Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1262 Қаулысы

Жаңартылған

      Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
      2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2005 жылғы 21 желтоқсандағы  
N 1262 қаулысымен      
бекітілген      

  Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Қоғамдық бірлестіктер

туралы ", " Коммерциялық емес ұйымдар туралы " заңдарын, өзге де
нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары

      3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
      мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
      үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
      азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
      үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
      үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
      мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді.

      5. Үйлестіру кеңесінің:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға;
      үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

      6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.

      7. Төраға:
      Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;
      Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді.
      Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.

      9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып саналады.

      10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі болып саналады.

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                        2005 жылғы 21 желтоқсандағы
                                              N 1262 қаулысымен
                                                 бекітілген

     Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес
     ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің
                             құрамы

 

                Үйлестіру кеңесінің мүшелері:

Ертiсбаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы     және ақпарат министрi, төраға

Бабақұмаров            - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы          және ақпарат вице-министрi, төрағаның
                         орынбасары

Қырықбаев              - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Арман Оразбайұлы         ақпарат министрлiгi Қоғамдық саяси
                         жұмыс және жұртшылықпен байланыс
                         департаментiнiң директоры, хатшы

Ақанов                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Айқан Ақанұлы            сақтау вице-министрi

Әбдiмомынов            - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы      ғылым вице-министрi

Баталов                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы           және сауда вице-министрi

Сәрсембаев             - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Зейнолла Сәкенұлы        ортаны қорғау вице-министрi

Мусина                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы          шаруашылығы вице-министрi

Нұғманов               - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Пикұлы             вице-министрi

Смайылов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асанұлы           вице-министрi

Yмбетәлиев             - Қазақстан Республикасының Еңбек
Мәди Тоқтарұлы           және халықты әлеуметтiк қорғау
                         вице-министрi

Құрманғалиева          - Қазақстан Республикасы Экономика
Аида Дәденқызы           және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                         Әлеуметтiк сала шығыстарын жоспарлау
                         департаментiнiң директоры

Қуанғанов              - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы       Премьер-Министрінің Кеңсесі
                         Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің
                         меңгерушісі

Ысқақова               - Қазақстан Республикасының 
Саида Қуанқызы           Президенті жанындағы Отбасы және
                         әйелдер ісі жөніндегі ұлттық
                         комиссия хатшылығының меңгерушісі

Калюжный               - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық 
Вячеслав Афанасьевич     орталық басшысы (келісім бойынша)

Ақпенова               - Қазақстан телерадио хабарларын
Раушан Төлеқызы          таратушылар қауымдастығының
                         директоры (келісім бойынша)

Ахметов                - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері
Серік Нығметұлы          мен жұмыс берушілері жалпыұлттық
                         одағының атқарушы директоры
                         (келісім бойынша)

Байсақова              - Қазақстан дағдарыс орталықтары
Зульфия                  одағының директоры (келісім бойынша)
Мұхамедбековна

Гуляев                 - "Десента" қоғамдық қорының бас
Сергей Николаевич        директоры (Үкіметтік емес ұйымдарды
                         дамыту және қолдау орталығы)
                         (келісім бойынша)

Қожахмет               - Қазақстан жастар конгресінің
Мадияр Дүйсенбайұлы      атқарушы директоры (келісім бойынша)

Сиврюкова              - Қазақстан Азаматтық Альянсының
Валентина Андреевна      президенті (келісім бойынша)

Соловьева              - Қазақстан кәсіпкер әйелдер
Айгүл Сағадыбекқызы      одағының төрағасы (келісім бойынша)
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27.   588  қаулысымен.