Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңдарын, өзге де
нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді.
5. Үйлестіру кеңесінің:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға;
үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
7. Төраға:
Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;
Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді.
Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.
9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2012 N 85 Қаулысымен.
10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.05.2012 N 569 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 N 189 қаулысымен.
Әбдіқалықова |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Құл-Мұхаммед |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
Омаров |
- |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы |
Қайырбекова |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Ыдырысов |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қарабалин |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
Сәрінжіпов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Қаппаров |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі |
Мамытбеков |
- |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Дүйсенова |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Әзілханов |
- |
Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің төрағасы |
Есентаев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Әзімова |
- |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Тұрғымбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Тұрлыбекқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша) |
Ерімбетов |
- |
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Калюжный |
- |
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша) |
Назханов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша) |
Сабиров |
- |
«Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Сәрсембаева |
- |
«Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Шәуеев |
- |
«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының төрағасы (келісім бойынша) |
Сыдықов |
- |
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшылығының басшысы (келісім бойынша) |
Дүйшенов |
- |
«Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |