Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң (бұдан әрі - бағалар мониторингі) қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.01.28 N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.12.24 N 1234, 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкалары белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3-1. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;
      2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.
      Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3-2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.21 N 480 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен..
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасының
                                                Үкіметінің
                                        2005 жылғы 15 қарашадағы
                                             N 1036 қаулысына
                                                   қосымша
Мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету
бажы ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.04.08
N 489 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді
- ҚР Үкіметінің 2009.08.06 N 1204, 2010.01.29 № 35 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.12.07 N 1317 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.12.30 N 1445 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші

Тауардың қысқаша атауы*

Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)

2709 00 900 3,
2709 00 900 7

Шикі мұнай

40

2710 11 110 0 -
2710 11 900 9

Жеңіл дистилляттар және өнімдер

98,13

2710 19 110 0 -
2710 19 290 0

Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін

2710 19 410 0 -
2710 19 490 0**

Ауыр дистилляттар: газойлдар

2710 19 510 1,
2710 19 510 9*** -
2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

2710 19 610 1 -
2710 19 690 9****

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

65,42

2713 20 000 0 -
2713 90 900 0

Мұнай битумы

65,42

2710 19 310 0 -
2710 19 350 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

65,42

      * әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
      ** жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінен басқа. 
      *** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
      **** жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 15 қазандағы  
N 1036 қаулысымен    
бекітілген       

Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.12.24. N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      1. Осы Мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
      3. Кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар ай сайынғы мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.28. N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден әкету баждарының бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда, сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк әкету бажы ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
      Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:

      КБС=Кх(Б-138,6),

      мұнда КӘБС - кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерi;
      К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы;
      Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.24. N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Қаулысымен.

                                       Мұнайдан жасалған тауарларға
                                    кедендік әкету бажы ставкаларын
                                      eceптеу ережесiне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан қараңыз), 2008.11.20 N 1074, 2008.12.24 N 1253
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.12.07 N 1317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

             Мұнайдан әзiрленген тауарлардың тiзбесi

СЭҚ ТН бойынша
тауардың жiктеуішi

Тауардың қысқаша атауы*

2710 11 110 0 -
2710 11 900 9 

Жеңiл дистилляттар және өнiмдер

2710 19 110 0 -
2710 19 290 0

Орташа дистилляттар: қайта
өңдеудiң ерекше процестерi үшiн;
2710 19 110 0 кiшi қосалқы
позицияда көрсетiлгендерден
басқа, процестердегi химиялық
түрлендiрулер үшiн; өзге де
мақсаттар үшiн

2710 19 310 0 -
2710 19 490 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

2710 19 510 1,
2710 19 510 9** -
2710 19 690 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

2713 20 000 0 -
2713 90 900 0

Мұнай битумы

      * әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін
тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары
пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
      ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.

                                       Мұнайдан жасалған тауарларға
                                     кедендік әкету бажы ставкаларын
                                      eceптеу ережесiне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2008.01.28 N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен
бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан
қараңыз), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан
қараңыз), 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.
қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.
қараңыз) Қаулыларымен.

        200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған
               бағалар мониторингiнiң нәтижелерi

Күні

URALS
(MED)
($/баррель)

C ю
(URALS
(MED)
орташа
мәнi)

BRENT
(DTD)
($/баррель)

C б
BRENT
(DTD)
орташа
мәнi)

C
BRENT
(DTD)
(URALS
(MED)
орташа
мәнi)


min

max

min

max









        Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
      URALS (MED) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең төменгi нарықтық бағасы;
      URALS (MED) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
      BRENT(DTD) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең
төменгi нарықтық бағасы;
      BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)"
ең жоғары нарықтық бағасы;

С = (С ю + С б )/2=____АҚШ доллары,

      мұнда,
      С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      С ю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық
бағасы;
      С б - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.

Ц = (С+С 1 +...+ С n )/n х 7,5=____АҚШ доллары,

      мұнда,
      Ц - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
      Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
      7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
      Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн____АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн____АҚШ долларын құрады.

                                       Мұнайдан жасалған тауарларға
                                     кедендік әкету бажы ставкаларын
                                      eceптеу ережесiне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан қараңыз), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.12.24. N 1253 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.07.13 N 709 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.12.07 N 1317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

СЭҚ ТН бойынша
тауардың жiктеуішi

Түзету
коэффициенті

К

2710 11 110 0 -
2710 11 900 9

   1,2

   0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225

2710 19 110 0 -
2710 19 290 0

2710 19 410 0 -
2710 19 490 0

2710 19 510 1,
2710 19 510 9* -
2710 19 690 9

2710 19 610 1 -
2710 19 690 9

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15

2710 19 310 0 -
2710 19 350 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 =
0,15

2713 20 000 0 -
2713 90 900 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

      * ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа

                                          Қазақстан Республикасының
                                             кедендік аумағынан
                                          әкетілетін шикі мұнай мен
                                             мұнайдан жасалған
                                          тауарларға кедендік баж
                                       ставкаларын есептеу ережесіне
                                                  4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.24 N 1253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.