Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.03 N 1025 Қаулысымен;
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
      6. Қоса беріліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009  Қаулысымен;
      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекiтiлсiн.
      4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009  Қаулысымен.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.29 N 859 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.09.30 № 1009 Қаулыларымен.
      7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
      Министрліктің ведомствосы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.30 N 801, 2011.08.03 N 905 Қаулыларымен.
      6. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
      7. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      9. Министрліктің негізгі міндеттері:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
      2) жұмыспен қамту;
      3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
      4) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
      5) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
      6) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 181 Қаулысымен.
      10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы; сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды; Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді; жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдерін; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы); балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді; біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
      2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
      3) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      4) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
      5) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      6) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      7) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      9) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      10) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
      11) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
      12) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді;
      13) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін өздерi белгiлеген тәртiппен келіседі;
      14) әлеуметтік қорғау және еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді;
      15) әлеуметтік қорғау және еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді;
      16) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың тізбесін айқындайды;
      17) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипатамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын өзі айқындаған тәртіппен бекітеді;
      17-1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді;
      18) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
      19) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      20) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты және Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етіп отырады;
      20-1) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      21) халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлейді;
      22) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады;
      23) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;
      24) мүдделі органдармен бірлесіп, кадрлар даярлау мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтайды;
      25) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;
      26) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының деректер базасына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
      27) Орталықтан, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу әдістемелерін әзірлейді;
      28) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;
      29) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысанын, мерзімін айқындайды;
      30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім береді;
      31) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
      32) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;
      33) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;
      34) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді;
      35) әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік талаптарын әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін бекітеді;
      36) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      37) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      38) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды;
      39) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      40) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
      41) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;
      42) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      43) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      44) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      45) Министрліктің құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      46) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 181 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.17 № 1209, 2012.11.01 N 1390 Қаулыларымен.
      11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны; мемлекеттік арнайы жәрдемақыны; балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың  салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді тағайындау және олардың төленуін қамтамасыз ету;
      3) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      5) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнайы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың; саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай өтемақылардың; жерлеуге берілетін біржолғы төлемдердің; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдердің; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
      6) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
      7) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдері мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
      8) Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;
      9) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;
      10) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланудың себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
      11-1) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
      12) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру;
      14) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
      15) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
      16) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      17) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      18) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру;
      19) «Е-собес», «Әлеуметтік көмек», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбекті қорғау», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ деректер базасын қалыптастыру;
      20) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
      21) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
      22) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 181 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.01 N 1390 Қаулысымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      12. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

      13. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және
Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      14. Министр:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;
      2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
      5) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      7) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
      8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      9) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      10) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітіледі;
      11) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекітеді;
      12) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді;
      13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      14) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
      14-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
      15) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      16) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009, 2011.08.03 N 905, 2011.11.21 N 1358 Қаулыларымен.

      15. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      16. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомствоның құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорлары мен басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшысының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.

      17. Жауапты хатшының:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

      18. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.

      19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан Министр бекітеді.

      20. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен бекітіледі.

4. Министрліктің мүлкі

      21. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.

      22. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы туралы
Ереже

       Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.03 N 1025 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.16 N 923, 2005.09.21 N 937, 2006.01.06 N 25, 2011.10.28 N 1226,  2011.12.30 № 1688, 2011.10.14 N 1169 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 181, 2012.03.20 N 345 Қаулыларымен.

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамы
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы" мемлекеттік мекемесі
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Республикалық естудi түзеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" акционерлiк қоғамы
      "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитетi туралы
Ереже

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159   (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi Көші-қон комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159   (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекiтiлген     

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159   (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Көші-қон комитетiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 Қаулысымен.

1. Ақмола облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті            Көкшетау қаласы.
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Ақтөбе қаласы.
3. Алматы облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Алматы қаласы.
4. Атырау облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Атырау қаласы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті             Өскемен қаласы.
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау және
   әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті           Тараз қаласы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
   және әлеуметтік қорғау департаменті               Орал қаласы.
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау және
   әлеуметтік қорғау департаменті                 Қарағанды қаласы.
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау және
   әлеуметтік қорғау департаменті                 Қызылорда қаласы.
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                 Қостанай қаласы.
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                   Ақтау қаласы.
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                 Павлодар қаласы.
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау
    және әлеуметтік қорғау департаменті            Петропавл қаласы.
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау
    және әлеуметтік қорғау департаменті             Шымкент қаласы.
15. Астана қаласы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                   Астана қаласы.
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау және
    әлеуметтік қорғау департаменті                   Алматы қаласы.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекітілген    

      Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.29 N 859 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.02 № 503 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
      "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
      "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.
      «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы.

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің      
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысына 
қосымша     

Қазақстан Республикасы Yкiметінің
күші жойылған кейбiр шешімдерінің
тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шілдедегi N 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат).
      3. "Протездік-ортопедиялық саланы одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146 қаулысы 6-тармағының 2) тармақшасы.
      4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 662 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 195-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметіне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 42, 448-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 98 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 54-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 сәуiрдегi N 379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 202-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 401-құжат).