Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 254 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 254 Қаулысымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.11. N 926 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 342-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1808 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты салаларында, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік инвестициялық саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, өңірлік даму, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, ішкі сауданы реттеу және дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 7 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сауда қызметін дамыту.
15. Міндеттері:
1. Мынадай:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат;
3) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш;
4) мемлекеттік инвестициялық саясат;
5) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік;
6) өңірлік даму;
7) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
8) табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар;
9) халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;
10) сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;
11) ішкі сауданы реттеу және дамыту;
12) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
13) мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру;
14) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;
15) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
2. Мынадай:
1) сауданы дамыту;
2) кәсіпкерлікті дамыту;
3) өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Функциялары:
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингілеу мен іске асырылуын бағалау;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, реттеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау;
3) мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, түзету;
4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын келісу;
5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау;
6) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
7) өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
8) мемлекеттік органдардың Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
9) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылық, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және мониторингілеу;
12) мемлекеттік органдардың, өңірлердің елдің экономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
13) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
14) макроэкономикалық болжамның әдіснамасы мен құралдарын жетілдіру;
15) экономикалық саясат шараларының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін бағалау;
16) әлемдік экономикадағы ахуалды талдау, әлеуетті сыртқы тәуекелдерді және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау;
17) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
18) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
19) салық және бюджет саясатын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру;
20) салық және бюджет заңнамасын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
21) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджеттің тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы;
22) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындау;
23) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
24) үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін ұсыну лимиттерін айқындау;
25) рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
26) пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
27) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған жобалау құжаттарына техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу;
28) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
29) республикалық бюджеттік инвестициялар саясатын қалыптастыру;
30) басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
31) экономикаға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту саясатын қалыптастыру;
32) бюджеттік инвестициялар мен концессияларды жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету;
33) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне қажеттілікті айқындау және инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34) бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге арналған инвестициялық ұсыныстарының экономикалық негіздемесі бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастыру;
35) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына техникалық экономикалық негіздемелерді әзірлеуге немесе түзетуге және техникалық экономикалық негіздемелердің қажетті сараптамаларын жүргізуге инвестициялық және/немесе концессиялық ұсыныстарды енгізу;
36) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
37) мемлекет кепілгерлігін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
38) бюджеттен концессиялық жобаны бірлесіп қаржыландыру бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізу;
39) бірлесіп қаржыландыру шартында концессиялық жобаларды қарау және бюджет жобасына іріктеу;
40) концессия саласындағы құжаттарға экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тарту;
41) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет есебінен іске асырылуы жоспарланатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаға мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу үшін құжаттар жіберу;
42) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
43) республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қажетті сараптамаларды жүргізу;
44) орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастыру;
45) бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартында бюджеттік инвестициялық жобалардың, концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау және оларға бағалау жүргізу әдістемесін айқындау;
46) бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша сараптама өткізу құнын айқындау және құжаттаманы бағалау әдістемесін бекіту;
47) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
48) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
49) байланысты гранттарды тартуға өтінімдер тізбесін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды бағалауға негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті ұсыну;
50) экономика салаларында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін қолданудың институционалдық және заңнамалық негізін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
51) өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстардың экономикалық талдауын жүзеге асыру және әзірлеу, өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
52) елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, түзету және іске асырылуын бағалау;
53) елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ережелерін өзара байланыстыру бойынша жұмысты үйлестіру;
54) өңірлік дамудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу, түзету және бағалау;
55) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
56) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік жайластыру нормативтерін әзірлеу;
57) жекелеген проблемалы аумақтарды, елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу және бағалау;
58) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау;
59) аумақтарды дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
60) демографиялық және көші-қон үдерістерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
61) бюджетаралық қатынастар бойынша саясатты айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
62) аумақтық-кеңiстiктiк дамытуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға арналған нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
63) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлеу;
64) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық кезеңге арналған көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
65) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
66) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген тауарлардың өзара алмасу өлшемдерін, оларды сатып алуға қол жетімділікті, сондай-ақ қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін келісу;
67) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені келісу;
68) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу;
69) Қазақстан Республикасының Үкіметіне реттеуші және монополияға қарсы органдармен бірлесіп, тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізу;
70) табиғи монополияны реттеу саласында және реттелетін нарықтарда саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
71) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін (баға, алымдар ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін келісу;
72) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту және осының негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
73) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің шекті деңгейін бекіту кезіндегі шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;
74) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және тауар нарықтарының субъектілері инфрақұрылымына кемсітпейтін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
75) тариф саясатын, тауарлар және қызметтер нарығында, табиғи монополиялар саласында баға белгілеу саласындағы саясатты айқындау;
76) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыру;
77) Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық;
78) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмысын үйлестіру, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен сыртқы көмекті үйлестіру және олардың қызметі мәселелері бойынша, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
79) халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен келіссөздерде, сондай-ақ екіжақты бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету;
80) халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
81) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сауда-экономикалық салада халықаралық шарттарды орындаудың мониторингін, Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
82) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу және қорытындылар дайындау;
83) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;
84) қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, оның ішінде уақытша шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
85) қолданыстағы және жоспарланатын субсидиялар туралы хабарламалар дайындау және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне жіберу;
86) Қазақстан Республикасына, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне берілетін және беруге жоспарланатын субсидиялардың өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімге сәйкестігі туралы тексеру жүргізу;
87) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
88) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
89) кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;
90) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық үйлестірілуін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларын жүзеге асыру;
91) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіру;
92) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу және бекіту;
93) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарға шығуы үшiн жағдай жасау;
94) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтары туралы хабардар ету;
95) мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіруді жүзеге асыру;
96) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүргізу мен басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;
97) рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
98) мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын көтеру;
99) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды бағалау;
100) мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және бағалау;
101) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;
102) мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау;
103) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингілеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
104) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингілеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
105) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
106) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
107) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
108) мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
109) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
110) мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiту жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасын әзiрлеу;
111) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу тәртібін айқындау;
112) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу мен мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
113) мемлекеттік қызметтер регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек;
114) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі және оның тәртібін айқындау;
115) мемлекеттік қызметтердің өзіндік құнын есептеу тәртібін айқындау;
116) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету;
117) қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау;
118) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;
119) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
120) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша ұсыныстар қалыптастыруға қатысу;
121) жұмылдыру даярлығы саласында мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру;
122) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыру;
123) мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмысының бейіні өзгерген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
124) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін келісу;
125) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және ол туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндау;
126) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру;
127) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің, Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сауда саясатының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық экономикалық ұйымдарға және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысуы;
128) Министрліктің құзыреті шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
129) Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
130) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
131) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;
132) заң жобаларының ғылыми-экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
133) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингілеу, сондай-ақ ішкі айналым, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарына уәкілетті органның (ұйымның) мәртебесін айқындау үшін тауардың шығарылуы туралы сертификат беруді мониторингілеу;
134) сауда қызметін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
135) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;
136) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу және оларға жыл сайынғы шекті мәндер негізінде бағаларды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
137) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу;
138) сауда өкілдіктерін қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету;
139) тауар биржаларының қызметiн мемлекеттік реттеу;
140) тауар биржаларын дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу;
141) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
142) тауар биржалары арқылы өткiзiлетiн биржалық тауарлардың тiзбесiн және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерiн қалыптастыру және бекiту жөнiнде, сондай-ақ оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
143) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
144) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
145) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру;
146) өңірлердің экономикалық әлеуетін жандандыру, қолда бар активтер мен резервтерді шаруашылық айналымына тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
147) тірек елді мекендердің тізбесін келісу;
148) өңірлер бөлінісінде экономикалық әлеуеті жоғары, орта, төмен елді мекендер тізбесін келісу.
2. Ведомстволардың функциялары:
1) республикалық және халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізуге бастамашылық жасау, оларға қатысу және ұйымдастыру;
2) сауда қызметі саласында орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының аумағында сандық шектеулерді қолданбай талқылау объектісі болып табылатын тауарлар импортын лицензиялау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау;
5) құзыреті шегінде жекелеген тауарлар түрлерінің импортына рұқсаттар беру;
6) лицензиялық бақылау;
7) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
8) тауар биржалары саласындағы қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру;
9) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тауар биржаларының қызметi және биржалық сауда мәселелерi жөнiндегi ақпаратты жариялау;
10) тауар биржаларының қызметiн талдау және оған мониторинг жүргiзу;
11) тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау;
12) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау;
13) тауар биржаларын дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру;
14) сауда өкілдіктерінің қызметін бақылау;
15) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыру;
16) кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргізу;
17) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
18) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру мен оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласында мемлекеттік саясатты және ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларын іске асыру;
19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
20) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау;
21) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру;
22) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау;
23) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау;
24) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды үйлестіру;
25) өңірлерді/аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
26) елді аумақтық-кеңістік дамытудың болжамды схемасының негізгі бағыттарын іске асыру және мониторингілеу;
27) өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру және мониторингілеу;
28) құзыреті шегінде Аумақты ұйымдастырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
29) барлық деңгейдегі аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
30) жекелеген проблемалы аумақтар мен елді мекендердің кешенді даму жоспарларын орындауды іске асыру, мониторингілеу;
31) қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін айқындау, олардың бәсекелестік басымдықтарын анықтау үшін тексерулер жүргізу;
32) қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
33) жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау тетіктерін іске асыру;
34) Министрліктің құзыреті шегінде өңірлік даму саласында халықаралық жобаларды іске асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
4) қызметінде өзінің бақылауындағы ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өз құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
7) ведомстволардың актілерінің әрекетін толық немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
24. Министрлікте заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлік мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлікте бекітілген мүлік республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi
1. «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлiк қоғамы;
2. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы;
3. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы;
4. «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
1. «Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.12 N 982, 2007.01.19 N 39, 2007.01.26 N 61, 2008.07.17 N 693, 2010.03.31 № 254, 2011.05.19 N 544, 2011.07.26 N 858, 2011.10.28 N 1224 Қаулыларымен.
1. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлiк қоғамы
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.19 N 544 Қаулыcымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.01.19 N 39 Қаулысымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 Қаулысымен.
5. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы
6. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
7. "Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі
8. «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы