Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже;
      2) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30. N 1158 Қаулысымен).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.08.02.  N 730 қаулысымен.

      2. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30. N 1158 Қаулысымен).

      3. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30. N 1158 Қаулысымен).

      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) қайта аталған мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметінің   
2005 жылғы 14 қаңтардағы       
N 14 қаулысымен             
бекiтiлген                

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.30.  N 1158 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, жер ресурстарын басқару, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын, заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Агенттіктің заңды тұлғалар болып табылатын өңіраралық жер инспекциялары болады.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына , Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Агенттіктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, 35-көше, 8-үй, 12-кіреберіс.

      9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары

      14. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
      2) жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) Агенттікке өз құзыреті шегінде жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту және оны жетілдіру;
      2) өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
      3) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
      4) жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
      5) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын
республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау ;
      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту ;
      8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысанын белгілеу; P060511
      9) жердің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру ;
      10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер теңгерімінің деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер теңгерімін жасау;
      11) өз құзыретіне кіретін жерді беру және алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      12) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген Каспий теңізі түбінің қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарттық аумақтан тыс мұнай-газ құбырын салуға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, жер қойнауын пайдалану жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы және сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсаттар беру;
      13) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге нормативтік құқықтық актілер мен техникалық талаптарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
      14) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірулердің деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелерді бекіту;
      16) ведомстволық (салалық) картографиялық-геодезиялық қорларда құжаттарды қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережелерін келісу;
      17) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын үшінші адамдарға беруге және олардың көшірмелерін жасауға (ауыстыруға) рұқсаттар беру;
      18) геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға рұқсаттар беру;
      19) әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу;
      20) мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
      21) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастыру және жүргізу;
      22) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
      24) геодезиялық, картографиялық және топографиялық өнімдерді міндетті сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      25) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
      26) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау ;
      27) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
      28) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      29) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      30) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      31) өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерін алып қою туралы сот органдарына талап-арыз дайындау;
      32) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру;
      33) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің нормативтік құқықтық актілерді және геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау;
      34) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібін анықталған бұзушылықтарды жоюды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстар немесе аэроғарыштық түсірулер жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді шоғырландыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және іске асыруды талап ету;
      35) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
      36) геодезиялық пункттерді есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді бақылау ;
      37) топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау мен есепке алу;
      38) аэротүсірілімдік, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тіркеу , есепке алу және оларды жүргізуге рұқсаттар беру;
      39) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құралдарға метрологиялық бақылау және қадағалау жүргізу;
      40) суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыру жөніндегі материалдарды келісу;
      41) жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
      42) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерін қайтару мерзімін белгілеу;
      43) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру;
      44) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының және жергілікті жерлерде әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының дұрыс көрсетілуін және олардың картографиялық материалдарда көрсетілуін бақылау;
      45) геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелерін әзірлеу ;
      46) су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келісу;
      47) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келісу;
      48) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздерді келісу;
      49) жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үсті суларын, орман және өзге де өсімдік әлемінің ресурстарын, жануарлар дүниесінің ресурстарын пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды келісу;
      50) суару және құрғату жүйелерін, қалпына келтірілген жерлерді, қорғаныштық орман екпелерін, эрозияға қарсы гидротехникалық құрылғыларды және жердің құнарлылығын арттыру және қорғау мақсатында құрылатын басқа да объектілерді мемлекеттік қабылдауға қатысу;
      51) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
      52) геодезияны және картографияны дамытудың салалық бағдарламасын әзірлеу.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

      16. Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін төраға Агенттікке басшылықты жүзеге асырады.

      17. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттік төрағасының ұсынымы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.

      18. Агенттік төрағасы:
      1) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама қояды;
      3) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      19. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттік төрағасының от ставкасы жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.

      21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттік төрағасына есеп береді.

      22. Агенттіктің жауапты хатшысы:
      1) Агенттік төрағасы қалыптастыратын жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Агенттіктің аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің, сондай-ақ өңіраралық жер инспекцияларының құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның өңіраралық жер инспекциялары туралы ережелерді бекітеді;
      6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармалары басшыларын, өңіраралық инспекциялардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      11) төрағамен келісім бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіп жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      12) Агенттіктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттік төрағасына бекітуге ұсынады;
      14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін даярлауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік төрағасына бюджеттік өтінім ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      15) Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін бекітеді;
      16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      19) өз өкілеттіктері шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      20) жауапты хатшыға Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін мыналарға:
      1) Агенттік қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданыстағы құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.

      25. Агенттік төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады, Агенттік алқасының сандық және дербес құрамын Агенттіктің төрағасы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.

      26. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктері Агенттіктің регламентімен және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерімен белгіленеді.

4. Агенттіктің мүлкі

      27. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен құралады.

      28. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      29. Агенттіктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 14 қаңтардағы
N 14 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң
аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30.  N 1158 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметінің   
2005 жылғы 14 қаңтардағы       
N 14 қаулысына             
қосымша                

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгiнің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30.  N 1158 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметінің   
2005 жылғы 14 қаңтардағы       
N 14 қаулысына             
қосымша                

Қазақстан Республикасы Yкiметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

       1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 509-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1729 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 48, 581-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 және 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы N 187 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4, 25-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 294-құжат).