Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2007 жылғы 11 қазандағы
N 927 қаулысымен
бекітілген  

Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі 

      1. Тантал шикізаты - танталит, танталдың, калий фторотанталатының гидрототығы.
      2. Бериллий шикізаты - бериллий концентраты.