Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 317 қаулысымен бекітілген |
Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Ережесі мен мөлшері жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.05.2013 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді жэне "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – өз қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын, грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);
4) жұмыс органы – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы;
5) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Грант тағайындау тәртібі
3. Грантты конкурстық негізде комиссия тағайындайды.
4. Комиссия уәкілетті орган, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінен, орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі комиссия төрағасы болып табылады.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы, бірақ кемінде жеті адам болуы тиіс. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
6. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын, мектептердің 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімін жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
8. Конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлерге арналған конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады:
1) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест;
2) тілдік тест.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест екі бөлімнен тұрады:
1) "Математика";
2) "Сандық сипаттамалар" (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау).
Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары комиссияның қарауына енгізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеуден және тілдік тестілеуден барынша жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеудің және тілдік тестілеудің жалпы балдарының саны тең болған жағдайда "Математика" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" және "Сандық сипаттамалар" бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.
Бірінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Сұрақтардың жалпы санының қырық және одан да көп пайызына дұрыс жауап берген үміткерлер екінші кезеңге жіберіледі.
Екінші кезеңде мектептің бағытына сәйкес келетін бейіндік пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.12. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі.
13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.
Екінші кезең қорытындылары бойынша балдар саны тең болған жағдайда, грант соңғы оқу жылындағы үлгерім тәбілінің орташа балы жоғары үміткерлерге тағайындалады.
Егер үміткерлердің соңғы оқу жылындағы оқу үлгерім тәбілінің жоғары орташа балы тең болса, бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы неғұрлым жоғары үміткерлерге басымдық беріледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1030 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.14. Грант отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауыс санының кемінде төрттен үш даусын жинаған үміткерге беріледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
15. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
16. "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 7-сыныпта оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8, 9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.
Үміткерлердің резервтік тізімі әр мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және оқу жылы ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Оқу жылы ішінде жарамды резервтік тізімдерге алынған үміткерлерге қосымша конкурстан өтусіз грант тағайындалады. Бір мектептің резервтік тізіміндегі үміткер бос орын болған және ол мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда басқа мектепте оқуға үміттене алады.
7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.
8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.
Резервтік тізімдегі үміткерлерге грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Мектептің білім алушысы жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Босаған гранттар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тағайындалады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2018 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Гранттың мөлшері
20. Грантты қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
21. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1906300 (бір миллион тоғыз жүз алты мың үш жүз) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2804200 (екі миллион сегіз жүз төрт мың екі жүз) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2020 № 203 қаулысымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).