"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 Қаулысы

Жаңартылған

       "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамдағы «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1115 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына    
қосымша       

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1115 қаулысымен.

Сәрсенов              - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және
Сәкен Сейітжаппарұлы    даму вице-министрі

Кадюков               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Николай Викторович      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
                        төрағасының орынбасары

Байбазаров            - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Нұрлан Серікұлы         министрлігі Экономика салаларын дамыту
                        департаментінің директоры