"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1102 Қаулысы

Жаңартылған

      "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қосымшаға сәйкес "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы  
     Үкіметінің       
      2008 жылғы 28 қарашадағы
      N 1102 қаулысымен    
бекітілген       

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.12 № 789 Қаулысымен.

"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі"
акционерлік қоғамы директорлар кенесінің кұрамы

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы             Министрінің орынбасары, төраға

Жұмағұлов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы            ғылым министрі

Әбдібеков                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрмұхамбет Қанапияұлы        және жаңа технологиялар вице-министрі

Ескендіров                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                 даму және сауда вице-министрі

Шоқпытов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы               вице-министрі

Утепов                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлович               министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                              жекешелендіру комитетінің төрағасы

Шаяхметов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
Саят Болатұлы                 ғылым министрлігі Ғылым комитеті
                              төрағасының орынбасары

Бектұрғанов                 - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы              холдингі" акционерлік қоғамының
                              басқарма төрағасы

Әділов                      - Қазақстан Республикасы Білім және
Жексенбек Мәкейұлы            ғылым министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы
                              Қазақ ұлттық техникалық университетінің
                              ректоры

Ертілесова                  - тәуелсіз директор, "Қазақстан Салық
Жаннат Жүрғалиқызы            төлеушілері қауымдастығы" заңды
                              тұлғалар бірлестігі басқару кеңесінің
                              төрайымы

Смағұлов                    - тәуелсіз директор, "Қазақстан
Болат Советұлы                инжиниринг" ұлттық компаниясы"
                              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Мансұров                    - тәуелсіз директор, "Жалын"
Зұлқайыр Аймұхаметұлы         ғылыми-өндірістік орталығы"
                              жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
                              бас директорының орынбасары

Төлешов                     - тәуелсіз директор, "Қазақстан
Амандық Қуатұлы               Республикасы Ұлттық инженерлік
                              академиясы" қоғамдық бірлестігінің
                              вице-президенті

Өжкенов                     - тәуелсіз директор, "Қазгеологбарлау"
Болат Сұлтанұлы               ұлттық акционерлік компаниясы"
                              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы