"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668
қаулысын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 қазандағы
N 980 қаулысына
қосымша
"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек байланыс агенттігінің төрағасы, төраға
Бахытбекұлы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт бюджеттік жоспарлау министрі
Тұрлыханұлы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі
Дұрмағамбетов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Ерлан Дмитрийұлы байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Сәрсенов - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
Әділбек Ғазизұлы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)