"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 980 Қаулысы

Жаңартылған

       "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 № 743 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).      
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 829 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қазандағы
N 980 қаулысына   
қосымша      

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.25 № 829 Қаулысымен.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы

      Жұмағалиев            Қазақстан Республикасының Көлік және
      Асқар Қуанышұлы       коммуникация министрі, төраға

      Шолпанқұлов           Қазақстан Республикасының Қаржы
      Берік Шолпанқұлұлы    вице-министрі

      Ескендіров            Қазақстан Республикасының Экономикалық
      Абай Мұқашұлы         даму және сауда вице-министрі

      Сәрсенов              Қазақстан Республикасының Көлік және
      Сәкен Сейітжаппарұлы  коммуникация вице-министрі

      Измайлов              «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
      Нұрлан Тельманұлы     холдингі» акционерлік қоғамы
                            басқармасының төрағасы (келісім бойынша)