Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.09.2016 № 340 Жарлығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Республикалық баспасөзде мазмұны
жариялануға тиіс
Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру гранты тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.09.2016 № 340 Жарлығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.28 № 1014 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 21.09.2016 № 340 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
|
|