Бюджет кодексiнiң 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы
N 918 қаулысымен
бекітілген
Ағымдағы жылы қабылданған Бюджет
кодексi
бюджет процесiн жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындады. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзiмдiк бюджетті жоспарлау қажеттiгіне назар аударылуда. Бюджеттi жоспарлау процесiне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын анықтайтын құжат - Орта мерзiмдi фискалдық саясатты жыл сайын әзiрлеу шешiмi қабылданды.
Бұл құжаттың қажеттiлiгi экономикалық реформалар жетiстiгінің қоғамның қаржы жүйесiн дамыту бағыттарына, жүргiзiлiп жатқан салық-бюджет саясатының заман талабына барабарлығына тiкелей тәуелділігiмен негізделген. Қазақстандағы экономикалық өсудің жоғары қарқындары, бюджет кiрiстерiнiң өсуi, қаржы институттарының нығаюы, Ұлттық қордың құрылуы, мемлекеттік бюджет тапшылығының ыңғайлы деңгейi мемлекеттің неғұрлым белсендi фискалдық саясатын жүргізудi талап етедi. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттiң ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретiнде саяси билiкке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым аз қорғалған жiктерiн әлеуметтiк қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкiндiк бередi. Тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi әзiрлеу кезiнде Орта мерзiмдi саясат негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар негiзiнде әрi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабілетті халық үшiн" атты Қазақстан халқына
Жолдауын
есепке ала отырып әзiрлендi.
1.1 Елдiң 2003 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2004 жылға арналған маңызды көрсеткiштер серпiнiн бағалау
2003 жылы ЖIӨ-нiң нақты өсуi 9,2%-ды құрады, ал орташа жылдық инфляция 6,4%-ға деңгейiнде қалыптасты.
Өткен жылы болжамдалғандай, әлемдiк экономика үрдiстерiнiң негiзiнде мұнайдың жоғары бағасының және доллардың еркiн айырбасталатын басқа валюталарға қатысты 20%-дан астам құнсыздануының әсерiнен теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамы күшейді.
Саудадағы негізгі әрiптес елдер валюталарының қоржынына (евро, ресей рублі, қытай юанi) қарағанда, теңгенiң АҚШ долларына қатысты күшейуiне қарамастан, теңгенiң нақты мәнi 2,5%-ға құнсызданды.
Елдегi макроэкономикалық тұрақтылық экономиканың дамуына ынталандырушы ықпал етуiн жалғастырды, бұл тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiн, тiкелей шетелдiк инвестициялардың едәуiр ағыны мемлекеттiк бюджетке кiрiстер түсiмiн ұлғайтудың және, сайып келгенде, ел халқының әл-ауқатын арттырудың басты факторына айналды.
Бағалау бойынша 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) өсуi 9,1%-ды құрады. 9,4%-ға өнеркәсiптегi, 5,2%-ға ауыл шаруашылығындағы көлемнiң ұлғаюы өсудi қамтамасыз етті. Қызметтер көрсету секторында барлық көлiк түрiмен жүк тасымалдау көлемi 9,3%-ға, бөлшек тауар айналымының көлемi 7,1 %-ға ұлғайды.
2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта 2003 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда ЖIӨ құрылымында айтарлықтай өзгерiс болған жоқ. Бағалау бойынша, тауарлар өндiрiсiнiң ЖIӨ-гі үлесi 40,6%-ды құрады (2003 жылғы қаңтар-маусымда 39,1%), қызметтер көрсету өндiрiсi - 53,3 % (55,5 %).
Ағымдағы жылдың бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша инфляцияның орташа деңгейi 6,6 %-ды құрады және өткен жылдың тиiсті кезеңiмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерiске ұшыраған жоқ (6,7 %).
Әлемдiк рыноктағы қазақстандық негізгi тауарлардың әлемдiк бағаларының жоғары деңгейi экспорттық түсiмдер көлемiнiң едәуір ұлғаюына ықпал еттi. Ағымдағы жылдың бес айы iшiнде сыртқы сауда айналымы 11,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2003 жылғы осындай кезеңнен 46 %-ға артық болды. Экспорт 7 млрд. АҚШ долларын құрады, импорт - 4,5 млрд. АҚШ доллары, өсу тиiсiнше 42 және 52 %.
Мұнай өндіру саласында шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iрi инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ бiрқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылатын инвестициялардың көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкiндiк бердi. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда негiзгi капиталға инвестициялар 12,1 %-ға ұлғайды.
Мұнайдың сақталып отырған жоғары бағалары және елге валюта түсiмiнiң iрi көлемiнiң ағыны теңге бағамы нығаюының негiзгi себебiне айналды. Осылайша, 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта теңгенiң орта өлшенген айырбас бағамы 1 АҚШ доллар үшін 138,42 теңге құрады. Жыл басынан берi АҚШ долларына номиналды көрiнiстегi теңге 5,07 %-ға нығайды.
Бағалау бойынша 2004 жылы инфляцияның орташа деңгейi 5,6-7%-ды құрайды, бұл индикативтік жоспардың болжамына сай келедi.
Бағалар өсуiне қатысты қайта қаржыландырудың ресми ставкасының деңгейi әлсiз оң болып ұсталады (7 %), бұл iскерлiк белсендiлiктi кеңейтудi көтермелеуге мүмкiндiк бередi.
Елдiң сауда теңгерiмi нығайтылады. 2004 жылы оң сальдо 4,5 АҚШ доллары мөлшерiнде бағаланып отыр.
Өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң өсуi 9,2 %-ды құрайды, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi өткен жылғы деңгейге қарағанда 2,8%-ға өседi. Негiзгi капиталға инвестициялар 10%-ға артады.
Қызметтер көрсету саласындағы даму қарқындарының басып өсуi күтілуде.
2003 жылғы деңгейге қарағанда көрсетiлетiн байланыс қызметтерi көлемiнiң өсу қарқыны 30%-ды, көлiктiкi 8,6%-ды, сауданiкi 8,5%-ды құрайды.
2003 жылы салық заңдарындағы өзгерiстер салық жүктемесiн азайту, жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын көтермелеу және оларды енгiзу жолымен елдiң экономикалық өсуiн көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушiлердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған және елдiң инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға арналған.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" атты Қазақстан халқына
Жолдауына
, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес салық жүктемесін азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгiлi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және еңбекақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі енгізiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану салалары кеңейтiлдi.
Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзілiп жатқан реформаларды тереңдету мақсатында мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салу, сондай-ақ салықтық әкiмшiлендiру нормалары жетiлдiрiлдi.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың жаңа шарттарын енгізудiң негiзгi мақсаттары: бюджет кiрiстерiн мұнай операцияларынан барынша көп алу, жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық ниеттерiн сақтай отырып, тараптар мүдделерiнiң ең жоғарғы теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады.
Қаржы лизингiне салық салуды жетiлдiру Қазақстанда негізгi құралдарға инвестицияларды қаржыландырудың аса маңызды құралдарының бiрi ретiнде лизингті одан әрi дамытуға ықпал етедi.
Бюджет жүйесiн жетiлдiру мақсатында соңғы жылдары Қазақстанда бiрқатар шаралар кешенi жүргізiлдi.
Тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн бюджет комиссиялары құрылды, олардың мақсаты бюджеттер жобаларының уақтылы және сапалы әзiрленуiн қамтамасыз ету, бюджеттердi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау, әкiмшiлердiң бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерiн қарау болып табылады.
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететiн бағдарламалық, мақсатты бюджеттi қалыптастыру жүзеге асырылуда. Қазiргi уақытта мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын iске асырудың негiзгi құралы болып табылады.
2003 жылдан бастап қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған индикативтiк
жоспарының
құрамында бекiтiледi. Бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалардың бәрiнде жылдар мен қаржыландыру көздерi бөлiнiсiнде қаржы қаражатының талап етiлетiн көлемi айқындалған.
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететiн нақты бюджетті қалыптастыру мақсатында, 2002 жылдан бастап бюджет оның есебiнен мемлекеттің ағымдағы мұқтаждарын орындауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылған ағымдағы бюджет және экономикаға инвестициялық шығыстарды, яғни инфрақұрылымды дамытуға, қала құрылысына, ақпараттық жүйелердi, ғылымды, адами капиталға инвестицияларды құру мен дамытуға және т.с.с. арналған шығыстарды қамтитын даму бюджетi болып бөлiндi. Бюджеттің мұндай бөлiнуi мемлекеттiң заңдарда айқындалған және мемлекеттiк мекемелердiң бар желiсiн ұстауға бағытталған өзiнiң функцияларын орындау құнын және мемлекеттiң әлеуметтік экономикалық дамуына оның инвестициялық салымының көлемiн нақты бағалауға, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаларды жүйелеуге мүмкiндiк бердi.
Бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және олар бойынша бюджеттiк бақылау жүргiзу үшiн 2002 жылдан бастап әкiмшiнiң өзiне жүктелген функцияларды орындау жөнiндегi қызметiн бағалаудың негізгi құжаты ретiнде бюджеттiк бағдарламаның паспорты енгiзілдi. Мұндай шараны ұтымды жоспарлау, бюджеттiк бағдарламаларды орындау және әкiмшiлердiң бюджет ақшасының тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауапкершiлігін күшейту қажеттiгi айқындап бердi.
Бюджет жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген iс-шаралар барысында шешiмi жүйелiк ұстанымды талап ететiн көптеген мәселелер анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы заңдар нормаларын реттеуге және жүйелеуге, олардың неғұрлым икемдi құрылымын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн Бюджет кодексi әзiрлендi.
Бюджет кодексiнде бюджет жүйесiнiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететiн жаңа қағидаттар бар, бұрын қолданылған бюджеттi жоспарлау қағидаттары, барлық бюджет деңгейлерiнiң шығыс және кiрiс бөлiктерiн қалыптастыру жөнiндегi ұстанымдар қайта қаралды.
Қолданыстағы заң кесiмдерiне функционалдық талдау жүргiзу нәтижесiнде және орталық пен өңiрлер арасындағы қатынастардағы жинақталған оң және терiс тәжiрибенi ескере отырып, бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми трансферттердiң нысандары, республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетiнiң кiрiстерi айқындалды. Барлық бюджет деңгейлерiне қаржылық орнықтылық беру мақсатында Бюджет кодексiнде бюджет деңгейлерiнiң шығыстық өкілеттiктерi нақты бөлiндi. Бюджеттердiң дербестен күшейту үшiн, сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерi үш жылға арналып белгіленетiн болады.
Бюджет
кодексiнде
бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау туралы бап көзделген, оған сәйкес тиiстi есептердi жүргізу, бюджеттiк бағдарламалардың негiздемесiн, олардың орындалу барысы мен олар көрсететiн елдiң әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етуiн талдау және бюджеттiк бағдарламалардың тиiмсiз бағыттарын айқындау болып табылады.
Қазақстан республикасының Үкiметi әзiрлеген және бекiткен бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу әдiстемесi бюджетті жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау процесiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу тәртiбi мен көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.
2005 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң 2005-2007 жылдарға арналған бюджеттiк өтiнiмдерiн қараған кезде Республикалық бюджет комиссиясы республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2003 жылы және 2004 жылғы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың 2003 жылы және 2004 жылғы бiрiншi жарты жылдықта iске асырылуы туралы ақпаратты қарады. Қарау нәтижелерi нақты бюджеттiк бағдарламаны алдағы қаржы жылында орындаудың орындылығына және оны қаржыландыру көлемдерiне қатысты шешiмдер қабылдау үшiн негiз болды.
Бюджеттiк инвестициялар ұғымы кеңейтiлдi, инвестициялық жобаларды кезең-кезеңмен iрiктеу, сондай-ақ жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбi енгiзiлуде.
Жергiлiктi атқарушы органдардың тек жоғары тұрған бюджеттен ғана қарыз алу құқығы сақталып, сыртқы және iшкi капитал рыноктарынан қарыз алуы алынып тасталады.
Ұлттық қорға қаражат аударудың жаңа тетігi енгiзiлдi, осыған сәйкес Ұлттық қорды қалыптастыру көзi болып табылатын барлық ресми трансферттер тiкелей мемлекеттiк бюджеттен аударылатын болады.
2.1 Фискалдық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi
Орта мерзiмдi кезеңдегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық дамудан және барлық өңiрлердегі азаматтардың әл-ауқатының өсуiнен көрiнетiн ел экономикасының бәсекеге қабілеттiлiгiн арттыру болып табылады.
Орта мерзiмдi кезеңде бұл мақсатқа қол жеткiзуге мынадай негiзгi мiндеттердi шешу:
экономика салаларын әртараптандыру, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшiн жағдайлар дайындау;
көлеңкелi экономика үлесiн азайту;
ЖIӨ-ге қатысты мемлекеттiк борыштың мөлшерiн қысқарту, оның құрылымын оңтайландыру;
инфрақұрылымды және адами капиталды дамыту;
мемлекет көрсететiн қызметтер сапасын арттыру ықпал етедi.
Бұдан басқа, фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының маңызды құрамдаушысы бола отырып, жоспарланған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген меженi, төлем балансының орнықтылығын, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң соңғы тұтынуының өсуiн және капиталдың жинақталуын қолдауға ықпал етуi тиiс.
2.2 Фискалдық саясатты iске асырудың негiзгi бағыттары
Фискалдық саясат мiндеттерiн iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
салық заңдарын және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiру;
мемлекеттiң мұнай кiрiстерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арқылы пайдалану тетiктерiн жетілдiру;
шығыстарды, бiр жағынан, мемлекеттiк функциялардың толық көлемде тиiмдi орындалуын және, екiншi жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесудi қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;
мемлекеттік шығыстардың нәтижелiлігі мен тиiмділігін, соның ішінде бюджет процесiнiң барлық деңгейлерiнде бюджеттік бағдарламалау әдiстерiн одан әрi енгізу жолымен арттыру;
дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиiмдi қалыптастырудың жүйелілiгiн қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды дайындау, қарау, iрiктеу процесiн реттеу;
бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру бюджет жүйесiнiң түрлi деңгейлерi арасында кiрiс және шығыс өкiлеттіктердi нақты ажыратуды белгiлеу.
3.1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi
Мақсатты өлшемдердi, қолдағы даму резервтерi мен сыртқы және iшкi факторлардың күтiлетiн әсерiн есепке ала отырып айқындалатын республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ықтимал сценарийлерiн қалыптастыру Yкiметтiң орта мерзiмдi перспективадағы салық-бюджет саясатының мүмкiндiктерiн айқындауға, мемлекеттiк шығыстар туралы салмақты шешiмдер қабылдауға және тиiсiнше мемлекеттiк қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Орта мерзiмдi фискалдық саясатты iске асырудың мiндеттерi мен негізгі бағыттарын айқындау кезiнде ел экономикасын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған базалық сценарийi негіз ретiнде алынды (1-кесте).
Базалық сценарийде мұнайға әлемдiк баға бiр баррель үшiн 28-33 АҚШ доллар аралығында болады деп болжанады. Сыртқы конъюнктура индексi 2003 жылмен салыстырғанда 2005 жылы тағы да 1,6%-ға одан әрi азая отырып, 5,4%-ға кемидi. 2006-2007 жылдары индекс неғұрлым аз, жылына 0,5%-ға өсетiн болады. Мұнайдың экспорттық бағасы бiр баррель үшiн 21-25 АҚШ доллары деңгейiнде тұрақталады. Сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы жылына орта есеппен 2,3 млрд. астам АҚШ долларын құрайды.
Осы сценарийге сәйкес ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсуi 2005-2007 жылдары 8,1 %-ды құрайды.
Тауарлар өндiрiсiмен салыстырғанда қызметтер көрсетудiң басып өсу үрдiсi сақталады. Болжанып отырған кезеңде тауар өндiрiсi орта есеппен жылына 7,8 %-ға, ал қызметтер көрсету өндiрiсi 8,7 %-ға өседi.
Кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруымен бiрге халықтың нақты кiрiсiнiң ұлғаюы экономиканың нақты секторына инвестициялардың өсуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
Инвестициялық сұраныстың кеңеюi бiрiншi кезекте кәсiпорындардың дербес қаражаты есебiнен алынатын инвестициялық қаржыландырудың iшкi көздерiмен байланысты болады. Негiзгі капиталға инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде 12-15 %-ды құрайды.
Инфляция деңгейi орта есеппен 2004 жылғы 5,6-7 %-дан 2007 жылы 4,1-5,5%-ға дейiн төмендейдi.
Yкiметтiң фискалдық саясатының iске асырылуына тәуелсiз макроэкономикалық факторлар өзгерген жағдайда оның негізгi параметрлерi кейіннен мұндай өзгерiстердiң дәрежесiне қарай түзетiлетiнiн не нақтыланатынын атап өту қажет.
1-кесте
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық
көрсеткіштерiнiң 2004-2007 жылдарға арналған болжамы
(базалық сценарий)
___________________________________________________________________
Атауы | 2003 | 2004 |болжам
| есеп |бағалау |----------------------
| | | 2005 | 2006 | 2007
___________________________________________________________________
ЖIӨ, млрд. теңге 4449,8 5138 5850 6640 7557
ЖІӨ-нiң нақты өзгеруi,
өткен жылға %-ен 109,2 109,0 107,9 108,0 108,5
ЖIӨ дефляторы, % 107,9 105,9 105,5 105,0 104,9
ЖIӨ, млрд. АҚШ доллары 29,8 37,6 44,4 51,4 59,0
Жан басына шаққандағы
ЖIӨ, АҚШ долл. 1997,2 2504,5 2942,4 3378,3 3853,7
Тұтыну бағаларының
индексi, %-бен
жылына орта есеппен 6,4 5,6-7 4,9-6,5 4,8-6,2 4,1-5,5
Теңгенiң АҚШ долларына
бағамы
жыл соңына 43,3 133,6 130,0 128,4 127,6
жылына орта есеппен 149,5 136,7 131,7 129,2 128,0
Ақша массасы, млрд. теңге 971,2 1325,0 1631,0 1938,0 2266,0
Экономиканы монеталандыру
деңгейi, % 21,8 25,8 27,9 29,2 30,0
Ұлттық Банктің қайта
қаржыландыруының
ресми ставкасы, %
(кезең соңында) 7,0 7,0 6,8 6,5 6,0
Тауарлар экспорты,
млн. АҚШ долл. (ФОБ) 13203,4 16832 17566 17328,3 17872,2
Тауарлар импорты,
млн. АҚШ долл. (ФОБ) 9030,7 12324,2 13486,6 14237,0 15320,0
Сауда теңгерiмi,
млн. АҚШ долл. 4170,7 4507,9 4079,4 3091,3 2552,2
Қызметтер көрсету
теңгерiмi, млн. АҚШ долл. -2251,5 -2302,0 -1972,0 -1887,0 -1723,0
Ағымдағы шот, млн.
АҚШ доллары -69 -357 -335 -1460 -1818
Негізгі капиталға
инвестициялар
өткен жылға %-бен 10,6 110,0 112,0 115,0 114,0
Ауыл шаруашылығының
жалпы өнiмiнiң көлемi,
млрд. теңге 606,7 648,6 701,9 757,2 810,3
өткен жылға %-бен 101,4 102,8 103,3 103,4 102,9
Өнеркәсiптiк өнiм
көлемi, млрд. теңге 2794,4 3147,4 3445,1 3704,5 3898,6
өткен жылға %-бен 108,8 109,2 107,3 108,1 107,4
мұнай және газ
конденсатын өндiру,
млн. тонна 51,3 56,1 59,0 64,4 68,7
оның iшiнде, экспорт,
млн. тонна 44,3 48,6 50,9 55,5 59,0
Мұнайдың әлемдiк бағасы
(Вrent қоспасы), бiр
баррель үшiн АҚШ доллары 28,9 32,6 32,9 29,0 28,5
Мұнайдың экспорттық
бағасы, бiр баррелль
үшiн АҚШ доллары 21,6 24,5 24,7 21,8 21,4
Құрылыс, млрд. теңге 446,9 528,2 650,7 812,4 1027,6
өткен жылға %-бен 109,3 111,5 112,0 113,5 114,0
Көлiк қызметтерi,
млрд теңге 880,0 975,7 1069,8 1189,5 1439,2
өткен жылға %-бен 107,8 108,6 108,0 109,0 110,0
Байланыс, млрд. теңге 144,0 96,6 247,7 299,1 357,7
өткен жылға %-бен 125 130,0 120 115 115
Сауда, млрд. теңге 1191,8 1411,3 1615,2 1892,5 2206,6
өткен жылға %-бен 109,4 108,5 109,0 109,5 110,0
___________________________________________________________________
2-кестеде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған құрылым* бойынша ел экономикасын дамытудың базалық сценарийi негiзiнде жасалған 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет болжамы көрсетiлген.
2-кесте
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет болжамы
(ЖIӨ-ге пайызбен)
___________________________________________________________________
Атауы | Болжам
|---------------------------
|2005 жыл|2006 жыл|2007 жыл
___________________________________________________________________
Кiрiстер 24,30 24,03 24,29
Шығындар 24,19 23,78 23,97
Операциялық сальдо 0,11 0,25 0,32
Таза бюджеттік кредит беру 0,21 -0,05 0,14
Бюджеттiк кредиттер 0,35 0,07 0,25
Бюджеттiк кредиттердi өтеу 0,14 0,13 0,11
Қаржы активтерiмен жасалатын
операциялар бойынша сальдо 1,40 0,80 0,68
Қаржы активтерiн сатып алу 1,44 0,83 0,71
Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан
түсетiн түсімдер 0,03 0,03 0,03
Бюджет тапшылығы (профициті) -1,50 -0,50 -0,50
Бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану) 1,50 0,50 0,50
___________________________________________________________________
*Ескерту.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес салық және басқа да мiндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берілетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, бюджетке eceптелугe тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.
Қайтарылмайтын негізде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол беріледi.
Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетін ақша. Бюджеттік кредиттi өтеу - кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгi борышты қарыз алушының өтеуi. Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердiң және бюджеттік кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншiкке сатып aлу жөніндегі операциялармен байланысты бюджет шығыстары. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - мемлекеттік меншiктегі заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргiзуiндегі өзге де мемлекеттік мүлiкті сату жөнiндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттік кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
Салық саясаты
Мемлекеттiң салық саясаты салық салудың нақты салық түрiне экономикалық негiзделуiнен, кәсiпкерлiктi дамытуға тосқауыл болатын кедергiлердi жоюдан, салық заңдары нормаларының қарапайымдылығы мен айқындылығынан, сондай-ақ салық мәдениетiн одан әрi арттырудан бастау алуы тиiс.
Фискалдық саясаттың мiндеттерiн iске асыру шеңберiнде салық жүйесi мемлекет қазынасын толықтыруға ғана бағдарланбай, сонымен бiрге экономиканы басқарудың күштi құралы болуы тиiс.
Орта мерзiмдi кезеңде:
жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi салықтық көтермелеу;
инвестициялық салық преференцияларын беру нысандарын кеңейту мүмкiндiгiн қоса алғанда, экономиканың шикiзаттық емес секторындағы инвестициялық ахуалдың тартымдылығын күшейту үшiн шаралар қолдану салық заңдарын жетілдiрудің негiзгi бағыттарына айналуы тиiс.
Бұл мiндеттердi iске асыру үшiн Үкiмет Салық кодексiне 2005 жылдан бастап өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар тұжырымдады. Атап айтқанда, негiзгi құралдарды жаңарту мен жаңғырту процестерiн ынталандыру және жеделдету, инвестициялық салық преференцияларын беру нысандарын кеңейту, қосылған құны жоғары тауарлар өндiрiсiн салықтық ынталандыру және халықаралық стандарттарға сай келетiн сапа менеджментi мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізу, қаржы операциялары мен қаржы рыногы субъектiлерiне салық салуды жетілдiру, салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту мақсатында амортизациялық саясатты жетілдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер көзделедi.
Мемлекеттiң салық төлеушiлермен өзара қатынастарын одан әрi жақсарту салық салу саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекше бағытына айналуы тиiс, бұл қатынас екi тарап арасындағы өзара тығыз iс-қимылдан, жүргiзіліп жатқан процестердің барлық маңызын өзара түсiнуден құралуы тиiс.
Жүргiзілiп жатқан саясат нәтижесiнде, бiр жағынан, салық төлеушiлердiң салық заңдарының нормаларын дұрыс түсiнуiне қол жеткiзу, салық төлеушiлердiң салық тәртiбiн сақтау деңгейiн арттыру үшiн, екiншi жағынан, салық жүйесiнiң транспаренттілігін, оның әдiлдігін, тұрақтылығын және болжамдылығын қамтамасыз ету, салық төлеушiлердiң барлық санаттары үшiн салық жүктемесiнiң теңгерiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн оңтайлы жағдайлар жасалатын болады, бұл сайып келгенде, мемлекеттiң экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері
Мемлекеттiк бюджет кiрiстерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынылып отырған өзгерiстердi есепке ала отырып, салық заңдары, республиканың маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерi, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары негізiнде айқындалған.
Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң болжамы 3-кестеде келтiрiлген.
3-кесте
Мемлекеттiк бюджет кiрiстерi
(ЖIӨ-ге %-бен)
___________________________________________________________________
Атауы | Болжам
|---------------------------
|2005 жыл|2006 жыл|2007 жыл
___________________________________________________________________
Кiрiстер 24,3 24,0 24,3
Салықтық түсiмдер 23,2 22,9 22,9
Салықтық емес түсiмдер 0,7 0,6 0,6
Негiзгі капиталды сатудан түсетiн
түсiмдер 0,4 0,5 0,8
___________________________________________________________________
Өткен жылға қарағанда 2005 жылы салықтық түсімдердің өсуі 14,6 %-ды, 2006 және 2007 жылдары тиісiнше 11,9 %-ды және 13,7 %-ды құрайды.
Кiрiстер болжамының есептеулерiнде жоспардан тыс салықтық және өзге де мiндетті төлемдерi Ұлттық қорға есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесi ескерiлдi. Бұл ұйымдар бойынша салық түсiмдерiн есептеу мұнайдың бiр баррель үшiн 19 AҚШ доллары болатын әлемдiк тұрақты есептеу бағасы ескерiле отырып жүргiзiлдi.
Бұдан басқа, Салық кодексiнiң ережелерiне енгiзiлген, тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртiбiн реттейтiн, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн өзгерiстер 2005 жылы корпорациялық табыс салығын шамамен 26,0 млрд. теңгеге азайтуға алып келедi.
Салықтық түсiмдер "Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есепке ала отырып айқындалған әлеуметтік салық ставкаларының өзгерiсiне түзетiлдi.
Сонымен қатар, салықтық түсімдерде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудан түсетiн қосымша салық түсiмдерi ескерiлдi.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Теңiзшевройл" ЖШС арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес 2006 жылы "Теңiзшевройл" ЖШС 200 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде роялти төлеудi жүзеге асырмайды, ал 2007 жылдан бастап роялтидi - 200 млн. АҚШ долларын төлеу есебiнен есепке алу жүзеге асырылады, бұл салықтық түсiмдердiң болжамын қалыптастыру кезiнде де ескерiлген.
2005 жылы салықтық емес түсiмдер 2004 жылғы бағалауға қатысты 48,8 %-ға азаюмен, 2005 жылғы болжамға қарағанда 2006 жылы 2,1 %-ға азаюмен және 2007 жылы 1,8 %-ға ұлғаюмен болжануда.
Өткен жылмен салыстырғанда 2005 жылы салықтық емес түсiмдердің төмендеуi республикаға Agip Саsрiаn Sea В.V. 13,8 млрд. теңге сомасында бiр жолғы өтемақы төлеуiмен, 2004 жылы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалгерлiк ақы бойынша 9,2 млрд. теңге сомасында берешектiң өтелуiмен, Ұлттық Банк кiрiсiнен түсетiн түсімдердiң 16,5 млрд. теңге сомасында азаюымен және АҚШ долларына теңгенiң күшеюiмен байланысты.
2006 жылы салықтық емес түсiмдердiң төмендеуi қаржылық көмек шеңберiнде орталық мемлекеттiк органдар тартатын гранттар түсiмдерiнің азаюымен байланысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi кiрiстерiнiң құрамындағы мұнай және мұнайдан тыс секторлардың кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердiң ара қатынасын айқындау маңызды болып табылады (4-кесте). Бұл қазiргi сәтте бiздiң ел экономикасының едәуiр дәрежеде мұнай экспортының есебiнен қаржыландырылуымен негізделген. Фискалдық саясатты одан әрi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң мұнайдың әлемдiк бағаларының күрт ауытқуына тәуелдiлігін азайтуға ұмтылуы тиiс. Осыған байланысты бюджеттiң мұнайдан тыс тұрақты тапшылығының тұжырымдамасы ерекше мүдденi бiлдiредi, мұнда мұнай кiрiстерiнiң түсiмдерi ескерiлмейдi және тиiсiнше ол әлемдiк мұнай рыногында қалыптасқан жағдайға тiкелей тәуелдi емес.
4-кестеде көрсетiлгендей, салық саясаты мұнайдан тыс (әсiресе шикiзаттық емес) секторды дамытуды ынталандыруға бағытталады. Мұнай кiрiстерiне тәуелсіз салық базасын дамыту экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткiзуге ықпал етедi және жүргiзіліп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
4-кесте
Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң құрылымы
(мемлекеттiк бюджет кiрiстерiне пайызбен)
___________________________________________________________________
Кәсiпорындардан түсетiн түсiмдер | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл
___________________________________________________________________
- мұнай секторынан 22,2 18,9 17,6
- мұнайдан тыс сектордан 77,8 81,1 82,4
___________________________________________________________________
Мемлекеттік бюджет қажеттiлiктерiн қаржыландыруға жiберiлетiн мұнай кiрiстерiнiң ағынын реттеу жүйесiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры маңызды буын болып табылады. Ұлттық қордың жұмыс iстеуi елдi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту, болашақ ұрпақ үшiн қаржы қаражатын жинақтау (жинақтау функциясы) және экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсерiне тәуелдiлiгiн төмендету (тұрақтандыру функциясы) мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қор арасындағы өзара қатынастар тетiгін одан әрi жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзу ниетiнде. Ұлттық қордың мынадай мiндеттердi шешудiң неғұрлым ұтымды жолдарын айқындап беретiн тұжырымдамасын әзiрлеу ұйғарылып отыр:
1. Бюджеттiң конъюнктураға тәуелдi түсiмдерi мен шығыстары арасындағы терiс ара-салмаққа қол жеткiзу. Қолайлы конъюнктура кезеңдерiнде мемлекеттің дағдарыс жылдарындағы қаржылық мiндеттемелерiн ұстап тұру үшiн жеткiлiктi қаражат жинақтау.
2. Болашақ ұрпақты қамтамасыз ету үшiн орны толтырылмайтын табиғи ресурстарды пайдаланудан қаражат жинақтау.
3. Валюта ағыны тудыратын шамадан тыс инфляциялық қысымды болдырмау үшiн ақша массасын айықтыру.
4. Шығыстарды бақылау жолымен iшкi сұранысты тежеу, экономиканың тым қызып кетуiн болдырмау.
Осыған байланысты және орта мерзiмдi перспективада мұнайдың әлемдiк бағасының қолайлы болжамдарына орай Ұлттық қорда қаражат жинақтау саясатын жалғастыру жоспарланып отыр (5-кесте).
5-кесте
Ұлттық қорға түсiмдер серпiнi
___________________________________________________________________
Атауы | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл
| болжамы | болжамы | болжамы
|------------|------------|-------------
|млрд.|ЖIӨ-ге|млрд.|ЖIӨ-ге|млрд.|ЖIӨ-ге
|теңге|%-бен |теңге|%-бен |теңге|%-бен
___________________________________________________________________
Тұрақтандыру портфелi:
Республикалық бюджетке 70,2 1,2 63,3 0,9 64,4 0,8
шикізат секторы ұйымдары.
нан түсетiн іс жүзiндегі
түсiмдердiң олардың тиiсті
қаржы жылына арналған
республикалық бюджет
туралы заңда бекiтiлген
жылдық көлемiнен асып
түсуi ретiнде айқындалатын
республикалық бюджеттен
берiлетiн ресми трансферттер
Жинақтау портфелi:
І. Республикалық бюджетке 12,9 0,2 11,9 0,2 12,8 0,2
шикізат секторының
ұйымдарынан түсетін
түсiмдердiң республикалық
бюджетте жоспарланатын
сомаларының 10 % мөлшерiнде
есептелетін республикалық
бюджеттен берілетiн ресми
трансферттер
II. Республикалық меншiкке 2,8 0,05 2,8 0,04 1,2 0,02
жататын әрi кен өндiрушi
және өңдеушi салаларға
жататын мемлекеттiк
мүлікті жекешелендiруден
түсетін түсiмдер есебiнен
айқындалатын республикалық
бюджеттен берiлетiн ресми
трансферттер
III. Ауыл шаруашылығы 0,4 0,01 0,4 0,01 0,4 0,01
мақсатындағы жер учаскеле.
рін сатудан түсетiн
түсiмдер есебінен айқын.
далатын жергілiкті
бюджеттен берілетiн
ресми трансферттер
Жинақтау портфелінің жиыны 16,1 0,3 15,1 0,2 14,4 0,2
Ұлттық қорға түсiмдердің
жиыны 86,3 1,5 78,4 1,2 78,8 1,0
___________________________________________________________________
Бюджет саясаты мемлекеттің түрлi экономика салаларына қатысты тиiмділігін бағалауға негізделген және мемлекеттің қатысуы тән емес немесе орынсыз бағыттар бойынша бюджет қаражатын жұмсауды қысқартуға бағытталған. Бұл ретте ағымдағы мiндеттемелердi бiр мезгілде орындай отырып бюджет ресурстарын түйiндi стратегиялық мiндеттердi кешендi шешуге шоғырландыру маңызды болып табылды.
Фискалдық саясаттың мiндеттерiн iске асыру шеңберiнде мемлекеттiң қаржы ресурстарын мемлекеттiк басқару функцияларының барынша тиiмдi әрi толық орындалуын қамтамасыз ететiндей түрде тарату қажет. Бұл үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың нарықтық экономика жағдайларына бейiмделген тұтас жүйесiн құру қажет. Бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру және бiрiздендiру, олардың iс-шараларының бюджет шығыстарымен нақты өзара байланысын белгiлеу бұл жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.
Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiн одан әрi жетілдiру мақсатында мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлігін, олардың республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерiн бағалау жүйесi әзiрленедi. Бұл бюджет қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн едәуiр арттыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшiн" атты Қазақстан халқына
Жолдауына
сәйкес, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар негiзiнде орта мерзiмдi кезеңдер бюджет шығыстарының мынадай басымдықтары айқындалды:
денсаулық сақтауды реформалау және дамыту;
бiлiм берудi дамыту;
әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету;
индустриялық-инновациялық даму;
аграрлық секторды дамыту;
жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру;
Астана қаласын дамыту.
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстары мемлекет функцияларының орындалуын, мемлекеттік саясаттың iске асырылуын көрсететiн салалық белгілерi мен функционалдық бағыты бойынша бiрiктiрiлген. Мемлекеттiк бюджет шығыстарының ЖIӨ-ге пайызбен болжанып отырған көлемi функционалдық бөлiнiстегі Қосымшада көрсетiлген.
2007 жылы шығыстардың жалпы көлемiнiң болжамды номиналды өсу қарқыны 2005 жылға қатысты 24 %-ды құрайды. Бұл ретте мемлекеттiк бюджет шығыстарының өсу қарқыны ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан төмен. Бұл әлемдiк, әсiресе мұнай-газ секторындағы қолайлы конъюнктураға байланысты ЖIӨ-нiң жоғары болжамды өсу қарқынымен негізделген. Мұнайдың жоғары әлемдiк бағалары жағдайларында фискалдық саясат үстеме кiрiстердiң бiр бөлiгін Ұлттық қорда шоғырландыру және кейiннен әлемдiк қаржы рыноктарына орналастыру жолымен оларды айналыстан шығаруға бағытталады. Бұл инфляцияның өсуiне және экономиканың "тым қызып кетуiне" жол бермеуге мүмкiндiк бередi.
Мұндай ұстанымның дұрыстығын мұнай экспорттаушы елдердiң көп жылдық тәжiрибесi растайды. Ол жекелеген қолайлы жылдардағы шамадан тыс жоғары мемлекеттiк шығыстар кейiннен, мұнай бағаларының циклдық төмендеу жылдарында көбiнесе, экономикадағы макроэкономикалық теңгерiмсiздiк салдарынан төменгi тұрмыс деңгейiне және мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстардың тұрақты теңгерiмiнiң бұзылуына алып келетiндiгін көрсетеді. Мұның алдын алу үшін жекелеген уақыт кезеңдерiнде табиғи ресурстардан түсетiн кiрiстердi пайдалану теңгерiмiне қол жеткiзу жөнiндегі шараларды үнемi қабылдау және жетілдiру қажет.
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету
"Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005-2007 жылдары ЖIӨ-нiң 1,5 %-ы деңгейiнде болжанып отыр.
Жоғары технологиялы дамудың және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының негiзi болып табылатын iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыруды ұлғайтудың маңызы басым болады. Ұзақ мерзiмдi перспективада тиiстi инфрақұрылымды дамыта отырып, ғылым мен инновацияға арналған шығыстарды дамыған елдер деңгейiне дейiн ұлғайту қажет.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: "мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы рөлi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабілетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрiнедi".
Сондықтан мемлекеттiк қызмет жүйесiн жетiлдiру - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын халықаралық стандарттарға көшiру, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, мемлекеттiк қызметшілердiң кәсiпқойлығын айтарлықтай арттыру және оларды даярлау мен қайта даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру арқылы мемлекеттік басқарудың жинақы аппаратын қалыптастыру мәселелерiн шешу жақын арадағы перспективада неғұрлым өзектi болады.
Мемлекеттік қызметтің қоғамдағы беделiн арттыру мемлекеттiк қызметшілердiң мәртебесi мен әлеуметтiк қорғалуын күшейту саясатын мақсатты жүргiзу жолымен iске асырылады.
Бұдан басқа, мемлекеттiк басқару функцияларын орталықсыздандыруға байланысты мемлекеттiк кадр саясатын жетілдiрудің жаңа міндеттерi Мемлекеттік қызмет академиясының материалдық-техникалық базасын нығайту, даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жүйесiн жетiлдiру, мемлекеттiк қызметшiлердi оқытудың бiрыңғай стандарттарын енгізу арқылы өңiрлiк деңгейде шешiлетiн болады.
Әкiмшiлiк реформа тұрғысынан ақпараттандыру мемлекеттiк басқаруды жаңғырту мақсаттарына қол жеткiзу үшiн маңызды құрал болып табылады.
Мiндет - бiрқатар мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік органдардың функционалдық мiндеттерiн автоматтандырылған режимге ауыстыруда. Бұл жұмыс сапасы мен жеделдiгiн, олар қабылдаған шешiмдердiң тиiмділігiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес 2005-2007 жылдары ақпараттандыру саласында:
ұлттық бiрiздендiру жүйесiн, мемлекеттiк органдардың барлық электронды қызметтерi мен ақпараттық ресурстарына "бiрыңғай қол жетiмділiк нүктесiн" бiлдiретiн "электронды Үкiметтiң" бiрыңғай шлюзiн (порталын) iске асыруды қоса алғанда, "электронды Үкiмет" инфрақұрылымының негізгі құрамдауыштарын қалыптастыруды, сондай-ақ Куәландырушы орталық құруды;
орталық және өңiрлiк ведомстволық, ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi құруды және дамытуды, оларды республиканың ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрудi;
байланыс операторларының қатысуымен қазiргi заманғы технологиялар базасында мемлекеттiк органдардың қорғалған бiрыңғай мультсервистiк көлiктiк ортасын құруды көздейтiн инвестициялық жобаларды iске асыру шығыстардың негiзгi бағыттары болады.
"Электрондық Yкiмет" шеңберiнде қазiргі заманғы техникалық шешiмдер негізiнде перспективалы ақпараттық кедендiк технологиялардың қолданыстағыларын жетілдiру, жаңаларын енгізу есебiнен Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған "электрондық кеденнiң" ақпараттық жүйесiн құру ұйғарылып отыр.
Осыған байланысты: қолдағы ақпараттық ресурстарды бiрiктiру және электрондық паспорттар, қол қою, құжат айналымы, сатып алу мен төлемдер жүйесiнiң құрамында инфрақұрылымды қалыптастыру; мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен қызметтерге әмбебап қол жеткiзудiң қоғамдық инфрақұрылымын құру; мемлекеттiк органдардың қызметiн олардың өзара, сондай-ақ жұртшылықпен ақпарат айырбасын оңтайландыру бағытында қайта ұйымдастыру талап етiледi.
"Электрондық Үкiмет" iс-шаралары мемлекеттiк аппараттың функциялары мен штатын оңтайландыруға және оның жұртшылықпен өзара iс-қимыл жасау нысандарын демократияландыруға әкелуi тиiс.
Мемлекеттік басқаруды функционалдық қайта ұйымдастыру, ақпарат беру үшiн қорғалған бiрыңғай орта құру және интернетке қол жетiмдiлiктiң қоғамдық орталықтарын ұйымдастыру қажеттiгін ескере отырып, осы бағдарламаны iске асыру мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгін едәуір арттыруды, мемлекеттiк органдар iшiнде функцияларды қайта бөлудi және босаған құралдарды олардың қызмет ету процестерiн автоматтандыруға қайта жiберудi, сондай-ақ әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының "электрондық Үкiметін" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғарыда аталған iс-шараларға қосымша қаражат бөлудi талап етедi.
Орта мерзiмдi кезеңде барлық деңгейдегi мемлекеттік органдарды толық компьютерлендiрудi жүзеге асыру, оларды электрондық почтаға қосу және мемлекеттік органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн құру қажет.
Жаңа мүмкiндiктер арқылы барлық мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және республикалық мемлекеттік кәсiпорындарда орта мерзiмдi жоспарлаудың көп деңгейлi тұтас жүйесi қалыптасады.
Қорғаныс
"Қорғаныс" функционалдық тобы бойынша шығыстар өзiне қорғаныс қажеттілiктерiне, төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыруға, қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге және салтанатты рәсiмдердi орындауға арналған шығыстарды қамтиды және ЖIӨ-ге 2005 және 2006 жылдары 1,2%-ды 2007 жылы - 1,5%-ды құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Әскери
доктринасы
қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстарды жоспарлаудың негізi болып табылады, бұған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстардың көлемi кемiнде ЖIӨ-нiң 1%-ы мөлшерiнде көзделедi, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру, реформалау кезеңдерi мен әскери-экономикалық қамсыздандырудың негiзгi бағыттары айқындалған.
Тұжырымдалған шараларды iске асыру мақсатында қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстар көлемiн 2005-2006 жылдары ЖIӨ-нiң 1,0%-ы, 2007 жылы - 1,2% деңгейiнде белгілеу ұйғарылып отыр.
Қарулы Күштердi жасақтау мен қалыптастырудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшу жолымен армияны кәсiбилендiру болжанып отырған шаралардың негiзгi мiндетi ретiнде қойылады, оның мақсаттары бөлiмдер мен бөлiмшелердiң әскери дайындығын жоғарылату, әскери-оқытылған резервтi дайындау, әскери қызметтiң және тұтастай Қарулы Күштердiң беделiн арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру мен дамытудың өткен кезеңдегi тәжiрибесi мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілердi "келiсiм-шарттағыларға" ауыстыру армия қызметiне оң әсер ететiнiн көрсеттi. Мысалы, Қарулы Күштердегi адам шығыны мен қылмыс саны азаяды, моральдық-психологиялық ахуал жақсарады.
Армияны жасақтаудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшудің бастапқы кезеңiнде қосымша бюджет шығындары талап етіледi. Бұл көшу кейiннен халық үшiн қосымша жұмыс орындарын құрудан көрiнетiн оң экономикалық әсерге ие болады. Айтарлықтай үнемдеудi жергілiктi бюджеттер алуы тиіс, өйткенi 17-ден 27-ге дейiнгi жастағы еркек жынысты азаматтар жылына екi рет мiндеттi медициналық куәландырудан өткiзілетiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға арналған шығыстар және онымен байланысты басқа да шығыстар қысқарады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жасақтаудың келiсiм-шарттық жүйесiне көшудi 2005 жылы солдаттар мен сержант лауазымындағы келiсiм-шарт қызметiнiң әскери қызметшілерiнiң сандық құрамын штаттың 65%-ына дейiн ұлғайту жолымен жүзеге асыру және 2007 жылға дейiн осы пайыздық ара қатынасты тұрақтандыру көзделіп отыр.
Жоспарланып отырған кезеңде Қарулы Күштердiң материалдық-техникалық базасын жақсарту көзделуде. Бұл үшін қару-жарақ пен әскери техника санын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдау керек.
Ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiпке, атап айтқанда, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар, iндеттер мен эпизоотийлер жатады. Сондықтан халықты, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізушi объектiлердi дүлей апаттардан, авариялар мен опаттардан қорғау, олардың салдарын жою мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету жүйесiндегі мемлекеттiк саясаттың басым салаларының бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуетi мен қоршаған ортасын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар әсерiнен тиiмдi қорғауды арттыруға және қамтамасыз етуге, олардың салдарының, оның iшiнде iрi көлемдi жер сiлкiнiстерiнiң, су тасқындарының, селдiң және жер көшкiннiң алдын алу, залалды төмендету мен жою үшiн күштер мен құралдарды дамытуға қол жеткiзу мақсаттарында Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленуде.
Осы Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға 2005-2006 жылдары республикалық бюджеттен 4 млрд. теңгеден астам мөлшерде қаражат көзделедi.
Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк
"Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздігі" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 2,3 %-ы, 2006 жылы - 2,2 %-ы және 2007 жылы - 2,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерiнiң сыртқы және iшкi қауiптерден қорғалуын қамтамасыз ету үшiн әлемдегi террорлық агрессия жағдайларында мемлекеттiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету мәселелерiнiң зор маңызы бар.
Жоспарланып отырған орта мерзiмдi кезеңде түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын; қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың сапасын; қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығын жақсартуға бағытталған қазiргi уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының iс-шараларын iске асыру жалғасады.
2005-2006 жылдары осы бағдарламаны iске асыруға шамамен 5 млрд. теңге бөлiнедi.
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға тиiмдi қарсы тұру арқылы елдiң экономикалық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар жүйесiн одан әрi қалыптастыруға, оның өсуiне ықпал етуге, адал кәсiпкерлiктi дамытуға және бәсеке ортасын жақсартуға бағытталған әзiрленетін Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру ұйғарылып отыр.
Бiлiм беру
"Білім беру" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖІӨ-нің 3,6%-ы, 2006 жылы - 3,6 %-ы және 2007 жылы - 4,0 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты көп деңгейлi үздiксiз бiлiм берудің әлемдiк білiм беру кеңiстiгiне бiрiктiрiлген әрi тұлға мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұлттық моделiн қалыптастыруға, сондай-aқ ғылым мен өндірісті біріктіруге бағытталады.
Осы мақсаттарда аталған бағыттағы негізгі стратегиялық мiндеттердi көздейтін білім берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарлама әзiрленуде.
Mәселен, орта мерзiмдi кезеңде жоғары сатыдағы оқушыларды кәсiптiк оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Білім беру ұйымдарында оқитындардың бiлiм сапасын жоғарылату мақсатында 2004 жылы білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрамдастарының бiрi - ЖОО-ға қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген оқып жатқандарды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысаны ретiнде ұлттық бiрыңғай тестілеудi құру жөнiндегi жұмыс басталды. Бұл iс-шараны енгiзу білім беру санасын объективті бағалау әрi жоғары және орта кәсіптiк бiлiмге қол жетімділіктің әлеуметтік әдiлдiгi үшін бiрыңғай өлшеу материалдарының көмегiмен бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бақылауды және басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жақсармайынша, бiлiм сапасын жоғарылату мен оны әлемдiк ақпараттық бiлiм беру кеңiстiгiне бiрiктiру мүмкiн емес.
Қазіргі уақытта мемлекеттiк деңгейдегі ақпараттандыру бiлiм берудiң тек бір деңгейін - орта бiлiм берудi ғана қамтыған. Осы уақытқа дейiн мектепке дейінгі тәрбие мен бiлiм беруде, жоғары кәсiптік және ЖОО-дан кейiн кәсіптiк білім беруде ақпараттандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлген емес, оқыту процесінде қолданылатын ақпараттық технологиялардың мониторингi жүзеге асырылмаған.
Бастауыш және орта кәсіптiк бiлiм беретiн оқу орындары жүйесiн ақпараттандыру бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде компьютерлік техникамен қамтамасыз етiлу республика бойынша орта есеппен бiр компьютерге 64 оқушыны құрады және ТМД елдерi арасында eң жоғарғы көрсеткiш болып табылады.
Компьютерлендiрумен қатар мектептердi "Интернет" ғаламдық жүйесiне кезең-кезеңмен қосу процесi жүзеге асырылды. Бүгiнгi күнi 3495 мектеп немесе жалпы мектептер санының 44%-ы Интернетке қосылды, мұның 2208-i ауылдық мектеп болып табылады.
Алайда, ауыл оқушыларының сапалы бiлiм алудағы бастапқы мүмкiндiктерiн теңестiру үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi 2004 жылы телефондандыру жүргiзеді және 2971 мектептiң Интернетке қосылуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына сәйкес 2005 жылы 75%-дан кем емес мектептердi Интернетке қосу қамтамасыз етіледi. 2005 жылы жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi Интернет желiсiне қосуға және оның трафигін төлеуге 0,5 млрд. теңге сомасында қаражат көзделедi.
2005-2007 жылдары барлық деңгейдегі бiлiм беру стандарттары қайта әзiрленедi, ғылыми-педагогикалық және педагог кадрлардың жаңа буынын даярлау басталады, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi жаңарту процесi жалғасады, менеджмент пен сапаны бақылау жүйесi енгізiледi, бүкiл бiлiм беру жүйесiн одан әрi демократияландыру жүзеге асырылады.
Осы жылдары бiлiм берудiң әлемдiк стандарттарының талаптарына сәйкес келетiн, бiлiм сапасын кешендi емтихандар арқылы бағалауға, оқушылар мен бiлiм беру ұйымдарының даму серпiнiн байқау үшiн бiлiм сапасының мониторингiн жүзеге асыруға, түйiндi құрамдауыштары оқушылардың оқу жетiстiктерi болып табылатын бiлiм сапасын үнемi байқаудың кешендi жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн барлық деңгейдегi бiлiм беру сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесi енгізiледi.
Аталған iс-шараларды iске асыруға қосымша шамамен 2 млрд. теңге жұмсалады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беруде Қазақстанның Болон процесiне қосылуы және кадрлар даярлаудың (бакалавриат - магистратура - докторантура) тұтас жүйесiне толық көшу, аспирантурадан, дәстүрлi докторантурадан кезең-кезеңмен бас тарту, тиiстi халықаралық аккредитациясы бар шетелдiк алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен бiрге алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары базасында РhD даярлау бағдарламасын ашу жүргізiледi.
Аталған мақсаттарға қосымша 3,1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
Бұл ретте, жаңа сатыдағы педагогтарды даярлау мақсатында 2005/2006 оқу жылынан бастап педагог кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы 5000 бiрлiкке ұлғаяды, бұған шамамен 2,9 млрд. теңге бөлу көзделiп отыр.
Кемтар балаларды қолдау мақсатында әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау шаралары әзiрленетiн болады.
Қазiргi уақытта білiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын едәуiр жаңарту және оқу құралдарымен және жабдықпен жарақтандыру қажеттігі пiсiп-жетілдi.
Жалпы білiм беретін және кәсiптiк мектептердiң, бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiн қайта даярлаудың республикалық және өңiрлiк институттарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен жаңартуды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік бюджеттен 4,1 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
Осыған байланысты, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды қабылдауы тиiс.
Қалалар мен облыс орталықтарында аса маңызды бiлiм беру объектiлерiн салуға 2005-2007 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын 2,5 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
Денсаулық сақтау
"Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 2,8%-ы, 2006 жылы - 2,9 %-ы, 2007 жылы - 3,0 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын жоғарылатуға, мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілiгiне, медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға және бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты, аурулардың алдын алу жүйесiн нығайтуға, халық денсаулығын азаматтардың сапалы медициналық және дәрiлiк көмекке қол жетімділігін арттыру жолымен жақсартуға бағытталады.
Осы мақсаттарға қол жеткiзуге "Халық денсаулығы" мемлекеттiк
бағдарламасы
, "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы әрекет ету жөнiндегi
бағдарлама
, Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестi күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бағытталған.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрлендi, оны iске асыруға 2005-2007 жылдары мемлекеттiк бюджетте 114,1 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат көзделедi.
Осы бағдарламаның шеңберiнде мынадай басымды iс-шаралар көзделген.
Сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен (БМСК) қамтамасыз ету
БМСК-тiң негiзгi бағыттарының бiрi кейiннен серпiндi қадағалай отырып әрі сауықтыра отырып профилактикалық медициналық қарауларды жүзеге асыру болып табылады, бұл мемлекеттiк бюджеттен 10,1 млрд. теңге бөлудi талап етедi.
2005 жылдан бастап амбулаторлық-емханалық және стационарлық деңгейлерде емдеу диагностикасының мерзiмдi медициналық-экономикалық хаттамаларын енгiзу арқылы БМСК деңгейiндегi медициналық қызметтердiң сапасын арттыруға және ауруханаға негiзсiз жатқызуды болдырмауға қол жеткiзiледi.
БМСК ұйымдарының қамтамасыз етiлу деңгейi бiртiндеп медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлiкпен жарақтандырудың ең төменгі нормативiне дейiн жеткiзiледi - мемлекеттік бюджет шығыстары шамамен 13,9 млрд. теңге, оның iшiнде ауылдық жерлерде 10,1 млрд. теңге құрайды.
Ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсету үшiн 2007 жылы ауылдық денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны енгізу ұйғарылып отыр - 2005-2006 жылдары республикалық бюджет шығыстары шамамен 3,3 млрд. теңгенi құрайды.
Көрсетiлген iс-шараларды iске асыру нәтижесiнде халықтың негiзгi аурулармен сырқаттануы азаяды, бұл амбулаторлық емдеуге деген ниет жүйесiмен қатар ауруханаға жатқызуды 10-15 пайызға азайтуды көздейдi.
Туберкулезбен сырқаттануды 2003 жылғы 160,4-тен 2007 жылы 150-гe дейiн 100000 адамға азайту жоспарлануда. Жыныс жолдарымен берiлетiн инфекциялармен сырқаттануды жыл сайын орта есеппен 10%-ға азайту жоспарланып отыр.
Ана мен баланың денсаулығын нығайту
Жекелеген ауру түрлерi бойынша амбулаторлық деңгейде емделiп жатқан 5 жасқа дейiнгі балаларды тегін дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр, бұл үш жыл iшiнде республикалық бюджеттен шамамен 1,7 млрд. теңге қаражат бөлудi көздейдi.
Амбулаторлық емдеу кезiнде диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi тегiн дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр, бұл 2,1 млрд. теңге сомасында қаражат бөлудi көздейдi.
Сондай-ақ, жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен тегiн қамтамасыз ету үшiн 2,3 млн. теңге сомасында қаржы көзделген.
Астана қаласында Ана мен баланың республикалық орталығын салу басталды. Алдын ала есептеулер бойынша бұл iс-шараны iске асыруға 18,6 млрд. теңге қажет.
Балалар ұйымдары мен босануға жәрдем көрсететiн ұйымдардың жарақтандырылу деңгейi медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгі нормативiне дейiн жеткiзiледi, бұл ретте 2005-2007 жылдары қажетті қаражат сомасы шамамен 5,4 млрд. теңгенi құрайды.
Көрсетiлген iс-шараларды iске асыру республика бойынша ана өлiмiн орта есеппен 2003 жылғы 42,1-ден 2007 жылы 38,2-ге дейiн 100000 тiрi туған балаға және сәбилердiң шетiнеуiн 13,9-ға дейiн 1000 тiрi туған балаға азайтуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ бұл көрсеткiштердi одан әрi жақсартуды қамтамасыз етедi.
Ел халқының қауіпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк препараттарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
2005 жылдан бастап фармацевтикалық саланы кезең-кезеңмен халықаралық стандарттарға көшiру жоспарланып отыр.
Контрафактық және контрабандалық өнiмдердiң кiргiзiлуiн алдын алуға, фармакотерроризмдi азайтуға бағытталған шараларды әзiрлеу жоспарланып отыр.
Дәрілiк заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласында сынау орталығы мен оның филиалдарын аккредиттеу, сондай-ақ олардың зертханаларын жарақтандыру жоспарлануда - мемлекеттiк бюджет шығыстары шамамен 2,7 млрд. теңгенi құрайды.
Аталған iс-шаралардан басқа, республикалық бюджеттен дамуға мақсатты трансферттер есебiнен қаржыландырылатын денсаулық сақтау объектілерiн салу да жоспарланып отыр, бұл ретте, қаржы бiрiншi кезекте туберкулезге қарсы ауруханаларды, перзентханалар мен орталық аудандық ауруханаларды салуға және жөндеуге жiберiледi.
Қалалар мен облыс орталықтарында ауылдық денсаулық сақтау объектiлерiн және аса маңызды денсаулық сақтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға 2005-2007 жылдары республикалық бюджеттен тиiсiнше 16,2 және 7,5 млрд. теңге қаражат бөлу көзделуде.
2005 жылы республикалық бюджеттен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қаржылық толықтыруға қосымша 15 млрд. теңге бөлiнедi.
Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек
"Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 5,3 %-ы, 2006 жылы - 5,3 %-ы, 2007 жылы - 5,2 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Елдегi экономикалық өсу халықты әлеуметтiк қамсыздандыруды дамытуға арналған шығыстарды ұлғайтуға мүмкiндiк бердi. Осыған байланысты, 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн сараланған түрде жоғарылату жүзеге асырылды, соның нәтижесiнде жалпы зейнеткерлер санының 60%-нан астамының немесе 1 млн. астам зейнеткердiң аталған төлемдерi жоғарылады.
Мұндай реформа жүргiзу зейнетақының ең төменгi мөлшерiн алатын зейнеткерлер санын үш есеге қысқартты.
Бұдан басқа, 2003 жылдан бастап мемлекет жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандары - ақталған азаматтарға бiр жолғы ақшалай өтемақы төлеуге кiрiстi. 2003 жылдан бастап республикалық бюджеттен бала тууға байланысты 15 АЕК мөлшерiнде бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеуге қаражат бөлiнедi.
2004 жылы жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк төлемдерге арналған шығыстар республикалық бюджетте тұтыну бағалары индексiнiң өсуi есепке алына отырып көзделген.
РҚАО-ның ескертуі. Қазақша мәтінде азбац түгел көрсетілмегендіктен орысша мәтінді қараңыз.
В 2005-2007 годах основными целями бюджетной политики в области социального обеспечения и социальной помощи будут являться дальнейшее сокращение бедности, азайту, әлеуметтiк қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн негізгi сипаттары қаржы орнықтылығы мен мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердiң арасындағы жауапкершілiктi бөлу болып табылатын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруға бағытталған Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.
Көрсетiлген бағдарламаның iс-шараларын iске асыру үшiн 2005-2007 жылдары мемлекеттiк бюджеттен қосымша шамамен 172,5 миллиардтан астам теңге бөлiнедi, бұл ретте оның негізгі iс-шараларын үш кезеңмен жүзеге асыру көзделiп отыр.
Бiрiншi кезең - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына
Жолдауына
сәйкес 2005 жылы зейнетақы мөлшерлерi инфляция деңгейiн басып озып индекстеледi, бұл ретте зейнетақының ең төменгi мөлшерi 6200 теңге құрайды. Зейнетақымен қамсыздандыруға 2005 жылы қосымша 11,5 млрд. теңгеден астам, 2006 жылы - 15,5 млрд. теңге, 2007 жылы - 19,2 млрд. теңге бөлiнедi.
Бұдан басқа 2005 жылдан бастап қолданыстағы мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi:
I топтағы 47 мың мүгедекке - 3 АЕК-ке;
II топтағы 193 мыңнан астам мүгедекке - 2,5 АЕК-ке;
III топтағы 125 мыңға жуық мүгедекке - 2 АЕК-ке;
16 жасқа дейiнгі 50 мыңнан астам мүгедекке - 3 АЕК-ке;
асыраушысынан айырылған 262 мың отбасына 0,3 - 1 AEК-кe ұлғайтылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қосымша 13,1 млрд. теңге жiберiледi.
ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушыларына арнайы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерiн 15 AEК-кe дейiн ұлғайтуға, сондай-ақ ҰOC-дағы Жеңiстiң 60 жылдығының тойлануымен байланысты iс-шараларды жүргізуге 6,5 млрд. теңге сомасында қаражат бөлiнедi, ал ҰOC-ның қатысушылары мен мүгедектеріне 30 мың теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек көрсетіледi.
Екiншi кезең - 2006 жылы халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында ең төменгi күнкөріс деңгейi базалық әлеуметтiк көрсеткiш ретiнде алынады, соның негiзiнде әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi қайта қаралады, бұған 2006 жылы - 38,9 млрд. теңге, 2007 жылы 48,2 млрд. теңге қаражат бөлу көзделiп отыр. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгі балалары үшін жәрдемақылар енгізiледi, бұл iс-шара мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек көрсету төлемдерiн төлеу қаражатын азайту есебiнен, бөлiнетiн қаражат шегінде iске асырылатын болады.
Үшiншi кезеңде 2007 жылдан бастап бiр жасқа дейiнгі баланы күту жөніндегі мемлекеттiк жәрдемақыларды енгiзу көзделедi, бұл ретте жәрдемақы мөлшерiнiң 4-балаға дейiн үдемелi шәкiлi болады. Осыған байланысты республикалық бюджеттен қосымша 15,3 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақының мөлшерi ұлғайтылады, бұған 2 млрд. астам теңге талап етіледi.
2005 жылдан бастап "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзіледi, мұнда азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретiнде мiндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерi белгiленедi. Бұл негізгi сипаттары қаржылық тұрақтылық пен мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасындағы жауапкершілiктi бөлу болып табылатын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруға негіз болады.
Бұдан басқа, болашақта мүгедектердi әлеуметтік, еңбекке бейiмдеу жүйесiн жетiлдiру, мүгедектердi қоғамға бiрiктiру үшiн протездiк-ортопедиялық бұйымдардың жаңғыртылған модельдерiн сатып алу, сондай-ақ балалары бар отбасыларға материалдық қолдау көрсету жөнiндегi шараларды қабылдау ұйғарылып отыр.
Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi көтермелеу, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2005-2007 жылдары көшi-қон квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. 2005 жылы оралмандардың көшi-қон квотасы 15000 отбасына дейiн ұлғайтылады. Оларды көшiру және тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн 10,6 млрд. теңге бөлiнедi.
Телекоммуникациялар саласын ырықтандыру кезеңінде, 2004 жылғыдай, республикалық бюджетте әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік төлем тарифiнiң жоғарылауына өтемақыға қаражат көзделетiн болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2005 жылы ЖIӨ-нің 1,7 %-ы деңгейінде болжау ұйғарылып отыр, 2006 жылы - 1,6% және 2007 жылы - 1,6 %.
Қазiргi уақытта тұрғын үй қоры түгелдей дерлiк жеке сектордың иелігінде, мұнда бәсекелестік жағдайлары жасалған және қызметтердiң iс жүзiнде пайдаланылған көлемiне ақы төлеуге көшу жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар тұрғын үй қорын пайдалану және ұстау мәселесi проблемалы болып отыр. Ескiрген және авариялы тұрғын үй көлемi өсуде. Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге нақты қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу қажет.
Осыған байланысты, арзан тұрғын үй ұсыну және тұрғын үйге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлерде қауiпсiз әрi сапалы тұруы үшiн жағдайлар жасау басты мiндеттер болып табылады.
Бұл үшiн Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi, оның басты мақсаты халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу болып табылады. Осы бағдарлама шеңберiнде, атап айтқанда, мемлекеттiк бюджет есебiнен коммуналдық тұрғын үй салу, сондай-ақ Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне салымдар бойынша сыйлықақылар төлеу жүзеге асырылатын болады.
Үкiмет тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалауды да жалғастырады.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк
"Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 0,8 %-ы, 2006-2007 жылдары - 0,7%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Осы функционалдық топ бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:
Жiбек жолы трассасының қазақстандық учаскесiн урбандаудың тарихи жүйесiнiң жалпы ұлттық, әлеуметтiк-экономикалық және халықаралық рөлiн қайта өрлету;
қазақстандық және шетелдiк азаматтардың әр алуан туристiк қызметтерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған мүмкiндiктердi қамтамасыз ететін қазiргі заманғы туристiк кешен құруға жәрдемдесу;
елдегi дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамыту;
әсiресе ауылда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасау; спорттың және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерiн дамыту;
бұқаралық спорт және жоғары жетiстіктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық сынып спортшыларын дайындауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз ету жөнiнде зерттеулер жүргізу;
спорт резервiн және халықаралық сынып спортшыларын даярлау;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
бiрыңғай ақпараттық кеңістіктi нығайту, теңгерiмдi тiлдiк және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту болып табылады.
Бұл мақсаттар тиiстi бағдарламалық құжаттар шеңберiнде бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру арқылы iске асырылатын болады.
"Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
бағдарламасы
шеңберiнде оның iс-шараларының ауқымдылығын, көп салалы сипатын және капитал сыйымдылығын ескере отырып, республикалық бюджеттен туризм объектілерiнiң тiзбесiне енгізілген және кәдеге жаратуға жатпайтын, республикалық санатта қорғалатын ескерткiштердi қорғау, қалпына келтiру және зерттеу мақсатына жыл сайын бөлiнетiн қаржы бөлу шегiнде қаражат көзделедi. Жыл сайын жергiлiктi бюджеттен жергілiкті санатта қорғалатын, туристiк бағыттарға қосылған ескерткiштерге тиiсті қаражат көзделедi.
2005 жылы Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасын
iске асыру аяқталады, мұның шеңберiнде дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерiнiң желiсiн дамыту, мамандар даярлау және саланы білiктi кадрлармен қамтамасыз ету, саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз ету, бiлiктiлiгi жоғары және спорт резервіндегі спортшыларды дайындау мәселелерiн шешу қамтамасыз етіледi.
"2004-2006 жылдарға арналған мәдени мұра" мемлекеттiк
бағдарламасының
iс-шараларын қаржыландыру халықтың зор мәдени мұрасын зерделеудiң бiртұтас жүйесiн жасауға, ұлтымыздың тарихы үшiн ерекше маңызы бар бiрқатар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге, өрiстетілген көркем, ғылыми, биографиялық серияларды жасауға, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi базасында гуманитарлық бiлiм берудiң мемлекеттiк тілдегі толыққанды қорын құруға бағытталған.
Тілдердi қолданудың және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
шеңберiнде мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтік-коммуникациялық функцияларын өрiстету әрi нығайту, орыс тiлiнiң жалпы мәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тілдерiн дамыту мақсатында тиiстi бюджет қаражаты көзделіп отыр.
2005 жылы Қазақстандағы үкiметтік емес ұйымдарды азаматтық қоғамның бір бөлiгі ретiнде тұрақты дамыту үшiн жағдайлар жасауға және мемлекеттік билiк органдар тарабынан өзара iс-қимыл жасау мен қолдау көрсету негізiнде олардың қоғамның әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешудегi рөлiн күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын
iске асыру аяқталады.
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасында
ұлттық сипаттағы, саяси маңызы бар неғұрлым iрi әрi маңызды проблемаларды шешу, соның iшiнде теледидар және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды ұйымдастыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалану есебiнен жаңа таратқыштарды орнату немесе радио және телехабарларды таратудың қолданыстағы желiсiн жаңғырту жолымен халықтың мемлекеттiк теледидар және радио бағдарламалармен барынша көп қамтылуын қамтамасыз ету көзделедi.
2005 жылы Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамыту
бағдарламасын
iске асыру аяқталады, бұл бағдарлама:
мұрағат iсiн дамытудың және мұрағат саласының нарықтық экономика жағдайларында жұмыс iстеуiнiң оңтайлы моделiн тұжырымдауға;
ақпараттық ресурстарды жинақтаудың, жүйелеудiң, iздеудiң және пайдаланудың қазiргi заманғы тетiктерiн құруға;
мұрағат саласының материалдық-техникалық базасын дамытуға бағытталған.
Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы
Қазақстан беделiнiң тартымды туристiк объект ретiнде қалыптасуына, ұлттық туризм өнiмдерiнiң қалыптасуына және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз етуге, қолдау және саланы мемлекеттiк реттеудiң оңтайлы әдiстерiн таңдау негізiнде туризмдi кешендi дамытуға қол жеткiзуге бағытталған.
Стратегиялық көзқарас тұрғысынан туристердiң жалпы санындағы келу туризмiнiң үлесi 2003 жылғы 30%-дан 2005 жылы 40%-ға дейiн ұлғайып, 7 мың адамға жететiнi маңызды болып табылады. Әлемдiк практикада бiр шетелдiк туристке қызмет көрсету 9 жұмыс орнын құратынын ескерсек, 2005 жылы келу туризмiнiң есебiнен әлеуеттi 540 мың жұмыс орнының қамтылуын ұстап тұруға болады. Келу туризмi көлемiнiң ұлғаюына байланысты жұмыспен қамтылған халық кiрiстерi де ұлғаятын болады.
Iшкi туризм көлемi 2003 жылғы 56 мың адамнан 2005 жылы 90 мың адамға дейiн өседi. Республика iшiндегі туристер ағынының жылына шамамен 11 мың адамға өсуiне қол жеткiзу жоспарланып отыр.
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
"Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нiң 0,5 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр, 2006 жылы - 0,2 % және 2007 жылы - 0,1%.
Осы саладағы орта мерзiмдi перспективадағы бюджет саясаты:
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған қорларын толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды қамтамасыз ететiн минералдық-шикізат ресурстарын мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiруге және табиғи капитал - көмiрсутек шикiзатын терең әрi кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға;
жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының көмiрсутек ресурстарын ұтымды әрi қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының сапалы өмiр сүруiн жақсартуға жәрдемдесуге;
мұнай-газ кен орындарының iлеспе газын пайдалану арқылы электр энергиясын өндiру жөнiндегi жаңа қуаттарды қолданысқа енгiзу жөнiнде iс-шаралар жүргізуге;
ел өңiрлерiнiң табиғи және сұйық газбен үздiксiз қамтылуын қамтамасыз етуге;
"Ақшабұлақ - Қызылорда" газ құбырын салуды аяқтауға және Қызылорда қаласын газдандыруды қамтамасыз етуге;
елдiң энергетикалық тәуелсiздiгiне қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасауға;
ғылымның, техника мен технологиялардың қазiргi заманғы бағыттарын дамытуға, жоғары технологиялы әзiрлемелердi рынокқа жылжытуға және оларды өнеркәсiптiк өндiрiске енгізуге, атом және термоядролық энергетика атом және мұнай-химия өнеркәсiбi, геология және жер қойнауын пайдалану, ядролық медицина саласындағы жоғары бiлiкті ғылыми және инженер кадрларды даярлауға жәрдемдесуге;
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Қазақстан аумағындағы ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл мiндеттер тиiстi бағдарламалардың iс-шараларын қаржыландыру арқылы шешiлетiн болады.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру - ұзақ әрi күрделi жасампаз процесс, бұған едәуiр табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлiк ресурстар тартылады. Мұнда теңiз мұнай-газ операцияларын дамытудың саяси және экономикалық жағдайлары, Каспий жағалауы өңiрiндегi жұмыстардың ауқымы және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң әсерi, сондай-ақ табиғи факторлардың жоғары маңызы назарға алынады.
2005 жылы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудің мемлекеттiк
бағдарламасының
iс-шаралары мен жұмыстарының бiрiншi кезеңi - кешендi игеруге жағдай жасау аяқталады. 2006 және 2007 жылдар екiншi кезеңге қатысты болады, мұнда Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудiң алғашқы мұнай-газ жобалары бойынша көмiрсутектердi теңiзде өндiрудiң және экономикалық нәтижелердiң өсуi басталады. Бұл ретте теңiз мұнай-газ кешенi үшiн негiзгi отандық тауарлар мен қызметтер көрсетудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне қол жеткiзiледi (теңiз операцияларын жүргізу үшін импорт алмастыру).
Елдiң минералдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған
бағдарламасының
шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
тереңдiкте геохимиялық iздеу жүргiзiп, жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;
өңірлiк гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық зерттеулер;
iздеу, iздеу-бағалау, соның ішінде жаңа мұнай-газ кен орындарын табу, және iздеу-барлау жұмыстары;
минералдық-шикiзат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингi;
жерасты суларының және қауіптi геологиялық процестердiң мониторингі;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геологиялық зерттеулердi ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қолдау;
мұнай және өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тоқтатып қою көзделiп отыр.
"Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық
бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi жұмыстар жалғасады.
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған
тұжырымдамасына
сәйкес отандық атом энергетикасын жалпы теңгерiмдi энергетикалық даму саясатының құрамдас бөлігінiң бiрi ретiнде дамытуды негiздеу үшiн республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын кешендi зерттеулер жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздігін қамтамасыз етуге бағытталған: республика аумағын радиоэкологиялық зерттеу және осы салада кешендi мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу жөніндегі; бұрынғы Семей сынақ полигонының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жөніндегі; радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдейтiн және көметiн объектiлердi салу жөніндегі; Қазақстан Республикасының базалық ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiн жаңғырту жөнiндегi, сондай-aқ ядролық жарылыстар мен жер сiлкiнiстерiнiң тарихи сейсмограммаларының электронды мұрағатын құру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруға тиiстi қаражат көзделетін болады.
Уран өндiретiн кәсiпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде уран өндiретiн әрекетсiз кәсiпорындарды консервациялауға және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюға тиiстi қаражат көзделедi.
2005 жылы республикалық бюджет есебінен басымды инвестициялық жобаларды: қазақстандық термоядролық "тоқамақ" материалтану реакторын құруды, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде ауыр иондарды жеделдетушi базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiн құруды, Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар орталығы" технопаркiн құруды, Ядролық медицина және биофизика орталығын құруды iске асыру жалғастырылады.
Пайдаланылатын және игеруге дайындалатын аз зерттелген әрі шығарып алынуы қиын ресурстық база әлеуетінің ұлғаюын, минералдық шикiзатты қолданудың кешенділігін және кен орындарының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететiн орташа кiшi кен және кен емес орындардың техникалық-технологиялық дайындық деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарлама iске асырыла бастайды.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2005 жылы ЖIӨ-нің 1,6%-ы, 2006 жылы - 1,6 %-ы және 2007 жылы - 1,5%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Осы функционалдық топ бойынша 2005-2007 жылдарға арналған шығыстардың негiзгi бағыттары:
астықтың iшкi рыногын тұрақтандыру жөнiндегi шараларды қабылдау;
отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласын дамыту және машина трактор паркiн жаңарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге сервистік және техникалық қызмет көрсету жөнiндегі құрылым жасау;
ауылда мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алумен және сатумен айналысатын мамандандырылған пункттер құру;
қолайлы эпизоотиялық және фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;
элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдiлiгiн және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу үлесiн арттыру;
орман және жануарлар әлемiн сақтау мен қалпына келтiру үшiн жағдайлар жасау;
ауыз судың сапасын және оның қол жетiмділiгін қамтамасыз ету;
жер қойнауының және қоршаған табиғи ортаның тиiстi дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн құру;
өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау;
ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту;
жер реформасын тереңдету, геодезия мен картографияны дамыту негiзiнде жер қатынастарын жетiлдiру болады.
Осы функционалдық топ шеңберiндегi бюджет қаражатының едәуiр үлесi аграрлық өндiрiстi қайта өрлетуге және дамытуға, ауылдық инфрақұрылымды құруға және ауылдағы тұрмыс деңгейiн жоғарылатуға бағытталады.
2005 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік мемлекеттiк
бағдарламасын
iске асыру аяқталады. Тұтастай алғанда, аграрлық азық-түлік секторын мемлекеттің қолдаудың 2003 жылға арналған аграрлық азық-түлік мемлекеттік бағдарламасында айқындалған шаралары орындалды. Аграрлық азық-түлiк саясаты елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және iшкi әрi сыртқы рыноктарды олардың қайта өңделген өнiмдерiнiң сату көлемiн ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыруға бағытталған. Елдiң ауыл шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 2005 жылы қосымша 10 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Елдiң азық-түлiк қауiпсiздігін қамтамасыз ету, астықтың экспорттық әлеуетiн ұлғайту, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдау және астық бағасы демпингiнiң алдын алу үшiн жыл сайын мемлекеттік ресурстарға белгiленген баға бойынша астық сатып алынады, көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруге мүмкiндiк беретiн фьючерстік екi деңгейлi астық сатып алу енгізiлдi.
Бұл iшкi астық рыногын тұрақтандыру және реттеу, көктем-жаз кезеңiнде нан және тоқаш-нан өнiмдері бағасының негізсiз қымбаттауына жол бермеу мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң тұқым материалына, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттiлiктерiн тұрақты қамтамасыз етуге және мемлекетаралық келiсiмдердiң орындалуын қамтамасыз етуге арналған кейiнгі интервенциялар үшiн қажет.
Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту, халықтың кiрiстерi мен тұрмыс деңгейiнiң өсуi, экономиканың басқа салалары көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетiн кiрiстер түсiмін ұлғайту ауыл шаруашылығын қолдаудың мультипликативтiк әсерi болады.
Субсидиялау жолымен шаруашылық жүргiзудiң қолайсыз әрi тәуекелдi жағдайлары мемлекет көмегін ақтайтын ауыл, су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көзделiп отыр.
Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясын
және алдағы уақытта Дүниежүзілiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiрудi ескере отырып, заңды тұлғаларды субсидиялау саясаты еңбек өнiмдiлiгiн жоғарылатуға және отандық өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған. Келешекте ДСҰ талаптарына сәйкес еңбек өнiмдiлiк және өнiм сапасын арттыруға жәрдемдесу сияқты субсидиялаудың рұқсат етiлген нысанына көшудi бiртiндеп жүзеге асыру қажет.
Қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, 2005 жылдың соңында ауылдың қалыпты тыныс-тiршiлігі, бәсекеге қабiлетті өнiм өндiру, экспорттық мүмкiндiктердiң импортты алмастыруы және өрiстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасау қажет.
Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын азайтуға бюджет қаражатын бөлу "Ауыз cу" салалық бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
шеңберiнде орта мерзiмдi перспективада ауылдық жерлерде сумен жабдықтау объектiлерiн салуға жыл сайын республикалық бюджеттен 3 млрд. теңгеден қаражат бөлiнетiн болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде тиiмдi әрi пәрмендi шаралар қабылдау үшiн қолданыстағы тиiстi бағдарламалар шеңберiнде қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және мониторингiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Ұзақ мерзiмдi перспектива шеңберiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тұрғысындағы тұрақтылықты дамытуға инвестициялау pecуpc үнемдейтiн технологияларды енгiзуге, жаңартылып отыратын энергетикалық ресурстар (cу энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетiн пайдалануға Қазақстан бекiткен жағдайда Киото
хаттамасының
тетiктерiн пайдалана отырып, парник газының шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға негiзделедi.
Өнеркәсiп және құрылыс
"Өнеркәсiп және құрылыс" функционалдық тобы бойынша шығыстар шеңберiнде 2005-2007 жылдары биотехнологиялар, ядролық технологиялар саласындағы технопарктердi құру, Алатау кентiнде Ақпараттық технологиялар паркiн дамыту жөнiндегi іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
Осы функционалдық топ бойынша 2005-2007 жылдарға арналған шығыстардың бағыттары:
технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерде тiкелей инвестициялардың көлемiн ұлғайту;
мынадай: мұнай-газ және кен-металлургия кешенi, жаңа материалдар, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ғарыштық технологиялар басымды бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
технологиялық процестердi халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру;
экспортқа бағдарланған өндiрiстердi одан әрi дамыту;
iстеп тұрған кәсiпорындардың жұмысын тұрақтандыру және тұрып қалған кәсiпорындарды iске қосу, өндiрiстердi өнiмнiң түр-түрiн кеңейтуге және шығарылатын өнiм сапасын жақсартуға қайта бағдарлау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
қосылған құны жоғары өнiмдердi шығаратын жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру, отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлетiн арттыру;
жақын және алыс шетелдiк елдермен бiрлескен кәсiпорындар құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
мемлекеттiк сатып алу жүргiзу кезiнде ұлттық компаниялар, мемлекеттiк органдар мен мекемелер сатып алатын өнiмдердiң республикадағы өндiрiсiн ұйымдастыру болады.
2003 жылы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикiзаттық бағдарынан ауытқу жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясын
iске асыру басталды. Бұл ретте 2003-2005 жылдар кезеңiнде дайындық сипатындағы iс-шаралар жүзеге асырылады.
Бұл кезеңде қажеттi қосалқы база қалыптасуы және даму институттарының тиiмдi жұмыс iстеуi жолға қойылуы тиiс.
Құрылған даму институттарының жүйелi жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген даму институттарын капиталдандыру жалғастырылады.
Стратегияны iске асырудың дайындық кезеңiндегi шығыстардың маңызды бағыттары бәсекеге қабілеттілiк бағыттарын айқындау мақсатында экономика салаларына конъюнктуралық, маркетингтік зерттеулер жүргiзу, тиiмдi инновациялық инфрақұрылым жасау, экономиканың базалық салаларының айналасындағы ғылыми-өндiрiстік жүйені дамыту болып табылады.
Стратегияны іске асырудың екiншi кезеңi (2006-2010 жылдар) Стратегияның iс-шараларын iске асырудың белсендi кезеңiне айналады деп танылуда, бұл ғылым мен техника жетiстiктерi, сондай-ақ халықаралық деңгейдегi мамандар даярлау негiзiнде қуаттарды құру мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi. Бұл кезеңде негізiнен ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылады және өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған жобалар iске асырыла бастайды.
Сондай-ақ, 2005 жылы металлургиялық кешенде, машина жасауда, радиоэлектроникада және байланыста жоғары технологиялы, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге тиiстi қаражат бөлу көзделіп отыр.
Көлiк және байланыс
"Көлiк және байланыс" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2005 жылы ЖIӨ-нiң 1,8 %-ы, 2006-2007 жылдары - 1,9 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Көлік және байланыс саласындағы 2005-2007 жылдарға арналған шығыстардың бағыттары:
елдiң көлiк-транзиттік әлеуетiн нығайту мақсатында автомобиль жолдарын дамыту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
темiр жол және су көлігі, азаматтық авиация және байланыс саласындағы инвестициялық жобаларды iске асыру;
транзиттік әуе әлеуетiн, оның iшiнде қазақстандық әуежайларды пайдалану арқылы кеңейту;
темiр жол саласын қайта құрылымдау жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
көлiктік дерекқордың ақпараттық талдамалық жүйесiн және қауiпсiздiк серпiнінің мониторингiн жасау;
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңғырту және жаңарту;
радиожиілік спекторы мен радиоэлектронды құралдар мониторингін жасау;
ауылдық байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi залалдарын өтеу;
телекоммуникациялардың қалалық желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң жоғарылауына өтемақы;
почта-жинақтау жүйесiн жаңғырту және дамыту болады.
Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту шеңберiнде ғарыштық технологияларды тиiмдi пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiнiң, экономикалық әлеуметтiк және ғылыми-техникалық дамуының нығаюына ықпал ететiн ғарыш қызметiн дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы
әзiрленуде.
Қазақстан Республикасының көлiк-транзиттік әлеуетiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес республиканың көлiк магистралдары бойынша транзиттiк және экспорттық-импорттық тасымалдарының көлемiн ұлғайту және тиiмділігiн арттыру үшiн Қазақстанның көлiк-транзиттiк әлеуетiн жетiлдiруге және ілгерiндi дамытуға, сондай-ақ осы шараларды iске асыру жөнiндегi iс-әрекеттердi нақтылау мен оларды жүзеге асыру кезеңдерiнiң орындылығын айқындауға бағытталған қазiргi кезеңде өзектi құқықтық, ұйымдық, техникалық, экономикалық және қаржы сипаттағы бiрiншi кезектегi шаралар кешенi қабылданады.
Осы Бағдарламаның шеңберiнде республикалық бюджет шығыстары Солтүстiк, Орталық, Батыс және Орта Азия транзиттiк дәлiздердiң автомобиль жолдарын салуға, оңалтуға және қайта жаңартуға, күрделi, орташа және ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ ұстауға бағытталады.
Бағдарламада төмендегi негізгі автокөлiк дәлiздерiнде мынадай жұмыс көлемiн орындау көзделген:
ОРТАЛЫҚ дәлiз, оның iшiнде:
Алматы - Бiшкек автожолы учаскесiн оңалту;
ОРТА АЗИЯ дәлiзi, оның iшiнде:
Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе, Қарабұтақ - Қызылорда облысының шекарасы автожолы учаскелерiн қайта жаңарту;
БАТЫС дәлiзi:
Ақтау - Атырау автожолын оңалту;
Атырау - Орал автожолын оңалту;
Қиғаш өзенi арқылы өтетiн көпiр салу;
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ - ШЫҒЫС дәлiзi, оның iшiнде:
Астана - Қостанай - Челябi автожолын қайта жаңарту;
Астана - Петропавл автожолын қайта жаңарту;
СОЛТҮСТIК дәлiз, оның ішінде:
Омбы - Майқапшағай автожолының жекелеген учаскелерiн қайта жаңарту.
Бұл Қазақстан Республикасының негізгi көлiк дәлiздерiнде жүк тасу қабiлетiн және жолаушылар мен жүктердi жеткiзу жылдамдығын арттыруға мүмкiндiк бередi. Тасымалдардың өсуi iскерлiк белсендiлiктiң ұлғаюына, көлiк кешенiнiң отандық кәсiпорындарын жандандыруға, өнiмнiң соңғы құнындағы көлiктiк құрамның үлесiн азайтуға негіз болады. Бұл, өз кезегінде, елдiң мемлекеттiк бюджетiне түсiмдердiң және зейнетақы қоры мен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi аударымдардың ұлғаюына алып келедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес автожолдарды жаңғыртуға және салуға 2005 жылы жалпы 55 млрд. теңге көзделiп отыр. Кейiнгi жылдары елдiң транзиттiк-көлiк әлеуетiн дамытуды тиiстi қаржыландыру сақталып қалады.
Бұл салада қолданыстағы жол желiлерiн ұстап тұру мен жол салу арасындағы теңгерiмге қол жеткiзу саясатын жүргізу қажет.
Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарын салу мен ұстаудың халықаралық стандарттарына көшу жөнiндегi жұмысты жүргізу жоспарлануда.
Мемлекеттiң халықаралық талаптарға сай келетiн және мемлекет пен азаматтардың сапалы авиациялық қызметтерге деген үдемелi қажеттiлігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн тиiмдi авиакөлiк жүйесiн құруға Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасында
көзделген iс-шаралар қаржыландырылатын болады.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын
iске асыру шеңберiнде, жолаушылар тасымалының жүк тасымалынан қаржылық және ұйымдық бөлiнуiне байланысты, темiр жол көлiгінiң жұмыс iстеуiнің мемлекет пен қоғам үшiн оңтайлы жүйесiне қол жеткiзу үшiн республикалық бюджет қаражатының есебiнен жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерiн шешу көзделiп отыр.
Ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелердiң аспаптық-құралдық паркiн құру мақсатында жоғары технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдардың кең номенклатурасын әзiрлеуге, өндiрiсiн ұйымдастыруға және шығаруға бағытталған 2001-2005 жылдарға арналған "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" атты республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламаға
сәйкес, 2005 жылы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге республикалық бюджеттен тиiсті қаражат көзделедi.
2005-2007 жылдары экономика мен қоғам қажеттiлiктерiне сай келетiн және сыртқы рыноктарға шығуды қамтамасыз ететiн коммуникациялардың техникалық жағдайын жақсарту, коммуникациялардың ұтымды желiсiн қалыптастыру ұйғарылып отыр.
Қазақстан экономикасының телекоммуникациялық секторын одан әрi дамытуға бағытталған, оның негiзгi мақсаты жағдайларды жасау және тетiктердi қалыптастыру болып табылатын Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасына
сәйкес телекоммуникациялар рыногының ырықтандырылуына байланысты тарифтердi қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және iшкi тоғыспалы субсидиялаудан барлық операторлар мен мемлекеттiң ынтымақтаса қатысуының жалпы ұлттық тетiгiн құруға көшу жоспарлануда.
Тарифтердi қайта теңгерiмдеу қызметтер көрсету мен абоненттер санаттарының арасындағы кросс-субсидиялауды жоюға және телекоммуникациялық рыноктың әрбiр секторында бәсекенiң пайда болуы үшiн экономикалық негiздер жасауға бағытталған. Мұнда тарифтердi мемлекет жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтер көрсету пакетiне жатқызғандардан басқа, барлық қызметтер көрсетуге қалыпты рентабельділiктi қамтамасыз ету деңгейiне дейiн жеткiзу көзделген.
Тарифтердi кезең-кезеңмен қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және жергiлiктi телефон байланысының қызметтеріне тарифтердi жиынтығында 40%-дан асырмай жоғарылату жоспарланып отыр. Бұл ретте қалаларда тарифтердi толық қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және оларды нарықтық негiзделген деңгейге дейiн жеткiзу ұйғарылып отыр, бұл операторларға өз шығындарының орнын толтыруға және пайдалылықтың осы нарық сегментiндегi бәсеке нәтижесiнде белгiленетiн белгiлi деңгейiн алуға мүмкiндiк бередi. Ауылдық жерлердегi қайта теңгерiмдеу тарифтерінің төмендеуi болжанып отырған қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi бойынша жүзеге асырылады. Ауылдағы жеке тұлғалар үшін абоненттiк төлем қызметтердiң өзiндiк құнын ақтамайтын бұрынғы деңгейiнде қалады.
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы шеңберiнде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге қаражат бөлiнедi.
3.4. Бюджеттiк кредит беру
Бюджеттiк кредит беру саясаты экономика саласында шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiне қойылатын талаптардан туындайды.
2005-2007 жылдарға арналған бюджеттiк кредит берудiң мақсаттары экономика салаларында бәсекелi ортаны қалыптастыру әрi дамыту, сондай-ақ адами капиталды дамыту болып табылады. Бюджеттiк кредит беру мемлекеттiк және салалық (секторалдық) даму бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылады және олардың уақыттық шеңберлерi болады.
Бюджеттік кредиттер мынадай негiзгi бағыттар бойынша беріледi:
инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру;
жоғары кәсiптiк білiмдi мамандарды даярлау;
мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
жергiлiктi атқарушы органдарға, оның iшiнде жергілiктi бюджеттердiң кассалық алшақтығын жабуға кредит беру;
қаржы агенттіктерi мәртебесi бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
Жүргiзiлетiн сыртқы саясатқа қарай бұдан былай қарыз алушылардың санаттары шетелдiк мемлекеттермен толықтырылуы мүмкiн.
Жергілiктi атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға бюджеттік кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кредит саясаты тек мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын iске асыруға ғана шоғырландырылады. Жергілiкті бюджеттерден бюджеттiк кредит беру қарыз берушi банктер мен қаржы агенттігi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы агенттіктерi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдарына бюджеттік кредит берудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда нақты қаржылық даму ұйымына кредит беруге қаражат көздей отырып, осы орайда бұл қаражаты пайдаланудың мақсаттары мен бағыттарын айқындай отырып, кредит ресурстарын беру жолымен жүзеге асырған орынды.
Қаржылық даму ұйымдарының кредит саясатының осы ұйым үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн өзiндiк басымдықтары мен шектеулерi болады.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
шеңберiнде 2005-2006 жылдары 84 млрд. теңге сомасында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне жеңiлдiктермен кредит беру және жергілiктi атқарушы органдарға тұрғын үй салуға сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша бюджеттiк кредит беру, сондай-ақ 2007 жылы 2005 жылы кредитке берiлетiн 42 млрд. теңгенi қайта инвестициялау жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзiмдi перспективада кредит қаражатын тиiмдi пайдалануға, кредиттердi қайтару жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жоғарылатуға, қарыз алушылардың бюджет алдындағы мерзiмi өткен берешектерiн азайтуға жәрдем ететiн бюджеттік кредит беру рәсiмдерi мен тетiктерiн жетілдiру жалғасатын болады.
3.5. Қаржы активтерiмен операциялар
Орта мерзiмдi перспективада мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның iшiнде мемлекеттiк меншіктiң мақсатты әрi тиiмдi пайдаланылуын бақылау жүйесiн қалпына келтiру және күшейту, мемлекеттiк меншiктiң құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
Қаржы активтерiн сатып алу экономиканың стратегиялық салаларының мемлекет тарапынан елдiң экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиiмдi дамытуға бағытталған тиiстi бақылануын орнату құралдарының бiрi болып табылады.
Мемлекеттік меншiкке заңды тұлғалардың акцияларын, қатысу үлестерiн сатып алу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатында экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс iстейтiн, бiрақ меншiк иелерiн тиiмдi басқармайтын кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi, сондай-aқ қоғамдық және әлеуметтiк маңызды кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi сатып алу (иелiкке aлу) объектiлерi ретiнде танылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу қолданыстағы заңдар шеңберiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының мүдделерiн халықаралық деңгейде қорғауға бағытталады.
Мемлекеттің қаржы активтерi - акциялардың мемлекеттік пакеттерiн, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың және мемлекеттiк меншiктiң өзге де объектiлерiнiң қатысу үлестерiн сату - тиiсті бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындарға қатысты жекешелендiру мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық меншiктегi мемлекеттiк мүлiкте жекешелендiруден республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң 2005-2007 жылдарға арналған болжамы жыл сайын шамамен 2 млрд. теңгенi құрайды.
3.6 Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар ел өңірлерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етілу деңгейлерiн теңестiруге, өңiрлердегі орынды экономикалық саясатты ынталандыруға, жергiлiктi атқарушы органдардың барынша тиiмдi әрi нәтижелi мемлекеттiк қызметтердің бiркелкi деңгейiн көрсетуiн қамтамасыз етуге бағытталуы тиiс.
Орта мерзiмдi кезеңдегi бюджетаралық қатынастар саясатының негiзгi мақсаты мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгiленген қағидаттарын және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлінуінен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейіндегi анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбiр басқару деңгейінің дербестiгін күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету деңгейiн оларды алушыларға жақындатуға бағытталған.
Бюджетаралық қатынастар саясаты мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату жөнiнде жүргізiлiп жатқан жұмыс нәтижелерiмен үйлестiрiледi.
2005 жылдан бастап орталықтың жекелеген функциялар мен өкiлеттiктердi жергілiктi деңгейге беруiне байланысты вакциналарды, дәрiлердi, медициналық жабдықты орталықтандырылған сатып алуға; қан, оның құрамдас бөлiктерi мен препараттарын өндiруге; мүгедектер мен ардагерлердi оңалту мен әлеуметтiк қорғауға; кемтар балалар үшiн арнайы бiлiм беру бағдарламаларына арналған шығыстар, лицензиялау, бақылау және қадағалау саласындағы функцияларды жүзеге асыру жөнiндегi әкiмшiлiк шығыстардың бiр бөлiгі және тағы басқа шығыстар республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке берiледi.
Сонымен қатар, өрт қызметтерiн; жедел құтқару қызметтерiн ұстауға; арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге; құжаттандыру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған шығыстар жергілiктi бюджеттен республикалық бюджетке берiледi.
Селолық, кенттік, қалалық (аудандық маңызы бар), қалалардағы аудандық басқару деңгейлерiнiң дербестiгін кеңейту үшiн қазынашылық органдарында жоғарыда аталған басқару буындарына арналған шоттар аша отырып, олардың шығыстарын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары әкiмшiлерi болып табылатын бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландыруға көшу қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттік басқарудың төменгі буыны әкiмдерiнiң аппараттарын құру және нығайту үшiн 2005 жылдан бастап жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын 2,9 млрд. теңгеге ұлғайту көзделiп отыр.
Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттiк кредиттер арқылы, облыстық және аудандық бюджеттер арасында, сондай-ақ кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттелетiн болады. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы мақсатты трансферттер, дамуға мақсатты трансферттер болып бөлiнедi.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындау кезiнде әрбiр бюджет деңгейiнiң салықтық әлеуетi, нормативтік құқықтық актiлер негізiндегі өңiрлердiң объективті бюджеттік қажеттілiктерiн бағалау нәтижелерi, бекiтiлген заттай нормалар ескерiлетін болады.
Аумақтардың экономикалық дамуының тым күштi саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында бiркелкi бөлiнбеуiне байланысты халықтың мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуiне тең қол жеткiзуiне жету үшiн бюджеттiк субвенциялар мен бюджеттiк алып қоюларды қамтитын жалпы сипаттағы бюджетаралық трансферттердiң мөлшерлерiн бекiту негізiнде өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестіру саясаты жүргізiледi.
Бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың көлемi абсолюттiк көрiнiсте орта мерзiмдi (үш жылдық) кезеңге арналып бекiтiледi және әр үш жыл сайын өзгертілуi тиiс.
Орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерiн бекiту тұрақтылығы жергiлiктi атқарушы органдардың салық әлеуетiн ұлғайтуға мүдделілігін, жергілікті бюджеттердiң шығыстарын жоспарлаудың анықтығын қамтамасыз етедi. Жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпей, жергілiктi бюджет жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк алады.
Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн айқындау Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесiнiң негізiнде жүргiзіледi.
Бұл ретте:
Бюджет
кодексiне
сәйкес кiрiстер мен шығыстарды бюджет деңгейлерінiң арасында бөлу;
жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгiзілетін және жергілiктi бюджеттердiң түсiмдерi мен шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтiн нормативтік құқықтық актілердiң ережелерi;
жалпы сипаттағы бюджетаралық трансферттердің мөлшерiн айқындау кезінде ескерілетін басқа да факторлар ескеріледi.
Бiлiм беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерiн салу және қайта жаңарту мен тұрғын үй салу орта мерзiмдi кезеңге арналған бюджеттiк даму бағдарламаларының өңiрлiк тұрғыдағы басым бағыттары болады.
Бұл ретте, облыстардың бюджеттiк даму бағдарламаларының жалпы сипаттағы бюджетаралық трансферттердiң мөлшерiн айқындау мақсаттары үшiн ескерілетін болжамды көлемi тиiсті жылға арналған ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру үшiн көзделетін жергілiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнiң 8-10% ара қатынасында айқындалады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде мақсатты ағындағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады.
Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың тиісті өтемақысыз жүктелуiне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.
Осыған байланысты жоғары тұрған органдар жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңінде жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына немесе кiрiстерінiң азаюына әкеп соғатын нормативтік құқықтық актiлердi қабылдаған жағдайда, төмен тұрған бюджеттердiң шығасыларын өтеу мақсаты ағымдағы трансферттердi бөлу жолымен жүргізіледi.
Бұдан басқа, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған және Бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгi мемлекеттiк бағдарламалары шеңберiнде республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге телекоммуникация салаларының ырықтандырылуымен байланысты телефон үшiн абонеттiк төлемнiң өсуiн өтеуге, темiр жол жолаушылар тасымалын субсидиялауға және т.б. мақсатты ағымдағы трансферттер бөлу көзделiп отыр.
Дамуға арналған мақсатты трансферттер:
республикалық бюджеттен - мынадай мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларда: Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында, "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" мемлекеттiк
бағдарламасында
, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында
, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында
, Бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі мемлекеттік бағдарламасында, Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасында
, Арал проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламада
және басқаларда көзделген жергілiктi инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшін;
облыстық бюджеттен - өңiрлiк бағдарламаларда көзделген жергiлiктi инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн бөлiнедi.
Бұл ретте төмен тұрған бюджеттерге дамуға арналған мақсатты трансферттер беру, олардың көлемi өңiрлердiң бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың басымды мекемелерi желiсiмен, сумен жабдықтау қызметтерінің көрсетiлуiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестіру мiндеттерiмен өзара байланысты болады.
Мақсатты трансферттерді тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкiндiгiне байланысты, оларды пайдалану тиiмдiлігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
3.7. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай екi бағытта iске асырылатын болады:
1) ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы үкiметтiк борыш мөлшерiн дәйекті қысқарту;
2) үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту.
1. ЖIӨ-ге пайыздың қатынастағы үкiметтік борыш мөлшерiн дәйекті қысқарту.
Бұған, атап айтқанда, ЖIӨ-ге пайыздық қатынастағы республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiн және тиiсiнше оны қаржыландыруды бiртiндеп қысқарту нәтижесiнде қол жеткiзілетiн болады.
Экономикалық өсу жағдайларында, әсiресе табиғи ресурстардың бір бөлiгiн қаржы активтерiне айырбастауға ұмтылушы елдер үшін экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк борыш мөлшерiн қысқартудың орынды екендігіне әлемдiк тәжiрибе куә. Мысалы, 1995 жыл соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттiк борышы шамамен 43,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Алайда, бюджет профицитiнiң мақсатты бағытталу саясатын жүргiзу нәтижесiнде 2000 жылдың аяғында мемлекеттік борыш 30,4 млрд. АҚШ долларға дейiн қысқарды. Бұл ретте, экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында мемлекеттiк борышты қысқарту саясатымен бiр мезгiлде мұнай өнiмдерiн сатудан түскен қаражаттың жоспардан тыс түсiмдерiн Мұнай қорында жинақтау жүргiзiлдi. Қор 1990 жылы мұнай бағалары өсуiнiң құбылуына байланысты құрылған болатын, Қорға алғаш түскен түсiмдер 1996 жылы шамамен 300 млн. АҚШ долларын құрады. 2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Мұнай қорының активтерi 91,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл елдiң мемлекеттiк бюджетiнен (2002 жылы шамамен 77 млрд. AҚШ доллары) асып түсті.
Нәтижесiнде 3-5 жыл iшiнде Норвегия үкiметтiк борыш мөлшерiн едәуiр қысқартуға қол жеткiздi. Бұл ретте, Мұнай қорында жинақталған қаражат Үкiметтiң қабылданған мiндеттемелерiн орындау қабілетiне кепiлдiк бередi және дефольттың басталу мүмкiндiгін болдырмайды, өйткенi қазiргi уақытта елдiң мемлекеттiк борышы Мұнай қоры мөлшерiнiң кемiнде 45%-ын құрайды (2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттiк борышы 2001-2002 жылдар кезеңiнде негізiнен AҚШ долларына норвегия кроны бағамының нығаюы нәтижесiнде доллар көрiнiсiнде ұлғая отырып, 39,3 млрд. АҚШ долларын құрады).
Сонымен қатар, бiздің елде қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бір жағынан, Ұлттық қор арқылы әлемдiк қор рыноктары мен несиелiк капитал рыноктарына қаржы ресурстарын инвестициялайды, ал екiншi жағынан сыртқы қарыздарды тартады. Бұл ретте тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге арналған шығыстар Ұлттық қор активтерiн түрлі қаржы құралдарына орналастырудан түскен кiрiстерден асып түседi, бұл сайып келгенде жүргiзілетiн қарсы операциялар бойынша терiс маржаны қалыптастырады. Ел нетто-кредитор болып отырған шақта, мұндай практиканы жалғастыруға жол бермеу керек. Ұлттық қор активтерiмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер сомасы осы уақыт кезеңiндегі үкiметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасынан артық болуы тиiс. Бұл шартты орындау үшін үкiметтік борыш пен бюджет тапшылығының мөлшерiн қысқарту қажет.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышының деңгей асып түсуi елдiң дамуына қауiп туғызатын шектен шықпайды. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы қалыпты борыш деңгейi бар және бiр тұрғынға орташа кiрiс деңгейi бар елдер тобына жатады. Қазақстан Республикасының үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышының көрсеткiштерi 1992 жылғы 7 ақпандағы Маастрихск келiсiм-шартында EO елдерi үшiн белгiленген мемлекеттiк борыш жөніндегі макроэкономикалық көрсеткiштер өлшемдерiнен аспайды:
___________________________________________________________________
Көрсеткiштiң атауы | Қазақстан | ЕО елдерi үшін өлшемдер
___________________________________________________________________
Үкiметтік борыштың ЖIӨ-ге
қатынасы, % 13,7 60
Сыртқы үкiметтік борыш
көлемiнiң тауарлар мен
қызметтер көрсету экспортына
қатынасы, % 23,8 200
Сыртқы үкiметтiк борышты
өтеу және оған қызмет көрсету
жөніндегі төлемдердiң жалпы
сомасының экспортқа қатынасы
(қызмет көрсету нормасы), % 2,33 15-20
Сыртқы үкiметтік және мемлекет
кепiлдiк берген борыш көлемiнiң
ЖIӨ-ге қатынасы, % 11,9
___________________________________________________________________
Мемлекеттің борышты азайту саясатына бейiмдiлiгi Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингiн арттыруға жәрдем етедi.
Сонымен қатар, мұнайға әлемдiк баға төмендеген және елдегі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда экономикалық өсудi ынталандыру мақсатында қосымша инвестициялар тарту арқылы бюджет тапшылығын ұлғайтуға қайта бағдарлануға болады.
Бұдан әрi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орта мерзiмдi Тұжырымдамасы қабылданғаннан кейiн республикалық бюджет тапшылығы мен үкiметтік борыш параметрлерiн айқындау жүргiзілiп жатқан жинақтау саясатын ескере отырып, бюджеттің қалыптасып отырған мұнайдан тыс тапшылығының мөлшерi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн азайту жолымен үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртіндеп азайту.
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінiң сыртқы борышының үлесi Үкiметтік борыштың жалпы көлемiнiң 72,7 %-ын құрады. Борыштық портфельдiң мұндай құрылымы дағдарыстың және валюталар бағамының, энергия көздерiне пайыздық ставкалар мен әлемдiк бағамдардың ауытқуы нәтижесiнде қаржы шығасыларының пайда болу тәуекелiне едәуiр бейiм және осы көзқарас тұрғысынан алғанда осал, экономикалық қауiпсiздiктiң өлшемдерiне сәйкес келмейтiн болып табылады. Үкiметтiң борыштық портфелiн әртараптандыру мақсатында бiр мезгілде ішкі рыноктағы қарыз алуды ұлғайта отырып, сыртқы қарыз алу көлемiн қысқарту қажет.
Iшкi қарыз алу көлемiн ұлғайту зейнетақы активтерiн орналастыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына сенiмдi әрi өтiмдi қаржы құралдарын (мемлекеттiк бағалы қағаздарды) беру қажеттігiмен байланысты.
Қазiргi уақытта бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiлдi, мұнда зейнетақы қорларының, соның iшiнде, зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлігі мен рыноктағы қаржы құралдарының тапшылығын азайту проблемаларының шешiмдерi айқындалған. Аталған проблемаларды шешу 1 жылдан 30 жылға дейiнгi әртүрлi өтеу мерзiмдерi бар және кiрiстілігi инфляцияның болжамды деңгейiнен төмен емес немесе инфляция деңгейiне байланысты мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрi - МБҚ) шығаруды жүзеге асыру жолымен елдiң iшкi рыногындағы ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк қарыз алудың Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ұлттық банкi арасында келiсiлген саясатын тұжырымдау арқылы iске асырылады.
2005-2007 жылдары мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізiліп жатқан саясат шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу көзделедi (бағыттар бойынша):
1) бюджет тапшылығы мен борыш параметрлерi:
жинақтау жөнiндегi саясат шеңберiнде үкiметтiк борыштың оңтайлы мөлшерiн анықтау;
ЖIӨ-ге пайыздық қатынасы үкiметтiк борыш мөлшерiне және орта мерзiмдi перспективада бюджет теңгерiмдiлігіне қол жеткiзуге негiзделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерiн айқындау;
2) iшкi қарыз алу:
жылдар және қағаз түрлерi бойынша бөлiнiстегi мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған үлгi тәсiмiн жасау;
iшкi қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай түрлi қарыз алу құралдарын пайдалану;
рыноктағы ахуалға байланысты қарыз алудың жалпы көлемiндегi индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгілеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
бағалы қағаздар рыногында ("benchmark") бағдарларын белгілеу;
жалпы шығару санын азайта отырып, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару көлемiн ұлғайту;
айналым мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеудің мерзiмділігiн азайту;
мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту әрi қысқа және орта мерзiмдi перспективада iшкi үкіметтік борышты өтеу жөніндегі төлемдер төлеудiң ең жоғары шегiн төмендету, бұл үшiн, негізiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлану ұйғарылып отыр. 2003 жылғы қыркүйекте 6,44 % және 6,48 % жылдық ставкалары бойынша 1,0 және 1,2 млрд. теңге көлемiнде айналым мерзiмi 10 жылдық орта мерзiмдi қазынашылық облигацияларды шығару тиiсiнше айналым мерзiмi 10 жыл және одан да көп мемлекеттiк бағалы қағаздарды институционалдық инвесторлардың Үкiмет үшiн қолайлы сыйақы ставкасы бойынша сатып алуға әзiрлігін растады;
3) сырттан қарыз алу:
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму
стратегиясына
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, тиiстi орта мерзiмдi кезеңге арналған донор - халықаралық қаржы ұйымдарының елдiк бағдарламаларына сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
экономиканың басым салаларында, оның iшiнде:
ауыл, су және орман шаруашылығында;
жол саласында;
өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту үшiн;
астананы одан әрі дамыту үшiн сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жаңа инвестициялық жобаларды дайындау;
жаңа жобаларды iрiктеуге және Қазақстанның Даму Банкiнiң қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктiк сараптамасын жүзеге асыруына қойылатын талаптарды күшейту;
республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне қосылатын жобалардың дайындалу және сарапталу сапасын жақсартуда көрiнетiн қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану;
теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда келеңсiз салдарларды азайту мақсатында қарыздардың валюталары бойынша Үкiметтің сыртқы қарыздар портфелiн әртараптандыру;
бір мезгiлде Үкiметтің бiрлесiп қаржыландыру үлесiн ұлғайта отырып, сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi донорлардың жұмсартуы шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
4) борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
үкiметтiк қарыздарға қызмет көрсетуде неғұрлым қымбаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу арқылы үкiметтiк борышты белсендi басқару;
жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыштық мiндеттемелердi өтеу жөнiнде және реттелмеген борыштық мiндеттемелер проблемаларын тез арада шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
фискалдық тәуекелдердi болжау - АҚШ долларына теңгенiң айырбас бағамының, шетел валюталарының кросс-бағамдарының, пайыздық ставкалардың өзгеруi, әлемдiк бағалар конъюнктурасының өзгеруi салдарынан Ұлттық қорға қаражаттың жеткіліксiз түсуi.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мемлекеттiк борыштың қауiпсiз деңгейде сақталуын қамтамасыз етуi, оның құрылымын оңтайландыруы әрi орта және ұзақ мерзiмдi перспективада бюджеттің тұрақтылығын жоғарылатуы тиiс. Болжамды деректер бойынша 2007 жылы Ұлттық қор активтерi үкiметтік борыш көлемiнен асып түседi.
Үкiметтік борыш мөлшерiнiң азаюы, үкiметтiк сыртқы борыштың әртараптануы және Ұлттық қор активтерiнiң ұлғаюы сайып келгенде болашақ ұрпақ үшiн борыш ауыртпалығын азайтуға алып келедi.
4. Фискалдық тәуекелдер
Қазақстан Республикасының экономикасы бағалық өзгерiстердiң iшкi саясат құралдарымен бақылануы мүмкiн емес үш түрi:
- әлемдiк тауар бағаларының ауытқуы;
- валюта бағамдарының ауытқуы;
- әлемдiк ақша рыноктарындағы пайыздық ставкалардың ауытқуы тудыратын қауiптерге бейiм;
- ел өндiрiсi құрылымының айтарлықтай көлемiн сыртқы рынокқа шығарылатын шикiзаттық тауарлардың, ең алдымен мұнайдың алуымен;
- Қазақстанның сыртқы борышының әртүрлi валюталарда болуымен;
- құбылмалы пайыздық ставка жағдайларында жасалған мiндеттемелердiң борыштың едәуiр бөлігі құрайтынымен негізделген.
Әлемдiк тауар бағаларының тәуекелдерi (мұнай бағаларының негізiнде).
Мұнай бағаларының төмен болуы да жоғары болуы да Қазақстан экономикасы үшiн келеңсiз салдарларды тудыруы мүмкiн.
Мұнайдың әлемдiк бағасы бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан төмен азайған жағдайда, тасымалдауға арналған шығындарды есепке алғанда, жекелеген кен орындарында мұнай өндiру рентабельдi болмайды, бұл мұнай өндiру көлемiн азайтуға алып келедi. Қазақстандағы шетелдiк капиталдың басым бағыты өндiрушi сектор болып табылатындықтан, энергия көздерiнiң төмен бағалары елдiң инвестициялық тартымдылығын азайтады.
Мұнай өндiрушi кәсiпорындар кiрiстілігінiң азаюы экономиканың аралас салаларындағы өндiрiс көлемiн азайтуға алып келедi. Атап айтқанда, бұл көлiк, сауда, байланыс салаларындағы қаржы секторының қызметтерi саласындағы өсу қарқындарына әсер етедi. Осылайша, ел экономикасының жалпы өнiмдiлiгі төмендейдi, бұл, сайып келгенде, инфляциялық процестердiң күшеюiне және мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң азаюына алып келедi.
Мұнайдың жоғары әлемдiк бағалары жағдайында теңгенiң нақты айырбас бағамын күшейту жағына едәуiр қысым көрсетiледi. Қазақстанда өзiнiң ұлттық валютасында жоғары кiрiстер алу мүмкiндігін иеленетiн импорттаушылар үшiн қазақстандық рынок аса тартымды болады. Бiр мезгілде қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттілiгi төмендейдi, жұмыс орындары айтарлықтай қысқарады.
Қолма-қол ақшаның едәуiр ағыны нәтижесiнде инфляцияның монетарлық факторлары күшейедi.
Валюталық тәуекелдер
Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алуының валюталық құрылымы АҚШ долларын, АҚҚ-ты, жапон йенiн, Евроны (немiс маркасындағы, австрия шиллингiндегі бұрынғы борыштарды қоса алғанда), швейцария франкiн, ағылшын фунт стерлингін, сауд реалын және өзге де валюталарды қамтиды. Соның салдарынан доллар көрiнiсiндегі борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер мөлшерi кросс - бағамдарының (АҚШ долларына қатысы бағамдардың) өзгеруiне өте бейiм.
(суретті қағаз мәтініне қараңыз)
Үкiметтік сыртқы борыштың валюталық құрылымы жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмағанын атап өткен жөн. 2004 жылғы 1 қаңтарға АҚШ долларының үлес салмағы 76,5 %-ды құрады, жапон йенi - 19,5 %, арнайы қарыз алу құқықтары (АҚҚ) - 1,7 %, евро - 0,9 %, өзгелерi -1,3 %.
Пайыздық тәуекелдер
Қазақстан Республикасына халықаралық қаржы ұйымдары кредиттерiнiң және экспорттық кредиттердiң едәуiр бөлiгі құбылмалы пайыздық ставка (LIBOR, халықаралық қаржы ұйымдарының ставкалары) шарттарымен берiлген. Абсолюттiк көрсеткiштер тұрғысынан алғанда пайыздық ставкалардың өзгеруiне байланысты тәуекелге бейiмдiлiк зор: базалық пайыздық ставканың бiр тармаққа өзгеруi қысқа мерзiмдiнi қоса алғанда, борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдердiң өзгеруiн бiлдiредi. Сондықтан, егер нарық жағдайларында сыртқы қаржыландыруға тәуелдiлiк ұлғаятын болса, сыртқы берешектiң жағдайы пайыздық ставкалардың өзгеруiмен байланысты үлкен тәуекелге ұшырауы мүмкiн.
Қазiргi уақытта бар, тұрақты экономикалық өсуге және маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге кедергі келтiретiн тәуекелдердi iшкi факторларға жатқызуға болады. Бұл тәуекелдер мыналардан:
1) белсендi жаңартуға, сондай-ақ оған қызмет көрсету үшiн жоғары білікті мамандар даярлауға қомақты инвестициялар талап етiлетін табиғи тозған және моральдық ескiрген жабдықтың экономикада басым болуынан;
2) негізгі өнiм массасының әсiресе өндiрiс құралдарының бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгінен;
3) тауарлар мен қызметтер көрсетудің iшкi рыногында жеткіліктi бәсекенiң болмауынан көрiнедi.
Ұлттық қорда қаражат жинақтаудың және оларды елден тыс жерлерде орналастырудың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқарудың мемлекеттік саясаты, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы
фискалдық тәуекелдердiң ықтимал келеңсiз салдарларының алдын алуға бағытталған.
Қорытынды
Тоқсаныншы жылдардың басынан берi мемлекеттiк қаржы саласындағы реформалар және, бiрiншi кезекте, Қазақстан Республикасында бюджет жүйесiн дамыту терең құрылымдық қайта құрылулар аясында өттi. Бұл жағдайларда елдiң қаржы органдарының алдында тұрған негізгі мiндетi - халық мұқтаждығын және мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын барынша жоғары дәрежеде қамтамасыз ететiн анық, тиiмдi әрi тұрақты бюджетке қол жеткiзудi назардан тыс қалдырмау маңызды болды.
Ел экономикасының қазiргі көрсеткiштерi Қазақстанның соңғы жылдары сапалық өсуге қол жеткiзгенiн ризашылықпен атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мұнда бюджет жүйесiн жетiлдiру бойынша үнемi жүргізiлетiн жұмыстың атқарған рөлi ерекше.
Қазақстандағы қазiргі бюджет процесiн ұйымдастырудың жетiстiктерiне ненi жатқызуға болады? Бұл - ең алдымен, саяси және экономикалық ақиқаттармен келiсiлген жауапты бюджет саясаты. Бюджет болашақ нәтижелерiнiң болжамы мен тиiмдiлiгiнiң бағалауы бар, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтiк мiндеттерiн ағымдағы жылы ғана емес орта мерзiмдi перспективада да орындауға бағытталған тұтас құжат ретiнде қарала бастады. Осылайша, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан да, ресурстарды қайта бөлу тұрғысынан да Орта мерзiмдi фискалдық саясаттың мемлекет экономикасын басқарудың салмақты құралына айналуының объективтi алғышарттары бар.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат мемлекеттiк органдардың өз қызметiн жүзеге асыруының бағдарына айналуы тиiс, сондай-ақ iскер топтар мен қалың бұқараны мемлекет саясатымен таныстыруға арналған.
Келешекте 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың рөлiн осы құжатты әзiрлеу кезiнде алған қойылған мақсаттардың:
Үкiметтің фискалдық стратегиясы мен оның ағымдағы және болашақ мақсаттарға қол жеткiзу жөнiндегi жоспарларын белгілеудiң;
қолда бар ресурстардың алдағы үш жылдық кезеңге арналған көлемiн айқындаудың;
шектеулi бюджет ресурстарын стратегиялық басымдықтарға бөлу жөнiнде шешімдер қабылдауды жандандырудың;
мемлекеттiк органдарға алдын ала жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн неғұрлым болжамды қаржыландыруды қамтамасыз етудiң;
бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен анықтығын арттырудың;
бюджет процесiнiң сабақтастығын қамтамасыз етудiң және фискалдық тәртiптi арттырудың қаншалықты орындалғаны бойынша бағалауға болады.
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005-2007 жылдарға арналған орта
мерзiмдi фискалдық саясатына
қосымша
2004-2007 жылдардағы мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары 1
___________________________________________________________________
Атауы |2005 жыл болжам|2006 жыл болжам|2007 жыл болжам
|---------------|---------------|---------------
| ЖІӨ-ге|үлес, %| ЖІӨ-ге|үлес, %| ЖІӨ-ге|үлес, %
| %-бен | | %-бен | | %-бен |
___________________________________________________________________
Шығыстар 26,0 100,0 24,7 100,0 24,9 100,0
Жалпы сипаттағы 1,5 5,9 1,5 6,0 1,5 6,1
мемлекеттік
қызметтер көрсету
Қорғаныс 1,2 4,7 1,2 5,0 1,5 5,9
Қоғамдық тәртіп 2,3 8,7 2,2 8,9 2,2 9,0
және қауiпсiздік
Білім беру 3,6 14,0 3,6 14,8 4,0 15,9
Денсаулық сақтау 2,8 10,9 2,9 11,6 3,0 11,8
Әлеуметтік қамсыз. 5,3 20,4 5,3 21,3 5,2 21,0
дандыру және
әлеуметтік көмек
Тұрғын үй-комму. 1,7 6,7 1,6 6,6 1,6 6,6
налдық шаруашылығы
Мәдениет, спорт, 0,8 3,1 0,7 3,0 0,7 2,8
туризм және ақпа.
раттық кеңістік
Отын-энергетикалық 0,5 1,9 0,2 0,9 0,1 0,6
кешен және жер
қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман, 1,6 6,2 1,6 6,5 1,5 6,1
балық шаруашылығы
және қоршаған
ортаны қорғау
Өнеркәсіп және 0,0 0,1 0,0 0,1 0,0 0,1
құрылыс
Көлік және байланыс 1,8 7,1 1,9 7,8 1,9 7,5
Өзгелер 1,9 7,2 1,1 4,5 1,0 4,0
Борышқа қызмет 0,6 2,3 0,6 2,4 0,5 2,1
көрсету
Ресми трансферттер 0,2 0,8 0,2 0,7 0,2 0,7
___________________________________________________________________
1 Бюджет тапшылығын қаржыландыруға арналған шығыстарды ескермегенде