Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысы.
Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кейбiр өкiмдеріне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "2003-2005 жылдардың жазғы каникулы кезеңінде балалар мен жасөспірiмдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 сәуiрдегі N 70-ө өкiмiне :
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жастар ұйымдары мен мәдениет ұйымдарының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірiмдердiң жазғы демалысын өткізуге, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға қатысуына жәрдемдессiн.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысына, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына дайындық пен оларды өткiзу барысының жариялануын қамтамасыз етсiн.";
      2) "Көшпендi" көркем тарихи фильмiн шығару туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 4 тамыздағы N 164-ө өкімiне :
      1 және 3-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр