"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 879 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын, қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);

      3) жұмыс органы – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы;

      4) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

      5) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Грант тағайындау тәртібі";

      8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. 7-сыныпта оқуға үміткерлер үшін конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізілетін екі кешенді тестілеуден тұрады:

      1) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест;

      2) тілдік тест.

      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) "Математика";

      2) "Сандық сипаттамалар" (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау);

      3) "Жаратылыстану".

      Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.

      9. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан көп пайызын жинаған кешенді тестілеу бойынша үміткерлердің нәтижелері комиссияның қарауына енгізіледі.

      10. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеуден және тілдік тестілеуден барынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеудің және тілдік тестілеудің жалпы балдарының саны тең болған кезде "Математика" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" және "Сандық сипаттамалар" бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда "Жаратылыстану" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика", "Сандық сипаттамалар" және "Жаратылыстану" бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі.

      11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткер білім беру ұйымдарының оқушылары үшін конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.

      Кешенді тестілеу "Математика" пәні бойынша, үміткердің таңдауы бойынша бір пәннен: физика, химия, биология, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша өткізіледі.

      12. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға өткізілген кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша "Математика" пәні және таңдалған пән (физика, химия, биология) бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан көп пайызын жинаған үміткерлердің нәтижелері комиссияның қарауына жіберіледі.

      13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде кешенді тестілеу нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9, 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

      Кешенді тестілеу бойынша балдар саны тең болған кезде "Математика" пәні бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9, 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. Үміткерлердің "Математика" пәні бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда таңдалған пән (физика, химия, биология) бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі. Үміткерлердің "Математика" және таңдалған пән (физика, химия, биология) бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссияның қарауына жіберілген, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер мектептер шеңберінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

      Үміткерлердің резервтік тізімі әр мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және оқу жылы ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітеді.

      17. Оқу жылы ішінде жарамды болатын резервтік тізімдерге алынған үміткерлерге грант қосымша конкурстан өтусіз тағайындалады. Бір мектептің резервтік тізіміндегі үміткер бос орын болған және ол мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда басқа мектепте оқуға үміттене алады.

      7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

      8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде кешенді тестілеу қорытындысы бойынша балл саны тең болған кезде үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

      Резервтік тізімнен грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Гранттың мөлшері".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин