"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 530 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;»;
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 530 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысына   
қосымша       

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік
қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды
тұлғалар

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Жұмағұлов
Бақытжан Тұрсынұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Орынханов
Мұрат Қадесұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Өтепов
Эдуард Карлович

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы

Ыбырайым
Нұрлан Мұхтарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы