Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңдарын, өзге де
нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді.
5. Үйлестіру кеңесінің:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға;
үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
7. Төраға:
Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;
Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді.
Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.
9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі болып саналады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 N 1113 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.27
N 588, 2007.07.17 N 603, 2008.06.11 N 577, 2008.06.20 N 597, 2008.12.31. N 1338, 2009.11.13 N 1834, 2010.10.26 N 1113 Қаулыларымен.
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі, төраға
Төлебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Нұрғазиева - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бану Ғаниқызы министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс
департаменті директоры, хатшы
Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
Дүйсенова - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
жауапты хатшысы
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы сақтау вице-министрі
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы вице-министрі
Тұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы қорғау вице-министрі
Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
экономикалық бөлімінің меңгерушісі
Нәубетова - Қазақстан Республикасының Президенті
Рашида Аронқызы жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссия хатшылығының консультанты
Калюжный - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Вячеслав Афанасьевич орталық басшысы (келісім бойынша)
Әбдікәрімов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Сержан Оралбайұлы министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі
елшісі - Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымы
департаментінің директоры
Ақпенова - "Қазақстан телерадио хабарларын
Раушан Төлеқызы таратушылар қауымдастығы" қоғамдық
бірлестігінің директоры (келісім бойынша)
Байсақова - "Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы"
Зүлфия заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма
Мұхамедбекқызы төрайымы (келісім бойынша)
Гуляев - "Десента" қоғамдық қорының бас
Сергей Николаевич директоры (Үкіметтік емес ұйымдарды
дамыту және қолдау орталығы)
(келісім бойынша)
Перуашев - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Соловьева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айгүл Сағадибекқызы Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Азаматтық
альянсінің президенті (келісім бойынша)
Сыдықов - "Қазақстан жастар конгресі" заңды
Нұрлан Ерболатұлы тұлғалар бірлестігінің атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Цеховой - "Халықаралық ақпараттандыру академиясы"
Алексей Филиппович қоғамдық бірлестігінің бас директоры
(келісім бойынша)