"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 530 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 28 қарашадағы 
№ 1102 қаулысына     
қосымша         
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды тұлғалар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 257 қаулысымен.
Әбдіқалықова  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  | 
Сәрінжіпов  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  | 
Балықбаев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі  | 
Құсайынов  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі  | 
Сағадиев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі  | 
Өтепов  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы  |