Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесiн дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 990 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 8, 71-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiнде:
      10-тармақтың үшiншi абзацы 5) тармақшадағы "трафигiн" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) IР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі