Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi:
шикi мұнайға орташа бағаны айқындау мақсатында мұнай шикiзатының әлемдік нарығындағы бағалардың ай сайынғы мониторингін жүзеге асырсын;
ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын eceптеу ережесiне 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін;
мониторинг нәтижелерін ресми баспа басылымдарында жариялауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу epeжeciнің 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 15 қазандағы
N 1036 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк
баж ставкаларын есептеу ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбiр күнтiзбелiк айда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады.
4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi шешімінің жобасын дайындайды.
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
7. Кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi;
К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 90%-ы;
Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетілетiн
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
eceптеу ережесiне 1-қосымша
Мұнайдан жасалған тауарлардың тізбесi
СЭҚ ТН коды |
Позицияның атауы |
Қосымша
|
|
Шикі мұнайдан басқа, битуминоздық жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдерi; басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген, құрамында 70 мас.% немесе одан да көп мұнай немесе мұнай өнiмдері бар, битуминоздық жыныстардан алынған өнiмдер, оның үстіне бұл мұнай өнімдерi өнiмдердің негiзгі құрауышы болып табылады; жұмсалған мұнай өнімдері: |
|
|
- шикi мұнайдан басқа, битуминоздық жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнiмдері және басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген, құрамында 70 мас.% немесе одан да көп мұнай немесе мұнай өнiмдерi бар, битуминоздық жыныстардан алынған өнімдер, оның үстіне, жұмсалған мұнай өнiмдерiн қоспағанда, олар өнiмдердiң негiзгi құрауышы болып табылады: |
|
2710 11 |
-- жеңiл дистилляттар және өнімдер: |
|
2710 11 110 0 |
--- қайта өңдеудiң ерекше процестеріне арналған |
- |
2710 11 150 0 |
--- 2710 11 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегi химиялық өзгерістерге арналған |
- |
|
--- өзге де мақсаттар үшін: |
|
|
---- арнайы бензиндер: |
|
2710 11 210 0 |
----- уайт-спирит |
- |
2710 11 250 0 |
----- өзгелері |
- |
|
---- өзгелері: |
|
|
----- мотор бензиндерi: |
|
2710 11 310 0 |
------ авиациялық бензиндер |
- |
|
------ өзгелерi, құрамында қорғасын бар: |
|
|
------- 0,013 г/л аспайтын: |
|
2710 11 410 0 |
-------- 95 аз октандық саны бар |
1000 л |
2710 11 450 0 |
-------- 95 немесе одан көп октандық саны бар, бірақ 98 аспайтын |
1000 л |
2710 11 490 0 |
-------- 98 немесе одан көп октандық саны бар |
1000 л |
|
------- 0,013 г/л астам: |
|
2710 11 510 0 |
-------- 98 аспайтын октандық саны бар |
1000 л |
2710 11 590 0 |
-------- 98 немесе одан көп октандық саны бар |
1000 л |
2710 11 700 0 |
----- реактивтiк бензиндiк отын |
- |
2710 11 900 0 |
----- өзге де жеңiл дистилляттар |
- |
2710 19 |
-- өзгелерi: |
|
|
--- орташа дистилляттар: |
|
2710 19 110 0 |
---- қайта өңдеудiң ерекше процестеріне арналған |
- |
2710 19 150 0 |
---- 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа процестерде химиялық өзгерістерге арналған |
- |
|
---- өзге де мақсаттар үшін: |
|
|
----- керосин: |
|
2710 19 210 0 |
----- реактивтiк отын |
- |
2710 19 250 0 |
------ өзгелерi |
- |
2710 19 290 0 |
----- өзгелерi |
- |
|
--- ауыр дистилляттар: |
|
|
---- газойлдар: |
|
2710 19 310 0 |
----- қайта өңдеудiң ерекше процестеріне арналған |
- |
2710 19 350 0 |
----- 2710 19 310 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа процестерде химиялық өзгерістерге арналған |
- |
|
----- өзге де мақсаттар үшін: |
|
2710 19 410 0 |
------ құрамында 0,05 мас.% аспайтын күкірті бар |
- |
2710 19 450 0 |
------ құрамында 0,05 мас.% астам, бірақ 0,2 мас.% аспайтын күкірті бар |
- |
2710 19 490 0 |
------ құрамында 0,02 мас.% астам күкірті бар |
- |
|
---- сұйық отындар: |
|
2710 19 510 0 |
----- қайта өңдеудiң ерекше процестеріне арналған |
- |
2710 19 550 0 |
----- 2710 19 510 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа процестерде химиялық өзгерістерге арналған |
- |
|
----- өзге де мақсаттар үшін: |
|
2710 19 610 0 |
------ құрамында 1 мас.% аспайтын күкірті бар |
- |
2710 19 630 0 |
------ құрамында 1 мас.% астам, бірақ 2 мас.% аспайтын күкірті бар |
- |
2710 19 650 0 |
------ құрамында 2 мас.% астам, бірақ 2,8 мас.% аспайтын күкірті бар |
- |
2710 19 690 0 |
------ құрамында 2,8 мас.% астам күкірті бар |
- |
2711 |
Мұнай газдары және өзге де газ тәрізді көмірсутектер: |
|
|
- сұйытылған: |
|
2711 11 000 0 |
-- табиғи газ |
м 3 |
2711 12 |
-- пропан: |
|
|
---тазалығы 99% кем емес пропан: |
|
2711 12 110 0 |
---- отын ретінде пайдалануға арналған |
- |
2711 12 190 0 |
---- өзге де мақсаттар үшін |
- |
|
--- өзгелері: |
|
2711 12 910 0 |
---- қайта өңдеудiң ерекше процестеріне арналған |
- |
2711 12 930 0 |
- 2711 12 910 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа процестерде химиялық өзгерістерге арналған |
- |
|
---- өзге де мақсаттар үшін: |
|
2711 12 940 0 |
----- тазалығы 90 % астам, бірақ 99 % кем |
- |
2711 12 970 0 |
----- өзгелері |
- |
2711 13 |
-- бутандар: |
|
2711 13 100 0 |
--- қайта өңдеудiң ерекше процестеріне арналған |
- |
2711 13 300 0 |
- 2711 13 100 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа процестерде химиялық өзгерістерге арналған |
- |
|
--- өзге де мақсаттар үшін: |
|
2711 13 910 0 |
---- тазалығы 90 % астам, бірақ 95 % кем |
- |
2711 13 970 0 |
---- өзгелері |
- |
2711 19 000 0 |
-- өзгелері |
- |
|
- газ түріндегі күйдегі: |
|
2711 21 000 0 |
-- табиғи газ |
м 3 |
2711 29 000 0 |
-- өзгелері |
- |
2713 |
Битуминоздық жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнiмдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар: |
|
|
- мұнай коксы: |
|
2713 11 000 0 |
-- күйдірілмеген |
- |
2713 12 000 0 |
-- күйдірілген |
- |
2713 20 000 0 |
- мұнай битумы |
- |
2713 90 |
- битуминоздық жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнiмдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар: |
|
2713 90 100 0 |
-- 2803 тауар позициясының өнімдерін алуға арналған |
- |
2713 90 900 0 |
-- өзгелері |
- |
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетілетiн
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік банк ставкаларын
eceптеу ережесiне 2-қосымша
200__ жылғы ________ және ________ айындағы
мұнайға арналған бағалар мониторингiнiң нәтижелерi
Айы-күні |
С ж.ю.1 |
С а.б.1 |
С ж.ю.2 |
С а.б.2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
С
ж.ю.1
- биржаның ашылған сәтiне Жерорта теңiзi Юралсының баға кесiмi
С
ж.ю.2
- биржаның жабылған сәтiне Жерорта теңiзi Юралсының баға кесiмi
С
а.б.1
- биржаның ашылған сәтiне Айы-күнi қойылған Бренттiң баға кесiмi
С
а.б.2
- биржаның жабылған сәтiне Айы-күнi қойылған Бренттiң баға кесiмi
Р=(C 1 +С 2 )/2=__________,
мұндағы Р - өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
C
1
- биржаның ашылған сәтінен өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
С
2
- биржаның жабылған сәтінен өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
C
1
=(C
ж.ю.1
+С
а.б.1
)/2=__________;
C
2
=(C
ж.ю.2
+С
а.б.2
)/2=__________;
S=(Р+Р
1
+....+Р
n
)/n=__________;
мұндағы S - салық кезеңіндегі өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы;
Р
n
- салық кезеңі ішінде мұндай баға кесу жарияланған күндерде өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - салық кезеңі ішінде мұндай баға кесу жарияланған күндер саны.
Мониторинг кезеңінде 1 (бір) баррель мұнайға орташа нарықтық баға ____ АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін ____ АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетілетiн
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік банк ставкаларын
eceптеу ережесiне 3-қосымша
СЭҚ TН коды |
Түзету коэффициенті |
К |
2710 11,
|
1,2 |
0,9х(0,35+0,4)/2х1,2=0,405 |
2710 19 610 0 - 2710 19 690 0 |
0,8 |
0,9х(0,35+0,4)/2х0,8=0,27 |
2711, 2713 |
1 |
0,9х(0,35+0,4)/2х1=0,337 |