Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің облыстық, қалалық және аудандық жер ресурстарын басқару комитеттерi - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлiмдерi болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне төрағаның үш орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) қайта аталған мемлекеттiк мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметінің    
2005 жылғы 14 қаңтардағы        
N 14 қаулысымен              
бекiтiлген                 

  Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгi туралы ереже 

  1. Жалпы ережелер 

       1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттiк) Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, заңнамада көзделген шектерде арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттiк басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес
жүзеге асырады.
      3. Агенттiктiң ережесi мен оның штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      4. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
      Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Агенттік өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Төрағаның бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      6. Агенттiктiң облыстарда және Астана, Алматы қалаларында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болады. 
      7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесi, 41.      
      8. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      9. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттікке Агенттіктiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
      Егер Агенттікке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 

  2. Агенттiктiң негiзгі міндеттерi, функциялары және құқықтары

      11. Агенттіктің негiзгi мiндеттерi:
      1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзу;
      2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      3) мемлекеттiк геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиiстi ақпаратты қорғау болып табылады.
      Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу; 
      мемлекеттiң жер қатынастары саласындағы мүдделерiн қорғау;
      жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту, оны одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      жерге ақы белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      нормативтік құқықтық кесiмдер мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге арналған техникалық талаптарды әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң осы талаптарды сақтауын қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау;
      мемлекеттiк құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлеу; 
      2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: 
      қолда бар жерлер және оларды санаттар, алқаптар бойынша, жер учаскелерінің меншiк иелерi мен жердi пайдаланушыларға бөлу туралы, жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлiнген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептердi жасау;
      белгiленген тәртiппен жердiң мониторингiн, мемлекеттiк жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйi туралы деректердiң банкiн құру және жүргiзу;
      жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізудi ұйымдастыру;
      аймақтарға бөлу негiзiнде жердiң пайдаланылуын жоспарлауды
және болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу; 
      жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету;
      жер ресурстарын пайдалану жөнiндегi жинақтар мен басқа да материалдарды басып шығару және тарату;
      Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жердi пайдалану және қорғау, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      әкiмшiлiк-аумақтың бiрлiктер арасындағы шекаралардың өзгерiстерiн, сондай-ақ жергiлiктi жердiң өзгерiстерiн және географиялық объектiлердiң атауларын көрсете отырып, кезекшi анықтамалық карта жүргiзу;
      ұйымдардың олардың белгiленген тәртiппен жерге орналастыру жөнiндегi топографиялық-геодезиялық, инженерлiк-геодезиялық, маркшейдерлiк, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеулiк және iздестiру жұмыстарын жүргiзуi бөлiгiндегi қызметiн үйлестiру; 
      мемлекеттiк, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
      мемлекеттiк республикалық картографиялық-геодезиялық қорды және республика аумағы жер ресурстарының картографиялық қорын жүргiзу;
      республика аумағының геоақпараттық жүйелерiн құру; 
      халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару, геодезия және картография мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру, басқа елдердiң тиiстi қызметтерiмен қатынастарды қолдау;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөнiндегi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеу органдарын жер-кадастрлық карталармен және жер учаскелерiнiң жоспарларымен қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау жөнiндегi функциялар: 
      белгiленген тәртiппен жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      жер заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау; 
      жер заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшiн мiндеттi ұйғарымдар беру; 
      геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiнiң анықталған жолсыздықтарын жоюды, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрiлiмдер жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және iске асыруды талап ету;
      жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      егер олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгіленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру құрылысын, объектiлердi пайдалануды, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстарды тоқтата тұру;
      Қазақстан Республикасының геодезия мен картография саласындағы заңнамасының және техникалық талаптардың бұзылу фактiлерi анықталған жағдайда лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру; 
      мемлекеттiк құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын есепке алуды, олардың кәсiпорындарда көбейтiлуiн, сақталуын және пайдалануын бақылауды ұйымдастыру; 
      геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi қадағалау; 
      пайдаланылмай жатқан жерлер мен заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылатын жерлердi анықтау; 
      4) экономикалық қызметтiң мемлекеттiк реттелуiн қамтамасыз ететiн функциялар: 
      мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жердi пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау; 
      жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау; 
      жерге құқықты куәландыратын құжаттарды беру; 
      мемлекеттің жер учаскелерiн беруi кезiнде оларды таңдауды келiсу; 
      өз құзыретi шегiнде лицензиялауды жүзеге асыру; 
      аэротүсiрiлiмдiк, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тiркеу, есепке алу және оларды жүргiзуге рұқсаттар беру; 
      геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiндегi орындардың геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер беру; 
      жерлердi пайдалану және қорғау мәселелерiн қозғайтын республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргiзу.
      12. Агенттiктiң өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi және геодезия мен картография саласындағы қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 
      2) заңнамалық кесiмдерде көзделген негiздемелер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқықтары мен жердi пайдалану құқықтарын тоқтату туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгiзуге; 
      3) жергілiктi атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетiн шешiмдерiн тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге құқығы бар.

  3. Агенттiктiң мүлкi

      13. Агенттiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      14 Агенттiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Агенттiктің бекiтілiп берiлген мүлiкті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Агенттікке заңнамалық кесiмдерде белгіленген жағдайларда және  шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.

  4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Агенттiк төрағасының Қазақстан Республикасының Үкiметi Агенттік төрағасының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N  134  қаулысымен.
      17. Төраға Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      2) өзiнің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгiлейдi;
      3) заңнамаға сәйкес Агенттіктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктің қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      5) Агенттіктің құрылымы мен штаттық кестесiн, сондай-ақ Агенттіктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекітедi;
      6) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттiкті бiлдiредi;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
      19. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
      Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.

  5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 Қазақстан Республикасы Yкiметінің    
2005 жылғы 14 қаңтардағы        
N 14 қаулысына              
қосымша                 

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгiнің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы 
      2. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақкөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      3. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Астрахан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      4. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Аршалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 
      5. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Атбасар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      6. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бұланды аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      7. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Егіндікөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      8. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Еңбекшілдер аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      9. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ерейментау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      10. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Есіл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      11. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жақсы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      12. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жарқайың аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      13. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зеренді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      14. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қорғалжын аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      15. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сандықтау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      16. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Целиноград аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      17. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шортанды аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      18. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шучье аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      19. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көкшетау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      20. Ақмола облыстық аумақтық Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқармасы
      21. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Әйтеке би аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      22. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алға аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      23. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Байғанин аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      24. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ырғыз аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      25. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарғалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      26. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қобда аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      27. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мәртөк аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      28. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мұғалжар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      29. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Темір аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      30. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Хромтау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      31. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ойыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      32. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шалқар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      33. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақтөбе қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      34. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      35. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақсу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      36. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алакөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      37. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Балқаш аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      38. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Еңбекшіқазақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      39. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ескелді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      40. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      41. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Іле аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      42. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарасай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      43. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақсу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      44. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Кербұлақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      45. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көксу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      46. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Панфилов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      47. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Райымбек аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      48. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарқант аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      49. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талғар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      50. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұйғыр аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      51. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талдықорған қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      52. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қапшағай қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      53. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      54. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жылыой аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      55. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Индер аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      56. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Исатай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      57. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Құрманғазы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      58. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қызылқоға аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      59. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мақат аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      60. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Махамбет аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      61. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Атырау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      62. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      63. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Абай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      64. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Аягөз аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      65. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бесқарағай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      66. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бородулиха аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      67. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Глубокий аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      68. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жарма аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      69. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зайсан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      70. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зырян аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      71. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Катонқарағай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      72. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көкпекті аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      73. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Күршім аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      74. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тарбағатай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      75. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұлан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі     
      76. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Үржар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      77. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шемонаиха аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      78. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Өскемен қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      79. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Семей қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      80. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зырян қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      81. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      82. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Байзақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      83. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      84. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жуалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      85. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Т. Рысқұлов атындағы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      86. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қордай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      87. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мерке аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      88. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мойынқұм аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      89. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талас аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі  
      90. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      91. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарысу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі      
      92. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тараз қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      93. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      94. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақжайық аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      95. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бөкейорда аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      96. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бөрілі аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      97. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жаңақала аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      98. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жәнібек аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      99. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зеленов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      100. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қазталовка аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      101. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қаратөбе аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      102. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сырым аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      103. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тасқала аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      104. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Теректі аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      105. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шыңғырлау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      106. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Орал қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі  
      107. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      108. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Абай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі    
      109. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақтоғай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      110. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бұхар жырау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      111. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жаңаарқа аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      112. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарқаралы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      113. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Нұра аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      114. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Осакаровка аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      115. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұлытау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      116. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шет аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      117. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарағанды қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      118. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Балқаш қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі       
      119. Қарағанды облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жезқазған қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 
      120. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      121. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Арал аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      122. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жалағаш аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      123. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      124. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қазалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      125. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қармақшы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      126. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сырдария аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      127. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шиелі аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      128. Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қызылорда қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      129. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      130. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алтынсарин аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      131. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Амангелді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      132. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Әулиекөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      133. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Денисов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      134. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жангелдин аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      135. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жітіқара аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      136. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қамысты аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      137. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарабалық аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      138. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарасу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      139. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қостанай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      140. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Меңдіқара аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      141. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Наурызым аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      142. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарыкөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      143. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Таран аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      144. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұзынкөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      145. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Федоров аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      146. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қостанай қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      147. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Арқалық қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      148. Қостанай облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Рудный қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      149. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      150. Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бейнеу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      151. Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарақия аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      152. Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Маңғыстау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      153. Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Түпқараған аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      154. Маңғыстау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақтау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      155. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      156. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақтоғай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      157. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Баянауыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      158. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Железинка аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      159. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ертіс аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      160. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қашыр аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      161. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Лебяжі аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      162. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Май аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      163. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Павлодар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      164. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Успен аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      165. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шарбақты аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      166. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Павлодар қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      167. Павлодар облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Екібастұз қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      168. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      169. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Айыртау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      170. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақжар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      171. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Аққайың аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      172. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Есіл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      173. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      174. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      175. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының М. Жұмабаев атындағы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      176. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қызылжар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      177. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мамлют аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      178. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тайынша аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      179. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тимирязев аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      180. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Уалиханов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      181. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шал ақын аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      182. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Петропавл қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      183. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      184. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Арыс аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      185. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бәйдібек аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      186. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қазығұрт аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      187. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мақтаарал аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      188. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ордабасы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      189. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Отырар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      190. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сайрам аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      191. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарыағаш аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      192. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Созақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      193. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын
басқару басқармасының Төлеби аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 
      194. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Түлкібас аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      195. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шардара аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі
      196. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шымкент қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      197. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Түркістан қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      198. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Кентау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі
      199. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Астана қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы
      200. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің   Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы    

Қазақстан Республикасы Yкiметінің    
2005 жылғы 14 қаңтардағы        
N 14 қаулысына              
қосымша                 

  Қазақстан Республикасы Yкiметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 

         1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 509-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1729  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 48, 581-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 және 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы N 187  қаулысының  2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4, 25-құжат). 

      4. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы N 610  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 294-құжат).