Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңдарын, өзге де
нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді.
5. Үйлестіру кеңесінің:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға;
үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
7. Төраға:
Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;
Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді.
Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.
9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.17 N 85 Қаулысымен.
10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.03 N 569 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.03 N 569 Қаулысымен.
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы және ақпарат министрі, төраға
Соловьева - Қазақстан Республикасы
Айгүл Сағадибекқызы Парламенті Мәжілісінің депутаты,
"Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды
тұлғалар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің
төрайымы, төрағаның орынбасары (келісім
бойынша
Нұрғазиева - Қазақстан Республикасы
Бану Ғаниқызы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің
директоры, хатшы
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы Қаржы министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Білім және ғылым министрі
Қазыханов - Қазақстан Республикасының
Ержан Хозеұлы Сыртқы істер министрі
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының
Салидат Зекенқызы Денсаулық сақтау министрі
Қаппаров - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Жамбылұлы Қоршаған ортаны қорғау министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының
Асылжан Сарыбайұлы Ауыл шаруашылығы министрі
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Әбдірұлы Экономикалық даму және сауда министрі
Ермегияев - Қазақстан Республикасы Спорт
Талғат Амангелдіұлы және дене шынықтыру істері агенттігінің
төрағасы
Лама Шариф - Қазақстан Республикасы Дін
Қайрат Қайырбекұлы істері агенттігінің төрағасы
Тыныбеков - Қазақстан Республикасы Ішкі
Қайрат Сағатханұлы істер министрінің орынбасары
Котенко - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің
меңгерушісі
Нәубетова - Қазақстан Республикасының Президенті
Рашида Аронқызы жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссиясы хатшылығының
меңгерушісі
Калюжный - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Вячеслав Афанасьевич орталықтың басшысы (келісім бойынша)
Ахметова - "Әріптес" үкіметтік емес ұйымдарының
Ләйлә Сейсембекқызы Алматы конфедерациясы" заңды тұлғалар
бірлестігінің президенті (келісім
бойынша)
Бабамұратов - "Жастар үні" жастар қоғамдық
Дәурен Әбутәліпұлы бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Байсақова - "Қазақстан дағдарыс одағыңың орталығы"
Зулфия Мұхамедбекқызы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма
төрайымы (келісім бойынша)
Башимов - "Еуропа құқығы мен адам құқығы институты"
Марат Советұлы жеке меншік мекемесінің директоры
(келісім бойынша)
Көшім - "Демократияны тарату орталығы" қоғамдық
Досмұхамбет Қалмаханұлы бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Құсманғалиева - "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық
Жанаргүл Жанысбекқызы партиясының парламентаризм институты
директорының бірінші орынбасары (келісім
бойынша)
Мырзахметов - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім
бойынша)
Оразалин - "Қазақстан жазушылар одағы" республикалық
Нұрлан Мырқасымұлы қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім
бойынша)
Сабиров - "Қазақстанның Интернет Қауымдастығы"
Шафкат Умарович заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
(келісім бойынша)
Сыдықов - "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық
Нұрлан Ерболатұлы партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар
қанаты" республикалық қоғамдық
бірлестігінің атқарушы хатшылығының
басшысы (келісім бойынша)
Сыздықов - "Прометей" қоғамдық қорының
Олжас Тұрғынұлы төрағасы (келісім бойынша)
Цеховой - "Халықаралық ақпараттандыру академиясы"
Алексей Филиппович қоғамдық бірлестігінің бас директоры
(келісім бойынша)
Шәуеев - "Мемлекеттік тілді дамыту қоры"
Азат Садметұлы корпоративтік қорының төрағасы (келісім
бойынша)