Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 254 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.31 № 254 Қаулысымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.11. N 926 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 342-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.25 № 1204 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді, сондай-ақ сауда қызметін дамытуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Министрліктің құрамына Сауда комитеті, Өңірлік даму комитеті, Кәсіпкерлікті дамыту комитеті ведомстволары кіреді.
2. Министрліктің негізгі міндеті:
1) мынадай:
стратегиялық жоспарлау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;
салық, кеден және бюджет саясаттары;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш;
мемлекеттік инвестициялық саясат;
мемлекеттік – жеке меншік әріптестік;
өңірлік даму;
бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар;
халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;
сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;
ішкі сауданы реттеу және дамыту;
жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
мемлекеттік мүлікті басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру;
мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мынадай саласында:
сауданы дамыту;
кәсіпкерлікті дамыту;
өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 7 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
7. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Министрліктің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі функциялары мен құқықтары
10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингтеу мен іске асырылуын бағалау;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, түзету, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау;
3) мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, түзету;
4) мемлекеттік бағдарламаларды, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды келісу, олардың мониторингтеу және іске асырылуын бағалау;
5) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
6) өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
7) мемлекеттік органдардың Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
8) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
9) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және мониторингтеу;
11) мемлекеттік органдардың, өңірлердің елдің экономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
12) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
13) макроэкономикалық болжамның әдіснамасы мен құралдарын жетілдіру;
14) экономикалық саясат шараларының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін бағалау;
15) әлемдік экономикадағы ахуалды талдау, әлеуетті сыртқы тәуекелдерді және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау;
16) Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
17) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингтеу және талдау;
18) салық, кеден және бюджет саясатын қалыптастыру;
19) салық, кеден және бюджет заңнамасына жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
20) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджеттің тапшылығын қамтитын үш жылдың кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы;
21) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындау;
22) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
23) үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін ұсыну лимиттерін айқындау;
24) рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
25) пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
26) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған жобалау құжаттарына техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу;
27) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
28) республикалық бюджеттік инвестициялар саясатын қалыптастыру;
29) басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
30) экономикаға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту саясатын қалыптастыру;
31) бюджеттік инвестициялар мен концессияларды жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету;
32) бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге арналған инвестициялық ұсыныстарының экономикалық негіздемесі бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастыру;
33) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына техникалық экономикалық негіздемелерді әзірлеуге немесе түзетуге және техникалық экономикалық негіздемелердің қажетті сараптамаларын жүргізуге инвестициялық және/немесе концессиялық ұсыныстарды енгізу;
34) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
35) мемлекет кепілгерлігін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
36) бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізу;
37) қоса қаржыландыру шартына концессиялық жобаларды қарау және бюджет жобасына іріктеу;
38) концессия саласындағы құжаттарға экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тарту;
39) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет есебінен іске асырылуы жоспарланатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаға мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу үшін құжаттар жіберу;
40) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
41) Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қажетті сараптамаларды жүргізу;
42) орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастыру;
43) бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында бюджеттік инвестициялық жобалардың, концессиондық жобалардың іске асырылуын бағалау және оларға бағалау жүргізу әдістемесін айқындау;
44) концессиялар және бюджеттік инвестициялар бойынша сараптама өткізу құнын анықтау және құжаттарды бағалауының әдістемесін бекіту;
45) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
46) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
47) байланысты гранттарды тартуға өтінімдер тізбесін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды бағалауға негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті ұсыну;
48) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықта, әлеуметтік және экономикалық салаларда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін қолданудың институционалдық және заңнамалық негізін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
49) өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстардың экономикалық талдауын жүзеге асыру және әзірлеу, өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
50) елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу, түзету және іске асырылуын бағалау;
51) Елді аумақтық–кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының ережесі мен өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ережелерін өзара байланыстыру бойынша жұмысты үйлестіру;
52) өңірлік дамудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу, түзету және бағалау;
53) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
54) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік жайластыру нормативтерін әзірлеу;
55) жекелеген проблемалы аумақтарды, елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу және бағалау;
56) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау;
57) аумақтарды дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
58) демографиялық және көші-қон үдерістерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
59) бюджетаралық қатынастар бойынша саясатты айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
60) аумақтық-кеңiстiктiк дамытуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға арналған нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
61) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлеу;
62) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді үш жылдық кезеңге арналған көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
63) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
64) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген тауарлардың өзара алмасу өлшемдерін, оларды сатып алуға қол жетімділікті, сондай-ақ қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін келісу;
65) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені келісу;
66) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу;
67) Қазақстан Республикасының Үкіметіне реттеуші және монополияға қарсы органдармен бірлесіп тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізу;
68) табиғи монополияны реттеу саласында және реттелетін нарықтарда саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
69) реттелетін нарықтарда табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін (баға, алымдар ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін келісу;
70) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту және осының негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
71) табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің шекті деңгейін бекіту кезіндегі шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;
72) телекомуникация және пошта байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және тауар нарықтарының субъектілері инфрақұрылымына кемсітпейтін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
73) тариф саясатын және табиғи монополиялар саласында, тауарлар және қызметтер нарығында баға белгілеу саласында тарифтік саясатты айқындау;
74) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыру;
75) Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық;
76) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмысын үйлестіру, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
77) халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен келіссөздерде, сондай-ақ екі жақты бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету;
78) халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
79) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сауда-экономикалық салада халықаралық шарттарды орындаудың мониторингін, Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
80) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу және қорытындылар дайындау;
81) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;
82) қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, оның ішінде уақытша шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
83) Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне қолданыстағы және жоспарланатын субсидиялар туралы хабарламалар дайындау және жіберу;
84) Қазақстан Республикасына, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне берілетін және беруге жоспарланатын субсидиялардың өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімге сәйкестігі туралы тексеру жүргізу;
85) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
86) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
87) кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;
88) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық үйлестірілуін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларын жүзеге асыру;
89) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіру;
90) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу және бекіту;
91) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарға шығуы үшiн жағдай жасау;
92) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтары туралы хабардар ету;
93) мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіруді жүзеге асыру;
94) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүргізу мен басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;
95) рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
96) мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын көтеру;
97) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды бағалау;
98) мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және бағалау;
99) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;
100) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау;
101) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
102) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындарды даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингтеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
103) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
104) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
105) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
106) мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
107) мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
108) Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiту жөнiндегi Жарлығының жобасын әзiрлеу;
109) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингтеу тәртібін айқындау;
110) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингтеу мен мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
111) мемлекеттік қызметтер регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек;
112) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі және оның тәртібін айқындау;
113) мемлекеттік қызметтердің өзіндік құнын есептеу тәртібін айқындау;
114) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету;
115) қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау;
116) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;
117) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтер көрсетудің жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстардың, мемлекеттік маңызы бар қаланың және астананың жұмылдыру жоспарларын келісу;
118) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша ұсыныстар қалыптастыруға қатысу;
119) жұмылдыру даярлығы саласында мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру;
120) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыру;
121) мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар, банкрот, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмысының бейіні өзгерген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
122) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінің тізбесін келісу;
123) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және ол туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндау;
124) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру;
125) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің, Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сауда саясатының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық экономикалық және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысты;
126) Министрліктің құзыреті шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
127) Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
128) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
129) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;
130) заң жобаларының ғылыми-экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
131) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингтеу, сондай-ақ ішкі айналым, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарына уәкілетті органның (ұйымның) мәртебесін анықтауы үшін тауардың шығарылуы туралы сертификат беруді мониторингтеу;
132) Қазақстан Республикасының аумағында сандық шектеулерді қолданбай талқылау объектісі болып табылатын тауарлар импортын лицензиялау;
133) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау;
134) құзыреті шегінде жекелеген тауарлар түрлерінің импортына рұқсаттар беру;
135) лицензиалық бақылау;
136) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
137) сауда өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету қызметін бақылау;
138) оларға қатысты сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарлардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан кері экспортына рұқсаттар беру;
139) республикалық және халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізуге бастамашылық жасау қатысу және ұйымдастыру;
140) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
141) сауда қызметі саласында орталық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
142) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;
143) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу және оларға жыл сайынғы шекті мәндер негізінде бағаларды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
144) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу;
145) тауарлар биржалары қызметін мемлекеттік реттеу және «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау;
146) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыру;
147) кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфроқұрылымына талдау жүргізу;
148) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
149) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру мен оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласында мемлекеттік саясатты және ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларын іске асыру;
150) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
151) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау;
152) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау;
153) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру;
154) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау;
155) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
156) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
157) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру;
158) өңірлерді/аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
159) Елді аумақтық-кеңістік дамытудың болжамды схемасының негізгі бағыттарын іске асыру және мониторингтеу;
160) өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру және мониторингтеу;
161) құзыреті шегінде Аумақты ұйымдастырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
162) барлық деңгейдегі аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
163) жекелеген проблемалы аумақтар мен елді мекендердің кешенді даму жоспарларын орындауды іске асыру, мониторингтеу;
164) қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін анықтау үшін тексерулер жүргізу, олардың бәсекелестік басымдықтарын айқындау;
165) өңірлердің экономикалық әлеуетін жандандыру, қолда бар активтер мен өңірлерді шаруашылық айналымына тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
166) жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау тетіктерін іске асыру;
167) Министрліктің құзыреті шегінде өңірлік даму саласында халықаралық жобаларды іске асыру;
168) өңірлер бөлінісінде экономикалық әлеуеті жоғары, орта, төмен елді мекендер тізбесін келісу;
169) қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
13. Министрлікті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министр басқарады.
Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
14. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
15. Министр осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
4) қызметінде өзінің бақылауындағы ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өз құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
7) ведомстволардың актілерінің әрекетін толық немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды.
16. Министрлік аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы жүзеге асырады.
17. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық етуді жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртіптерінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысы мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің басшылары мен басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынылатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарларға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жоспарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
21) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
22) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тиісті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
19. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
20. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқа болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының басшылары арасынан Министр бекітеді. Министрдің орынбасарлары және Жауапты хатшы лауазымдар бойынша алқа мүшелері болып табылады.
21. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
23. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті, егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1116 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.12 N 982, 2007.01.19 N 39, 2007.01.26 N 61, 2008.07.17 N 693, 2010.03.31 № 254, 2011.05.19 N 544, 2011.07.26 N 858 Қаулыларымен.
1. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлiк қоғамы
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.19 N 544 Қаулыcымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.01.19 N 39 Қаулысымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.17 N 962 Қаулысымен.
5. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы
6. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
7. "Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі