"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1102 Қаулысы

Жаңартылған

      "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қосымшаға сәйкес "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы  
     Үкіметінің       
      2008 жылғы 28 қарашадағы
      N 1102 қаулысымен  
бекітілген   

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.14. N 1068 Қаулысымен.

"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы

Түймебаев              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы     министрі, төраға

Есекеев                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы    байланыс агенттігінің төрағасы

Онғарбаев              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Еркін Әнуарұлы           министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы

Өтепов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Эдуард Карлович          Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                         комитетінің төрағасы 
 
Бұхарбаев              - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Құралбай Сейітбайұлы     сауда министрінің кеңесшісі

Бектұрғанов            - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы         холдингі" акционерлік қоғамының басқарма
                         төрағасы

Әділов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жексенбек Мәкейұлы       министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ
                         ұлттық техникалық университетінің ректоры

Жұмағалиев             - тәуелсіз директор, "Қазақтелеком"
Асқар Қуанышұлы          акционерлік қоғамының президенті
                         (келісім бойынша)