды есептегенде жылына 3038333 (үш миллион отыз сегіз мың үш жүз отыз үш) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2021 № 246 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.