Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 № 924 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 37, 422-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламада:
"Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі" деген 5-бөлімде:
"Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту" деген 5.3.1-кіші бөлімде:
бірінші абзацта "Алматы облысындағы" деген сөздер "Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "Ақмола облысындағы "Көкшетау" МҰТП кеңейту жөнінде" деген сөздер "Ақмола облысындағы "Бурабай" МҰТП алқаптарын кеңейту жөнінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы "Көкшетау" МҰТП алқабын түзету жөнінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру" деген 5.3.2-кіші бөлімде:
бірінші абзацта "Алматы облысында Жоңғар Алатауы (Жетісу) МҰТП," деген сөздерден кейін "Жамбыл облысында "Мерке" МҰТП және "Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді)," деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Далалық, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында 2010 жылға дейін Атырау облысында "Ақжайық" МТР-ын құру, Қостанай облысында "Алтын дала" МТР-ын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылып отыр.";
"Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаның іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде "ҚОҚМ" деген аббревиатура "Қоршағанортамині" деген қысқарған сөзбен ауыстырылсын;
"Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту" деген 9-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9.7-жолмен толықтырылсын:
"
9.7 |
"Бурабай" МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу |
Үкіметке ұсыныс |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА, ПІБ (келісім бойынша) |
2009 жылдың 4-тоқсаны |
Қажет емес |
";
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру" деген 10-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 10.6-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10.12, 10.13 және 10.14-жолдармен толықтырылсын:
"
10.12 |
Астана қаласында республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныс енгізу |
Үкіметке ұсыныс |
БҒМ (жинақтау), АШМ, Астана қ. әкімдігі |
2010 жылдың 4-тоқсаны |
Қажет емес |
10.13 |
"Мерке" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру жөнінде ұсыныс енгізу |
Үкіметке ұсыныс |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА |
2010 жылдың 4-тоқсаны |
Қажет емес |
10.14 |
"Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді) құру жөнінде ұсыныс енгізу |
Үкіметке ұсыныс |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА |
2010 жылдың 4-тоқсаны |
Қажет емес |
";
ескерту: мынадай мазмұндағы аббревиатурамен толықтырылсын:
"ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы";
2) "2008 - 2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 39, 450-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "2008 - 2010 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асыру тетіктері және негізгі бағыттары" деген 5-бөлімнің "Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру" деген 5.2.4-кіші бөлімде:
он екінші абзацта "басталды" деген сөз "жоспарланып отыр" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов