"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1102 Қаулысы

Жаңартылған

      "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 530 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысына    
қосымша          

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 530 Қаулысымен.

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік
қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды
тұлғалар

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Жұмағұлов
Бақытжан Тұрсынұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Орынханов
Мұрат Қадесұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Өтепов
Эдуард Карлович

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы

Ыбырайым
Нұрлан Мұхтарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы