"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 Қаулысы

Жаңартылған

       "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 № 743 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қазандағы
N 980 қаулысына   
қосымша      

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.14 N 1068, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 № 743 Қаулысымен (жариялануға жатпайды), 2011.02.10 N 113, 2011.07.23 N 849 Қаулыларымен.

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы

      Жұмағалиев          - Қазақстан Республикасының Байланыс
      Асқар Қуанышұлы       және ақпарат министрі, төраға

      Шолпанқұлов         - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Берік Шолпанқұлұлы    вице-министрі
 
      Сәрсенов            - Қазақстан Республикасының Байланыс
      Сәкен Сейтжаппарұлы   және ақпарат вице-министрі

      Сүлейменов         - Қазақстан Республикасының
      Тимур Мұратұлы       Экономикалық даму және сауда
                           вице-министрі     

      Измайлов           - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
      Нұрлан Тельманұлы    холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасы (келісім бойынша)