"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 Қаулысы

Жаңартылған

       "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 № 743 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қазандағы
N 980 қаулысына   
қосымша      

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қосымшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 № 743 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.14. N 1068 Қаулысымен.

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы

      Есекеев           - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
      Қуанышбек           байланыс агенттігінің төрағасы, төраға
      Бахытбекұлы

      Сұлтанов          - Қазақстан Республикасының Экономика және
      Бақыт               бюджеттік жоспарлау министрі
      Тұрлыханұлы

      Жәмішев           - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Болат Бидахметұлы

      Құсдәулетов       - Қазақстан Республикасының Әділет
      Дулат Рашитұлы      вице-министрі

      Дұрмағамбетов     - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
      Ерлан Дмитрийұлы    байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
 
      Дәрібаев           - Қазақстан Республикасы Индустрия және
      Мұрат Амангелдіұлы   сауда министрлігі Өнеркәсіп
                           комитетінің төрағасы

      Сәрсенов          - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
      Әділбек Ғазизұлы    холдингі" акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы (келісім бойынша)