Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Министрліктер мен ведомстволар, облыстардың әкімдері Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 10 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелсін.

      6. "Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 990 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 415-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 8 қазандағы
N 914 қаулысымен 
бекітілген   

Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы
пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін
дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама

Астана, 2007 жыл

Бағдарламаның мазмұны

1.    Бағдарламаның паспорты
2.    Кіріспе
3.    Саланың қазіргі жай-күйін талдау және проблемалар
3.1. Су ресурстары
3.2. Жануарлар дүниесі
3.2.1. Су жануарлары дүниесі
3.2.2. Жер бетіндегі жануарлар дүниесі
3.3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
4.    Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
5.    Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
5.1. Су ресурстары проблемаларын шешудің негізгі бағыттары
5.1.1. Өзен бассейндерінің ағысын реттеу үшін гидротехникалық
        ғимараттарды пайдалану, олардың қауіпсіздігі мен
        беріктілігін қамтамасыз ету
5.1.2. Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл
        шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету
5.1.3. Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін
        игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке
        алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру
5.2.   Жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі
      негізгі бағыттар
5.2.1. Балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
5.2.2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды
        пайдалану және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы
5.2.3. Балық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
5.2.4. Балық шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласында ғылыми
        әлеуетті дамыту
5.2.5. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара
        жатқан түрлері мен киіктерді есепке алуды ұйымдастыру және
        олардың санын тұрақтандыру жөніндегі шаралар
5.3.     Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи
        аумақтары жүйесін дамыту жөніндегі негізгі бағыттар
5.3.1.   Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи
        аумақтарды кеңейту
5.3.2.   Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру
6.      Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері
7.      Бағдарламаның іске асырудан күтілетін нәтижелер
8.      Бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                 Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау
                        және оңтайлы пайдалану және 2010 жылға
                        дейінгі ерекше қорғалатын табиғи
                        аумақтардың желісін дамыту жөніндегі
                        бағдарламасы

Бағдарламаны          Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы
әзірлеу үшін          Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын
негіздеме             іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың
                        (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және
                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009
                        жылдарға арналған бағдарламасын орындау
                        жөніндегі іс-шаралар Жоспарының
                        58.3-тармағына сәйкес

Бағдарламаны          Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
негізгі әзірлеуші     министрлігі

Бағдарламаның         Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау
мақсаты               мен оңтайлы пайдалану және ерекше
                        қорғалатын табиғи аумақтары желісін дамыту

Бағдарламаның         су ресурстарын оңтайлы және кешенді
міндеттері            пайдалану;
                        су объектілерінің мониторингі жүйесін
                        қалпына келтіру мен дамыту және су
                        объектілерін пайдалануға мемлекеттік
                        бақылаудың тиімділігін арттыру;
                        су объектілерінің жай-күйін есепке алуға
                        және оларды су пайдаланушылардың пайдалану
                        ерекшеліктеріне негізделген өңірлік су
                        шаруашылығы саясатын жүргізу;
                        балық шаруашылығының нормативтік-құқықтық
                        базасын жетілдіру;
                        балық өсіру шаруашылығын, оның ішінде
                        бекіре балығын өсіруді балық отырғызу
                        материалымен кепілді түрде қамтамасыз үшін
                        жағдай жасау;
                        сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
                        балық түрлерінің санын сақтау және қалпына
                        келтіруді, сондай-ақ балықтың жаңа түрлерін
                        республиканың әртүрлі өңірлерінде сынап
                        көру;
                        саланың ғылыми әлеуетін дамыту және
                        ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
                        балық шаруашылығын мемлекеттік басқару
                        жүйесін жетілдіру;
                        тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін
                        және жойылып бара жатқан түрлерін (арқар,
                        қарақұйрық, тоғай кермаралы, түркімен
                        құланы) және киіктерді қорғау;
                        тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін
                        және жойылып бара жатқан түрлері мен
                        киіктер санының жыл сайынғы есебін
                        жүргізуді ұйымдастыру;
                        тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін
                        және жойылып бара жатқан түрлерінің гендік
                        қорын сақтаудың және олардың оңтайлы санын
                        анықтаудың биотехнологиялық негіздерін
                        әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулерін жүргізу;
                        тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін
                        және жойылып бара жатқан түрлерінің және
                        киіктердің таралу аймағында жыртқыштардың
                        санын реттеу;
                        қоныс аударатын жануарлар көршілес елдердің
                        аумағына келіп кірген кезде жануарлардың
                        таралу аймағы мемлекеттерінің жануарларды
                        сақтау жөніндегі бірлескен іс-қимылды
                        үйлестіруі үшін халықаралық ынтымақтастықты
                        дамыту

Бағдарламаны          2008-2010 жылдар
іске асыру мерзімі

Бағдарламаны          Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру
қаржыландыру          үшін республикалық және жергілікті
көздері               бюджеттердің, гранттардың
                        қаражаттары көзделген.
                        су ресурстары бойынша:
                        2008 жылға
                        республикалық бюджет - 1542,100 млн. теңге;
                        жергілікті бюджет - 596,2 млн. теңге;
                        гранттар - 158,0 млн. теңге;
                        2009 жылға
                        республикалық бюджет - 2044,083 млн.
                        теңге*;
                        жергілікті бюджет - 622,079 млн. теңге**;
                        2010 жылға
                        республикалық бюджет - 2207,609 млн. теңге*;
                        жергілікті бюджет - 563,560 млн. теңге**.
                        жануарлар дүниесі бойынша:
                        2008 жылға
                        республикалық бюджет - 1301,490 млн. теңге;
                        жергілікті бюджет - 119,897 млн. теңге;
                        басқа қаржы көздері - 50,000;
                        2009 жылға
                        республикалық бюджет - 1329,367 млн. теңге*;
                        жергілікті бюджет - 132,726 млн. теңге**;
                        басқа қаржы көздері - 170,000 млн. теңге;
                        2010 жылға
                        республикалық бюджет - 1337,954 млн. теңге*;
                        жергілікті бюджет - 144,613 млн. теңге**;
                        инвесторлар - 70,000 млн. теңге;
                        ерекше қорғалатын табиғат аумақтар бойынша:
                        2008 жылға
                        жергілікті бюджет - 34,200 млн. теңге;
                        2009 жылға
                        республикалық бюджет - 5,0 млн. теңге*;
                        жергілікті бюджет - 31,3 млн. теңге**;
                        2010 жылға
                        республикалық бюджет - 0,850 млн. теңге;*
                        жергілікті бюджет - 18,000 млн. теңге**;
                        халықаралық грант - 1,500 млн. теңге;

                        Ескерту:
                        * 2009-2010 жылдарға қаржыландыру
                        көлемі "Республикалық бюджет туралы"
                        Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
                        тиісті қаржы жылына нақтыланып отырады;
                        ** қаржыландыру көлемі тиісті жылдың
                        жергілікті бюджетін жасау кезінде
                        нақтыланып отырады.

Бағдарламаны іске     суармалы егіншілікте судың үлестік шығынын
асырудан күтілетін    7% төмендету;
нәтижелер             су алу ғимараттарының 5% су есептеу
                        құралдарымен жабдықтау;
                        балықтардың өсімін табиғи және жасанды
                        түрде молайту жағдайларын жетілдіру;
                        Қазақстан Республикасының 2 балық
                        шаруашылығының су айдындарында
                        мелиоративтік жұмыстар жүргізу;
                        Алматы облысының Іле және Қаратал
                        өзендерінде мелиорациялық жұмыстар (түбін
                        тереңдету) жүргізу, Жайық-Каспий
                        бассейнінде жылына 20 млн. шабаққа дейін
                        бекіре балығы түрлерінің шабақтарын өсіріп
                        шығаратын жаңа бекіре балық өсіру
                        зауытын салу жөнінде ұсыныстар енгізу,
                        балық тұқымын асылдандыру-селекция
                        жұмыстарын жүргізу, тұқы балығы түрлерінің
                        гендік қорын сақтау, балық өсіру мен
                        балықты қолда мәдени өсірудің биотехникасын
                        әзірлеу;
                        тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін
                        және жойылып бара жатқан түрлерін және
                        киіктерді қорғау аумақтарын кеңейту;
                        тоғай кермаралы, қарақұйрық, арқарлар,
                        құландар санын тұрақтандыру, тарихи таралу
                        аймақтары бойынша олардың таралымын орнықты
                        дамуға қалпына келтіру және киіктер санын
                        жыл сайын 10% көбейту;
                        Қазақстан Республикасының ерекше
                        қорғалатын табиғи аумақтарының көлемін
                        1258,7 мың гектарға ұлғайту (ерекше
                        қорғалатын табиғи аумақтарының үлесі
                        мемлекет аумағының 8,5% құрайды);
                        мемлекеттің ландшафтық және биологиялық сан
                        алуандықты, ірі сүт қоректілердің (киік,
                        құлан) және құстардың (дуадақ, тарғақ,
                        жыртқыш және сулы-батпақты жерлерді
                        мекендейтін құстар) сирек кездесетін және
                        жойылып бара жатқан түрлерінің таралымдарын
                        сақтау және қалпына келтіру үшін жаһандық
                        маңызы бар жазық далалы Қазақстан далалы
                        және жартылай шөлейт аймақтарының
                        сулы-батпақты жерлерін қорғауды күшейту;
                        жануарлардың сирек кездесетін түрлерін
                        (барыс, арқар, тянь-шань қоңыр аюы, орта
                        азиялық (түркістан) сілеусін, орта азиялық
                        кәмшат, сабаншы, шұбар күзен, тас сусары)
                        қорғау аумағын, албырт тектес балық түрлері
                        мекендейтін және көбейетін орындарды
                        кеңейту;
                        өсімдіктер дүниесінің эндемикалық және
                        сирек кездесетін түрлерін, бірегей
                        субальпілік өсімдіктерді (Сиверс алмасы,
                        майқарағай, ледебуров бадамы, алтай
                        түйежапырағы, ақшыл секпігүл, үшкір көкек,
                        алтай қасқыржидегі, тарбағатай
                        стеллеропсисі, Попов дембеті, қызғылт
                        семізот, марал түбірі), тарихтың
                        археологиялық ескерткіштерін: бағзы заман
                        тұрақтары мен молаларын, палеонтологиялық
                        олжаларды қорғауды қамтамасыз ету;
                        басыңқы өңірлерде биологиялық сан
                        алуандықты және қоршаған орта жағдайларының
                        тұрақтылығын ұзақ мерзім сақтауға кепілдік
                        беретін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
                        жүйесін құру.

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.25. N 395 Қаулысымен.

2. Кіріспе

      Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) 58.3-тармағына сәйкес әзірленді.
      Жалпыұлттық жоспар су ресурстарын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасауды қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласының негізгі міндеттерінің бірі ретінде алға қойып отыр. Көрсетілген жоспар шеңберінде халықтың тұрмыс сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің тепе-теңдігі негізінде бірқалыпты дамуға көшу үшін жағдайлар жасау арқылы Табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі бағдарлама әзірленді.
      Бағдарлама Су, Орман Кодекстеріне, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастырудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

3. Саланың қазіргі жай-күйін талдау және проблемалар

3.1. Су ресурстары

      Қазақстан Республикасының су қоры мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі барлық су объектілерінің жиынтығын қамтиды.
      Тұщы су қоры мөлшермен 524 км 3 құрайды (көлдер - 190, мұздықтар - 80, өзендер - 101, су қоймалары - 95, жерасты сулары - 58).
      Қазақстанда ең ірі су айдындары Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі болып табылады. 39 мыңға жуық өзендер және кезеңдік ағынды сулар, 48 мыңнан астам көлдер бар. Неғұрлым ірі ағын суларға Ертіс, Іле, Сырдария, Есіл, Тобыл, Жайық, Торғай және Шу өзендері жатады.
      Су ресурстары аумақтар бойынша біркелкі бөлінбеген. Шығыс өңірдің үлесі - 34,5%, солтүстік - 4,2%, орталық - 2,6%, оңтүстік-шығыс - 24,1%, оңтүстік - 21,2%, батыс өңірдің үлесі - 13,4%.
      Қазақстанның жерүсті суларының ресурстары орташа сулы жылы - 100,5 км 3 құрайды, оның ішінде 56,5 км 3 ғана республика аумағында құралады, қалған көлемі Орталық Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытайдан ағып келеді. Бұл көрсеткіш азаю үрдісіне ие болып отырғанын атап өту қажет, өйткені осыдан 10 жыл бұрын ғана ол 102 км 3 /жыл, ал бұдан да ертерек өткен ғасырдың 60-шы жылдарында 115 км 3 /жыл көлемінде бағаланған болатын.
      Су ресурстарының аумақ бойынша барынша біркелкі бөлінбеуі өңірлер мен экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуінің тұрақсыздығы мен алақұлалығын туғызып отыр. Қажетті су тұтыну көлемі 54.5 км құрайды, ал шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын қолда бар көлем орташа сулы жылы 42,6 км 3 аспайды.
      Жерасты суларының жалпы қорлары 43 млн.тәулік (15,7 км 3 ) құрайды, оларды барлау жұмыстарының негізінде болжамдық ресурстардың есебінен 100 млн.м 3 /тәулік (36,5 км 3 ) дейін ұлғайтуға болады.
      Су тапшылығы орташа және төмен жылдары (сумен қамтамасыз етілу 75% және 95%) су ресурстарының жалпы көлемі тиісінше 76 км 3 тан 58 км 3 -қа дейін, ал пайдалануға болатын көлемі 32-33 және 25-26 км 3 -қа дейін төмендейді.
      Қазіргі кезде (тоғандар мен шағын су қоймаларын есепке алмағанда) жалпы сиымдылығы 95,5 км 3 астам 200-ден асатын ірі су қоймалары бар. Елдің реттелмелі сыйымдылықтарының жиынтық әсері экономика салалары мен қоршаған ортаның қажеттіліктерін қалыпты сулы жылдары қосымша 8 км 3 , ал су тапшы болған жылдары 16 км 3 сумен қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
      Климаттың жылуы өзен ағыстарының экстремальды мәнін едәуір өзгертетінін назарға алу қажет, бұл жалпы алғанда ол су қоймаларының жұмыс режиміне әсер етеді. Бұл жағдайда бөгеттердің су тастау имараттарын жаңғырту және қайта жаңарту, оларды пайдалану ережелерін қайта қарау қажеттілігі туындайды.
      Қазақстан экономикасы салаларының су тұтынуы қазіргі деңгейде 1993 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 35 км 3 -тан 26 км 3 -қа төмендеп кетті. 2001 жылы су алу көлемінің ең төмен көрсеткіші байқалды - 20 км 3 . Пайдаланылатын су көлемдерінің ауытқуы жылдың сулы болуына, сондай-ақ экономикада болып жатқан ұйымдық-құрылымдық өзгерістерге негізделеді.
      Экономика салаларын сумен қамтамасыз ету 90%-ға (2006 жылы 24,0 км жуық) жерүсті су көздерінен, ал қалған бөлігі - жерасты, теңіз және шайынды сулар есебінен жүзеге асырылып отыр.
      Қала және ауыл халқының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне жылына 0,9 км жуық су тұтынылады, бұл алынған судың жалпы көлемінің мөлшермен 4% құрайды. Бұл орайда бір адамға шаққанда үлесті су тұтыну су құбыры жүйелерінің техникалық жай-күйіне байланысты 130-дан 250 л/тәулік құрайды.
      Жалпы алғанда өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін су пайдалану көлемі көбею үрдісіне ие болып отыр және ол 2006 жылы 4,4 км 3 -ді құрады (жалпы көлемнің 20% ). Барынша көп су тұтыну жылу энергетикасы, түрлі-түсті металлургия, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының (Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары) үлесіне тиеді.
      Өнеркәсіп жұмсайтын судың 40%-ға дейінгі мөлшері сапасы жағынан алғанда ауыз суына жатады.
      Ауыл шаруашылығы су ресурстарының негізгі көлемін тұтынады (барлық тұтынылатын судың 75%-на дейін). Бұл орайда барынша көп су тұтыну суғармалы егіншілікке, содан кейін көлтабандап суғаруға, жайылымдарды суландыруға, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауға тиесілі.
      Тұрақты суғармалау негізінен жерүсті ағынды суларына сүйенеді және республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында барынша дамыған (Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертіс және басқа өзендердің бассейндері). Көлтабандап суғармалау негізінен Есіл, Торғай, Тобыл, Жайық және басқа өзендердің көктемгі ағысының негізінде Қазақстанның солтүстігінде және батысында дамыған.
      Негізінен өткен ғасырдың 60-70-жылдарында салынған ирригациялық жүйелердің әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан каналдарда суды сүзу шығындары көбеюде, суды шаруашылықтар бойынша бөлу қиындап кетті, ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету жағдайлары ушыға түсуде, сондықтан суғармалы жүйелерде судың шығыны бас су алғыштан бастап 50-60%-ға дейін жетеді.
      Осы заманғы агротехниканың нашар енгізілуі, суғару технологияларының жетілдірілмеуі, ирригация және кәріз жүйелерінің қанағаттанғысыз техникалық жай-күйі суғармалы жерлердің сортаңдануына, шөлейттену процестерінің шапшаң етек алуына әкеп соқтыруда.
      Іс жүзінде барлық ірі өзендер суының сапасы қолданыстағы санитарлық талаптарға сай келмейді.
      Су ресурстарының негізгі ластануы елді мекендердің, өнеркәсіп орындарының шайынды суларының, суғармалы алқаптардан келетін коллекторлы-кәріз ағын суларының құйылуына байланысты.
      Өнеркәсіп орындарының шайынды суларының едәуір көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) өнеркәсіптік шайынды суларды тазартуға есептелмеген тазартқыш имараттарға келіп құйылады.
      Су тапшылығы, экономика салаларын реформалау, нарықтық экономикаға көшу, кәсіпкерліктің қарқынды өсуі, өндіріс салаларында жеке меншіктің заңдастырылып қалыптасуы, шет мемлекеттердің Қазақстан экономикасына инвестициялар құюы іргелі бағдарламалар әзірлеу қажеттілігін туғызды.
      Су ресурстарын:
      өзен ағынын реттеу және жерасты суларын, қайтарымды және ағынды суларды неғұрлым толық пайдалану;
      су үнемдеу технологияларын енгізу;
      ластанған суларды тазарту, судың сарқылуына, қоқыстануына және ластануына жол бермеу жөніндегі озық шетелдік және отандық технологиялар мен тәжірибелерді пайдалану;
      қолда бар шаруашылық тәжірибені және білікті кадрлардың әлеуетін, жобалау және ғылыми ұйымдардың озық талдамаларын тиімді пайдалану есебінен ұлғайту көзделеді.
      Су ресурстарының тапшылығы, олардың ластануы және санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келмеуі:
      бөгеттердің, су тораптарының және басқа имараттардың техникалық жай-күйінің нашарлауынан;
      белсенді шаруашылық қызмет орындарында тұтыну және өндіріс қалдықтармен ластанудан;
      жерасты суларының ластану ошақтарының кеңеюінен;
      су шаруашылығы іс-шараларының жеткілікті дәрежеде қаржыландырылмауынан;
      су шаруашылығы кәсіпорындары негізгі қорларының тозуынан;
      бассейндік су шаруашылығы басқармалары мен республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорындарының нашар материалдық-техникалық жарақтандырылуынан, институционалдық (ұйымдық-басқару) проблемаларынан;
      экономиканың су секторын дамытуды жүйелі жоспарлауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбеуінен;
      жерасты және жер беті сулары ресурстарының сарқылуынан орын алады.
      Сонымен бірге су ресурстарын бөлісу мәселелері бойынша мемлекеттер айқындамаларының үйлеспеуі және оларды шешу тетіктерінің болмауы салдарынан, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің өздерінің географиялық жағдайын барынша экономикалық және саяси пайда тауып қалу үшін пайдалануға ұмтылуы салдарынан Орталық Азия өңірінде мемлекетаралық түсініспеушіліктердің туындау мүмкіндігі бар.
      Су секторын басқару саласында:
      кәсіби басқаруға;
      саяси араласушылықтың болмауына;
      нақты жоспарлау мен қаржыландыруға;
      су шаруашылығы іс-шараларын қаржыландыру үшін несиелердің қолжетімділігіне;
      бәсекеге түсуге қабілетті жеке секторға бағдар ұстанған таңдаулы халықаралық практика тәжірибесін қолдану қажет.
      Жергілікті су ресурстарының шектеулі қорлары қазіргі кезеңнің өзінде-ақ табиғи ресурстарды игеруді, жекелеген өңірлер мен аумақтық-өнеркәсіптік кешендерінің дамуын тежеп отыр. Сумен қамтамасыз ету 75% мөлшерде болып отырғанда су тапшы жылдары ағын су тапшылығы жалпы алғанда республика бойынша 6,6 км 3 құрайды, ал 95% мөлшерде - 18,3 км 3 құрайды. Қуаңшылық жылдары сумен қамтамасыз ету деңгейі 60% жуық, ал жекелеген өңірлер бойынша - небәрі 5-10 % құрайды (Орталық Қазақстан).
      Экономика салаларының қажеттілігін қанағаттандыру үшін су ресурстарын қайтарымсыз алу 20% жуығын, ал кейбір өңірлерде (Сырдария, Іле, Тобыл өзендері бассейндерінде) 40 % деңгейден асып түсетінін атап өту керек. Бірақ дүниежүзілік практика қабылдаған, су объектілерінің экологиялық жай-күйін бұзбайтын су ресурстарын алу нормасы бар су ағынының шамамен 20 % құрайды. Сондықтан қазірдің өзінде-ақ экономика салаларын одан әрі дамытуды негізінен өнімділігі жоқ су ысырабын азайту, су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен жүргізу керек.
      Сөйтіп, таяу болашақта экономика салаларын, ең алдымен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға тосқауыл болатын басты фактор көптеген аудандарда жер емес, судың жетіспеушілігі болады.
      Су-экологиялық проблемаларды шешу және орнықты су пайдалануға қол жеткізу үшін қажетті шарт су ресурстарын пайдалану және қорғау саласында басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.

3.2. Жануарлар дүниесі

3.2.1. Су жануарлары дүниесі

      Қазақстанның балық шаруашылығы су айдындары қорының құрамына Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш көлінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Тасөткел және басқа су қоймаларының, көлдер мен өзендердің едәуір акваториялары кіреді.
      Каспий теңізін есепке алмағанда, су айдындарының жалпы көлемі шамамен 3 миллион гектарды құрайды. 1990-2004 жылдар аралығында балық аулау көлемінің жылына 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейін күрт төмендегені байқалады.
      Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясын, Жайық өзенінің Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекарасына дейінгі бүкіл арнасын және Еділ өзенінің оң сағасы болып табылатын Қиғаш өзенін қамтиды.
      Осы бассейн Қазақстан Республикасындағы балық және балық өнімдерін негізгі жеткізіп берушілердің бірі болып табылады. Балық аулау көлемі республикада жалпы балық аулау мөлшерінің 45,1%-нан 61,3%-на дейін ауытқиды. 2000 жылдан бастап оны өндіру жылына 21,7 мың тоннадан 16,3 мың тоннаға дейін төмендегені байқалады. Әсіресе Каспий бассейнінде бекіре балығының түрлерін аулау көлемінің күрт қысқаруы 1985-2005 жылдар аралығындағы кезеңде орын алды. Осы жылдары аталған балық түрлерін аулау көлемі жалпы алғанда Каспий теңізі бойынша 29,4 есе, ал Қазақстан бойынша 36,6 есе дерлік қысқарып кетті. Кәсіпшілік балық түрлеріне шағын балық түрлері (сазан, көксерке, шортан, қаракөз, жайын, табан, ақмарқа, алабұға және басқалары), сондай-ақ бекірелер (қортпа, бекіре, шоқыр) жатады.
      Бекірелер құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен сауда жөніндегі халықаралық конвенция (СІТЕS) объектілері тізбесіне енгізілген.
      Бекіре балығының түрлерін сақтау және қалпына келтіру проблемасы оның ерекше мемлекетаралық сипатын ескере отырып, барлық каспий өңірі елдеріне - Ресейге, Қазақстанға, Иранға, Әзірбайжан және Түркіменстанға қатысты трансшекаралық проблема болып табылады.
      Өңірде Каспий теңізі акваториясында көмірсутекті шикізатын барлап мен өндіріп жатқан бірқатар ірі мұнай-газ және басқа компаниялар жұмыс істейді, сол арқылы Каспий теңізі биоресурстарының жай-күйіне, оның ішінде бекіре балықтарының жай-күйіне теріс әсер ету факторы орын алып отыр.
      Балқаш-Алакөл бассейні аса ірі көл экожүйелерінің бірі болып табылады және ол Балқаш көлінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Қапшағай су қоймасының акваторияларын, Іле өзенінің орта ағысы мен сағалық бөлігін, Лепсі, Қаратал, Аягөз, Ақсу өзендерін және Балқаш көлінің ағыстарын құрайтын басқа да шағын өзендерді қамтиды. Бассейінде балық аулау көлемі 1991 жылға дейін жылына 12-18 мың тоннаға дейін жететін.
      Негізгі кәсіпшілік балық түрлері: табан, қаракөз, көксерке, сазан, жайын, ақмарқа, мөңке, беріш, ақ амур, дөңмаңдай және торта болып табылады. Арал таралымының пілмайы, балқаш алабұғасы және балқаш шармайы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
      Осы бассейнде мекендейтін кәсіпшілік балықтарының барлық түрлері жергілікті климатқа бейімделген түрлер болып табылады, яғни әртүрлі уақытта жасанды жолмен қоныс аударылған түрлер (жергілікті климатқа бейімделген) болып табылады. Тұқы және өсімдік қоректі балық шабақтарын өсіру және су тоғандарын балықтандыру бойынша екі балық өсімін молайту кешені - Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы және Қазақ өндірістік жергілікті, климатқа бейімдеу станциясы жұмыс істейді.
      Зайсан-Ертіс бассейні Зайсан көлінің акваториясын, Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су қоймаларын және жайылмалық және далалық, сондай-ақ Қаныш Сәтпаев атындағы каналды қоса алғанда, Қытай Халық Республикасының шекарасынан бастап ағыстарымен бірге Павлодар облысының шекарасына дейін Ертіс өзенінің арнасын қамтиды.
      Шығыс Қазақстан облысы шегінде бассейн бойынша балық шаруашылығы су айдындарының қоры:
      жалпы көлемі 587,0 мың га 42 су қоймасын;
      жалпы көлемі 125,0 мың га 55 көлді;
      ұзындығы 4,3 мың км 35 өзенді қамтиды.
      Бассейн аумағында тұқы және сазан шабақтарын өсіру және балықтандыру жөніндегі Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы жұмыс істейді.
      Арал-Сырдария бассейні Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары шегінде орналасқан су айдындарын: Шардара су қоймасын, республика шегінде Сырдария өзенін, Арал теңізін және облыстық маңызы бар бірқатар көлдер жүйесін қамтиды.
      1940-1965 жылдар аралығындағы кезеңде Арал теңізінде балық аулау көлемі 15 мың тоннадан 20 мың тоннаға дейін ауытқып отырды. Амудария және Сырдария өзендерінің су режимінің күрт нашарлап кетуі салдарынан Арал теңізі өз көлемінің 60 % айырылды. 1978-80 жылдары Азов теңізінен Арал теңізіне камбала-глосса жергілікті климатқа бейімдендірілді. Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза) жобасын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ведомствоаралық үйлестіру комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 24 шілдедегі N 742 қаулысының шеңберінде бірқатар шаралар қабылдануына байланысты қазіргі кезде Арал теңізінің солтүстік бөлігінде балық қорларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
      Арал-Сырдария бассейнінде балық өсім молайтуға қатысты екі балық өсіру шаруашылығы - тұқы және өсімдік қоректі балық шабақтарын өсіру жөнінде Қамыстыбас және Шардара балық питомниктері жұмыс істейді.
      Солтүстік және Орталық Қазақстанның су айдындарына Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының негізінен жергілікті маңызы бар шағын балық шаруашылығы су айдындарының мол қоры жатады. Бұл су айдындарының көпшілік бөлігінің кәсіпшілік маңызы тым нашар, тартылып қалу құбылыстарына (балық және басқа да су жануарларының жаппай қырылуы), жекелеген жылдары әбден қаңсып қалғанға дейін кеуіп қалуға ұшырағыш. Ихтиофаунасы құндылығы аз балық түрлері: амур шабағы, гольян, теңге балық және басқалардан тұрады. Кәсіпшілік тұрғыдан алғанда балықтардың неғұрлым құнды түрлеріне торта, алтын түсті және күміс түсті мөңке, сазан, ақсахалар (көкшұбар, пайдабалық) жатады. Мұндай су айдындарының саны 10 мыңнан асады. Бұл өңірде негізінен көлемі 0,1-1,5 гектар болатын көлдер көптеп кездеседі, бірақ одан да ірілері кездеседі.
      Балық шаруашылығын дамытуды іске асыру мақсатында 2004 жылы қабылданған "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын ұзақ мерзімді (10 жылдан 49 жылға дейін) пайдалану мүмкіндігі бекітіліп берілген. Аталған норма балық шикізаты ресурстарына ұзақ мерзімді қолжетімділікке кепілдік бере отырып су айдындары мен олардың учаскелерінде балық шаруашылығын дамытуға өз қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Заңды іске асыру мақсатында балық ресурстарын мемлекеттік бақылау, қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін 50-ден астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
      Алайда қолданыстағы заңнама балық шаруашылығын дамыту үшін қатынастарды реттеуге, балық өнімін өңдеуге, мелиорациялық және бақылаулық балық аулауды және спорттық балық аулауды жүргізуге және осының негізінде балық аулау туризмін дамытуға, су жинау имараттарының жұмысын бақылауды, табиғи су айдындарында балық аулау лимиттері мен квоталарын игеру көлемдеріне жедел түрде түзету енгізіп отыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
      Электр энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар гидротехникалық имараттарды пайдалану нәтижесінде балық және судағы басқа да биологиялық объектілерге теріс әсерді азайтуға және өзендер ағыстарын реттеуге бағытталған жобаларды қаржыландыру жөніндегі қызметті іс жүзінде тоқтатқан. Бұл осы әсерлердің зардаптарының алдын алуға немесе шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің болмауынан орын алып отыр.
      Бекіре балығының түрлерінің көлемі азайып бара жатқан сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлеріне жататынын ескере отырып, оларды сақтау және ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл шаралар қолдану қажет. Ықтимал шешімдердің бірі бекіре балығының түрлерін өңдеуге және өткізуге мемлекеттік монополия енгізу мәселесін қарастыру болып табылады.
      Балық ресурстарын пайдалануға тыйым салулар мен шектеулер белгілеуді, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды, табиғи және қолдан өсімін молайтуды және браконьерлікпен күресті қоса алғанда, іс-шаралар кешені болып табылатын Каспий теңізінің бекіре балығының түрлерін сақтауға және өсімін молайтуға ерекше назар аударылады.
      Қазіргі уақытта Жайық өзені бекіре балықтарының табиғи уылдырық шашу қоры сақталған Каспий бассейніндегі бірден-бір өзен болып табылады, ол 1968 жылы 1,6 мың гектарды болса, жыл сайынғы шығындар салдарынан 2000 жылы 1,03 мың гектарды құрады.
      Қолдан өсімін молайту арқылы бекіре балығы түрлерінің қорларын қалпына келтірумен және өсірілген шабақтармен Жайық-Каспий бассейнін балықтандырумен жалпы қуаты жылына 6,0 миллион дана шабақ болатын Атырау бекіре балығын өсіру зауыты айналысады, бекіре балығын өсіру зауыттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 156,3 мың теңге бөлінді.
      Республикадағы балық өсіру әлеуетін 1990 жылға дейінгі өсірілген балық көлемі бойынша бағалауға болады. Мәселен, 1970-1990 жылдар кезеңінде балық өсіру 692 тоннадан 9883 тоннаға дейін өсті, яғни 14,2 есе артты.
      Балық өсіруді тиімді және тез дамыту өсірілетін балықтың өнімділік сапасына байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанда фермерлік балық өсіру шаруашылықтарын өнімділігі жоғарғы көбейту, жөндеу және аналық бастармен қамтамасыз ете алатын бірде-бір асыл тұқымды балық өсіру шаруашылығы жоқ.
      Балық өсімін молайту бағытындағы бірқатар кәсіпорындардың балық тұқымын асылдандыру-селекциялық жұмыстарды да, балық өсіру жұмыстарын да жүргізу үшін өндірістік әлеуетке ие екенін атап өту қажет. Балық өсіру жөнінде балық тұқымын асылдандыру-селекциялық орталық құру бірқатар ғылыми-практикалық міндеттерді шешуі тиіс, балықтардың гендік қорын сақтау және оларды өсіру үшін оларды өсірудің биотехникасын әзірлеу және жетілдіру осы орталықтың негізгі мақсатына айналуға тиіс.
      Балық өсіру шаруашылықтарының күтіліп отырған дәрежеде дамуы бастапқы кезеңде аталған шаруашылықтардың түрлік қана емес, сонымен бірге сандық құрам бойынша да қажеттіліктерін ескере отырып, балық отырғызу материалымен кепілді түрде қамтамасыз ету талап етіледі. Сонымен қатар келешекте осы немесе басқа өңірге арнайы сынақтан өткізілген балық түрлері қажет болады. Осы проблеманы шешу табиғи су айдындарының балық ресурстарының орнын толтыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындаумен тығыз байланысты.
      Осы айтылғандарды ескере отырып, мемлекет меншігінен шығару және жекешелендіру рәсімін жүргізе отырып кәсіпорындардың бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру мәселесін қарастыру қажет. Бұл орайда қазіргі тепе-теңдікті бұзбау және бастапқы кезеңде балықтар мен су жануарларының Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын сақтау және қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау өте-мөте маңызды. Республиканың балық шаруашылығы су айдындарында балық өндіру көлемін ұлғайту Қазақстан "Биологиялық сан алуандық туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының мақұлдауы және ол көздеген міндеттемелерді орындауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысымен мақұлдаған Биологиялық сан алуандықты сақтау жөніндегі конвенцияны ескере отырып жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және республика балықтары биологиялық сан алуандығының 11,5% құрайтын 16 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау неғұрлым маңызды проблемаларға жатады.
      Балық өнімділігін арттыру ихтиофаунаны неғұрлым құнды кәсіпшілік балық түрлерін көбейту жағына қарай нысаналы түрде өзгерту жолымен жүргізіледі. Климатқа бейімдеу және су айдындарын балықтандыру схемасын әзірлеу жөніндегі зерттеулер жүргізу нәтижесінде су айдындарының балық өнімділігін арттыру мақсатында оларда өсімді молайту жұмыстарын жүргізудің ғылыми-практикалық негізі дайындалды. Нарықтық экономикалық жағдайларда балық өсірудің дәстүрлі объектілері - тұқы, дөңмаңдай, бахтахпен және басқаларымен қатар бекіре балығының түрлері, көксерке, теляпия сияқты жаңа объектілерді игерудің зор көкейкесті маңызы бар. Осыған байланысты ғылыми ұйымдар балық өсірудегі белгілі интенсивтік технологияларды жетілдіру рөлін атқарады.
      Каспий өңірі мемлекеттерінің шаруашылық қызметі Каспий теңізі биоресурстарының көлемі мен сапасына орасан әсер етеді, ал Қытайдың Іле және Ертіс өзендерінің жоғарғы ағыстарынан су алу көлемін ұлғайтуды жоспарлауы Қазақстан аумағында Іле-Балқаш және Жоғарғы-Ертіс бассейндерінің су айдындарында балықтың құнды түрлерінің есімін молайтуды едәуір төмендетеді. Мәселен, Каспий өңірі мемлекеттерінің арасында бекіре балығының түрлерін аулауға квоталарды бөлу кезінде негізгі өлшемдердің бірі өзендер ағыстарының көлемі және осының негізінде Жайық өзенінде табиғи уылдырық шашудан балықтардың кәсіпшілік қайтарымы үлесінің есеп-қисабы болып табылады. Балық қорларын анықтау үшін бассейндер бойынша және Каспий теңізінде бірлескен кешенде халықаралық экологиялық зерттеулер жүргізудің зор маңызы бар.

3.2.2. Жер бетіндегі жануарлар дүниесі

      Аумағымыздың ауқымдылығы (272,5 млн. га), фауна түрлерінің көптілігі (омыртқалылар 830 және омыртқасыздардың 50000 астам) біздің еліміздің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Қорғауды қажет ететін сирек кездесетін эндемикалық және көне түрлерінің арасында омыртқалы жануарлардың 300 астам түрі бар, олардың едәуір бөлігі жойылып кету алдында тұр.
      Қазақстан фаунасын түгендеу омыртқалы жануарлар үшін ғана аяқталды, олардың жекелеген кластары бойынша жиынтық фауналық мәліметтер басылды. Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, оның ішінде:
      сүтқоректілер - 178, құстардың - 489 (олардың 396-сы осында ұя салады, қалғаны қыстауға ұшып келеді немесе көктемде және күзде ұшып өтеді), бауырмен жорғалаушылар - 49, қосмекенділер - 12, балықтар - 104 және дөңгелек ауыздылар - 3.
      Қазақстанның Қызыл кітабына (1-том. Жануарлар. 1-бөлім. Омыртқалылар. 3-ші басылым, 1996 ж.) омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы, оның ішінде құстардың 56, сүтқоректілердің - 40 және Қазақстанның Қызыл кітабының екінші бөліміне (1-том. Жануарлар. 2-бөлім. Омыртқасыз жануарлар) омыртқасыз жануарлардың 96 түрі енгізілген.
      Жануарлар аулаудың реттелмеуі, басқа да антропогендік факторлар республика жануарлар дүниесі ресурстарының сарқылуын туғызуда. Қазақстан аумағында 20-ғасырдың орта тұсынан бастап қазақстан құланы мен тұран жолбарысы жойылып кетті, сірә, қабылан да жойылып кеткен болар.
      Қазақстанның жануарлар дүниесін сақтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 25 наурыздағы N 267 қаулысымен бекітілген Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін және киіктерді сақтау мен қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.
      Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлері мен киіктерді қорғау жүзеге асырылуда.
      Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға 2005 жылы республикалық бюджеттен 182,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді және ол игерілді. 2007 жылы осы бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте 200 млн. теңгеден астам қаражат көзделген.
      Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру киіктерді сақтау жөнінде жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға игі ықпал ететіні және тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің таралу аймақтарында олардың сақталуына жәрдемдесетіні сөзсіз.
      2005-2006 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген киіктерді есепке алу жануарлар санының азаю үрдісі тоқтатылғанын және оның көбеюі байқалып отырғанын көрсетті. 2006 жылы киіктердің саны 2003 жылғы 21,2 мың дарақпен салыстырғанда 49,3 мың дараққа жетті.
      Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 970 қаулысына сәйкес 2006 жылы Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына құланның 30 дарағын жерсіндіру жүзеге асырылды. Сондай-ақ "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тоғай кермаралының 7 дарағы қоныстандырылды.
      Киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының іс-шараларын орындау аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 109 қаулысымен киіктерді қорғауға және қалпына келтіруге арналған Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты құрылды.
      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, киіктерді ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда, 2011 жылға дейін алып қоюға тыйым салу белгіленді.

3.3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

      Қазіргі уақытта Қазақстанда республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының 10 мемлекеттік табиғи қорығы, 10 мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 3 мемлекеттік табиғи резерваты, 50 мемлекеттік табиғи қаумалы, 127 геологиялық, 58 геоморфологиялық және 19 гидрогеологиялық объектісі, 5 ұлттық қорық аймағы, 26 табиғат ескерткіші, республикалық маңызы бар 5 мемлекеттік ботаникалық бақ, жергілікті маңызы бар 2 мемлекеттік табиғи парк жұмыс істейді.
      Республикалық маңызы бар ЕҚТА жалпы көлемі 22038,7 мың гектарды - мемлекет аумағының 8,1%, оның ішінде заңды тұлға мәртебесі барлар 4689,1 мың гектарды - мемлекет аумағының 1,7% құрайды.
      Осы көрсеткіштің жалпы жұрт таныған дүниежүзілік стандарттары - 10-12% болып табылады.
      Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйіне жасалған талдау сүтқоректілердің 178 түрінің 140-ы (78,6%), оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына (1991 жылы шығарылған) енгізілген 22 түрі немесе осы кітаптағы сүтқоректілер жалпы тізімінің 61,1%, құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%) қорғалатынын, алайда олардың Қазақстанның бірегей флоралық және фауналық сан алуандығын сақтауды және табиғи экожүйелердің бүкіл кешенінің орнықты жай-күйіне жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ете алмай отырғанын көрсетеді.
      Алтай, қазақстан, қаратау және қызылқұм арқарлары мекендейтін жерлерде сенімді қорғалатын аумақтар қажет. Шөл сүтқоректілері - қарақұйрық, құлан, сабаншы, қарақал, шұбар күзен үшін қорғалатын аумақтардың жеткіліксіз екені айқын. Қорықтық аумақтарда сүтқоректілердің 37 түрі (21,1%), оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген 12 түрі мүлдем кездеспейді. Бұлар Жайық өзені аңғарында мекендейтін жұпар тышқан, орман сусары, еуропалық қаракүзен, Еділ-Жайық құмдарында мекендейтін алып көртышқан және тағы басқалар.
      Соңғы үш жылда мемлекеттік маңызы бар ЕҚТА көлемі жұмыс істеп тұрған ЕҚТА-ларды кеңейту және жаңа ЕҚТА-лар құру есебінен 1495697 гектарға, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 жылы 231137 га, 2005 жылы 339966 га, 2006 жылы 924594 га ұлғайтылды.
      Флора мен фаунаның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан объектілерін қорғау ЕҚТА жұмыс істеуінің маңызды элементі болып табылады. Қазір Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 126 түріне, омыртқасыздардың 96 түріне және 207 өсімдік түріне ресми жойылып кету қаупі төніп тұр.
      Табиғи-қорық қоры объектілерінің қазіргі орналасуын есепке алу және талдау республика флорасы мен фаунасының гендік қорының қоймасы бола алатын жаңа қорғалатын учаскелер ұйымдастыруға жарамды қосымша аумақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Табиғи-қорық қорының объектілерін пайдалану жөніндегі ұсыныстармен бірге олардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы, балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, облыстар әкімдіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалды. Сонымен бірге "Мемлекеттік табиғи-қорық қорының проблемалары және перспективалық дамуына" арналған парламенттік тыңдаулардың ұсыныстары ескерілді. Республиканың табиғи-ресурс әлеуетінің қазіргі жай-күйіне кешенді баға беріліп, соның негізінде кейіннен оларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін бере отырып, міндетті түрде резервке алуды қажет ететін аумақтар мен учаскелер анықталды.

4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

      Осы Бағдарламаның мақсаты су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау мен ұтымды пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту болып табылады.
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін төмендегі мәселелерді шешу көзделіп отыр:
      су ресурстары бойынша
      экономиканың әртүрлі салаларын, жекелеген өңірлер мен кешендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қанағаттандыру, су ресурстарын ұтымды және ұқыпты пайдалану және қорғау;
      су ресурстарын оңтайлы және кешенді пайдалану;
      су объектілерінің мониторингі жүйесін қалпына келтіру және дамыту мен су объектілерін пайдалануға мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;
      су объектілерінің жай-күйін есепке алуға және оларды су пайдаланушылардың пайдалану ерекшеліктеріне негізделген өңірлік су шаруашылығы саясатын жүргізу;
      жануарлар дүниесі бойынша
      балық шаруашылығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
      балық өсіру шаруашылығын, оның ішінде бекіре балығын өсіруді балық отырғызу материалымен кепілді түрде қамтамасыз үшін жағдай жасау;
      сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерінің санын сақтау мен қалпына келтіруді, сондай-ақ және де балықтың жаңа түрлерін республиканың әртүрлі өңірлерінде сынап көру;
      саланың ғылыми әлеуетін дамыту және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
      балық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін (арқарлар, қарақұйрық, тоғай кермаралы, түркімен құланы) және киіктерді қорғау;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер санының жыл сайынғы есебін жүргізуді ұйымдастыру;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің гендік қорын сақтаудың және олардың оңтайлы санын анықтаудың биотехнологиялық негіздерін әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулерін жүргізу;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің және киіктердің таралу аймағында жыртқыштардың санын реттеу;
      қоныс аударатын жануарлар көршілес елдердің аумағына келіп кірген кезде жануарлардың таралу аймағы мемлекеттерінің жануарларды сақтау жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруі үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту бойынша
      2007-2009 жылдарға санаттары мен түрлері әртүрлі кеңейтілетін және жаңадан құрылатын ЕҚТА-ны кезең-кезеңімен ұйымдастыру тәртібін белгілеу;
      Қазақстан Республикасындағы биологиялық сан алуандықты аумақтық қорғаудың қазіргі жай-күйіне талдау жасау негізінде бірінші кезектегі табиғи кешендерге ЕҚТА мәртебесін беру үшін оларды айқындау.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі

5.1. Су ресурстары проблемаларын шешудің негізгі бағыттары

      Су ресурстары проблемаларын шешуде негізгі бағыттар мыналар болып табылады:
      1) өзен бассейндерінің ағысын реттеу үшін гидротехникалық имараттарды пайдалану және олардың қауіпсіздігі мен беріктілігін қамтамасыз ету;
      2) су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету;
      3) су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру.

5.1.1. Өзен бассейндерінің ағысын реттеу үшін
гидротехникалық имараттарды пайдалану және олардың
қауіпсіздігі мен беріктілігін қамтамасыз ету

      Бұл бағыт гидротехникалық имараттарды пайдалану мен республикалық және коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көздейді.
      Гидротехникалық имараттардың жұмысқа қабілеттілігінің және техникалық жарамдылығының негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:
      қамтамасыз етілген жобалық су өткізу қабілеттілігі;
      ең төмен мөлшердегі сүзілудің және техникалық-пайдаланудың су ысырабы;
      гидротехникалық имараттар қабырғалары сыртында төменгі бъефтер мен қуыстарды судың шайып кетпеуі;
      қалқанды құрылғылардың, көтергіш тетіктердің, автоматика, телемеханика және байланыс құралдарының мінсіз жұмыс істеуі;
      объектілерді тиісті дәрежеде көркейту және күтіп-ұстау.

5.1.2. Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл
шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету

      Су ресурстарының тапшылығын қазірдің өзінде сезініп отырған көптеген елдер оларды пайдалануды қысқартқан және одан әрі қысқартуда, ал Израиль сияқты су ресурстарының тапшылығы өткір сипат алған кейбір елдер ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суғару әдісіне толық көшкен.
      Көп күрделі шығындарды қажет ететін суғарудың прогрессивті тәсілдерін қолдану (тамшылата және жерасты суғару, жаңбырлату) техника-экономикалық негіздемелер негізінде жүргізіледі.
      Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде "Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстарында жер бетінде суғарудың су үнемдеу технологияларын енгізу" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу көзделуде.
      Санитарлық-экологиялық су жіберулер олардың эвтрофикациясын болдырмайтын өзендер, көлдер, ериктер, сағалар, аңғарлар арасында су алмасуды қарқынды жүргізу арқылы өзеннің төменгі ағысындағы су айдындарының жағдайын жақсартуға бағытталған.
      Қалалық тазартқыш имараттары кешенінің апатты жай-күйіне байланысты жыл сайын көктем кезінде қалалық тазартқыш имараттардағы шайынды суларды қосу үшін Ақтөбе су қоймасынан санитарлық-экологиялық мақсатта су жіберіліп тұрады.
      Санитарлық-экологиялық мақсаттағы су жіберуді судың тасуы кезінде жүзеге асыру керек, олар бұдан да төмен температурада (наурыз-сәуір) өтуі және қысқа мерзімді (5-12 күн) болуы мүмкін, бірақта жылына 500 м 3 астам шығынды қажет етеді.
      Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері облыстардың су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау мен орнатуды көздеуде.
      Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында Бағдарламада Комендантқа өзенінің сағасын түбін тазалау арқылы қайта жаңғырту көзделген.
      Сондай-ақ Бағдарламада Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық өзенінің сулылығын арттыру жөнінде ТЭН мен жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу және оның гидрологиялық режимін жақсарту көзделген.

5.1.3. Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру

      Магистралды каналдардың тым ұзын болып келуі және суғармалы каналдардың тармақталған желісі, оларды басқару сатысының әртүрлі деңгейлері, толып жатқан су өлшеу және реттеу имараттары, күрделі гидравликалық процестер, суды бостан босқа тастауды азайтуға және суғару режимінің технологиялық өлшемдерін бақылаудың нақтылығына қойылатын талаптар су шаруашылығы жүйелерін осы заманғы жедел бақылау, реттеу, автоматтандыру құралдарымен жарақтандыру қажеттілігіне негіз болады.
      Қазіргі кезде су шаруашылығы имараттары мен гидромелиоративтік жүйелерде апатты ахуалдардың орын алуы барған сайын зор маңызға ие болуда.
      Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Бағдарлама шеңберінде коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы имараттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар және ерекше апатты күйдегі су шаруашылығы имараттары мен гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешенін жүргізуді көздеп отыр.
      Су ресурстарын басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жедел есепке алып отыру жүйесін құру қажет.
      Ең алдымен бас су алу имараттарында су алудың нақты көлемінің анық есебін құруға кірісу қажеттігін ерекше атап өту, бұл үшін осы бағыт мына шараларды жүзеге асыруды көздейді:
      магистралды каналдарда су деңгейін, шығынын қашықтықтан өлшеу және олардағы бас имараттардың қақпақтарын реттеу;
      өлшеу деректерін үзіліссіз жинап, сақтап және өңдеп, деректерді су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның серверіне жіберу;
      каналдардың бас имараттарында су деңгейі мен шығынын автоматты түрде реттеу;
      жерасты суларын пайдаланатын су алғыштарда есептік схемалар шегінде судың деңгейі мен шығынын реттеп отыруға мүмкіндік беретін гидрогеодинамикалық модельдер жасау.
      Өлшеу ақпаратын алу және өңдеу бас имараттағы технологиялық процестер мен белгі беру жүйесін бағалап қоюға ғана арналмаған. Ол суды мемлекеттік есепке алу, алынған жерүсті суларының көлемі бөлігінде салықтық есептілік нысандарын мемлекеттік органдардың куәландыруы үшін пайдаланылуы мүмкін және пайдаланылуға тиіс және содан кейін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесінің "Су ресурстары" бөліміне негіз болады.
      Автоматтандырылған су есебі жүйесінің неғұрлым перспективалы және экономикалық жағынан қажет приборларын анықтау үшін ТЭН жасау керек, оның негізінде жобалау-сметалық құжаттар әзірленетін болады.

5.2. Жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану
жөніндегі негізгі бағыттар

      Бағдарлама балық ресурстарының өсімін молайту мен ұтымды пайдалануды дамыту саласындағы кәсіпкерлік қызметті белсенді мемлекеттік реттеуді және оған қолдау көрсетуді, асыл тұқымды балық өсіру шаруашылықтарын және су айдындарының балық қорларын пайдалану кезінде оларға сақтықпен қарау көзқарасын қолдану негіздерін құруды көздейді.
      Жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаны іске асыру мерзімі басты мақсаттың күрделілігі мен ауқымдылығына, атап айтқанда тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің таралымдарын экологиялық және биологиялық оңтайлы деңгейге дейін қалпына келтіруге негізделген.
      Жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі проблемаларды шешуде негізгі бағыттар:
      1) балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды пайдалану және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы;
      3) балық шаруашылығының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
      4) балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында ғылыми әлеуетті дамыту;
      5) тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің санын есепке алуды ұйымдастыру және оны тұрақтандыру жөніндегі шаралар болып табылады.

5.2.1. Балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын
жетілдіру

      Бұл бағыт мына шараларды жүзеге асыруды:
      балық шаруашылығы бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы ставкаларын анықтау әдістемесін әзірлеуді;
      балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін ғылыми ұсыныстар әзірлеуді көздейді.

5.2.2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды пайдалану және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы

      Балық өсіру шаруашылықтарын дамыту түрлік құрам бойынша ғана емес, сонымен бірге сапалық және сандық құрам бойынша да қажеттіліктерді ескере отырып, балық отырғызу материалымен кепілді түрде қамтамасыз етуді талап етеді.
      Осы бағытта мына шараларды жүзеге асыру:
      Атырау облысындағы Жайық және Қиғаш өзендерінің атырауында мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңдету) жүргізу;
      балық ресурстарының өсімін молайту;
      Алматы облысының Іле және Қаратал өзендерінде мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңдету) жүргізудің жобалау-смета құжаттамасын және Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығының, Майбалық, Петропавл, Қамыстыбас балық питомниктерінің негізгі құралдарына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу;
      "Атырау бекіре балығын өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта жаңартуға және жаңғыртуға жөнінде ұсыныс енгізу;
      Жайық-Каспий бассейнінде осы заманғы технологияларды пайдаланып жаңа бекіре балығын өсіру зауытын салу жөнінде ұсыныс енгізу;
      балықтар санын қалпына келтіру және өсімін молайту жөнінде биотехникалық іс-шаралар жүргізу және қатты өсінділерді шабу;
      Каспий теңізінің бөтен қоныс аударушыларымен күресу жөнінде іс-шаралар әзірлеу;
      балықтардың қырылу қаупі бар айдындарда алдын алу жұмыстарын жүргізу;
      Алматы облысының Алакөл ауданында шабақтары және балық өсіру тоғандары бар инкубациялық цех салу;
      Алматы облысының Балқаш ауданында осы заманғы технологияларды пайдаланып, толық жүйелі тоған шаруашылығын салу;
      аң аулау алқаптарын құрудың биологиялық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
      балық шаруашылығы айдындарын паспорттандыру;
      Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген жабайы жануарларды (барыс, сілеусін, аю, арқар, қарақұйрық, жетісу бақатісі) қорғауды жүзеге асыру;
      балық тұқымын асылдандыру-селекциялық жұмыстарды қаржыландыру, тұқы балық түрлерінің гендік қорын сақтау, балық өсіру және балықты қолда мәдени өсіру объектілерінің биотехникасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу көзделуде.

5.2.3. Балық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

      Іске асыру тетіктері:
      ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінің бассейндік және аумақтық органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру;
      құнсыз балық түрлерін неғұрлым құнды түрлерімен алмастыру;
      бекіре балығының түрлерін, олардың уылдырығын сатып алуға, өңдеу мен өткізуге (экспорт және ішкі нарықтағы көтерме сауда) мемлекеттік монополияны енгізу шарттары мен тетіктерін әзірлеу;
      Әуесқойлық және спорттық балық аулауды дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
      халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында авиациямен қарауылдауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізу;
      балық шаруашылығын бассейндік басқару тетігін жетілдіру;
      Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасына Каспий теңізінде балық қорғау іс шараларын және ихтиологиялық мониторинг жүргізу үшін осы заманғы навигациялық жабдықтармен және зертханамен жарақтандырылған теңіз кемесін сатып алу жөнінде ұсыныс енгізу.

5.2.4. Балық шаруашылығы мен жануарлар дүниесі
саласында ғылыми әлеуетті дамыту

      Ғылыми зерттеулерді жүргізудің тиімділігін, балық шаруашылығы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін ғылыми-өндірістік орталықтар үшін осы заманғы арнайы жабдықтарды сатып алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
      Бұл бағыт мынадай шараларды жүзеге асыруды:
      Қызыл Кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін қорғау және пайдалану жөнінде ғылыми ұсыныстар әзірлеуді;
      балық ресурстарының мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізуді;
      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және оны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді көздейді.
      Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде экологиялық ағарту және халықты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде буклеттер, кітапшалар, плакаттар шығарылады, әртүрлі семинарлар ұйымдастырылады.
      Ақтөбе облысының әкімдігі экологиялық ағарту және биологиялық сан алуандықты сақтау қажеттігі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру жөнінде іс-шаралар жоспарлауда.

5.2.5. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және
жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді есепке алуды
ұйымдастыру және олардың санын тұрақтандыру
жөніндегі шаралар

      Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің санын тұрақтандыру мына іс-шараларды орындау:
      жердегі және авиациялық есептің түзетілген әдістемелерін пайдаланып тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің жыл сайынғы есебін жүргізу және тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер таралымдарының жай-күйін үнемі жедел бағалауды жүзеге асыру;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер таралымдарының жай-күйіне жыртқыштардың (қасқыр) ықпал етуін бағалау және қасқыр санын реттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу;
      бұқар бұғысын жасанды жолмен көбейту жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің таралу аймағында көршілес мемлекеттермен оларды қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуы және таралу аймақтарында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер саны өсімінің дәлме-дәл тіркелген деректері олардың таралымдарын қалпына келтіру жағына қарай қадам жасалғанына айғақ болады.

5.3. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи
аумақтары жүйесін дамыту жөніндегі негізгі бағыттар

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық маңызы бар ЕҚТА Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құралады. ЕҚТА құру жөніндегі материалдарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
      ЕҚТА құру процесі жаратылыстану-ғылыми (бұдан әрі - ЖҒ), ТЭН жобаларын және ЕҚТА құрудың жерге орналастыру жобасын әзірлеуді және бекітуді көздейтін үш кезеңді қамтиды.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту жөніндегі проблемаларды шешуде негізгі бағыттар:
      қазіргі бар ЕҚТА-ларды кеңейту;
      жаңа ЕҚТА-лар құру болып табылады.
      ЕҚТА ұйымдастыру үшін құжаттық негіз ЕҚТА құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі болып табылады.

5.3.1. Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды кеңейту

      Жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобаларымен табиғи кешендері көршілес аумақтармен біртұтас аймақты құрайтын осы аумақтарда қорық режимін белгілеу мақсатында 2010 жылға дейінгі кезеңде қазір бар екі мемлекеттік табиғи қорықты (бұдан әрі - МТҚ) - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл МТҚ, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы Қорғалжын МТҚ алқаптарын кеңейту қажеттілігі айқындалған.
      Қарағанды облысындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі - МҰТП) және Ақмола облысындағы "Бурабай" МҰТП алқаптарын кеңейту жөнінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы "Көкшетау" МҰТП алқабын түзету жөнінде ұсыныс енгізілетін болады.
      Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту және күтіп-ұстау республиканың табиғи-қорық қорын сақтауда елеулі рөл атқарады.
      Жергілікті маңызы бар ЕҚТА жүйесін дамыту республика өңірлерінің табиғатын қорғаудың көкейкесті міндеттердің бірі болып табылады және ол облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар бекіткен Жергілікті маңызы бар ЕҚТА жүйесін дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді өңірлік бағдарламалары негізінде орындалуда.
      Жергілікті маңызы бар ЕҚТА инфрақұрылымын құру және күтіп-ұстау табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауды талап етеді және аумақты функционалдық аймақтауды, қорғауды және белгіленген функционалдық аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын қамтиды.
      Осыған байланысты Бағдарламада шегінде жергілікті маңызы бар ЕҚТА-ларды күтіп-ұстау, олардың шекараларын белгілеу және бекіту жөніндегі іс-шаралар көзделген.
       Ескерту. 5.3.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 84 Қаулысымен.

5.3.2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру

      Бағдарламада Ақмола және Қарағанды облыстарында "Бұйратау" МҰТП мен Алматы облысында Жоңғар Алатауы (Жетісу) МҰТП, Жамбыл облысында "Мерке" МҰТП және "Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді), сондай-ақ жаңа бір МТҚ - Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай МТҚ құру жөнінде ұсыныстар енгізу көзделген - бұл табиғат өзінің алғашқы қалпын сақтап қалған, биологиялық сан алуандық деңгейі жоғары аумақ және Еуразия құрлығының фауна үшін басым маңызы бар аумақтарына жатады.
      Экожүйелерді қорғау жолдарының бірі табиғи кешендерді сақтауды экологиялық ағарту, халықтың демалысы және реттелмелі шаруашылық қызмет мүдделерімен ұштастырып, экологиялық тепе-теңдікті қорықтармен салыстырғанда едәуір үлкен аумақтарда сақтай алатын ЕҚТА құру болып табылады. Бұл аумақтарда табиғат пайдалану экожүйелердің антропогендік қысымның кейбір түрлерін шектейтін нысаналы іс-шараларды жүргізу арқылы қалпына келу қабілетіне негізделеді. Мұндай ЕҚТА-ларға МҰТП жатады.
      Осы уақытқа дейін қорғалатын аумақтар министрліктер мен ведомстволар, облыстар әкімдіктері, ғылыми, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер материалдарының әзірленуіне қарай құрылып келеді.
      Мемлекеттік табиғи резерват (бұдан әрі - МТР) - бұл осы аумақта ландшафтық және биологиялық сан алуандылықты сақтауға және қалпына келтіруге, табиғи ресурстардың орнықты дамуын және теңгерілген дәрежеде пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған күзет режимі әртүрлі ЕҚТА.
      Қазақстандағы сүтқоректілер класының биологиялық сан алуандылығын сақтау үшін әрқайсысына сонда мекендейтін сүтқоректілердің өзіндік жиынтығы тән әртүрлі шөл түрлерінде (құмды, сазды, қиыршық тасты, сортаң топырақты) сенімді қорғалатын резерваттар құру қажет.
      Далалық, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында 2010 жылға дейін Атырау облысында "Ақжайық" МТР-ын құру, Қостанай облысында "Алтын дала" МТР-ын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылып отыр.
      Сулы-батпақты алқаптардың биологиялық сан алуандығын сақтау жөніндегі халықаралық келісімдерді орындау және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қордың Ақтырнаны және басқа да сулы-батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды сақтау үшін қоныс аудару маршруттары мен сулы-батпақты алқаптарды дамыту жобасын іске асыру шеңберінде Алтын дала МТР құру көзделуде. Осы мақсаттарда ландшафтық және биологиялық сан алуандылықты қорғау, сақтау және қалпына келтіру режимдері қарастырылатын ЖҒ және ТЭН әзірлеу үшін халықаралық гранттың қаражаттар тартылатын болады.
      Мемлекеттік табиғи қаумал - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі белгіленген ЕҚТА. Қаумалдар зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді қаумалдар болуы мүмкін. Бағдарламада биологиялық сан алуандықты сақтау және оны орнықты дамыту мақсатында Алматы облысында "Жетісу бақатісі" мемлекеттік зоологиялық қаумалын және "Қызыл жиде" табиғи паркін құру көзделген.
      Мүдделі мемлекеттік және өзге ұйымдардан келіп түскен ұсыныстардың негізінде облыстық әкімдіктерге бірінші кезектегі объектілер ретінде: Көксай (Жамбыл облысы), Бектауата (Қарағанды облысы), Шідерті-Өлеңті (Павлодар облысы) мемлекеттік табиғи парктерін құруды, сондай-ақ табиғат ескерткіштерін, дендропарктер ұйымдастыру, жергілікті деңгейдегі экологиялық желінің басқа да элементтерін қалыптастыру есебінен өңірлік ЕҚТА желісін кеңейтуді ұсынуға болады.
       Ескерту. 5.3.2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 84 Қаулысымен.

6. Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері

       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.25. N 395 Қаулысымен.

      Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға гидромелиоративтік имараттарды пайдаланатын ұйымдардың қаражаттарын қоса алғанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің, гранттардың қаражаттары, сондай-ақ әртүрлі бюджеттен тыс көздердің қаражаттары тартылатын болады.

Рет
N

Қаржыландыру
көздері

Жобаланған шығындар
(млн.теңге)

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Бағдар-
лама
бойынша
жиыны

1

Республикалық
бюджет

2843,590

3378,450

3546,413

9768,453

2

Жергілікті бюджет

750,297

786,105

726,173

2262,575

3

Байланыссыз
гранттар

158,000

-

-

158,000

4

Халықаралық
гранттар

0

-

1,500

1,500

5

Басқа көздер

50,000

170,00

70,00

290,000

Бағдарлама бойынша
жиыны

3801,887

4334,555

4344,086

12480,528

7. Бағдарламаның іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарлама 2010 жылға дейінгі кезеңде су ресурстарын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасауды көздейді.
      Бағдарламада көзделген экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілердің теңгермелігі және бірқатар басқа да шаралардың негізінде табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану;
      суармалы егіншілікте судың үлестік шығынын 7% төмендетуге;
      су алу имараттарының 5% су есептеу құралдарымен жабдықтауға;
      балық өсіруге инвестициялық қызығушылық тудыруға;
      балықтардың өсімін табиғи және жасанды түрде молайту үшін жағдайларды жетілдіруге;
      Қазақстан Республикасының 2 балық шаруашылығының су айдынында мелиоративтік жұмыстар жүргізуге;
      тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғау аумақтарын кеңейтуге;
      тоғай кермаралының, қарақұйрықтың, арқарлардың, құландардың санын тұрақтандыруға, тарихи таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын орнықты дамуға дейін қалпына келтіруге және сан өсімінің есеп деректерімен тіркелген киіктердің санын жыл сайын 10% көбейтіп отыруға;
      Қазақстан Республикасының ЕҚТА аумағын 1258,7 мың га ұлғайтуға (ЕҚТА-ның үлесі мемлекет аумағының 8,5% құрайды);
      мемлекеттің ландшафтық және биологиялық сан алуандығын, ірі сүт қоректілердің (киік, құлан) және құстардың (дуадақ, тарғақ, жыртқыш және сулы-батпақты жерлерді мекендейтін құстар кешені) сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің таралымдарын сақтау және қалпына келтіру үшін жаһандық маңызы бар жазық далалы Қазақстанның далалы және жартылай шөлейт аймақтарының сулы-батпақты алқаптарын қорғауды күшейтуге;
      жануарлардың сирек кездесетін түрлерін (барыс, арқар, тянь-шань қоңыр аюы, орта азиялық (түркістан) сілеусін, ортаазиялық кәмшат, сабаншы, шұбар күзен, тас сусары) қорғау аумағын, албырт тектес балық түрлері мекендейтін және көбейетін орындарды кеңейтуге;
      өсімдіктер дүниесінің эндемикалық және сирек кездесетін өкілдерін, бірегей субальпілік өсімдіктерді (Сиверс алмасы, майқарағай, ледебуров бадамы, алтай түйежапырағы, ақшыл секпігүл, үшкір кекек, алтай касқыржидегі, тарбағатай стеллеропсисі, Попов дембеті, қызғылт семізот, марал түбірі), тарихтың археологиялық ескерткіштерін: бағзы заман тұрақтары мен молаларын, палеонтологиялық олжаларды қорғауды қамтамасыз етуге;
      басыңқы өңірлерде биологиялық сан алуандықты және қоршаған орта жағдайларының тұрақтылығын ұзақ мерзім сақтауға кепілдік беретін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құруға мүмкіндік береді.

        8. Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және
оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
           желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі
               бағдарламасының іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 84 , 2009.03.25. N 395 Қаулыларымен.

Рет
N

Іс-шаралар

Аяқ-
тау
ныса-
ны

Жауап-
ты
орын-
даушы-
лар

Орын
дау
мер-
зімі

Жобаланған
шығындар, млн.
теңге

Қар-
жы-
лан-
дыру
көз-
дері






2008

2009

2010


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Су ресурстары

1. Өзен бассейндерінің ағысын реттеу үшін гидротехникалық
имараттарды пайдалану және олардың қауіпсіздігі мен
беріктілігін қамтамасыз ету

1.1

Су беруге
қатысы жоқ
республикалық
су шаруашылығы
объектілерін
пайдалану

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
ЭБЖМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

1542,100

2044,
083*

2207,6
09*

РБ

1.2

Су беруге
қатысы жоқ
коммуналдық су
шаруашылығы
объектілерін
пайдалану

АШМ-
не
ақпа-
рат

Қызыл-
орда
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

34,200

34,200**

34,20
0**

ЖБ

Барлығы




1576,300

2078,
283

2241,809


2. Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл
шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету

2.1

"Қазақстан
Республикасының
оңтүстік
облыстарында
жер бетін
суғарудың су
үнемдеу
технологияларын
енгізу" ТЭН
әзірлеу

ТЭН
жоба-
сы

АШМ

2010
жыл-
дың
4
тоқ-
саны


-

120,000

Бай-ла-
ныс-
сыз
гран
-ттар

2.2

Елек өзенінің
экологиялық
тепе-теңдігін
қолдау үшін
санитарлық-
экологиялық
мақсатта су
жіберу

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

13,000

13,000**

13,00
0**

ЖБ

2.3

Су объектіле-
рінде су қорғау
аймақтары мен
белдеулерін
жобалау және
орнату

АШМ-не
ақпа-
рат

Шығыс
Қазақ-
стан,
Алматы,
Ақтөбе,
Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облыс-
тарының
әкім-
дері

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

81,500

79,070**

79,028**

ЖБ

2.4

Өскемен
қаласындағы
Комендантқа
өзенінің
сағасын түбін
тазалау арқылы
қайта жаңғырту

АШМ-не
ақпа-
рат

Шығыс
Қазақ-
стан
облысы-ның
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

150,000

150,000**

89,100**

ЖБ

2.5

Батыс Қазақстан
облысының
шегінде Жайық
өзенінің
сулылығын
арттыру және
гидрологиялық
тәртібін
жақсартудың
ТЭН және ЖСҚ
әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Батыс
Қазақ-
стан
облысы-
ның
әкімі

2009
-2010
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

8,200

16,00
0**


ЖБ


Барлығы

252,700

258,070

301,128


3. Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін
игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу
және су реттеу құралдарымен жарақтандыру

3.1

"Су ресурстарын
пайдалануды
жедел есепке
алып отырудың
ақпараттық
жүйесін құру"
ТЭН әзірлеу

ТЭН
жобасы

АШМ

2010
жыл-
дың
4
тоқ-
саны


-

38,000

Бай-
ла-
ныс-
сыз
гран
-ттар

3.2

Комуналдық
меншіктегі су
шаруашылығы
имараттарының
жұмыс істеуін
қамтамасыз ету

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облысы-ның
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

166,342

176,322**

186,902
**

ЖБ

3.3

Ерекше апатты
жағдайдағы
гидромелиора-
тивтік жүйелер
мен су
шаруашылығы
имараттарын
қалпына келтіру

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облысы-
ның
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

142,958

153,487**

161,330
**

ЖБ

3.4

Су ресурстарын
пайдалануды
жедел есепке
алып отырудың
ақпараттық
жүйесін құру
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ

2009
жыл-
дың
3
тоқ-
саны

Қажет етілмейді


Барлығы

309,300

329,809

386,232



Су ресурстары бойынша жиыны

2138,300

2666,162

2929,169



Оның ішінде:






РБ

1542,100

2044,
083

2207,609



ЖБ

596,200

622,079

563,560



Гранттар




158,000

Жануарлар дүниесі

4. Балық шаруашылығының нормативті-құқықтық базасын жетілдіру

4.1

Балық
шаруашылығы
бөлігінде
жануарлар
дүниесін
пайдалану үшін
төлемақы
ставкаларын
анықтау
әдістемесін
әзірлеу

Үкіметке
ақпарат

АШМ

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны,
2009 жылдың 1-тоқсаны

1,500

-

-

РБ

4.2

Балық өсіру
шаруашылықтарын
ұйымдастыру
үшін ғылыми
ұсыныстар
әзірлеу

Үкіметке
ақпарат

АШМ

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны,
2009 жылдың 1-тоқсаны

2,000

-

-

РБ


Барлығы

3,500

-

-


5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды
пайдалану және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы

5.1

Қапшағай
уылдырық
шашу-өсіру
шаруашылығының,
Майбалық,
Петропавл,
Қамыстыбас
балық питомник-
терінің негізгі
құралдарына
күрделі жөндеу
жүргізу жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ

2008
жыл-
дың
1
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

5.2

Балық
ресурстарының
өсімін молайту

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

423,100

423,100*

423,100*

РБ

5.3

Қызылорда
облысының
балық ресурста-
рының өсімін
молайту

АШМ-не
ақпа-
рат

Қызыл-
орда
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

6,000

6,000**

6,000**

ЖБ

5.4

Балықтардың
санын қалпына
келтіру жөнін-
дегі биотехни-
калық іс-шаралар

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

5,000

6,000*

10,000**

ЖБ

5.5

Алматы
облысының Іле
және Қаратал
өзендерінде
мелиорациялық
жұмыстар (түбін
тереңдету)
жүргізу жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

5.6

Атырау облысын-
дағы Жайық және
Қиғаш өзендері-
нің атырауында
мелиорациялық
жұмыстар (түбін
тереңдету)
жүргізу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

300,000

300,0
00*

300,000*

РБ

5.7

Балық өсімін
молайту, балық
өсіру және
қатты өсінді-
лерді шабу
жөнінде биотех-
никалық
іс-шаралар
жүргізу

АШМ-не
ақпа-
рат

Атырау,
Алматы
облыс-
тарының
әкім-
дері

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

16,000

18,000**

20,000**

ЖБ

5.8

Жайық, Қиғаш
өзендерінің
балық шаруашы-
лығы су
айдындарында
балық санын
қалпына келтіру
үшін балық
шабақтарын
құтқару жөнінде
іс-шаралар
жүргізу

АШМ-не
ақпа-
рат

Атырау
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

4,000

4,500
**

4,500**

ЖБ

5.9

Жайық-Каспий
бассейнінде
осы заманғы
технологияларды
пайдаланып жаңа
бекіре балығын
өсіру зауытын
салу жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
ИСМ,
ЭБЖМ

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

5.10

Каспий
теңізінің бөтен
қоныс аударушы-
ларымен күресу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

Қажет етілмейді

5.11

Балық өсіру-
мелиоративтік
іс-шаралардың
бағдарламасын
әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

5,000

5,000
**

5,000**

ЖБ

5.12

Балық шаруашы-
лығы су
айдындарын
пайдалануға
биологиялық
негіздемелер
әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

2,000

3,000
**

3,000**

ЖБ

5.13

Облыстың су
айдындарын
балықтың құнды
түрлерімен
балықтандыру
және кәсіпшілік
қорларын
толықтыру

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

7,000

10,000**

10,000**

ЖБ

5.14

Балық шаруашы-
лығы айдындарын
паспорттандыру

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

25,000

25,000**

25,000**

ЖБ

5.15

Балықтардың
қырылу қаупі
бар айдындарда
алдын алу
жұмыстарын
жүргізу

АШМ-не
ақпа-
рат

Батыс
Қазақ-
стан
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

0,500

0,500
**

0,500**

ЖБ

5.16

Алматы облысы-
ның Алакөл
ауданында
шабақтары және
балық өсіру
тоғандары бар
инкубациялық
цех салу

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облы-
сының
әкімі

2010
-2011
жыл-
дар-
дың
4
тоқ-
саны

-

20,0
00**

20,000**

Бас-
қа
қар-
жы
көз-
дері

5.17

Алматы облысы-
ның Балқаш
ауданында осы
заманғы
технологияларды
пайдаланып,
толық жүйелі
тоған шаруашы-
лығын салу

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облы-
сының
әкімі

2010
-2011
жыл-
дар-
дың
4
тоқ-
саны

50,000

150,000

50,000

Бас-
қа
қар-
жы
көз-
дері

5.18

Аң аулау
алқаптарын
құрудың
биологиялық-
экономикалық
негіздемелерін
әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

6,000

4,000
**

4,00
0**

ЖБ

5.19

Қазақстан
Республикасының
Қызыл Кітабына
енгізілген
жабайы жануар-
ларды қорғау
(барыс, сілеу-
сін, аю, арқар,
қарақұйрық,
жетісу
бақатісі)

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

20,000

25,000**

30,000**

ЖБ

5.20

"Атырау бекіре
балығын өсіру
зауыты" РМҚК
қайта жаңартуға
және жаңғыртуға
ЖСҚ әзірлеу
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

5.21

Балық тұқымын
асылдандыру-
селекциялық
жұмыстарды
қаржыландыру,
тұқы балық
түрлерінің
гендік қорын
сақтау, балық
өсіру және
балықты қолда
мәдени өсіру
объектілерінің
биотехникасын
әзірлеу жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді


Барлығы

826,600

1000,100

912,100


6. Балық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

6.1

ҚР АШМ Балық
шаруашылығы
комитетінің
бассейіндік
және облыстық
аумақтық
органдарын
материалдық-
техникалық
жарақтандыру

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
ҚМ,
ЭБЖМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

188,890

199,400*

205,000*

РБ

6.2

Құнсыз балық
түрлерін
неғұрлым бағалы
түрлерімен
алмастыру
жөнінде шаралар
қолдану

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2009
жыл-
дың
10
ақ-
паны

Қажет етілмейді

6.3

Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы басқармасына Каспий теңізінде балық қорғау іс шараларын және ихтиологиялық мониторинг жүргізу үшін осы заманғы навигациялық жабдықтармен және зертханамен
жарақтандырыл-
ған теңіз кемесін сатып алу жөнінде ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

6.4

Табиғи ортадан
алынған бекіре
балығының
түрлерін сатып
алуға, олардың
уылдырығын
өңдеу мен
өткізуге
(экспорт және
ішкі нарықтағы
көтерме сауда)
мемлекеттік
монополияны
енгізу шарттары
мен тетігін
әзірлеу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

6.5

Әуесқойлық және
спорттық балық
аулауды дамыту
жөнінде іс-
шаралар жоспа-
рын әзірлеу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
ТСМ

2009
жыл-
дың
10
ақ-
паны

Қажет етілмейді

6.6

Халықаралық
және республи-
калық маңызы
бар балық
шаруашылығы су
айдындарында
авиациямен
қарауылдауды
ұйымдастыру
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
ККМ

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

6.7

Жайық өзенінде
табиғи уылдырық
шашатын орын-
дарды қалпына
келтіру жөнінде
іс-шаралар
жүргізуге
биологиялық
негіздеме
дайындау

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2010
жыл-
дың
10
ақ-
паны


7,000*


РБ

6.8

Уылдырық шашу
кезеңінде
бекіре балығы
түрлерінің
қоныс ауыстыру
жолдарында
жүзу құралдары-
ның қозғалысына
бақылауды
күшейту

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
ККМ

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

6.9

Балық шаруашы-
лығын бассейін-
дік басқару
тетігін
жетілдіру

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ

2008
жыл-
дың
2
тоқ-
саны

Қажет етілмейді


Барлығы

188,890

206,400

205,000


7. Балық шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласында ғылыми
әлеуетті дамыту

7.1

Қызыл Кітапқа
енгізілген
сирек кездесе-
тін және
жойылып бара
жатқан балық
түрлерін сақтау
және пайдалану
бойынша ғылыми
ұсыныстарды
әзірлеу жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ

2008
жыл-
дың
1
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

7.2

Балық ресурста-
рының мемле-
кеттік есебі
мен кадастрын
жүргізу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

126,670

135,537*

145,024*

РБ

7.3

Жануарлар
дүниесін
қорғау, өсімін
молайту және
пайдалану
саласында
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын
жүргізу және
оны тұрақтанды-
ру жөнінде
ұсыныстар
әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі,
БҒМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

5,000

7,000**

6,000**

РБ

7.4

Жануарлардың
сирек кездесе-
тін және
жойылып бара
проблемалары
бойынша халықты
экологиялық
ағарту және
тәрбиелеу
жөнінде
іс-шаралар
жүргізу және
биосаналуанды-
лықты сақтау
қажеттігі
туралы қоғамдық
пікірді
қалыптастыру

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

1,500

1,500
**

2,000
**

ЖБ


Барлығы

133,170

144,037

153,024


8. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып
бара жатқан түрлері мен киіктерді есепке алуды ұйымдастыру
және олардың санын тұрақтандыру жөніндегі шаралар

8.1

Тұяқты жабайы
жануарлардың
сирек
кездесетін және
жойылып бара
жатқан түрлері
мен киіктердің
санын жыл сайын
есепке алып
отыру және оның
мониторингін
жүргізу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

59,306

59,306*

59,306*

РБ

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

0,320
**

0,320
**

0,320
**

ЖБ

8.2

Тұяқты жабайы
жануарлардың
сирек
кездесетін және
жойылып бара
жатқан түрлері
мен киіктерді
қорғауды жүзеге
асыру

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

185,239

185,239*

185,239*

РБ

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

0,790

0,790
**

0,790
**

ЖБ

8.3

Тұяқты жабайы
жануарлардың
сирек кездесе-
тін және
жойылып бара
жатқан түрлері
мен киіктердің
таралу
аймағында
(табиғатта)
жыртқыштардың
санын реттеу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

14,785

14,78
5*

14,78
5*

РБ

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан,
Атырау,
Ақтөбе,
Қызыл-
орда
облыс-
тары-
ның
әкім-
дері

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

9,972

10,016**

10,063**

ЖБ

8.4

Қасқырлармен
күрес жөніндегі
іс-шаралар

АШМ-не
ақпа-
рат

Батыс
Қазақ-
стан
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

3,000

3,000**

3,000**

ЖБ

8.5

Тұяқты жабайы
жануарлардың
сирек
кездесетін және
жойылып бара
жатқан түрлері
мен киіктер
жөнінде ғылыми
зерттеулер
жүргізу

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

-

5,000
*

5,500*

РБ

8.6

Бұқар бұғысын
жасанды жолмен
көбейту жөнінде
іс-шаралар
жүргізу

АШМ-не
ақпа-
рат

Оңтүс-
тік
Қазақ-
стан
облы-
сының
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

2,815

3,100
**

3,440
**

ЖБ

8.7

Тұяқты жабайы
жануарлардың
сирек кездесе-
тін және
жойылып бара
жатқан түрлері
мен киіктерді
қорғау, өсімін
молайту және
ұтымды пайдала-
ну мәселелері
бойынша олардың
таралу аймағын-
да көршілес
мемлекеттермен
халықаралық
ынтымақтастықты
дамыту

Үкі-
метке
ақпа-
рат

АШМ

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
10
ақ-
паны

Қажет етілмейді


Барлығы

276,227

281,556

282,443



Жануарлар дүниесі бойынша жиыны

1428,287

1632,093

1552,567



Оның ішінде






РБ

1301,490

1329,367

1337,954



ЖБ

119,897

132,726

144,613



Басқа қаржы көздері

50,000

170,000

70,000


9. Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды кеңейту

9.1

Алакөл МТҚ
аумағын кеңейту
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

9.2

Қорғалжын МТҚ
аумағын кеңейту
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

9.3

Қарқаралы МҰТП
аумағын кеңейту
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

9.4

Көкшетау МҰТП
алқабын нақты-
лау жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

9.5

Жергілікті ма-
ңызы бар ерекше
қорғалатын
табиғи аумақ-
тарды күтіп
ұстау

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облысы-ның
әкімі

2009
-2010
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

10,000

10,0
00**

10,0
00**

ЖБ

9.6

Жергілікті
маңызы бар
ерекше қорғала-
тын табиғи
аумақтарының
шекараларын
белгілеу және
бекіту

АШМ-не
ақпа-
рат

Батыс
Қазақ-
стан
облысы-ның
әкімі

2009
-2010
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

7,200

7,300
**

-

ЖБ

9.7

"Бурабай" МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА, ПІБ (келісім бойынша)

2009 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес


Барлығы

17,200

17,300

10,000


10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру

10.1

Тарбағатай МТҚ
құру үшін ЖҒ
және ТЭН
әзірлеу

ЖҒ
және
ТЭН

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2009
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

-

3,00
0*

-

РБ

10.2

Тарбағатай МТҚ
құру жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2010
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

10.3

Жоңғар Алатау
(Жетісу) МҰТП
құру жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2009
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

10.4

"Бұйратау"
МҰТП құру
жөнінде ұсыныс
енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2009
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

10.5

"Ақжайық" МТР
құру жөнінде
ұсыныс енгізу

Үкі-
метке
ұсыныс

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2008
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

Қажет етілмейді

10.6

(Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.30. N 84 Қаулысымен)

10.7

"Алтын-Дала"
МТР құрудың
ЖҒ және ТЭН
әзірлеу

ЖҒ
және
ТЭН

АШМ
(шақы-
ру),
Қоршағанортамині,
ЖРБА

2010
жыл-
дың
4
тоқ-
саны

-

-

1,500

Ха-
лық-
ара-
лық
грант

-

-

0,850
*

РБ

10.8

Жергілікті
маңызы бар
ерекше қорғала-
тын табиғи
аумақтар құру-
дың ЖҒ және
ТЭН әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Ақтөбе
облысы-
ның
әкімі

2009
-2011
жыл-
дар-
дың
20
қаң-
тары

8,000

8,000**

8,000
**

ЖБ

10.9

"Жетісу
бақатісі"
мемлекеттік
зоологиялық
қаумалын құру

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облысы-ның
әкімі

2009
жыл-
дың
20
қаң-
тары

9,000

-

-

ЖБ

10.
10

Жергілікті
маңызы бар
"Қызыл жиде"
табиғи паркін
құрудың ЖҒ және
ТЭН әзірлеу

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облысы-ның
әкімі

2010
жыл-
дың
20
қаң-
тары

-

6,000
**

-

ЖБ

10.
11

Жергілікті
маңызы бар
"Қызыл жиде"
табиғи паркін
құру

АШМ-не
ақпа-
рат

Алматы
облысы-ның
әкімі

2011
жыл-
дың
20
қаң-
тары

Қажет етілмейді

10.12

Астана қаласында республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

БҒМ (жинақтау), АШМ, Астана қ. әкімдігі

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

10.13

"Мерке" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес

10.14

"Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді) құру жөнінде ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА

2010 жылдың 4-тоқсаны

Қажет емес


Барлығы

17,000

19,000

10,350



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бойынша жиыны

34,200

36,300

20,350



Оның ішінде:






РБ

-

5,000

0,850



ЖБ

34,200

31,300

18,000



ХГ

-

-

1,500



Бағдарлама бойынша барлығы

3643,887

4334,
555

4502,086



Оның ішінде:






Республикалық бюджет

2843,590

3252,
517

3420,480



Жергілікті бюджет

750,297

786,105

726,173



Байланыссыз гранттар


-

158,000



Халықаралық гранттар

-

-

1,500



Басқа қаржы көздері

50,000

170,000

70,000



Бағдарлама бойынша жиыны

12437,528


      *- қаржы көлемі Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес әрбір жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде айқындалып отырады;
      **- қаржы көлемі әрбір жылдың жергілікті бюджетін қалыптастыру кезінде айқындалып отырады.

Қысқарған сөздер

      АШМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі;
      ИСМ - Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі;
      ҒБМ - Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі;
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      ТСМ - Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі;
      ККМ - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі;
      ҚМ - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі;
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      ӘМ - Қазақстан Республикасы әділет министрлігі;
      ЖРБА - Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;
      ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы.