Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.
N 5
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкалары белгiленсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.
N 5
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 15 қазандағы
N 1036 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк
баж ставкаларын есептеу ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбiр күнтiзбелiк айда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады.
4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды.
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
7. Кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi;
К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы;
Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06.
N 5
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетілетiн
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
eceптеу ережесiне 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Мұнайдан әзiрленген тауарлардың тiзбесi
СЭҚ ТН бойынша
|
Тауардың қысқаша атауы* |
2710 11 110 0-
|
Жеңiл дистилляттар және өнiмдер |
2710 19 110 0-
|
Орташа дистилляттар: қайта
|
2710 19 310 0-
|
Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**-
|
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін
тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары
пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетілетiн
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік банк ставкаларын
eceптеу ережесiне 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған
бағалар мониторингiнiң нәтижелерi
Күні |
URALS
|
C
ю
|
BRENT
|
C
б
|
C
|
||
|
min |
max |
min |
max |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
URALS (MED) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең төменгi нарықтық бағасы;
URALS (MED) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең
төменгi нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (С ю + С б )/2=____АҚШ доллары,
мұнда,
С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
С
ю
- биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық
бағасы;
С
б
- биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С 1 +...+ С n )/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда,
Ц - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн____АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн____АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетілетiн
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік банк ставкаларын
eceптеу ережесiне 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
СЭҚ ТН бойынша
|
Түзету
|
К |
2710 11 110 0-
|
1,2 |
0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225 |
2710 19 110 0-
|
||
2710 19 310 0-
|
||
2710 19 510 0*-
|
||
2710 19 610 0-
|
0,8 |
0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15 |
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2005 жылғы 15 қарашадағы
N 1036 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.07.07. N 642 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.15. N 114 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
СЭҚ ТН бойынша
|
Тауардың қысқаша атауы* |
Баж ставкасы (1000 кг үшін доллар-
|
2710 11 110 0-
|
Жеңiл дистилляттар және өнiмдер |
83,3
|
2710 19 110 0-
|
Орташа дистилляттар: қайта
|
|
2710 19 310 0-
|
Ауыр дистилляттар: газойлдар |
|
2710 19 510 0**-
|
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
|
2710 19 610 0-
|
Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
55,5 |
* әкету кедендiк бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн
тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары
пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
*** СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңiнде.
**** жыл сайын 15 сәуiр - 15 тамыз кезеңiнен басқа.