Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.01.28 N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетiн, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкалары белгiленсiн.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06  N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден босату көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3-2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.21 N 480 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасының
                                               Үкіметінің
                                        2005 жылғы 15 қарашадағы
                                            N 1036 қаулысына
                                                   қосымша

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2006.07.07 N 642 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған
күнiнен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2007.02.15 N 114 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз
күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2008.01.28 N 75
(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.04.08 N 328 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.08.29 N 805 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.11.20. N 1074 ,
2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін,
    шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік
                       баж ставкалары

СЭҚ ТН бойынша
тауардың жiктеуішi

Тауардың қысқаша атауы*

Баж ставкасы (1000 кг үшін доллар-
мен)

2709 00 900 0

Шикі мұнай

139,7957,31*****

2710 11 110 0-
2710 11 900 0

Жеңiл дистилляттар және өнiмдер

   143,24

2710 19 110 0-
2710 19 290 0

Орташа дистилляттар: қайта
өңдеудiң ерекше процестерi үшiн;
2710 19 110 0 кiшi қосалқы
позицияда көрсетiлгендерден
басқа, процестердегi химиялық
түрлендiрулер үшiн; өзге де
мақсаттар үшiн

2710 19 410 0-
2710 19 490 0***

Ауыр дистилляттар: газойлдар

2710 19 510 0**-
2710 19 550 0

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

2710 19 610 0-
2710 19 690 0****

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

  95,49

2713 20 000 0-
2713 90 900 0

Мұнай битумы

95,49

2710 19 310 0-
2710 19 350 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

95,49

      * әкету кедендiк бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн
тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары
пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
      ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
      *** СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңiнде.
      **** жыл сайын 15 сәуiр - 15 тамыз кезеңiнен басқа.
      ***** - экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына ренталық салық төлеушілер үшін.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 15 қазандағы  
N 1036 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін шикі
мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк
баж ставкаларын есептеу ережесi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
      3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар ай сайынғы мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.01.28. N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден баждарының бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда, сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
      Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:

      КБС=Кх(Б-138,6),

      мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi;
      К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы;
      Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      8. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының бағалар мониторингі кезеңі ішінде әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкалары 1 тонна үшін 138,6 доллардан астам қалыптасқан кезде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.
      Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.08  N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

                                       Қазақстан Республикасының
                                     кедендiк аумағынан әкетілетiн
                                        шикі мұнай мен мұнайдан
                                          жасалған тауарларға
                                        кедендік баж ставкаларын
                                      eceптеу ережесiне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан қараңыз), 2008.11.20. N 1074 Қаулыларымен.

             Мұнайдан әзiрленген тауарлардың тiзбесi

СЭҚ ТН бойынша
тауардың жiктеуішi

Тауардың қысқаша атауы*

2710 11 110 0-
2710 11 900 0

Жеңiл дистилляттар және өнiмдер

2710 19 110 0-
2710 19 290 0

Орташа дистилляттар: қайта
өңдеудiң ерекше процестерi үшiн;
2710 19 110 0 кiшi қосалқы
позицияда көрсетiлгендерден
басқа, процестердегi химиялық
түрлендiрулер үшiн; өзге де
мақсаттар үшiн

2710 19 310 0-
2710 19 490 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

2710 19 510 0**-
2710 19 690 0

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

2713 20 000 0-
2713 90 900 0

Мұнай битумы

      * әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін
тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары
пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
      ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.

                                       Қазақстан Республикасының
                                     кедендiк аумағынан әкетілетiн
                                        шикі мұнай мен мұнайдан
                                          жасалған тауарларға
                                        кедендік баж ставкаларын
                                      eceптеу ережесiне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2008.01.28. N 75 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен
бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан
қараңыз), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.

        200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған
               бағалар мониторингiнiң нәтижелерi

Күні

URALS
(MED)
($/баррель)

C ю
(URALS
(MED)
орташа
мәнi)

BRENT
(DTD)
($/баррель)

C б
BRENT
(DTD)
орташа
мәнi)

C
BRENT
(DTD)
(URALS
(MED)
орташа
мәнi)


min

max

min

max









        Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
      URALS (MED) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең төменгi нарықтық бағасы;
      URALS (MED) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
      BRENT(DTD) "min" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең
төменгi нарықтық бағасы;
      BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)"
ең жоғары нарықтық бағасы;

С = (С ю + С б )/2=____АҚШ доллары,

      мұнда,
      С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      С ю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық
бағасы;
      С б - биржадағы бiр күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгi және
ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.

Ц = (С+С 1 +...+ С n )/n х 7,5=____АҚШ доллары,

      мұнда,
      Ц - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
      Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
      7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
      Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн____АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн____АҚШ долларын құрады.

                                       Қазақстан Республикасының
                                     кедендiк аумағынан әкетілетiн
                                        шикі мұнай мен мұнайдан
                                          жасалған тауарларға
                                        кедендік баж ставкаларын
                                      eceптеу ережесiне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.01.06
N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту
енгізілді - 2008.04.08 N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан қараңыз), 2008.12.05 N 1162 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

СЭҚ ТН бойынша
тауардың жiктеуішi

Түзету
коэффициенті

К

2710 11 110 0-
2710 11 900 0

   1,2

   0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225

2710 19 110 0-
2710 19 290 0

2710 19 410 0-
2710 19 490 0

2710 19 510 0*-
2710 19 550 0

2710 19 610 0-
2710 19 690 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15

2710 19 310 0-
2710 19 350 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 =
0,15

      * ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа

                                          Қазақстан Республикасының
                                             кедендік аумағынан
                                          әкетілетін шикі мұнай мен
                                             мұнайдан жасалған
                                          тауарларға кедендік баж
                                       ставкаларын есептеу ережесіне
                                                  4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.08
N 328 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       Әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж
              ставкаларын есептеу формуласы

Шикі мұнайға арналған
орташа нарықтық баға,
тоннасына доллармен

Кедендік баж ставкасын
есептеу формуласы

138,6-дан 438 дейін (қоса
алғанда)

Қалыптасқан әлемдік баға мен
138,6 арасындағы айырмадан
5,0%

438-ден 547,5 дейін (қоса
алғанда)

Қалыптасқан әлемдік баға мен
438 арасындағы айырмадан
14,97 АҚШ доллары +22,83%

547,5-тен 657 дейін (қоса
алғанда)

Қалыптасқан әлемдік баға мен
547,5 арасындағы айырмадан
39,97 АҚШ доллары +38,21%

657-ден 766,5 дейін (қоса
алғанда)

Қалыптасқан әлемдік баға мен
657 арасындағы айырмадан
81,81 АҚШ доллары +48,48%

766,5-тен 876 дейін (қоса
алғанда)

Қалыптасқан әлемдік баға мен
766,5 арасындағы айырмадан
134,90 АҚШ доллары +55,82%

876 астам

Қалыптасқан әлемдік баға мен
876 арасындағы айырмадан
196,03 АҚШ доллары +61,34%