Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 669 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5022 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 731 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.28 № 361 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 28, 354-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесінде:
      7-тармақта "Бұл ретте, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың шығуы тек қана олардың келісімімен жүзеге асырылады. 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар шыққан кезде, ол баланың мүдделеріне қайшы болған жағдайларды қоспағанда, баланың пікірін есепке алу міндетті" деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) шығуы туралы шешім қабылдаған кезде 10 жасқа толған баланың пікірін ата-анасының не өзге де заңды өкілдердің есепке алуы туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі