"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қосымшаға сәйкес "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 1102 қаулысымен
бекітілген
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы
Түймебаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы министрі, төраға
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы байланыс агенттігінің төрағасы
Онғарбаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Еркін Әнуарұлы министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Эдуард Карлович Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің төрағасы
Бектұрғанов - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы
Әділов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жексенбек Мәкейұлы министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетінің ректоры
Жұмағалиев - тәуелсіз директор, "Қазақтелеком"
Асқар Қуанышұлы акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)