Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
      2) Комитеттің құрылымы;
      3) Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Комитеттiң төрағасына бес, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.

      3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 маусымдағы  N 695  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтыруларда:
      13-тармақта:
      төртiншi, бесiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
      жетiншi абзацта "5 және 6-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен" деген сөздер "6-қосымшаға сәйкес қосымшамен" ауыстырылсын.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдердiң күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінің        
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1127 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады:
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiнде  (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету;
      халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
      2. Комитеттiң заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар, оларға мыналар жатады: аймақаралық салық комитеттерi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудан, қала және қаладағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттерi.
      3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік  Кодексiнде , Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге де шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттік берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      5. Комитет шығаратын кесiмнiң нысаны Комитет басшысының бұйрығы болып табылады.
      6. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
      7. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 11.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.22. N  1063  қаулысымен.
      8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитет кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге құқысыз.
      Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнiндегі құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберіледi.

  2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

      11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу;
      салық төлеушiлердi, салық салу объектілерiн және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және жүргiзу;
      салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
      этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;
      этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;
      этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;
      салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, мұнай өнiмдерiн өндірушілердiң, мұнайды жеткiзушілердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекi өнiмдерiн өндiретін тұлғалардың қызметіне мониторинг;
      мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымы бойынша бiрыңғай дерекқорды жүргiзу;
      өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң түсуi мәселелерi бойынша, сондай-ақ акцизделетiн өнiмнің өндiрiсi мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтастық;
      салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiнде  (Салық кодексiнде) белгiленген тәртіппен салықтардың, өсiмақы мен айыптар есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының әрекетi (әрекетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң кесiмдерi бойынша хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
      салық мiндеттемелерiнiң туындау, орындалу және тоқтатылу мәселелерiн жеке және заңды тұлғаларға түсiндiру жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және импорттауды, темекi өнiмдерiн өндiрудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу байланысты қызметтi лицензиялау;
      өзге мемлекеттiк органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiрыңғай дерекқорға берудiң нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау;
      өз құзыретi шегінде этил спиртiн, алкоголь өнiмiн және темекi өнiмдерiн, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру мен айналымын реттеу;
      салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау;
      2) мынадай бақылау-қадағалаушылық функцияларды:
      салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң түсуiнiң толықтығын көздейтiн заңнаманың сақталуын бақылауды;
      нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық емес төлемдердiң түсуiн бақылауды (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшін жалгерлiк төлемнен, республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа);
      трансферттік бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауды; 
      мемлекеттiк бюджетке бөлiнетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкiлетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін бақылауды;
      қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерiнің сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркiлерiнiң жасалуын, сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды;
      акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдардағы акциз бекеттерiнің жұмысын бақылауды;
      бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес этил спиртiнің, алкоголь өнiмiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы саласында құқық бұзушыларға әсер ету шараларын қабылдауды;
      өз құзыретi шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды;
      мұнай өнiмдерiнiң айналымына мұнай өнiмдерiнің өндiрiсi және айналымы бойынша iлеспе жүкқұжаттар мен декларациялар арқылы бақылауды.
      12. Комитеттiң мыналарға:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігiне мемлекеттiк бюджетке төленетін мiндетті төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды қамтамасыз етуге уәкiлетті Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      салық және басқа да міндетті төлемдердi әкiмшiлiктендiру әдiстемесiн әзiрлеу, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегімен функционалды рәсiмдердi жүзеге асыруды басқару мен бақылау әдiстерiн жетiлдiруге қатысуға;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мемлекеттiк есептілікті жинаудың нысандары мен әдiстерiн жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      ынтымақтастықтың экономикалық аспектiлерi бар халықаралық шарттар мен келісiмдердiң жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып, салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты салық төлеушінің ақша құжаттарын, бухгалтерлiк кiтаптарын, есептерiн, сметаларын, ақшасының бар-жоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерiн, декларацияларын және өзге де құжаттарын тексерудi жүргiзуге;
      салық төлеушіден белгілеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi есептеу және төлеу (ұстап қалу мен аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсiндiрмелердi, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң (ұстап қалу және аудару) дұрыстығы мен төлеудiң уақтылығын растайтын құжаттарды беруiн талап етуге;
      салықтық тексерудi жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде айқындалған тәртiпте салық төлеушiден салықтық құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алуды жүргiзуге;
      олардың орналасқан жерiне қарамастан, кiрiстер алу үшін пайдаланылатын кез келген салық салу объектілерiн және салық салуға байланысты объектілердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлкiн (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеудi жүргiзуге;
      өз құзыретi шегiнде бақыланатын объектілерде дайын этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн шығару көлемiнiң осы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестігін тексеруге, осы мақсаттарда осы объектiлердің есепке алуды бақылау аспаптарымен жарақталуын, технологиялық процесс нормалары мен ережелерінің сақталуын және этил спиртi мен алкоголь өнімдерiнiң айналымын бақылауға;
      этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiретiн, сақтау мен сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестiгi мәнiне тексерудi жүзеге асыруға;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк медициналық кәсiпорындардың, сондай-ақ дәрілік құралдар мен фармацевтикалық препараттарды өндiрушілердiң этил спиртiн пайдалануын бақылауға;
      темекi өнiмдерінің қалдықтары мен айналымы туралы декларацияларды қабылдауға, олардың есебiн жүргiзуге және талдау жасауға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiрудiң паспорттарын қабылдауға және олардың есебiн жүргiзуге;
      акцизделетiн өнiмнің өндiрiсi мен айналымынан акциздер түсiмінің толықтығы мен уақытылығы бөлігінде акцизделетiн өнiмдi сақтау мен сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыруға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша салық төлеушiден заңнамада белгiленген тәртiппен электрондық құжаттар түрiнде ақпарат алуға;
      тексерілетін салық төлеушi - заңды тұлға немесе жеке кәсiпкерге салық салумен байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердi жария етудiң талаптарын сақтай отырып, банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктiк есеп шотының бар екендiгi және номерi, осы шоттардағы ақшалардың артық қалғандары мен қозғалысы туралы мәлiметтердi алуға;
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген жағдайларда салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн жанама тәсiлмен анықтауға;
      өз құзыретi шегінде бюджеттік төленетiн өзге де міндетті төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша уәкілетті органдарды тексерудi жүргізуге;
      Комитеттiң аумақтық органдарына орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге;
      өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту жөнiндегi мәселелердi қарауға;
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексiнде) белгіленген тәртiпте салық декларациясын беру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдауға;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес әкiмшілiк жаза қолдануға;
      сотқа, оның iшiнде салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер бойынша берешегi бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің жарғылық капиталына қатысуымен салық төлеуші - акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң  49-бабы  2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаппен жүгінуге;
      кадрлардың білiктілiгін көтеру бойынша іс-шаралар өткiзуге құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгермесiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе өзгелей тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Қызметті ұйымдастыру

      16. Комитет және оның аумақтық органдары салық қызметi органдарының бiрыңғай құрылымын құрайды.
      17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке (қызметтерге) тағайындайтын және қызметтен (қызметтерден) босататын Комитет Төрағасының орынбасары (орынбасарлары) болады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      18. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.
      19. Төраға осы мақсатта:
      өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келісiм бойынша аймақаралық салық комитеттерiнің, облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша салық комитеттерiнiң басшыларын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық комитеттерінiң басшыларын қызметке тағайындайды қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен құрылымы мен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттің штат кестесiн бекiтедi;
      Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптiк шаралар қолданады;
      Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.

  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң        
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1127 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Салық комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Әкiмшiлендiру және iрi салық төлеушiлердiң мониторингі басқармасы
      Салықтық әкiмшілендiру басқармасы
      Әдiстеме басқармасы
      Халықаралық салық салу басқармасы
      Ішкі жұмыс басқармасы
      Кiрiстердi талдау және ағымдағы болжау басқармасы
      Ақпараттық технологиялар басқармасы
      Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы
      Салық апелляциясы басқармасы
      Өндiрiстік емес төлемдер басқармасы
      Заң басқармасы
      Акциздердi әкiмшілендiру басқармасы

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң        
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1127 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Салық комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "ҚазАлкоОрталық"        Республикалық мемлекеттік
                              кәсіпорны

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң        
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1127 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары.

      2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 114  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 4, 54-құжат) 4-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi N 1004  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 414-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 49  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы.