2012 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 96-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7488 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 269-ө-м Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.06.28 № 269-ө-м (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 459-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7358 тіркелген және 2012 жылғы 7 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 6-7 (26825-26826), «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 7 қаңтардағы № 5-8 (27079) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (Ш.С.Жақытова) осы бұйрықтың:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова